Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Жұмыс есептері

23 қараша 2022

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 2022 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есебі

  Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 2022 жылғы  атқарылған жұмыстар туралы есебі

    Ақтау қаласы бойынша білім  бөлімі жаңа оқу жылын 28 жалпы білім беретін мекеме, 1 кешкі, 17 жекеменшік мектеппен, 2 қосымша білім беретін мекеме, 109 мектепке дейінгі ұйыммен бастады.

Жаңа оқу жылында 31 а шағын ауданнан 1200 орындық 1 мемлекеттік мектеп және 3420 орындық 6 жекеменшік мектеп іске қосылса, алдағы уақытта 600 орындық тағы бір жекеменшік мектеп өз жұмысын бастайтын болады.

Білім ұйымдарындағы барлық оқушылар саны 57200, оның ішінде 6700 оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттады. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 48,7%, үлгерім – 99,99%.

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарайтын  орта мектептерге  жаңа модификацияланған 47 кабинет  (химия-11, биология-8, физика-12, география – 4, технология – 6, робототехника-3, мультимедиялық лингафондық кабинет -3) сатып алынуда.

Оқулықтармен қамтамасыз ету

2022 жылға оқушыларды, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету және мектеп кітапханаларының негізгі қорын толықтыру мақсатында, жергілікті бюджеттен 496 260 млн. тг. қаржы бөлінді

Жаңа оқу жылында, 1,3-11 сыныптарға жетіспейтін оқулықтар қосымша 255 163 338 тенге құрайтын, 143 438 дана оқулықтар сатып алынды.

Жаңа басылып  шығып жатқан 2 сынып оқулықтары 201 887 702 млн тг  құрайтын 90 991 дана оқулық сатып алынды.

  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, мектеп кітапханаларының негізгі қорын толықтыру мақсатында  28 167 852 теңгеге  7 809 дана басылым және көркем әдебиет сатып алынуда.

  Ақтау қаласы бойынша 14 баспамен келісім шарт жасақталды. Білім беру мекемелеріне  оқулықтарды жеткізуші/тасымалдаушы ТОО "Мега Фрейд" болып табылады.

Білім ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы барысында 14 мектепті және 14 балабақшаны ағымдағы жөндеу үшін 239 120,0 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Білім ордаларында 3888 педагог еңбек етеді, өткен оқу жылымен салыстырғанда 310 мұғалімге артты. 3888 педагогтің ішінде магистрлер саны-189 (4,86 % ). Оның ішінде 45 педагог-шебер, 786 педагог-зерттеуші, 527 педагог-сарапшы, 799 педагог-модератор,  1730 санатсыз педагог жұмыс жасайды.Білім беру ұйымдарындағы  педагог қызметкерлердің 55,5%-на аттестаттаудың жаңа үлгісімен 30-50% үстемақылар төленуде.

Жоғары білімді- 3246 мұғалім, (83,48 %) арнаулы орта  бітірген мұғалім саны- 440. (11,32 %), аяқталмаған жоғары 13. (0,33 %). Жоғары білімі бар педагогтер санының өсу серпіні байқалады, бұл оқу процесіне оң әсерін тигізетіні белгілі.

Мектеп басшылары мен орынбасарларының біліктілік деңгейі бойынша І санатты 17, ІІ санатты 55, ІІІ санатты-6 басшы және басшы орынбасарлары, барлығы-78.

Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдары 182 жас маманмен толықты. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 15,38 %  артып отыр.

Мектепке дейінгі ұйымдарда 1740 педагог жұмыс жасайды. Оның ішінде жаңа формат бойынша 30 педагог-зерттеуші, 21 педагог-сарапшы, 128 педагог-модератор бар.

Өткен оқу жылында қалалық шараларда 159 педагог жеңімпаз атанса, облыстық кезеңде 12 педагог, халықаралық деңгейде 1 педагог жүлдегер атанды.

И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нугманова Шолпан Хасановна Нұр - Сұлтан қаласында өткен Республикалық тамыз кеңесіне қатысып, Оқу-ағарту министрі А.Аймагамбетовтің қолынан, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды.

Халықаралық математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасында мамандандырылған IT  лицей педагогы Диханова Жүзім Сыдиыққызы ІІІ орын иеленсе, математика пәні мұғалімі Ажибаева Шолпан Аманжолқызы облыстық «Үздік әдістемені ұсынушы» номинациясының жеңімпазы атанды.

Білім берудің алғашқы баспалдағы - мектепке дейінгі білім.  Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторы 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшалармен қамту болып табылады.

Бұл орайда балаларды балабақшамен толық қамту, бірыңғай бағдарлама енгізу және тәрбиешілерді дайындау - ең маңызды мәселелер.

Қала бойынша 109 (мемлекеттік-35, жекеменшік-74) мектепке дейінгі ұйымдарда 15471 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 1-6 жас аралығындағы қамтылған бала саны – 15 471.

Бүгінгі таңда 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 100%, 1-6 жастағы балаларды қамту 74,4% құрап отыр.

Жыл басынан бері 975 орындық 12 жекеменшік балабақша ашылды.

Жекеменшік балабақшалардың 86,4% мемлекеттік тапсырыспен жұмыс жасайды.

Өткен оқу жылында оқушыларымыз да айтарлықтай жетістіктері де бар.

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарын 2107 түлек бітірді, оның ішінде 1754 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қала түлектерінің  43-і «Алтын белгі», 150 оқушы үздік аттестат, 568 мемлекеттік грант иегерлері атанды, былтырғы жылғы грант санымен салыстырғанда 117 грантқа артық. Үш түлек 130 балл жинаса, төрт талапкер 125-тен астам балл жинады.

2021-2022 оқу жылында оқушылар үшін қала көлемінде 33 шара ұйымдастырылып, 763 оқушы қалалық шара жеңімпазы, 133 оқушы облыс шара жеңімпазы, 10 оқушы республикалық шара жеңімпазы, 2 оқушы халықаралық шара жеңімпазы атанды.

Оның ішінде жалпы білім беретін пәндер олимпиадасына жолдама алған 18 оқушының 11-і жүлдегер атанып, 1 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль иеленді. Өткен жылмен салыстырғанда 14,5% жоғары.

5-6 сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының республикалық кезеңінде өткен жылы 1 оқушы жеңімпаз атанса, соңғы оқу жылында 5 оқушы жүлдегер атанды.

«XVI халықаралық математика және жобалау» ғылыми конкурсында 2 оқушы ІІ орын, республикалық лингвистикалық олимпиадада 1 оқушы ІІІ орын иегері. Нәтижесінде Ақтау қаласы  қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясын жеңіп алды.

№11 лицей республика бойынша ТОП 100 мектеп қатарына енсе, PISA халықаралық зерттеулер нәтижесі бойынша IT лицей, №9 о/м үздік деп танылды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 100 үздік мектеп қатарында қаламыздың  IT лицей, №13 гимназиясы бар.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаларды  тұрғын үймен қамту.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  906  бала тұрғын үй кезегінде тұр ( кәмелет жасқа толмаған – 351, кәмелет жаста – 555), оның ішінде 148  интернаттық мекеменің түлектері  мен  тәрбиеленушілері.

Ағымдағы  жылы аталған  санаттағы  49  бала  тұрғын үймен қамтылды (2019 ж.- 43, 2020 ж.- 17 бала)  және әлеуметтік осал топтағығыларға берілетін тұрғын үйдің 20%-і жетім балаларға беру жоспарлануда.

Жетім және  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі  2021-2025 жылдарға арналған өңірлік кешенді  жоспар жасақталды. Ақтау қаласы бойынша 200 бала  тұрғын  үймен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Әлеуметтік  қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек

Биылғы жылы 4100 әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға 40 000 теңгеден көмек көрсетіледі (2021 ж. – 3470 оқушыға 780 млн. 725 мың теңге).

Тамыз айынан дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы басталды. Акция аясында «Самұрық-Қазына» компаниясы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 1 сыныптың 2702 баласын  оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

2025 жылға дейін қала балаларының қосымша біліммен қамтылуын 100%-ға жеткізуге тиіспіз.

Бүгінде қаламызда екі қосымша білім беру мекемесі: А.Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі, 19 аула клубы бар «Оқушы» орталығы жұмыс жасайды.  Дегенмен де, қаламызда қосымша білім беру ұйымдарының жеткіліксіздігі әлі де басты мәселелердің бірі болып отыр.

Мектеп басшылары әрбір білім беру ұйымындағы қосымша білімге жан-жақты талдау жасап,  баланың қызығушылығына қарай үйірмелер мен спорттық секциялардың (ұлттық) жаңа түрлерін көбейту, ғылыми-техникалық бағыттағы үйірмелерге педагогтарды тарту керек.

Балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен суицид мәселелерін шешу жөніндегі шаралар республика көлемінде кешенді жүзеге асырылуда.

Биыл балалар мен ата-аналарға психологиялық көмек көрсетуді жолға қою мақсатында қалалық психологиялық кеңестер құрылып, бұл бағыттағы жұмыстарды білім беру ұйымдарындағы психологтар атқаруда.

Мектептерде балалар өкілдіктерінің енгізілуі, сол мекемедегі келеңсіз жағдайларды бала көзімен анықтап, оқушы мен мұғалімнің бірлесіп жоюына септігін тигізуде.

Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсауды мүлдем болдырмау – негізгі міндеттеріміздің бірі. Қала бойынша биылғы жылы суицид фактісі тіркелген жоқ.

Әрине, оң нәтижелер бар, дегенмен осы бағыттағы психологиялық қызметтердің жүйесін қалыптастыру басты назарда бола бермек.

Инклюзивті білім беру  бойынша қала мектептерінде 316 (0,7%) оқушы, балабақшаларда 18 бала білім алып, тәрбиеленуде. Бүгінгі таңда 72 (2,3%)  педагог инклюзивті білім беру бойынша курстардан өткен.

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды арнайы оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында САТР баспасынан 1956 дана кітап алынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





23 қараша 2022

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 2022 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есебі

  Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 2022 жылғы  атқарылған жұмыстар туралы есебі     Ақтау қаласы бойынша білім  бөлімі жаңа оқу жылын 28 жалпы білім беретін мекеме, 1 кешкі, 17 жекеменшік мектеппен, 2 қосымша білім беретін мекеме, 109 мектепке дейінгі ұйыммен бастады. Жаңа оқу жылында 31 а шағын ауданнан 1200 орындық 1 мемлекеттік мектеп және 3420 орындық 6 жекеменшік мектеп іске қосылса, алдағы уақытта 600 орындық тағы бір жекеменшік мектеп өз жұмысын бастайтын болады. Білім...

1 наурыз 2018

Ақтау қалалық білім беру бөлімінің 2017 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есебі

...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері