10 тамыз 2021
КОНКУРС
КОНКУРС
Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің қосымша бiлiм беру ұйымының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды: 3-шағынаудандағы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Қосымша
бiлiм беру
Балаларға
арналған қосымша бiлiм беру ұйымының директоры (А1-3)
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, немесе қайта даярлау туралы құжат; сондай-ақ білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде педагогикалық еңбек өтілі соңғы 2 жыл, білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем емес;
Оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.
Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдарын ұйымның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.
Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағ әлеуметтік, қосымша білім беретін коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара әрекетін ұйымдастырады.
Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды.
Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.
Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды.
Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.
Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады.
Басқару құрылымын анықтайды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады.
Педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.
Оқу-материалдық базаны сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді.
Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді.
Есептілікті дайындауды және қажетті ұсынуды қамтамасыз етеді.
Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын, балаларға қосымша білім беру ұйымының жұмыс бейіні және оның ерекшеліктері,
Педагогика және психология,
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері,
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.
Лауазымдық жалақысы 153884,2
теңгеден бастап қызмет істеген жылдарына қарай.
Конкурсқа қатысуға ықыласы бар үміткерлер конкурс жарияланған күннен
бастап 7 жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар
тізбесін жинақтап тапсырады:
1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
15). 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Конкурс өткізу орны: Ақтау қаласы, 4-ш/а, №8/3, 2 қабат, 1-кабинеті, тел: 8 (7292) 33-65-54.
7 қазан 2021
ХАБАРЛАНДЫРУ
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес, жекеменшік балабақшаларға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын алуға конкурс жариялайды (416 орын). Конкурсқа қатысушылар Ақтау...6 қазан 2021
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Маңғыстау білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің...5 қазан 2021
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ (АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІ)
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ (АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІ) «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім...10 тамыз 2021
КОНКУРС
КОНКУРС Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің қосымша бiлiм беру ұйымының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды: 3-шағынаудандағы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушы орталығы» коммуналдық мемлекеттік...19 шілде 2021
КОНКУРС
КОНКУРС Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдарының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды: Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 9-шағынаудандағы «№ 29 балабақша», 27-шағынаудандағы «№ 44 «Шаттық» бөбекжайы» және...17 мамыр 2021
Құрметті Маңғыстаулықтар, мұғалімдер, ата-аналар !
Құрметті Маңғыстаулықтар, мұғалімдер, ата-аналар ! Мектептерде, балабақшаларда бастауышпен қоштасуға , мектеп бітіру кештеріне сонымен қатар жөндеу жұмыстарына ақша жинау және мұғалімдерге сыйлық беру заңсыз болып табылады. Егерде білім беру ұйымдарында ақша жинау...11 ақпан 2021
Конкурс
...6 қараша 2020
КОНКУРС
КОНКУРС Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды: 28-шағынаудандағы «№57 «Ақбота» бөбекжай» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Балабақша директоры директоры (А1-3-1) Біліктілікке...6 қараша 2020
КОНКУРС
КОНКУРС Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты келесі жалпы білім беру ұйымының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды: 14-шағынауданда орналасқан Ақтау қалалық әкімдігі, Ақтау қалалық білім бөлімінің «№1 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық...15 қазан 2020
Жекеменшік балабақшаларға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын алуға конкурс
Ақтау қалалық білім бөлімі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес, жекеменшік балабақшаларға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын алуға конкурс жариялайды (100 орын) Конкурсқа қатысушылар Ақтау қалалық білім...12 тамыз 2020
Мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар, қала тұрғындары назарына!
Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар, қала тұрғындары! Маңғыстау облысының әкімдігінің 2020-2021 оқу жылдарына арналған жергілікті бюджет есебінен конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындайтындығын хабарлайды. Конкурс екі кезеңде...14 сәуір 2020
Ата-аналар назарына!
...12 сәуір 2020
13-сәуірден бастап «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасы 1-6 сынып оқушыларына бейнесабақтар көрсететін болады.
13-сәуірден бастап «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасы 1-6 сынып оқушыларына бейнесабақтар көрсететін болады.https://t.me/qazaqstantv/3469 ...16 наурыз 2020
Конкурс
Жекеменшік балабақшаларға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын алуға конкурс Ақтау қалалық білім бөлімі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес, жекеменшік балабақшаларға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын алуға...5 наурыз 2020
Құрметті ата – аналар мен балалар!
Құрметті ата – аналар мен балалар! Егер Сізге кәмелетке толмаған балаларға қатысты құқық бұзушылық, зорлық – зомбылық немесе қатыгездік қарым – қатынас, педагогтердің әдепке жатпайтын мінез – құлықтары туралы белгілі болса, ақпаратты «BALA QORGAU» чатына...24 ақпан 2020
Құрметті, қала тұрғындары! Қаламызда 25 жалпы орта білім беретін мектеп бар
Құрметті, қала тұрғындары! Қаламызда 25 жалпы орта білім беретін мектеп бар. Оның 12-сі- қазақ тілінде, 2-уі- орыс тілінде, 11-і - аралас тілде білім беруде. Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, біздің балаларымыз. Бүгінгі таңда болашағымызға білім...22 қаңтар 2020
Маңғыстау облысының білім басқармасы
Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Маңғыстау облысында 2 мектептің асханасын сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының жекеше әріптесін айқындау бойынша конкурс...27 қараша 2019
Қамқоршылық кеңесіне қосымша тұлғаларды қабылдау бойынша хабарландыру!!
Қамқоршылық кеңесіне қосымша тұлғаларды қабылдау бойынша хабарландыру!!! Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен Қамқоршылық кеңестің қағидаларына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларына сәйкес ( 2018 жылы 02 сәуіріндегі «Білім беру ұйымдарында...6 қазан 2019
Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары, ата – аналар!
Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары, ата – аналар! Ақтау қалалық білім бөлімі азаматтардан келіп түскен өтініштеріне түсінік, кеңес беру және шұғыл әрекет ету мақсатында тұрақты жұмыс істейтін CALL - орталық ашылғанын хабарлайды. CALL - орталық телефоны: 8 (7292)336557,...14 ақпан 2019
Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының хаттамасы
...8 ақпан 2019
Жекеменшік балабақшаларға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын алуға конкурс жариялайды
ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Ақтау қалалық білім бөлімі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес, жекеменшік балабақшаларға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын алуға конкурс жариялайды (300 орын) Конкурсқа қатысушылар Ақтау...24 қаңтар 2019
Қалалық білім бөлімі орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды
Ақтау қалалық білім бөлімі, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» жәнеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық...18 қараша 2018
Қалалық білім бөлімі бос тұрған директор лауазымына конкурс жариялайды
Ақтау қалалық білім бөлімі 14 шағын ауданда орналасқан «№ 1 жалпы білім беру орта мектебі», 1 шағын ауданда орналасқан «№ 3 жалпы білім беру орта мектебі», 6 шағынауданда орналасқан «№6 жалпы білім беру орта мектебі» 5 шағын ауданда орналасқан "Н.Марабаев атындағы №7...29 қазан 2018