Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

2022 жылдың 21 қазаны күні "№11лицей" КММ-де бастауыш сынып мұғалімдері арасында әдістемелік сүйемелдеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінен ашық сабақтар өткізілді.

2022 жылдың 21 қазаны күні "№11лицей" КММ-де бастауыш сынып мұғалімдері арасында әдістемелік сүйемелдеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінен ашық сабақтар өткізілді.

№ 11лицейдің бастауыш сынып мұғалімдері Ергожаева Венера Отесовна мен Құрмашева Нұргүл Алтайқызы өз сыныптарында әдебиеттік оқу және қазақ тілі сабақтарынан ашық сабақ өткізіп, іс тәжірибелерімен бөлісті.Тәжірибе алмасуға Ақтау қаласы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып жас мамандары қатысты.

Бастауыш сынып мұғалімі педагог - зерттеуші Құрмашева Нұргүл Алтайқызы 4в сыныбында “Жай және құрмалас сөйлем” тақырыбында қазақ тілінен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларды тиімді қолдана отырып, оқу мақсатына жоғары деңгейде қол жеткізді.

Нұргүл Алтайқызының сабағы оқушылар үшін де, қатысушы жас мамандар үшін де өте қызықты болды. Оқушылардың жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы мағлұматтарын практикалық жұмыстар арқылы одан әрі кеңейте білді. Тапсырмаларды орындау барысында қазақстандық патриотизм құндылығын дарыта отырып, Республика күні мерекесінің маңызын ашып өтті.

Тапсырмаларында құрмалас сөйлемдерден құралған мақал - мәтелдерді көп қолдануы, тек білімдік құзіреттілікке ғана емес, мақал- мәтелдердің мағынасын түсініп,беретін құндылықтарын анықтау арқылы функционалдық сауаттылығына да жүйелі түрде ерекше мән беретіндігін байқатты.

"Алтын сөз" тақырыбында 3 "Г" сыныбының жетекшісі Ергожаева Венера Отесовна әдебиеттік оқу пәнінен жаңаша әдістер мен цифрлық технологияларды тиімді қолдана отырып,түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың бойына ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбиені сабақ үрдісімен шебер сабақтастырудың жолдарын көрсетті.Сабақтың алғашқы сәтінен ақ Венера Отесовнаның әр оқушының бойында негізгі коммуникативті дағдыларды қалыптастыра білетін шеберлігі айшықталды. Сабақтың басында оқушыларға бүгінгі сабақтың оқу мақсаты,бағалау критериилері және қандай нәтижеге қол жеткізу керектігі туралы алдын ала түсінік берілді. Педагог оқушылардың бұған дейінгі білімін ескере отырып, жаңа тақырыпты терең меңгеруіне зор мүмкіндіктер тудыра алды.

Бата мен тілек тілеудің айырмашылығын топтық, жұптық жұмыстарды тиімді қолдана отырып түсіндіре алды.Мұғалім мен оқушылардың арасындағы сыйластық, бірін- бірі құрметтеу қасиеттері , ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеру құзіреттілігі, педагогикалық әдеп сақтау мәдениеті , құлаққа жағымды қоңыр әуезді дауыс ырғағы,оқушылардың зейінін саббаққа шоғырландыра алу шеберлігі ,ұлттық құндылықтарды,отбасы құндылықтарын оқушы бойына сіңірудегі икемділігі сабақтың жоғары деңгейде өтуіне маңызды рөл атқарғанын ерекше атап айтқым келеді. Бата алудың маңыздылығын түсіне отырып,кейіпкерлерді анықтау,сипаттау,бата өлеңді аяқтау сияқты әр түрлі мазмұндағы тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ұжымдағы татулығы, тәрбиелілігі ,бұрыннан қалыптасқан өздерін және бірін бірі бағалай білу дағдылары анық байқалды.Соның нәтижесінде оқушының бәрі түгел белсенділік танытып,сабаққа аса қызығушылықпен қатысты.

Бұл екі сабаққа қатысқан бастауыш сынып жас мамандары да,тәжірибелі ұстаздар да ,өздерінің мол тәжірибе жинақтап,көптеген пайдалы кеңестер мен әдістерді меңгергендерін атап өтті. Сабақ берген ұстаздарға алғыстарын жа 





15 маусым 2023

Қандай түлектер грантты жұмыспен өтеуге тиіс?

Қандай түлектер грантты жұмыспен өтеуге тиіс? ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес 6 санат үшін грант бойынша үш жылдық немесе екі жылдық міндетті жұмыспен өтеу көзделген: 1) Педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квота шегінде...

14 маусым 2023

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

М. Әуезов атындағы № 20 ЖББМ түлегі 11 ”А”-сынып оқушысы Құдабай Салтанат ұпай. Білім беру грантын беру конкурсына қатысып, ЖОО оқуға түсу үшін ҰБТ тапсырып жоғары ұпай жинаған. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ  ...

13 маусым 2023

ҮЗДІК ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ

     Қанипа Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зерттеу орталығы педагог-психологтердің кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасап, жұмыс тәжірибелерімен алмасу және тарату, кәсіби және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында...

13 маусым 2023

Салауатты тамақтану мектебі

      Құрметті әріптестер, сіздерге “Салауатты тамақтану мектебі” бағдарламасын ұсынып отырмыз. Жаңа 2023-24 оқу жылына тапсырыс ағымдағы жылдың 25 шілдеге дейін (international@sn-mg.kz) қабылданатынын қаперелеріңізге береміз. Қандай да бір сұрақтарыңыз болса хабарласыңыздар. ...

9 маусым 2023

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушыларынан құралған “Шалқыма”домбырашылар ансамблі 28.05.2023 ж күні Алматы қаласында Қазақконцерт залы ғимаратында өткен оқушылар...

4 маусым 2023

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Рәміздер - еркін елдің айқын келбеті! Көк Туымыз көгімізде желбіреп, Елтаңбамыз биігінен аласармай, Әнұранымыз мәңгілік...

3 маусым 2023

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Балаларыңыздың бос уақытын тиімді пайдаланыу,жазғы демалысын қызықты өткізу мақсатында, мемлекеттік білім беру мекемелерінде жаз мезгілінде үйірмелер ұйымдастырылады.  ...

3 маусым 2023

2 маусым күні 9-сынып бітірушілері орта білімді қорытынды аттестаттау мемлекеттік емтихандары басталды.

2 маусым күні 9-сынып бітірушілері орта білімді қорытынды аттестаттау мемлекеттік емтихандары басталды. 9-сынып оқушылары 2-13 маусым аралығында 4 пән бойынша қорытынды аттестациядан өтеді. 2 маусым оқушылар қазақ, орыс тілі бойынша (оқыту тілі) эссе жазбаша емтихан...

3 маусым 2023

МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ "Ел үміті" жобасы аясында 35 оқушы медальмен марапатталды. Салтанатты шарада Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали оқушыларды мерекемен құттыктап, медальдарды табыстады. 14-29 жас аралығын қамтыған байқау «Спорт және дене...

2 маусым 2023

ПЕДАГОГТЕР ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУІ ҚАЖЕТ?

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1907645482967873&id=100011673206719 ...

2 маусым 2023

100 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

Бүгін Ақтауда жаңа балабақшаның ашылу іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға қалалық әкімдік пен білім бөлімінің басшысы Бағдат Сырымқызы және ата-аналар, балалар қатысты. Халықаралық балаларды қорғау күні өткізілген жиында балалар ән айтып, өз өнерлерін...

2 маусым 2023

«Оқушы Орталығы» КММ жаз мезгіліндегі аула клубтары

«Оқушы Орталығы» КММ жаз мезгіліндегі аула клубтары Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Осы орайда Ақтау ...

1 маусым 2023

Орта білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттауды өткізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру Комитетінің бас сарапшысы Гүлсила Муздыбекова айтып берді.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1907425339656554&id=100011673206719 ...

30 мамыр 2023

«РОБОМАҢҒЫСТАУ-2023» РОБОТОТЕХНИКАДАН ҚАЛАЛЫҚ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ

«РОБОМАҢҒЫСТАУ-2023» РОБОТОТЕХНИКАДАН ҚАЛАЛЫҚ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды...

26 мамыр 2023

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан журналистер одарының мүшесі С. Мешітбайқызымен кездесу

Бүгін 26 мамыр күні “Достық үйі” ғимаратында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан журналистер одарының мүшесі С. Мешітбайқызымен кездесу өтті. Кездесуге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және педагог-психологтары...

25 мамыр 2023

«Кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу» профилактикалық әңгіме жүргізілді

      Ақтау қаласы «Кешкі (ауысымды) мектеп» КММ-де 24.05.2023 жылы мектепішілік оқушылар және ата-аналар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасындағы...

24 мамыр 2023

«Зорлық - зомбылыққа жол жоқ» акциясы

  Маңғыстау облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында «Зорлық - зомбылыққа жол жоқ» акциясын өткізді.   Акция аясында облыстың барлық мектептерінде оқушылардың өзін-өзі тануын турақты қалыптастыруға, түрлі...

23 мамыр 2023

«Отбасы-жылы ұямыз, тірегі - ата-анамыз» ата-аналар форумы

Бүгін, 23 мамыр күні «Aktau Palace» мейрамханасында Халықаралық отбасы күніне орай, білім алушылардың отбасы құндылықтары туралы түсінігін кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету және сыйластық құндылықтары туралы білімдерін кеңейту мақсатында...

18 мамыр 2023

2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы

     Алтынсарин Академиясында онлайн форматта «2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаттың (бұдан әрі – ӘНХ) жобасы талқыланды.      Ы. Алтынсарин...

18 мамыр 2023

...

18 мамыр 2023

«Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдері» қалалық әдістемелік семинар

      2023 жылдың 18 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі мекеме қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Бәйтерек» бөбекжай базасында мектепке дейінгі мекеме педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибе алмасу...

17 мамыр 2023

“Үздік жыл психологы” байқауы

“Үздік жыл психологы” байқауы 2023 жылдың 17 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 11.05.2023 жылғы № 257нқ бұйрығына негізінде “Үздік жыл психологы” байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға келесі санат бойынша мектеп психологтары қатысты: 1 санат – 3-5...

17 мамыр 2023

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа мазмұнын іске асыру жолдары

     Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №57 «Aқбота» бөбекжайы жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа мазмұнын іске асыру жолдары» тақырыбындағы қалалық семинар өтті.       Ақтау...

16 мамыр 2023

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова 2022-2023 оқу жылының аяқталуы туралы

...

Соңғы хабарлар

9101112131415 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері