Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

АҚТАУДА БУЫНСЫЗ БАЛА ТҰРАДЫ

Ел ішінде қайталанбас, ерекше қабілеті бар баланың бірі - Азамат Нұрқожа. 13 жастағы өнерпазды "пластилин-бала" деп те атайды. Бұл туралы Ақтау қалалық әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Азамат балқыған темірдей кез-келген қалыпқа оңай түсіп, түрлі бағытта бүгіле алады. Осы өнері арқылы киноға да шақыру алған.

13 жастағы Азамат Нұрқожа Ақтаудағы №8 мектепте білім алуда. Анасының айтуынша, балақайдың өнерін үш жасында байқаған. Осы жасында бүлдіршін шпагатқа отырып, бес жасында аяғын мойнына асып қойып жүріпті.

"Түнде кейде бұралып ұйықтай береді. Алғашында үрейленіп, кейін бұл әрекеттерін видеоға түсіріп, туыстарға жіберетін болдық. Біраз жарыстарға да қатысып, таныла да бастады. Азамат ең алғаш 7 жасында “Баланың бәрі талантты” бағдарласына қатысқаны үшін “Маңғыстау” телеарнасыңың басшысынан алғыс хат алған болатын”-,дейді Азаматтың анасы Байбозова Жанна.

Мектеп директоры Исжанова Аселханның айтуынша: “Азаматтың сабақ үлгерімі жақсы, барлық сабақтарға белсенді және өзін әрдайым ізденіс үстендегі оқушы екенін көрсетіп отырады. Атап айтатын болсақ Азамат таланты мен тәрбиені қатар алып жүрген оқушы. Үйдегі ата-ана тәрбиесі бала үшін маңызды. Сондықтан Азаматтың бойынан талантынан бөлек тәрбие мен сабаққа деген ынтасын көруге болады” -,дейді.

“Оркестр мүшесі болып жоғары жетістіктерге жеткім келеді. Буынсыз бала ретінде маған көп шақыртулар келді. Бірақ мен домбыра құлағында ойнап жоғарғы деңгейдегі күйші болғым келеді”-,дейді өнерпаз.

Азамат осыған дейін біраз жетістікке жеткен:

2018 жылы "Балапан" телеарнасында "Дара бала" тележобасының қатысушысы; Республикалық "Қазақстан таланттары" байқауында дипломант; Халықаралық "Бала шабыты" байқауында II орын; "Ұлы дала ұрпағымыз" жарысында лауреат; "Таңғы шұғыла" байқауында "буынсыз бала" номинациясының I орын иегері; Халықаралық "Звезда удачи" додасының I орын жүлдегері;

Азамат сондай-ақ, балет мектебіне барып жүр. 


 





15 маусым 2023

Қандай түлектер грантты жұмыспен өтеуге тиіс?

Қандай түлектер грантты жұмыспен өтеуге тиіс? ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес 6 санат үшін грант бойынша үш жылдық немесе екі жылдық міндетті жұмыспен өтеу көзделген: 1) Педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квота шегінде...

14 маусым 2023

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

М. Әуезов атындағы № 20 ЖББМ түлегі 11 ”А”-сынып оқушысы Құдабай Салтанат ұпай. Білім беру грантын беру конкурсына қатысып, ЖОО оқуға түсу үшін ҰБТ тапсырып жоғары ұпай жинаған. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ  ...

13 маусым 2023

ҮЗДІК ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ

     Қанипа Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зерттеу орталығы педагог-психологтердің кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасап, жұмыс тәжірибелерімен алмасу және тарату, кәсіби және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында...

13 маусым 2023

Салауатты тамақтану мектебі

      Құрметті әріптестер, сіздерге “Салауатты тамақтану мектебі” бағдарламасын ұсынып отырмыз. Жаңа 2023-24 оқу жылына тапсырыс ағымдағы жылдың 25 шілдеге дейін (international@sn-mg.kz) қабылданатынын қаперелеріңізге береміз. Қандай да бір сұрақтарыңыз болса хабарласыңыздар. ...

9 маусым 2023

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушыларынан құралған “Шалқыма”домбырашылар ансамблі 28.05.2023 ж күні Алматы қаласында Қазақконцерт залы ғимаратында өткен оқушылар...

4 маусым 2023

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Рәміздер - еркін елдің айқын келбеті! Көк Туымыз көгімізде желбіреп, Елтаңбамыз биігінен аласармай, Әнұранымыз мәңгілік...

3 маусым 2023

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Балаларыңыздың бос уақытын тиімді пайдаланыу,жазғы демалысын қызықты өткізу мақсатында, мемлекеттік білім беру мекемелерінде жаз мезгілінде үйірмелер ұйымдастырылады.  ...

3 маусым 2023

2 маусым күні 9-сынып бітірушілері орта білімді қорытынды аттестаттау мемлекеттік емтихандары басталды.

2 маусым күні 9-сынып бітірушілері орта білімді қорытынды аттестаттау мемлекеттік емтихандары басталды. 9-сынып оқушылары 2-13 маусым аралығында 4 пән бойынша қорытынды аттестациядан өтеді. 2 маусым оқушылар қазақ, орыс тілі бойынша (оқыту тілі) эссе жазбаша емтихан...

3 маусым 2023

МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ "Ел үміті" жобасы аясында 35 оқушы медальмен марапатталды. Салтанатты шарада Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали оқушыларды мерекемен құттыктап, медальдарды табыстады. 14-29 жас аралығын қамтыған байқау «Спорт және дене...

2 маусым 2023

ПЕДАГОГТЕР ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУІ ҚАЖЕТ?

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1907645482967873&id=100011673206719 ...

2 маусым 2023

100 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

Бүгін Ақтауда жаңа балабақшаның ашылу іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға қалалық әкімдік пен білім бөлімінің басшысы Бағдат Сырымқызы және ата-аналар, балалар қатысты. Халықаралық балаларды қорғау күні өткізілген жиында балалар ән айтып, өз өнерлерін...

2 маусым 2023

«Оқушы Орталығы» КММ жаз мезгіліндегі аула клубтары

«Оқушы Орталығы» КММ жаз мезгіліндегі аула клубтары Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Осы орайда Ақтау ...

1 маусым 2023

Орта білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттауды өткізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру Комитетінің бас сарапшысы Гүлсила Муздыбекова айтып берді.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1907425339656554&id=100011673206719 ...

30 мамыр 2023

«РОБОМАҢҒЫСТАУ-2023» РОБОТОТЕХНИКАДАН ҚАЛАЛЫҚ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ

«РОБОМАҢҒЫСТАУ-2023» РОБОТОТЕХНИКАДАН ҚАЛАЛЫҚ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды...

26 мамыр 2023

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан журналистер одарының мүшесі С. Мешітбайқызымен кездесу

Бүгін 26 мамыр күні “Достық үйі” ғимаратында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан журналистер одарының мүшесі С. Мешітбайқызымен кездесу өтті. Кездесуге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және педагог-психологтары...

25 мамыр 2023

«Кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу» профилактикалық әңгіме жүргізілді

      Ақтау қаласы «Кешкі (ауысымды) мектеп» КММ-де 24.05.2023 жылы мектепішілік оқушылар және ата-аналар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасындағы...

24 мамыр 2023

«Зорлық - зомбылыққа жол жоқ» акциясы

  Маңғыстау облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында «Зорлық - зомбылыққа жол жоқ» акциясын өткізді.   Акция аясында облыстың барлық мектептерінде оқушылардың өзін-өзі тануын турақты қалыптастыруға, түрлі...

23 мамыр 2023

«Отбасы-жылы ұямыз, тірегі - ата-анамыз» ата-аналар форумы

Бүгін, 23 мамыр күні «Aktau Palace» мейрамханасында Халықаралық отбасы күніне орай, білім алушылардың отбасы құндылықтары туралы түсінігін кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету және сыйластық құндылықтары туралы білімдерін кеңейту мақсатында...

18 мамыр 2023

2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы

     Алтынсарин Академиясында онлайн форматта «2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаттың (бұдан әрі – ӘНХ) жобасы талқыланды.      Ы. Алтынсарин...

18 мамыр 2023

...

18 мамыр 2023

«Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдері» қалалық әдістемелік семинар

      2023 жылдың 18 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі мекеме қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Бәйтерек» бөбекжай базасында мектепке дейінгі мекеме педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибе алмасу...

17 мамыр 2023

“Үздік жыл психологы” байқауы

“Үздік жыл психологы” байқауы 2023 жылдың 17 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 11.05.2023 жылғы № 257нқ бұйрығына негізінде “Үздік жыл психологы” байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға келесі санат бойынша мектеп психологтары қатысты: 1 санат – 3-5...

17 мамыр 2023

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа мазмұнын іске асыру жолдары

     Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №57 «Aқбота» бөбекжайы жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа мазмұнын іске асыру жолдары» тақырыбындағы қалалық семинар өтті.       Ақтау...

16 мамыр 2023

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова 2022-2023 оқу жылының аяқталуы туралы

...

Соңғы хабарлар

9101112131415 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері