0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық
жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық
мерейтойы қарсаңында Ақтау қаласындағы 29 жалпы білім беру мектебіне
ақын апамыздың есімі берілді. Саналы ғұмырын өлеңге арнап, "Жыр - менің
жалғыз тарланым", "Жыр - менің планетам", "Өлең, мен сені аялап өтем!"
деп жырлаған ақиық ақынның есімі қаламыздағы білім ұйымына берілуі үлкен
мақтаныш әрі жауапкершілік.
Білім ұйымына ақын Фариза
Оңғарсынованың есімі берілуіне орай арнайы іс-шаралар жоспары
жасақталып, онкүндік өтті. Онкүндік Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін оқу
эстафетасымен басталып, түрлі бағыттағы іс-шаралармен жалғасын тапты.
Мектеп директоры Ізтұрғанова Жайна Аманжанқызы бастаған жыр эстафетасы
қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша жыр сүйер жұртшылық арасында өз
жалғасын табуда.
Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында,
Атырау қаласында өткен республикалық фестивальда II орынды иеленген
"Фариза мен Мұқағали" поэтикалық драмасын тамашалау да осы жоспар
аясында ұйымдастырылды.
5 - желтоқсан күні "Өлең, мен сені аялап
өтем!" тақырыбында әдеби-сазды жыр кеші ұйымдастырылды. Кеште мектеп
оқушылары ақынның Отан, туған жер, өмір, дала, сезім т.б.
тақырыптардағы өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын өлеңдерінің сөзіне жазылған
әндер шырқады.
Кеш қонақтары Фариза Оңғарсынованың жиен келіні
Лайық Тайпақова, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының
мүшесі Рахат Қосбармақов, ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Шынар Түйешиева, айтыскер ақын, «Жыр - жебе» жас ақындар клубының
жетекшісі Фархад Мұсаев болды. Қонақтар жылы лебіздерін білдіріп,
мектеп ұжымы мен оқушыларға сәттілік тіледі.
8-11 сынып оқушылары
арасында гір тасын көтеруден Фариза Оңғарсынова атындағы ауыспалы
кубогі ойнатылып, бұл сайыстың үздіктері деп танылған 8-сынып оқушылары
ауыспалы кубокты өз қанжығасына байлады.
Мектептің жас қылқалам
шеберлері Фариза Оңғарсынова өлеңдерінің сюжетін арқау ете отырып,
ақынның алуан түрлі тақырыптағы өлеңдерін қылқаламмен кескіндеді.
"Жетімхана", "Ананы аңсау", "Құм.Нарын", "Теңіз аласапыран", "Келеді түн
еркелеп", "Қыз сыры", "Ақжайық", " Қанат туралы хикая", т.б. өлеңдері
желісімен салынған суреттер ақын өлеңдерінің сыршыл да нәзік, алапат
толқынысын аша түсумен қатар, шәкірттердің шабытын шыңдады. Сонымен
қатар ақын апамыздың шығармашылығындағы Маңғыстау өлкесінің көрініс
табуы да ерекше назарға алынып, оқушылар ақын шығармаларын
зерттеп-зерделеп, эссе жазды. Эссе жазу байқауы қорытындыланып,
тақырыпты ерекше аша білген оқушылар марапатталды.
Өткізілген
онкүндік салтанатты шарамен қорытыланды. Салтанатты шараның арнайы
бағдарламасына сәйкес алғашында ақынға арналған мемориалдық тақтаның
ашылу салтанаты өтті, содан соң қадірменді қонақтар Фариза
Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналып арнайы жасақталған
кабинетімен танысты. Келесі сәтте қонақтар назарына мектеп акт залында
өткен «Жыр - менің жалғыз тарланым» тақырыбындағы әдеби-сазды кеш
ұсынылды. Кеште Фариза Оңғарсынованың өлеңдері оқылды, ақынның сөзіне
жазылған әндер шырқалды, апамыздың замандасы, досы, Маңғыстаудың
марғасқа ұлы Әбіш Кекілбайұлымен сырласу сәті сахналандырылды.
Поэзияда да, прозада да тұяғы мұқалмаған хас дүлділдің поэзиясы - шың,
прозасы - сол шыңды тіреп тұрған шоқылар іспетті. Шәкірттерінің осы
биіктен көрінгенін қалайтын білім ордасы ақын шығармаларын оқу мен
насихаттауды әлі де жалғастыра береді.
Постановлением
правительства Республики Казахстан в канун 80-летия народной
писательницы, поэта и общественного деятеля Казахстана Фаризы
Онгарсыновой общеобразовательной средней школы №29 присвоено имя
поэта. Является большой гордостью и ответственностью для города то, что
имя великого писателя будет носить именно общая средняя школа №29,
который написал такие произведения как «Мое сердце-моя единственная
судьба», «Мое сердце-моя планета», «Поэзия, я люблю тебя». Для школы
имени поэта Фаризы Онгарсыновой подготовлен специальный план действий и в
соответсвии с планом прошло десять дней. Декада посвящённая
Ф.Онгарсыновой началась с репертуара выразительного чтения и
продолжилась различными мероприятиями. В настоящее время в Мангистауской
области проходит эстафета любителей поэзии под руководством директора
школы Изтургановой Жайной Аманжановной. Также в рамках этого плана в
Мангыстауском областном музыкально-драматическом театре была
организована поэтическая драма «Фариза и Мукагали» , которая заняла
второе место на республиканском фестивале в Атырау.
5 декабря на тему «Поэзия, я люблю тебя» был организован литературно-музыкальный вечер.
15 маусым 2023
Қандай түлектер грантты жұмыспен өтеуге тиіс?
Қандай түлектер грантты жұмыспен өтеуге тиіс? ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес 6 санат үшін грант бойынша үш жылдық немесе екі жылдық міндетті жұмыспен өтеу көзделген: 1) Педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квота шегінде...14 маусым 2023
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
М. Әуезов атындағы № 20 ЖББМ түлегі 11 ”А”-сынып оқушысы Құдабай Салтанат ұпай. Білім беру грантын беру конкурсына қатысып, ЖОО оқуға түсу үшін ҰБТ тапсырып жоғары ұпай жинаған. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ ...13 маусым 2023
ҮЗДІК ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ
Қанипа Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зерттеу орталығы педагог-психологтердің кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасап, жұмыс тәжірибелерімен алмасу және тарату, кәсіби және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында...13 маусым 2023
Салауатты тамақтану мектебі
Құрметті әріптестер, сіздерге “Салауатты тамақтану мектебі” бағдарламасын ұсынып отырмыз. Жаңа 2023-24 оқу жылына тапсырыс ағымдағы жылдың 25 шілдеге дейін (international@sn-mg.kz) қабылданатынын қаперелеріңізге береміз. Қандай да бір сұрақтарыңыз болса хабарласыңыздар. ...9 маусым 2023
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушыларынан құралған “Шалқыма”домбырашылар ансамблі 28.05.2023 ж күні Алматы қаласында Қазақконцерт залы ғимаратында өткен оқушылар...4 маусым 2023
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Рәміздер - еркін елдің айқын келбеті! Көк Туымыз көгімізде желбіреп, Елтаңбамыз биігінен аласармай, Әнұранымыз мәңгілік...3 маусым 2023
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Балаларыңыздың бос уақытын тиімді пайдаланыу,жазғы демалысын қызықты өткізу мақсатында, мемлекеттік білім беру мекемелерінде жаз мезгілінде үйірмелер ұйымдастырылады. ...3 маусым 2023
2 маусым күні 9-сынып бітірушілері орта білімді қорытынды аттестаттау мемлекеттік емтихандары басталды.
2 маусым күні 9-сынып бітірушілері орта білімді қорытынды аттестаттау мемлекеттік емтихандары басталды. 9-сынып оқушылары 2-13 маусым аралығында 4 пән бойынша қорытынды аттестациядан өтеді. 2 маусым оқушылар қазақ, орыс тілі бойынша (оқыту тілі) эссе жазбаша емтихан...3 маусым 2023
МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ "Ел үміті" жобасы аясында 35 оқушы медальмен марапатталды. Салтанатты шарада Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали оқушыларды мерекемен құттыктап, медальдарды табыстады. 14-29 жас аралығын қамтыған байқау «Спорт және дене...2 маусым 2023
ПЕДАГОГТЕР ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУІ ҚАЖЕТ?
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1907645482967873&id=100011673206719 ...2 маусым 2023
100 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ
Бүгін Ақтауда жаңа балабақшаның ашылу іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға қалалық әкімдік пен білім бөлімінің басшысы Бағдат Сырымқызы және ата-аналар, балалар қатысты. Халықаралық балаларды қорғау күні өткізілген жиында балалар ән айтып, өз өнерлерін...2 маусым 2023
«Оқушы Орталығы» КММ жаз мезгіліндегі аула клубтары
«Оқушы Орталығы» КММ жаз мезгіліндегі аула клубтары Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Осы орайда Ақтау ...1 маусым 2023
Орта білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттауды өткізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру Комитетінің бас сарапшысы Гүлсила Муздыбекова айтып берді.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1907425339656554&id=100011673206719 ...30 мамыр 2023
«РОБОМАҢҒЫСТАУ-2023» РОБОТОТЕХНИКАДАН ҚАЛАЛЫҚ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ
«РОБОМАҢҒЫСТАУ-2023» РОБОТОТЕХНИКАДАН ҚАЛАЛЫҚ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды...26 мамыр 2023
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан журналистер одарының мүшесі С. Мешітбайқызымен кездесу
Бүгін 26 мамыр күні “Достық үйі” ғимаратында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан журналистер одарының мүшесі С. Мешітбайқызымен кездесу өтті. Кездесуге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және педагог-психологтары...25 мамыр 2023
«Кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу» профилактикалық әңгіме жүргізілді
Ақтау қаласы «Кешкі (ауысымды) мектеп» КММ-де 24.05.2023 жылы мектепішілік оқушылар және ата-аналар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасындағы...24 мамыр 2023
«Зорлық - зомбылыққа жол жоқ» акциясы
Маңғыстау облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында «Зорлық - зомбылыққа жол жоқ» акциясын өткізді. Акция аясында облыстың барлық мектептерінде оқушылардың өзін-өзі тануын турақты қалыптастыруға, түрлі...23 мамыр 2023
«Отбасы-жылы ұямыз, тірегі - ата-анамыз» ата-аналар форумы
Бүгін, 23 мамыр күні «Aktau Palace» мейрамханасында Халықаралық отбасы күніне орай, білім алушылардың отбасы құндылықтары туралы түсінігін кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету және сыйластық құндылықтары туралы білімдерін кеңейту мақсатында...18 мамыр 2023
2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы
Алтынсарин Академиясында онлайн форматта «2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаттың (бұдан әрі – ӘНХ) жобасы талқыланды. Ы. Алтынсарин...18 мамыр 2023
...
18 мамыр 2023
«Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдері» қалалық әдістемелік семинар
2023 жылдың 18 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі мекеме қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Бәйтерек» бөбекжай базасында мектепке дейінгі мекеме педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибе алмасу...17 мамыр 2023
“Үздік жыл психологы” байқауы
“Үздік жыл психологы” байқауы 2023 жылдың 17 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 11.05.2023 жылғы № 257нқ бұйрығына негізінде “Үздік жыл психологы” байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға келесі санат бойынша мектеп психологтары қатысты: 1 санат – 3-5...17 мамыр 2023
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа мазмұнын іске асыру жолдары
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №57 «Aқбота» бөбекжайы жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа мазмұнын іске асыру жолдары» тақырыбындағы қалалық семинар өтті. Ақтау...16 мамыр 2023