Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті түлектер!

Дәстүрді жалғастырып, 2022 жылғы түлектерге хат жаздым. Оны оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады.

Бірақ белгілі бір себептермен хатты әлі оқуға мүмкіндігі болмаған түлектер үшін оны осы жерде жариялаймын.

Құрметті түлектер!

Екі айдан кейін мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарыңыз сіздерге білім мен тәрбиені қатар үйретті. Ата-аналарыңыз да үнемі кеңестерін айтып, дұрыс жол сілтеп отырды. Енді бойларыңызға сіңген осы қасиеттерді пайдаланып, өмірлеріңіздегі жауапты шешімді қабылдайсыздар.

Әрине, сіздер үшін алғашқы маңызды емтиханның бірі - ол ҰБТ. Бірақ ҰБТ өмірдегі ең жеңіл, оңай сынақтың бірі екенін айтқым келеді.

Оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шараларды қабылдадық.

1. ҰБТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ҰБТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.

2. ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.

3. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.

4. Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

5. Биыл сіздерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.

6. Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.

7. Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.

Қымбатты түлектер! ҰБТ сынағынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?"- деп те ойлап жүрген боларсыздар?

Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:

Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.

Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.

Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.

Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.

Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.

Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.

Енді болашақ мамандықты таңдауға қатысты да айта кетейін. Жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты қабылданған шешім қате екенін есте сақтаңыз.

Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын:

1. Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

2. Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.

3. Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.

Құрметті түлектер!

Сіздерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін.

Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар.

Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады.

Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз.

Бастысы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 





3 шілде 2024

Ақтау қаласындағы 29 балабақшада орын алған жағдай бойынша

Ақтау қаласының 9 шағын ауданындағы №29 бөбекжайда ағымдағы жылдың 28 маусымында ата-ананың шағымына байланысты бейнежазбаны қарау барысында топтың тәрбиешісі таңғы ас мезгілінде тәрбиеленушілерге тамақты салу кезінде бала санына жеткіліксіз салғаны анықталған. Орын...

2 шілде 2024

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні!

Еліміздің кей өңірлеріндегі су тасқыны жағдайларына қарамастан біз балалардың белсенді және қауіпсіз уақыт өткізуі үшін жағдай жасауды жалғастырудамыз. Биыл NCOC компаниясы Маңғыстау облысының 2 аудандық және 1 қалалық балабақшасында жаңа ойын алаңдарын орнатты. Бұл...

29 маусым 2024

ЛАГЕРДЕ СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Маңғыстау облысы Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік жобасы аясында, «Шуағыңды шаш» қоғамдық бірлестігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында балалардың жазғы демалысында қаламыздағы #10 мектептегі лагерде сурет байқауын өткізді. Шараға...

29 маусым 2024

Қалада жыл аяғына дейін 5 жаңа мектеп ашылады.

Жыл аяғына дейін 5 жаңа мектеп ашылады деп жоспарлануда. Ақтауда үш ауысымды мектеп мәселесін шешу мақсатында «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы 18, 19А шағын ауданда әрқайсысы 1200 орындық екі мектептің құрылысын биыл аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен бірге,:...

28 маусым 2024

Ақтау қаласының құрметті азаматы Салиха Қаженқызы дүниеден өтті

Ақтау қаласының құрметті азаматы, ардагер ұстаз Салиха Ыдырысова 98 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ардагер ұстаз саналы ғұмырын жас ұрпақтың сапалы білім алуына арнаған. Салиха Қаженқызы 1942 жылдың ақпан айынан бастап өзі білім алған мектепте бастауыш сынып...

27 маусым 2024

Педагог мектепке жұмысқа қалай тұра алады?

...
: https://www.instagram.com/reel/C8tJFYatv0R/?igsh=d3MwOXJrZmZoa2Uy

25 маусым 2024

Білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Білімім-Отаныма» атты тәрбие сағаты

Бүгін Достық үйінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Звира Есбергенова, Білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева, білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Білімім-Отаныма» атты тәрбие сағаты өтті. Дарынды оқушылардың жетістіктері насихаттау, оқушылардың...

25 маусым 2024

Маңғыстаулық ұстаздар «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды

Білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева 2023-2024 оқу жылының аяқталуы қарсаңында жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Маңғыстау облысы бойынша «Үздік педагог» атағының иегерлеріне ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін...

24 маусым 2024

«Білімім – Отаныма» 1-11 сынып бойынша бірыңғай тәрбие сағаттары

Бүгін 24 мамыр күні «Білімім – Отаныма» 1-11 сынып бойынша бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. Сынып сағаттарында негізінен патриотизм, отанды сүю, достық, татулық, ел тарихына, саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет таныту сынды ақпараттар айтылып,...

23 маусым 2024

Республикалық “Жарқын болашақ” олимпиадасынан жүлделі

Ақтау қаласы 19 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Оралбек Ботакөз 22 мамыр күні өткен Республикалық “Жарқын болашақ” олимпиадасынан жүлделі 3-орын алды. Жетекшісі Жарылғасынова Айымгүл. Жеңімпаз оқушы мен жетекшісін құттықтаймыз!  ...

23 маусым 2024

Облысымыздың 7-8 сынып оқушылары республикалық пәндік олимпиадада жүлдегер

Облысымыздың 7-8 сынып оқушылары республикалық пәндік олимпиадада жүлдегер атанды. 2024 жылдың 20-22 мамыр аралығында Астана қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадаға облысымыздан 15 оқушы қатысып, 8 оқушы...

23 маусым 2024

«Балаларға қатысты буллинг пен кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында тренинг және мұғалімдерге «Мектептегі буллингтің алдын алу және оған қарсы тұру» тақырыбында мастер-класс

Ағымдағы жылдың 15-17 мамыр күндері Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында «Балаларға қатысты буллингтің алдын алу шараларын әзірлеу және оның өзекті аспектілерін зерттеу» тақырыбындағы мақсатты каржыландыру бағдарламасының аясында...

22 маусым 2024

Ақтау қаласындағы білім беру ұйымдарында емтихандар басталды

Бүгін Ақтау қаласы бойынша мектептерде аралық және қорытынды емтихандар тапсыру кезеңі басталды. Емтихандар 11 маусымға дейін жалғасады. Биыл бірінші рет білім алушылардың оқу бағдарламаларын игеруін, оқу және жазу сауаттылығын айқындау мақсатында 5-8, 10-сыныптар үшін...

22 маусым 2024

«РобоМаңғыстау-2024» робототехникадан Батыс аймақтық чемпионаты

Бүгін, ағымдағы жылдың 21 мамыры күні Оқушылар сарайында өткен «РобоМаңғыстау-2024» робототехникадан Батыс аймақтық чемпионатынан Ақтау қаласының оқушылары жеңіспен оралды. Роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, инновациялық...

8 маусым 2024

«Мектеп жасына дейінгі балаларда этномәдени құндылықтарды қалыптастыру бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы курс

Ақтау қаласы. №35 «Балдырған» бөбекжай базасында “«Мектеп жасына дейінгі балаларда этномәдени құндылықтарды қалыптастыру бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы курс тыңдаушыларына арналған семинар өтті. Семинардың теориялық бөлімінде:...

31 мамыр 2024

«Демалыста кітап оқимыз» республикалық челленджі

Қазақстандық оқушылар «Демалыста кітап оқимыз» республикалық челленджін бастады Өз жетістіктерімен ерекшеленген, балалар қозғалысының көшбасшылары және батыр балалармен кездесуде оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан сүйікті шығармасы ретінде қазақстандық жазушы...

28 мамыр 2024

Ақтауда әскери бөлімдерде оқушыларға арналған экскурсиясы

Ақтауда әскери бөлімдерде оқушыларға арналған экскурсия ұйымдастырылды Ақтауда 25 мамыр күні қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен №29011 және №21814 әскери бөлімінде оқушыларға арналған экскурсия ұйымдастырылды, - деп хабарлайды қала...

27 мамыр 2024

“Ер жігіт - Ер қорғаны” әскери-спорттық сайысы

Ақтау қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығы Маңғыстау жергілікті бастама орталығы қоғамдық қорымен бірлесіп облыстық оқушылар сарайы базасында “Ер жігіт - Ер қорғаны” әскери-спорттық сайысын өткізді. Әскери-спорттық сайысына қаламыздың 15 жалпы білім беретін...

21 мамыр 2024

«Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды педагог-ассистенпен сүйемелдеу» тақырыбында дөңгелек үстел

Қаламыздағы білім беру ұйымдарының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жауапты мамандарының қатысуымен «Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды педагог-ассистенпен сүйемелдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. ...

18 мамыр 2024

Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауы

2024 жылдың 15-17 мамыры аралығында Жетісу облысы, Талдықорған қаласында өткен республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауында оқушымыз жеңімпаз атанды! Ақтау қаласы № 30 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Мұстафа Ақұлпа жүлделі ІІ орынға ие болды....

17 мамыр 2024

IV Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауы

2024 жылдың 15-16 мамырында Павлодар облысы Екібастұз қаласында өткен IV Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауында бақ сынаған оқушыларымыз жүлдегер атанды! №21 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Әлібек Әсет ІІ орын, жетекшісі Дәулетқали Сәния; ...

17 мамыр 2024

Облыстық «Каспий толқыны» табиғат жанашырларының фестивалі

Облыстық  «Каспий толқыны» табиғат жанашырларының фестиваліне қатысқан оқушыларымыз жеңіспен оралды. «Каспий достық теңізі» сурет номинациясы бойынша: ІІ орын - Маркс Алия, №13 гимназиясының  8 сынып оқушысы (жетекшісі Л. Дуанаева) «Менің арманымдағы Каспий...

16 мамыр 2024

АҚТАУЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АҚТАУЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ Оқу жылының аяқталуына байланысты, білім беру ұйымдарында Ювеналды полиция қызметкерлерінің қатысуымен мектеп бітіруші түлектермен кездесулер өткізуде. Түлектер арасындағы заңсыз іс- әрекеттердің алдын...

15 мамыр 2024

Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасы

2024 жылдың 12-14 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында өткен Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасы өтті. орын Азиева Айнара - Ақтау қаласы «Qazbilim” ұлттық лицейінің 10-сынып оқушысы. Жүлдегерлер мен...

Соңғы хабарлар

1
234567891011121314 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері