Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

2022 жылдың 21 қазаны күні "№11лицей" КММ-де бастауыш сынып мұғалімдері арасында әдістемелік сүйемелдеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінен ашық сабақтар өткізілді.

2022 жылдың 21 қазаны күні "№11лицей" КММ-де бастауыш сынып мұғалімдері арасында әдістемелік сүйемелдеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінен ашық сабақтар өткізілді.

№ 11лицейдің бастауыш сынып мұғалімдері Ергожаева Венера Отесовна мен Құрмашева Нұргүл Алтайқызы өз сыныптарында әдебиеттік оқу және қазақ тілі сабақтарынан ашық сабақ өткізіп, іс тәжірибелерімен бөлісті.Тәжірибе алмасуға Ақтау қаласы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып жас мамандары қатысты.

Бастауыш сынып мұғалімі педагог - зерттеуші Құрмашева Нұргүл Алтайқызы 4в сыныбында “Жай және құрмалас сөйлем” тақырыбында қазақ тілінен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларды тиімді қолдана отырып, оқу мақсатына жоғары деңгейде қол жеткізді.

Нұргүл Алтайқызының сабағы оқушылар үшін де, қатысушы жас мамандар үшін де өте қызықты болды. Оқушылардың жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы мағлұматтарын практикалық жұмыстар арқылы одан әрі кеңейте білді. Тапсырмаларды орындау барысында қазақстандық патриотизм құндылығын дарыта отырып, Республика күні мерекесінің маңызын ашып өтті.

Тапсырмаларында құрмалас сөйлемдерден құралған мақал - мәтелдерді көп қолдануы, тек білімдік құзіреттілікке ғана емес, мақал- мәтелдердің мағынасын түсініп,беретін құндылықтарын анықтау арқылы функционалдық сауаттылығына да жүйелі түрде ерекше мән беретіндігін байқатты.

"Алтын сөз" тақырыбында 3 "Г" сыныбының жетекшісі Ергожаева Венера Отесовна әдебиеттік оқу пәнінен жаңаша әдістер мен цифрлық технологияларды тиімді қолдана отырып,түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың бойына ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбиені сабақ үрдісімен шебер сабақтастырудың жолдарын көрсетті.Сабақтың алғашқы сәтінен ақ Венера Отесовнаның әр оқушының бойында негізгі коммуникативті дағдыларды қалыптастыра білетін шеберлігі айшықталды. Сабақтың басында оқушыларға бүгінгі сабақтың оқу мақсаты,бағалау критериилері және қандай нәтижеге қол жеткізу керектігі туралы алдын ала түсінік берілді. Педагог оқушылардың бұған дейінгі білімін ескере отырып, жаңа тақырыпты терең меңгеруіне зор мүмкіндіктер тудыра алды.

Бата мен тілек тілеудің айырмашылығын топтық, жұптық жұмыстарды тиімді қолдана отырып түсіндіре алды.Мұғалім мен оқушылардың арасындағы сыйластық, бірін- бірі құрметтеу қасиеттері , ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеру құзіреттілігі, педагогикалық әдеп сақтау мәдениеті , құлаққа жағымды қоңыр әуезді дауыс ырғағы,оқушылардың зейінін саббаққа шоғырландыра алу шеберлігі ,ұлттық құндылықтарды,отбасы құндылықтарын оқушы бойына сіңірудегі икемділігі сабақтың жоғары деңгейде өтуіне маңызды рөл атқарғанын ерекше атап айтқым келеді. Бата алудың маңыздылығын түсіне отырып,кейіпкерлерді анықтау,сипаттау,бата өлеңді аяқтау сияқты әр түрлі мазмұндағы тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ұжымдағы татулығы, тәрбиелілігі ,бұрыннан қалыптасқан өздерін және бірін бірі бағалай білу дағдылары анық байқалды.Соның нәтижесінде оқушының бәрі түгел белсенділік танытып,сабаққа аса қызығушылықпен қатысты.

Бұл екі сабаққа қатысқан бастауыш сынып жас мамандары да,тәжірибелі ұстаздар да ,өздерінің мол тәжірибе жинақтап,көптеген пайдалы кеңестер мен әдістерді меңгергендерін атап өтті. Сабақ берген ұстаздарға алғыстарын жа 





6 қазан 2023

Арғықазақ мифологиясының негізін салушы, мифолог, өлкетанушы, этнограф ғалым С.Қондыбайдың 55 жылдығы

Биыл арғықазақ мифологиясының негізін салушы, мифолог, өлкетанушы, этнограф ғалым С.Қондыбайдың 55 жылдығы. С.Қондыбайдың шығармашылығын жастарға насихаттау мақсатында: интелектуалдық сайыс, суретшілер сайысы, ғылыми жобалар сайысы ұйымдастырылды. С.Қондыбайдың 55...

5 қазан 2023

Мемлекет басшысының тапсырмасымен мұғалімдердің мәртебесін арттыру үшін жүзеге асырылған шаралар

Мемлекет басшысының тапсырмасымен мұғалімдердің мәртебесін арттыру үшін жүзеге асырылған шаралар @oqu_agartu_ministrligi @mangystau_obl_bilim_baskarmasy  ...

4 қазан 2023

ҰСТАЗЫМ - ҮЛГІ-ӨНЕГЕМ, ҰЛАҒАТЫМ

Білім, мәдениет пен жоғары рухани құндылықтарды сақтаушы асыл мамандық иесі - Ұстаз! Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Бүгін, 4...

4 қазан 2023

Республикалық педагогтер съезінен

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Баршаңызды Республикалық педагогтер съезінің ашылуымен құттықтаймын. Ұстаздар күні құтты болсын! Бүгін, шын мәнінде, өте маңызды жиын. Себебі ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал, ұстаз болу – қастерлі міндет. Бүгінде еліміздің болашағы жарқын...

30 қыркүйек 2023

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиленушілерді тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомоствоаралық сараптамалық тобының АНЫҚТАМАСЫ

...

5 қыркүйек 2023

Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы

Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы Бүгін, ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстан халқы тілдер күніне орай Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарында мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант жазу шарасы ұйымдастырылды. ...

4 қыркүйек 2023

2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдарының кітапхана қоры оқулық мен көркем әдебиеттерімен толықтырылды.

     2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдарының кітапхана қоры оқулық мен көркем әдебиеттерімен толықтырылды.      Ақтау қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің оқулық қорын оқулық пен көркем әдебиетпен толықтыру үшін қосымша 320 722 дана оқулық пен 17 147 дана көркем...

1 қыркүйек 2023

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Бүгін, 1 қыркүйек күні Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды. Салтанатты...

1 қыркүйек 2023

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Білімнің жаңа көкжиегін игеруге, тың...
: https://www.facebook.com/oquagartuministrligi

31 тамыз 2023

«Үздік педагог-2023» байқауы

       Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, қалалық білім бөлімінің 05.07.2023ж №328нқ бұйрығы негізінде, https://uzdikustaz-nobd.iac.kz/ сайтында...

29 тамыз 2023

Сапалы білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі

  Бүгін, 29 тамыз күні 2023-2024 жаңа оқу жылы аясында “Сапалы білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі” тақырыбында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің, оқу-әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен “Достық” үйі ғимаратында жиналыс өткізілді.  Мақсаты...
: https://www.instagram.com/p/Cwh-tSHMMgg/

25 тамыз 2023

БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АРҚЫЛЫ САПАНЫ АРТТЫРУ

«Білім мазмұнын жаңарту арқылы сапаны арттыру» тақырыбында республикалық тамыз кеңесіне тәжірибе алмасу мақсатында Ақтөбе, Алматы, Ұлытау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан педагогтер келді. Тәжірибе алмасуға келген...
: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1958370641228690&id=100011673206719

25 тамыз 2023

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ        Бүгін, 25 тамыз күні Ақтау қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында білім қызметкерлерінің республикалық бірыңғай «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт»  тамыз кеңесі аясында «Білім мазмұнын дамыту»...

