Турганбаева Бағдат Сырымқызы
Туған жылы: 1977 жыл
Білімі: Жоғары,Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті, 1998 жылы бітірген.
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі: 23 жыл.
Негізгі жұмыс орны: Маңғыстау облыстық білім басқармасының "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Лауазымы: Маңғыстау облыстық білім басқармасының "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Байланыс телефоны: 8 (7292) 33-65-54
Турганбаева Бағдат Сырымқызы:
- Білім бөлімінің жұмысына басшылық етеді;
- Білім беруді дамыту бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етеді;
- Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы мен өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес білім бөлімінің барлық бағыттағы қызметіне жалпы басшылық жасайды;
- Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудегі оқыту бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық – техникалық қамтамасыз етуге ықпал етіп, қолдау көрсетеді;
- Қала әкімінің аппаратында, мәслихатта, облыстық білім басқармасында, жергілікті басқару органдарында білім бөлімі атынан өкілдік етеді;
- Бөлім қызметкерлерін, білім беру мекемелерінің басшыларын жұмысқа тағайындайды және босатады;
- Ақтау қаласының әкімімен немесе әкімнің орынбасарларымен келісім бойынша жергілікті бюджеттен қаражаттандырылатын мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу ұйымдарына, мектептен тыс ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына бақылауды жүзеге асырады;
- Азаматтардың шағымдарын, өтініштерін және үндеулерін уақытымен қарастыруға бақылауды жүзеге асырады;
- Білім ұйымдарын уақытымен қаражаттандыруға бақылауды жүзеге асырады;
- Бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асырады;
- Білім беру мекемелерін жаңа оқу жылына дайындығын бақылауды жүзеге асырады.
Оқылған саны: 1993