0
КОНКУРС
КОНКУРС
Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің қосымша бiлiм беру ұйымының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды: 3-шағынаудандағы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Қосымша
бiлiм беру
Балаларға
арналған қосымша бiлiм беру ұйымының директоры (А1-3)
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, немесе қайта даярлау туралы құжат; сондай-ақ білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде педагогикалық еңбек өтілі соңғы 2 жыл, білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем емес;
Оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.
Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдарын ұйымның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.
Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағ әлеуметтік, қосымша білім беретін коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара әрекетін ұйымдастырады.
Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды.
Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.
Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды.
Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.
Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады.
Басқару құрылымын анықтайды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады.
Педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.
Оқу-материалдық базаны сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді.
Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді.
Есептілікті дайындауды және қажетті ұсынуды қамтамасыз етеді.
Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын, балаларға қосымша білім беру ұйымының жұмыс бейіні және оның ерекшеліктері,
Педагогика және психология,
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері,
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.
Лауазымдық жалақысы 153884,2
теңгеден бастап қызмет істеген жылдарына қарай.
Конкурсқа қатысуға ықыласы бар үміткерлер конкурс жарияланған күннен
бастап 7 жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар
тізбесін жинақтап тапсырады:
1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
15). 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Конкурс өткізу орны: Ақтау қаласы, 4-ш/а, №8/3, 2 қабат, 1-кабинеті, тел: 8 (7292) 33-65-54.
25 шілде 2024
Мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының қорытынды ХАТТАМАСЫ №2
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурстан өткен 12 жекеменшік балабақша (1033 орын) тамыз айынан бастап «Indigo» электрондық сайты арқылы бүлдіршіндерді қабылдауды бастайды. ...3 шілде 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік...17 маусым 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
2024 жылғы 01 шілдеден бастап Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. ...8 маусым 2024
Құрметті ата-ана!
Кезекті оқу жылы, мемлекеттік емтихандар аяқталды. Әлпештеген перзенттеріңіз енді сіздердің көз алдарыңызда болады. Бала – әрқайсымыздың өміріміздегі ең қымбат байлығымыз. Сіз бен біз үшін ең бастысы - балалардың амандығы мен қауіпсіздігі. Білім беру...31 мамыр 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
...22 мамыр 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Ата-аналар назарына! 2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай, 24 мамыр күні сағат 9.00-де 1-10 сынып оқушылары үшін “Білімім – Отаныма!” тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтетінін хабарлаймыз. Тәрбие сағатында сынып жетекшілері білім алушылармен бірге...21 мамыр 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
ҚҰРМЕТТІ АТА- АНАЛАР! Egov Mobile мобильді қосымшасында «Білім туралы ақпарат» атты жаңа цифрлық құжатын іске қосылғанын хабарлаймыз! Енді, баланың балабақшада, мектепте немесе колледжде оқитынын растайтын құжатты ОНЛАЙН түрде алуға болады. Барлық ақпарат Egov Mobile...13 мамыр 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Білім беру грантының мамандықтар тізбесі анықталды. 2024-2025 оқу жылына жергілікті бюджеттен 175 білім беру грантына қаржы бөлінді. А.ж. 3 мамыр күні 2024-2025 оқу жылына жоғары білім алу үшін мамандықтар мен мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемін анықтау мақсатында облыс...13 мамыр 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
...13 мамыр 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Маңғыстау облысының талапкерлері! Сіздер үшін 13-14 мамырда Ақтау және Жаңаөзен қалаларында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған қазақстандық жоғары оқу орындарының ауқымды көрмесі өтеді. Көрмеге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ,...5 мамыр 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Маңғыстауда «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс істеуге өтінім 15 мамырда басталады Өңірімізде «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс істеуге өтінім беру 15 мамырда басталады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. «Жасыл ел» еңбек жасағы аясында жастар қоршаған...2 мамыр 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Алаяқтар Қазақстанның оқу-ағарту министрінің атынан хабарлама таратуда WhatsApp және Telegram қосымшаларында Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан хабарламалар таратылуда. Шын мәнінде, бұл жалған аккаунттар, олармен байланыс орнатып,...27 сәуір 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам қазақстандық оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы мектеп түлектері, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Биылғы оқу жылының...13 сәуір 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті жылыойлықтар! Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге кеңес беру жөніндегі жедел желі іске қосылды. Толық ақпарат алу үшін: +7 700 245 93 29 +7 775 711 83 54 +7 775 361 14 38 ...10 сәуір 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Қашықтықтан оқытуға тағайындалған қазақ тілді сыныптар үшін жетекшілердің байланыс нөмірлері Қашықтықтан оқытуға тағайындалған орыс тілді сыныптар үшін жетекшілердің байланыс нөмірлері ...8 сәуір 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Ақтауда эвакуациялық пункттер су тасқынына байланысты эвакуацияланған азаматтарды қабылдауға дайын Ақтаудағы 11 эвакуациялық пункт су тасқынына байланысты эвакуацияланған азаматтарды қабылдауға дайын. Бұл эвакуациялық пункттерде 895 орын бар. Әрбір эвакуациялық...5 сәуір 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 2024 жылғы 1 сәуірден 31 тамызға дейін жүргізіледі. Ата-аналар балаларының құжаттарын электрондық үкіметтің egov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады. Ал лицейлер мен гимназияларға балалар емтихансыз қабылданады. Сонымен қатар мектептен...4 сәуір 2024
Білім беру ұйымдарының педагогтері еңбек демалысы туралы не білу қажет?
...4 сәуір 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Қайырлы күн, жерлестер, әріптестер! Әлеуметтік желіде, чаттарда әр түрлі жалған ақпарат таратушылар көбейіп кеткені белгілі. Мысалы, ұялы телефонның тарифтік марафондары, педагогтердің біліктілік тестісіне 3 күндік тегін дайындау сілтемелері, балаларды балабақша...3 сәуір 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Бүгінгі таңда, 2024 жылға арналған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөнінде Маңғыстау облыстық әкімдігінің қаулысы рәсімделген кезде Конкурсқа құжат қабылдау қайтадан жүргізілетіндігі қаперіңізге...3 сәуір 2024
Мектептерінде төртінші тоқсан басталды
Мектептердегі төртінші тоқсан 1 сәуірден 25 мамырға дейін жалғасады. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ, 25 мамырда қорытындылар шығарылып, оқу жылы аяқталады. ...2 сәуір 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ! Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қатысты сұрақтар бойынша көрсетілген байланыс телефондарына хабарласуға болатынын қаперлеріңізге береміз! ...2 сәуір 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті, болашақ 1-ші сынып оқушыларының ата-аналары! 1-ші сыныпқа қабылдаудың негізгі шарты 052-2/у формасының болуы (баланың денсаулық паспорты) екенін хабарлаймыз! Егер емханада сізге бұрынғы 026 формасындағы анықтаманы берген болса, уайымдамаңыз! ЕҢ БАСТЫСЫ...30 наурыз 2024