24 тамыз 2023

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ — ЖАҢА ФОРМАТТА

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ — ЖАҢА ФОРМАТТА       Бүгін, 24 тамыз күні білім қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты республикалық тамыз кеңесі басталды.     Кеңес аясында «Білім мазмұнын дамыту» тақырыбында өңірде панельдік секциялық...

17 тамыз 2023

«Үздік талант» пікірсайыс турнирінің жеңімпаз оқушылары киелі Түркістанда

14 тамыз 2023

ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 1-НЕН БАСТАП 1-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ТЕГІН ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 1-НЕН БАСТАП 1-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ТЕГІН ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қыркүйектің 1-нен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушы, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып...

10 тамыз 2023

«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА

«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Жаксылык жаса!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық...
: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1950404275358660&id=100011673206719

9 тамыз 2023

“STEM-2023” облыстық ашық чемпионаты

Бүгін 8 тамыз күні Солтүстік Каспийдегі теңіз операцияларының басталғанына 30 жыл толу мерейтойы аясында “STEM-2023” облыстық ашық чемпионаты өтті. Чемпионатқа №11 лицей 5 категория бойынша қатысты. "Көрмелер байқауы"-фрезерлік аппаратпен ағаш бұйымдарын жасау - 11...

7 тамыз 2023

Маңғыстауда 4 мектептің түлектері түгел грант иегері атанды

    Биыл облыстағы 4 мектептің 11-сынып оқушылары түгел мемлекеттік грантқа түсті. Олар Ақтаудағы №11 лицейі, Мұнайлы ауданындағы №13 мектеп-гимназиясы, Қызылтөбе лицейі, Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мектеп-лицейі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.      Маңғыстау облысы...

7 тамыз 2023

«World Schools Team Championship» әлем чемпионаты

 С Ү Й І Н Ш І Тамыздың 4-8 күндері аралығында Ақтауда алғаш рет мектеп командалары арасында шахматтан «World Schools Team Championship» әлем чемпионаты өтті. Чемпионатта Қазақстанның алты қаласынан келген он мектептің оқушылары бақ сынады. Жарысқа 53 елден 400-ге жуық оқушы...

6 тамыз 2023

Грантты жеңіп алмағандарға не істеуге болады?

Грантты жеңіп алмағандарға не істеуге болады? Осындай сұрақ көп қойылып жатыр. Бастысы әлі де грантты жеңіп алуға мүмкіндік бар. Heгe? Біріншіден, ИГЕРІЛМЕГЕН бірнеше мың грант қайтадан үлестіріледі. Яғни грант алған талапкерлерден кейін тұрған талапкерлерге ҰБТ-да...

29 шілде 2023

Құрметті достар!

Құрметті достар! «KAZENERGY» қауымдастығы NCOC компаниясының демеушілігімен 2023-2024 оқу жылының оқу ақысын төлеу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдауды бастағанын қуана хабарлайды. Құжаттарды қабылдау және тіркеу 2023 жылғы 20 шілдеден 31 тамызға дейін...

27 шілде 2023

Құрметті грант конкурсына қатысып жатқан талапкерлер!

Құрметті грант конкурсына қатысып жатқан талапкерлер! Естеріңізге сала кетейік, 10 тамызға дейін білім беру гранттарының иегерлері белгілі болады. Ал грант нәтижесімен www.testcenter.kz сайты (ҰТО-ның ресми сайты) және TESTCENTERKZ телеграм-арнасынан таныса аласыздар! Әрі қарай...

17 шілде 2023

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У Маңғыстау облысының білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі...

Соңғы хабарлар

891011121314 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері