Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті қала тұрғындары, ата-аналар!

Құрметті қала тұрғындары, ата-аналар!
Дүниежүзілік алаңдатып отырған төтенше жағдайға байланысты, адам өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында 16 наурыз бен 05 сәуір аралығында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Ақтау қаласы бойынша төтенше жағдайға байланысты арнайы штаб құрылып, тұрақты, үздіксіз және жедел түрде жұмыс жасауда.
Əлемде өршіп тұрған коронавирус дертіне қарсы қаламызда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қаламыздағы білім саласы қызметкерлерінің, оқушылар мен тәрбиеленушілердің өмір қауіпсіздігі үшін вирустың алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде қалалық білім бөліміне қарасты білім ұйымдары мен мектепке дейінгі мекемелердің санитарлық-гигиеналық жағдайлары талапқа сай күнделікті қатаң қадағаланып отыр. Әрбір білім беру ұйымдары және мектепке дейінгі мекемелер екі сағат сайын ғимараттарын залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметін жалғастыруда, дегенмен ата-аналар өз қалауымен балаларын үйде қалдыра алады. Мұндай жағдайда тәрбиеленушінің орны сақталады және ата-ананың жарнасы баланың келген күніне ауыстырылады.
Елімізде 16 наурыздан бастап оқушылардың көктемгі демалыс уақыты басталғаны белгілі. Қауіп өскен сайын балаларымыздың өмірі мен денсаулығына баса назар аудару керек. Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу, қолды залалсыздандыруға арналған антисептиктерді қолдану, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, науқас адамдармен байланыста болмау, суық тию белгілері пайда болған жағдайда тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен дереу кеңесу секілді алдын-ала сақтық шараларын ұстанған жөн.
Балаларды әлеуметтік желілер, ұялы телефондар арқылы жалған мәліметтерді көру және таратудан сақтандырып, бақылауда ұстауға тырысайық.
Отбасы байлығы бала болып саналатын болса, олардың өмірін келеңсіз жағдайлардан сақтау – Сіз бен біздің міндетіміз! Бүгінгі уақытша қиындықтарды тек қана ауызбіршілікпен және ынтымақ, бірлікпен еңсерейік!

Құрметпен,
Ақтау қалалық білім бөлімі басшысы Тулебаева Светлана Дюмбаевна

 





25 желтоқсан 2023

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Ағымдағы жылдың 24 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Жаңа жылдық шыршасы өтті. Жаңа жыл мерекесіне қатысқан 9-13 жас аралығындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды 40 бала қатысты. Балаларға облыс әкімі Н. Ноғаев келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, әрбір балаға Қазақстан Республикасы Президенті атынан құттықтау ашықхатты, Жаңа жылға қатысушы әр балаға 100000 (жүз мың) теңгенің сертификатын, «Балалар әлемі» дүкенінің сертификатын және жаңа жылдық тәтті сыйлықтарды табыстады. 

6 желтоқсан 2023

АРДАГЕР ҰСТАЗ 98 ЖАСҚА ТОЛДЫ

Саналы ғұмырының жарты ғасырдан астам уақытын ұстаздық қызметке арнаған ардагер ұстазымыз Салиха Каженқызы 98жасқа толды. Білім саласының ардагеріне сый-құрмет көрсетілді. 

4 желтоқсан 2023

«Jas tolqyn» халықаралық байқауы

Ақтау қаласының Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің «Жас толқын» домбырашылар ансамблі ағымдағы жылдың 3-4 желтоқсан күндері Мәскеу қаласында өткен «Jas tolqyn» халықаралық байқауда Бас жүлдені иеленді. «Jas tolqyn» жас таланттар байқауы- Каспий Құбыр Консорциумының мәдениет саласындағы әлеуметтік-қайырымдылық қызметі шеңберінде аясында Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында тұратын дарынды балалар мен жасөспірімдерді қолдауға бағытталған шаралардың бірі болып табылады. Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің ұжымын және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 

27 қараша 2023

"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" бойынша мектеп директорларына семинар

27.11.23 ж. күні “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” бойынша мектеп директорларына семинар өткізілді. Семинарда №8, 14 мектептердің мамандары бағдарлама аясында жүргізіліп жатырған жұмыстарды баяндады. Сонымен бірге, семинарға Білім инновация лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Т.Баймаханов арнайы қонақ ретінде шақырылып, қала мектеп директорларына тәжірибе алмасты. 

23 қараша 2023

Қызылшадан қорғану үшін вакцина алу маңызды

Қызылшадан қорғану үшін вакцина алу маңызды 

22 қараша 2023

Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшы А.Жарылғасованың қатысуымен мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларымен жиналыс

Бүгін Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшы А.Жарылғасованың қатысуымен мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларымен жиналыс өтті. Жиналыста төмендегідей мәселелер қаралды: 1. Санитариялық-эпидемиологиялық қорындыларын рәсімдеу жұмыстары туралы; 2. Білім беру ұйымдарындағы санитариялық -эпидемиологиялық талаптардың сақталуы туралы; 3. Әр түрлі мәселелер; Күн тәртібіндегі 1-2 мәселелер бойынша Ақтау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.Жарылғасова және басқарма маманы А. Жарылғапова қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістерді түсіндіре отырып, білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Жиналыс барысында білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.Кульметенова тарапынан санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша, білім беру обьектілерінің қорытындыны алу жұмыстары және қызылшаның алдын алу іс-шаралар жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берілді. 

14 қараша 2023

ТАҒАЙЫНДАУ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «57 «Ақбота» бөбекжайы ЖБҚ мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына Избасарова Райхан Аманкосовна тағайындалды. Избасарова Райхан Аманкосовна 1978 жылы 30 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылында дүниеге келген.Білімі-жоғары. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін 1999-2004жж. «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша; Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университетін 2016-2018жж. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша бітірген. Педагогикалық еңбек өтілі:24 жыл. Басшы –ұйымдастырушы. Жоғары санатты, педагог-модератор. Педагогикалық қызметін Ақтау қаласындағы №58 «Балауса» бөбекжайында тәрбиеші қызметінен бастаған. 2011-2015 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы №57 «Ақбота» бөбекжайында әдіскер қызметінде; 2015-2022 жылдары Ақтау қаласындағы №61 «Сұлтан» бөбекжайының директоры қызметін атқарған. 2022-2023 жылдары Ақтау қаласындағы №58 «Балауса» бөбекжайында ротация тәртібімен тағыйындалып директор қызметін атқарған. 2019 жылы ҚР Білім және Ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталған; 2020 жылы Қалалық білім бөлімінің Құрмет Грамотасымен марапатталған; 2020 Ақтау қаласының әкімінің Алғыс хатымен марапатталған; 2021 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталған; 2022 жылы Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс Хатымен марапатталған; 2023 жылы "Ақтау қаласына 60 жыл" мерекелік медалімен марапатталды. 

8 қараша 2023

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың төрағалығымен Қазақстан ұстаздарының қауымдастығы аясында ұйымдастырылған мұғалімдердің кәсіби шеберліктерінің шыңдалуы

01.11.2023ж.күні ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың төрағалығымен Қазақстан ұстаздарының қауымдастығы аясында республикалық және халықаралық конференциялар арқылы кәсіби шеберліктерінің шыңдалуына жол ашу мақсатында ұстаздар қауымдастығы арасында іс-тәжірибе алмасу арқылы ой бөлісу үшін өткен жиынға №19 мектеп- гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Жуматаева Жаркынай Уралбаевна қатысып, Қазақстан ұстаздар қауымдастығы арасында іс-тәжірибесімен бөлісіп келді. Сонымен қатар жиынға қатысқан Қазақстанның әр өңірінен келген ұстаздар қауымы білім беру саласындағы кедергілерді жоя отырып, олқылықтардың орнын толықтыру, т.б.мәселелер жөнінде жасалып жатқан жұмыстармен танысып, Ғани Бектайұлының бастамаларының табысты болуына тілек білдірді. Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының басшылығымен өткен Республикалық ғылыми-практикалық конференция шетел педагогтерімен тәжірибелер алмасуды дамыту туралы шешім қабылдады. Мақсаты: Қазақстан ұстаздарының қауымдастығы аясында Республикалық және Халықаралық конференциялар арқылы кәсіби шеберліктерінің шыңдалуына жол ашу. 

27 қазан 2023

Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ мүшелері қала мектептеріне барып мектеп асханаларына мониторинг жұмыс жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 27 қазан күні білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ мүшелері қала мектептеріне барып мектеп асханаларына мониторинг жұмыс жүргізілді. Сараптамалық топ мүшелері №8,10,12,13,22 мектептердің асхананың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы, балалар тамақтанатын ыдыстардың жай-күйі, перспективалық мәзірге қойылатын талаптар, күн сайын тамақтану залында объектінің басшысы бекіткен ас мәзірлерін қарап шықты. Мониторинг барысында, мектеп асханасында тыйым салынатын тамақтардың болмау талаптарының сақталуы, буфет тағамның бағалары да қаралды. Топ мүшелері тарапынан мектеп әкімшілігі мен мектеп асханасын жалға алушы кәсіпкерлерге ұсыныстар берілді. 

24 қазан 2023

Бүгін Республика күні мерекесі қарсаңында Ақтау қаласы бойынша білім бөліміні тарапынан білім саласының мамандарын мерекемен құттықтау ұйымдастырылды.

      Бүгін Республика күні мерекесі қарсаңында Ақтау қаласы бойынша білім бөліміні тарапынан білім саласының мамандарын мерекемен құттықтау ұйымдастырылды. Білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен басшыларына шығармашылық еңбегі, өскелең, ұрпақты оқыту мен...

20 қазан 2023

Қала прокуроры Ержан Тұрмағанбетовтың мектеп оқушыларымен және ата-аналарымен кездесуі бүгінде жалғасын тапты.

...

20 қазан 2023

«Адал ұрпақ» ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өткізілген іс-шараларын қорытындылау слеті

    Бүгін 20 қазан күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «№19 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Адал ұрпақ» ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өткізілген іс-шараларын қорытындылау слеті өтті. ...

19 қазан 2023

Қала прокуроры Ержан Тұрмағанбетовпен мектеп оқушыларымен және ата-аналарымен кездесу өтті.

     Бүгін “С.Мұқашов атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп” КММ-де қала прокуроры Ержан Тұрмағанбетовпен мектеп оқушыларымен және ата-аналарымен кездесу өтті. Кездесуге қалалық білім бөлімінің ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы қатысты. Кездесу...

19 қазан 2023

Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына!

Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына! Өздеріңізге белгілі, жыл сайын ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат берілген оқулықтар тізімін бекітеді. Республикалық білім мазмұнын сараптау орталығы –...

18 қазан 2023

«111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы

16 қазаннан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары «111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады. Бұл туралы бүгін @primeministerkz ресми телеграмм каналында хабарлады. Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін...

18 қазан 2023

Білім беру беру ұйымдары басшыларымен жылыту маусымына қосылу жұмыстары барысы бойынша отырыс өткізілді.

...

17 қазан 2023

16 қазаннан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары «111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады.

16 қазаннан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары «111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады. Бұл туралы бүгін @primeministerkz ресми телеграмм каналында хабарлады. Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін...

16 қазан 2023

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға, оның ішінде балалары мектепке дейінгі ұйымдарға келмейтін ата-аналарға арналған консультациялық пункт жұмыс істейді.

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға, оның ішінде балалары мектепке дейінгі ұйымдарға келмейтін ата-аналарға арналған консультациялық пункт жұмыс істейді. Консультациялық пункт отбасылық және қоғамдық тәрбиелеудің...

15 қазан 2023

"Жас құтқарушылар" сайысы

    Ағымдағы жылдың 13 қазаны күні қала мектептері арасында қалалық “Жас құтқарушылар” сайысы өтті. Сайыс қорытындысы бойынша: орын - "№14 жалпы білім беретін мектеп" КММ; орын - “Ф.Оңғарсынова атындағы № 29 жалпы білім беретін мектеп” КММ; орын - "№1 жалпы білім...

13 қазан 2023

ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Саламат Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Құрманғалиев Ғани Дәулеткерейұлы тағайындалды. Құрманғалиев Ғани Дәулеткерейұлы 1991 жылы 5...

13 қазан 2023

ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директор лауазымына Бердисугирова Кания Копжасаровна тағайындалды. Бердисугирова Кания Копжасаровна 1974 жылы 20 желтоқсан күні Маңғыстау облысы...

13 қазан 2023

ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «ІТ мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директор лауазымына Батырова Анжела Сьезовна тағайындалды. Батырова Анжела Сьезовна 1985 жылы 13 қаңтар күні Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Қызан ауылында...

9 қазан 2023

Робототехникадан халықаралық олимпиадасы Сингапурда өтуде.

Робототехникадан халықаралық олимпиадасы Сингапурда өтуде. Ақтау қаласындағы Jaiq School директоры, Ибрахим Ташим робототехникадан ұлттық құраманы халықаралық олимпиадаға Сингапурға әкелді. Қазақстандық оқушылар Сингапурға ең ауқымды әрі беделді FIRST GLOBAL CHALLENGE...

6 қазан 2023

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР СЪЕЗІ

Астана қаласында 2023 жылдың 5 қазан күні республикалық педагогтер съезі өтті. Елордада өткен съезде еліміздің барлық өңірлерінің педагогтері мен сала ардагерлері бас қосты. Съездің пленарлық отырысына қатысқан Президентіміз Қ.К. Тоқаев білім саласындағы маңызды...

Соңғы хабарлар

7891011121314 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері