Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

«ТҮЛЕКТЕРДІҢ АҒАШ ЕГУ» ЧЕЛЕНДЖІ ЖАЛҒАСУДА

Ақтаулық 9 және 11 сынып түлектері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында «Түлектердің ағаш егу» челенджі аясында мектеп ауласына раушан гүлдері мен алма ағашының көшеттерін отырғызуда. Осылайша бұл челлендж білім алушылардың еңбегі мен қоршаған ортаға деген қамқорлығын арттырып, экологиялық мәдениетке баулуға бағытталған.

«Таза Қазақстан» акциясы артымыздан із қалдырып, сонымен қатар ауаны тазартуға үлес қосуға мүмкіндік. Мұндай шаралар жастарды тәртіп пен тазалықты сақтауға үйретіп, жақсы дағдыға айналады деп сенеміз, - дейді оқушылар.

«Түлектердің ағаш егу» челленджі

#ТазаҚазақстан

#Түлек2024

#ЖерЕлшілері

#жасқанат2024 





3 шілде 2024

Ақтау қаласындағы 29 балабақшада орын алған жағдай бойынша

Ақтау қаласының 9 шағын ауданындағы №29 бөбекжайда ағымдағы жылдың 28 маусымында ата-ананың шағымына байланысты бейнежазбаны қарау барысында топтың тәрбиешісі таңғы ас мезгілінде тәрбиеленушілерге тамақты салу кезінде бала санына жеткіліксіз салғаны анықталған. Орын алған жағдайға байланысты Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің жанынан комиссия құрылып, а.ж. 1-3 шілдесі аралығында зерделеу жүргізілді.  Зерделеу қорытындысы негізінде №29 бөбекжайдың директорының міндетін атқарушыға еңбек...

2 шілде 2024

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні!

Еліміздің кей өңірлеріндегі су тасқыны жағдайларына қарамастан біз балалардың белсенді және қауіпсіз уақыт өткізуі үшін жағдай жасауды жалғастырудамыз. Биыл NCOC компаниясы Маңғыстау облысының 2 аудандық және 1 қалалық балабақшасында жаңа ойын алаңдарын орнатты. Бұл ойын алаңдары Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы “Ер Төстік” және аудандық “Балбөбек” және “Ақбота” балабақшаларындағы балалар үшін өте керемет сыйлық болды. Ойын алаңдарында сырғанақ, әткеншек, құм салынған алаңқайлар сияқты...

29 маусым 2024

ЛАГЕРДЕ СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Маңғыстау облысы Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік жобасы аясында, «Шуағыңды шаш» қоғамдық бірлестігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында балалардың жазғы демалысында қаламыздағы #10 мектептегі лагерде сурет байқауын өткізді. Шараға Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Н.Мұқатай, “Маңғыстау - Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің Ақтау қаласы бойынша жетекшісі Д.Әкімжанов және қоғам өкілі А.Боранбаева қатысты....

29 маусым 2024

Қалада жыл аяғына дейін 5 жаңа мектеп ашылады.

Жыл аяғына дейін 5 жаңа мектеп ашылады деп жоспарлануда. Ақтауда үш ауысымды мектеп мәселесін шешу мақсатында «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы 18, 19А шағын ауданда әрқайсысы 1200 орындық екі мектептің құрылысын биыл аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен бірге,: «Жайлы мектеп» жобасы аясында 33 ш/а 1500 орындық, Рауан елді мекеніндегі 300 орындық, 17 ш/а 900 орындық мектеп. Осыған байланысты, білім бөлімінің 27.06.2024 жылғы «Білім беру ұйымдарына қызмет көрсету аумағын бекіту...

28 маусым 2024

Ақтау қаласының құрметті азаматы Салиха Қаженқызы дүниеден өтті

Ақтау қаласының құрметті азаматы, ардагер ұстаз Салиха Ыдырысова 98 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ардагер ұстаз саналы ғұмырын жас ұрпақтың сапалы білім алуына арнаған. Салиха Қаженқызы 1942 жылдың ақпан айынан бастап өзі білім алған мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарады. 1942-1946 жылы өзі туып-өскен ауылда, 1946 жылдан бастап Гурьев облысына қарасты мектептерде жұмыс істеген. 1948 жылы бұрынғы Гурьев (қазіргі Атырау) облысындағы педагогикалық оқу орнын бітірген....

27 маусым 2024

Педагог мектепке жұмысқа қалай тұра алады?

...
: https://www.instagram.com/reel/C8tJFYatv0R/?igsh=d3MwOXJrZmZoa2Uy

25 маусым 2024

Білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Білімім-Отаныма» атты тәрбие сағаты

Бүгін Достық үйінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Звира Есбергенова, Білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева, білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Білімім-Отаныма» атты тәрбие сағаты өтті. Дарынды оқушылардың жетістіктері насихаттау, оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық дамуына жағдай жасау мақсатында өткен тәрбие сағатында халықаралық деңгейде өткен олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының, республикалық жарыстардың, пәндік олимпиадалардың жүлдегері атанған...

25 маусым 2024

Маңғыстаулық ұстаздар «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды

Білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева 2023-2024 оқу жылының аяқталуы қарсаңында жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Маңғыстау облысы бойынша «Үздік педагог» атағының иегерлеріне ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін табыстап, педагогтерге білім саласына қосқан ерен еңбектері мен ұстаздық кәсіпке адалдықтары үшін алғысын білдірді. Төсбелгімен марапатталған мұғалімдер қатарында Ақтау қаласы мектептерінің мұғалімдері бар. Строева Ирина...

24 маусым 2024

«Білімім – Отаныма» 1-11 сынып бойынша бірыңғай тәрбие сағаттары

Бүгін 24 мамыр күні «Білімім – Отаныма» 1-11 сынып бойынша бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. Сынып сағаттарында негізінен патриотизм, отанды сүю, достық, татулық, ел тарихына, саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет таныту сынды ақпараттар айтылып, Отанға деген құрметін арттыру мақсатында патриоттық тақырыптарда шығармалар мен өлеңдер оқу, Қазақстанның географиясына тоқталып, еліміздің маңызды да көрікті жерлері туралы ақпараттармен бөлісу, тарихи-мәдени ескерткіштер мен...

23 маусым 2024

Республикалық “Жарқын болашақ” олимпиадасынан жүлделі

Ақтау қаласы 19 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Оралбек Ботакөз 22 мамыр күні өткен Республикалық “Жарқын болашақ” олимпиадасынан жүлделі 3-орын алды. Жетекшісі Жарылғасынова Айымгүл. Жеңімпаз оқушы мен жетекшісін құттықтаймыз!  ...

23 маусым 2024

Облысымыздың 7-8 сынып оқушылары республикалық пәндік олимпиадада жүлдегер

Облысымыздың 7-8 сынып оқушылары республикалық пәндік олимпиадада жүлдегер атанды. 2024 жылдың 20-22 мамыр аралығында Астана қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадаға облысымыздан 15 оқушы қатысып, 8 оқушы жеңімпаз атанды. ІІІ орын Кадыр Айдар – Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы, география пәні бойынша; Республикалық олимпиадада көрсеткен үздік нәтижелері үшін Маңғыстау облысының...

23 маусым 2024

«Балаларға қатысты буллинг пен кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында тренинг және мұғалімдерге «Мектептегі буллингтің алдын алу және оған қарсы тұру» тақырыбында мастер-класс

Ағымдағы жылдың 15-17 мамыр күндері Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында «Балаларға қатысты буллингтің алдын алу шараларын әзірлеу және оның өзекті аспектілерін зерттеу» тақырыбындағы мақсатты каржыландыру бағдарламасының аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік ғылымдар факультеті «Педагогика» кафедрасының жетекші ғалымдары Асылбекова Марзия Пазыловна мен Утемисова Гульмира Укатаевнаның жетекшілігімен жобаның эксперименттік жұмыстарын...

22 маусым 2024

Ақтау қаласындағы білім беру ұйымдарында емтихандар басталды

Бүгін Ақтау қаласы бойынша мектептерде аралық және қорытынды емтихандар тапсыру кезеңі басталды. Емтихандар 11 маусымға дейін жалғасады. Биыл бірінші рет білім алушылардың оқу бағдарламаларын игеруін, оқу және жазу сауаттылығын айқындау мақсатында 5-8, 10-сыныптар үшін «Қазақ тілі» (қазақ тілінде оқытатын мектептерде) және «Қазақ тілі мен әдебиеті» (қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде) пәндерінен 31 мамырға дейін өтеді. Емтиханның нақты уақытын оқу орындары өздері...

22 маусым 2024

«РобоМаңғыстау-2024» робототехникадан Батыс аймақтық чемпионаты

Бүгін, ағымдағы жылдың 21 мамыры күні Оқушылар сарайында өткен «РобоМаңғыстау-2024» робототехникадан Батыс аймақтық чемпионатынан Ақтау қаласының оқушылары жеңіспен оралды. Роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында өткізілген чемпионатта бақ сынаған оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды: І орын - «Роботтардың арқан тартысы» санаты бойынша Абубакир...

8 маусым 2024

«Мектеп жасына дейінгі балаларда этномәдени құндылықтарды қалыптастыру бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы курс

Ақтау қаласы. №35 «Балдырған» бөбекжай базасында “«Мектеп жасына дейінгі балаларда этномәдени құндылықтарды қалыптастыру бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы курс тыңдаушыларына арналған семинар өтті. Семинардың теориялық бөлімінде: «Бөбекжайдағы – әдептілік әліппесі» тақырыбында бөбекжай директоры Бокибаева Куралай Орынбасаровна баяндама оқыса, тәжірибелік бөлімінде «Конжыққа көмек беру» тақырыбында логопед маманы Сембаева Кунсулу Бакитжановна ересек топтағы жеке...

31 мамыр 2024

«Демалыста кітап оқимыз» республикалық челленджі

Қазақстандық оқушылар «Демалыста кітап оқимыз» республикалық челленджін бастады Өз жетістіктерімен ерекшеленген, балалар қозғалысының көшбасшылары және батыр балалармен кездесуде оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан сүйікті шығармасы ретінде қазақстандық жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» кітабын атады. Кітаптың құндылығы мен оқудың маңыздылығына мән берген оқушылардың «Демалыста кітап оқимыз» республикалық челленджіне бастамашылық етті және оған барлық оқушыларды...

28 мамыр 2024

Ақтауда әскери бөлімдерде оқушыларға арналған экскурсиясы

Ақтауда әскери бөлімдерде оқушыларға арналған экскурсия ұйымдастырылды Ақтауда 25 мамыр күні қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен №29011 және №21814 әскери бөлімінде оқушыларға арналған экскурсия ұйымдастырылды, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Экскурсия «Ақтау қаласының жастары мен жасөспірімдеріне әскери-патриоттық тәрбие беру» жобасы аясында «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді. Шараның негізгі...

27 мамыр 2024

“Ер жігіт - Ер қорғаны” әскери-спорттық сайысы

Ақтау қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығы Маңғыстау жергілікті бастама орталығы қоғамдық қорымен бірлесіп облыстық оқушылар сарайы базасында “Ер жігіт - Ер қорғаны” әскери-спорттық сайысын өткізді. Әскери-спорттық сайысына қаламыздың 15 жалпы білім беретін ұйымдарының 14-15 жастағы 8-9 сынып білім алушылары ұлдар мен қыздар қатысты. Қалалық сайыстың мақсаты: мектепте оқушыларға Әскери дайындық пәндерінің және патриоттық тәрбие беру жұмыстарының мазмұнын жетілдіру арқылы отанға...

21 мамыр 2024

«Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды педагог-ассистенпен сүйемелдеу» тақырыбында дөңгелек үстел

Қаламыздағы білім беру ұйымдарының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жауапты мамандарының қатысуымен «Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды педагог-ассистенпен сүйемелдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Маңғыстау облыстық психологиялық -медицаналық-педагогикалық консультацияның директоры Бердібаева Шолпан Кадыргалиевана, Ақтау қалалық психологиялық-медицаналық- педагогикалық консультацияның директоры Маширова Назым...

18 мамыр 2024

Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауы

2024 жылдың 15-17 мамыры аралығында Жетісу облысы, Талдықорған қаласында өткен республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауында оқушымыз жеңімпаз атанды! Ақтау қаласы № 30 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Мұстафа Ақұлпа жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Қуатова Айнұр. Жеңімпаз оқушымыз бен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз!  ...

17 мамыр 2024

IV Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауы

2024 жылдың 15-16 мамырында Павлодар облысы Екібастұз қаласында өткен IV Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауында бақ сынаған оқушыларымыз жүлдегер атанды! №21 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Әлібек Әсет ІІ орын, жетекшісі Дәулетқали Сәния; Т.Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Қуаныш Исмайл ІІІ орын иеленді. Жетекшісі Базарбай Әсия. Жүлдегерлер мен жетекшілерін және ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!  ...

17 мамыр 2024

Облыстық «Каспий толқыны» табиғат жанашырларының фестивалі

Облыстық  «Каспий толқыны» табиғат жанашырларының фестиваліне қатысқан оқушыларымыз жеңіспен оралды. «Каспий достық теңізі» сурет номинациясы бойынша: ІІ орын - Маркс Алия, №13 гимназиясының  8 сынып оқушысы (жетекшісі Л. Дуанаева) «Менің арманымдағы Каспий жағалауы» жобалар номинациясы бойынша: ІІІ орын - Аббасали Дара Саянқызы, Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы (жетекшісі М.Өмірзақов) ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!  ...

16 мамыр 2024

АҚТАУЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АҚТАУЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ Оқу жылының аяқталуына байланысты, білім беру ұйымдарында Ювеналды полиция қызметкерлерінің қатысуымен мектеп бітіруші түлектермен кездесулер өткізуде. Түлектер арасындағы заңсыз іс- әрекеттердің алдын алу мақсатында 2023-2024 оқу жылының түлектері, яғни 9-11 сынып оқушыларына мектеп бітіру шарасына байланысты сақтық шараларымен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары оқушыларға мектеп жылының...

15 мамыр 2024

Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасы

2024 жылдың 12-14 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында өткен Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасы өтті. орын Азиева Айнара - Ақтау қаласы «Qazbilim” ұлттық лицейінің 10-сынып оқушысы. Жүлдегерлер мен жетекшілерді жеңістерімен құттықтаймыз.  ...

Соңғы хабарлар

1
234567891011121314 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері