Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Ақтауда «Маңғыстаунама - 2022» танымдық байқауының қалалық кезеңі өтті.

Ақтауда «Маңғыстаунама - 2022» танымдық байқауының қалалық кезеңі өтті.

27 қазан күні Ақтаудағы ІТ мектеп-лицейінде ақын, әдебиет бойынша Президент стипендиясының, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Светқали Нұржанның 60 жылдық мерейтойына орай «Маңғыстаунама - 2022» байқауы өткізілді.

Мектеп оқушыларының бойында әдебиет арқылы ұлтжандылық тәрбиені нығайту мақсатында ұйымдастырылған байқауға жалпы білім беретін ұйымдардың 9 - 10 сынып оқушылары, барлығы 80 бала қатысты.

- Бұл байқаудың қалалық кезеңі. Қараша айында облыстық кезеңі болады. Мақсаты - ақын шығармашылығы арқылы оқушылардың туған жері, тарихи тұлғалары туралы ой - танымын кеңейтіп, оқушылардың өнерге, сөз құдіретіне деген өзіндік көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды ақын шығармашылығын насихаттай білуге дағдыландыру,- деді қалалық әдістемелік орталықтың қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Сағира Салықбаевна.

Байқауға қатысушылар «Даусымды кеттім қосып»: ән, «Ақынға хат»: эссе, «Жолайырық»: көркемсөз, «Көкірегім – көне кітап»: сөздік,

«Ей, менің жұмақ мекенім»: зерттеу номинациялары бойынша бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша төменде көрсетілген оқушылар қалалық білім бөлімінің І орын дипломдарымен марапатталды:

1. Лесбай Малика,№19 мг, 9сынып (Көркемсөз оқу);

2. Мәуленқұлов Даниял, №19 мг, 9 сынып (Зерттеу);

3. Аманқос Наз, №13 гимназия, 9 сынып (Ән бөлімі);

4.Абаева Үкілім, ІТ м/л, 9 сынып (Сөздік)

5. Нұрғалиева Эльмира, №19 мг, 10 сынып

(Ақынға хат);

Төменде көрсетілген оқушылар қалалық білім бөлімінің ІІ орын дипломдарымен марапатталды:

1. Сатыбалдиева Зейнеп, №29 о/м, 10 сынып

(Көркемсөз оқу);

2. Кубаева Алинура, №12 о/м, 10 сынып (Көркемсөз оқу);

3. Мусаев Мирас, №9 о/м, 9 сынып (Зерттеу);

4. Умирзакова Назерке, ІТ м/л, 9 сынып, (Зерттеу);

5. Медет Миржан, №21 о/м, 9 сынып (Ән бөлімі);

6. Исатаева Альбина, №10 мектепо/м, 9сынып (Ән бөлімі);

7. Исмағұл Альбина, №28 о/м, 9 сынып, (Сөздік);

8.Қаржаубай Гүлназ, «Qazbilim» ұлттық лицейі,10 сынып (Сөздік);

9. Амангелді Нұргүл, «Qazbilim» ұлттық лицейі,10 сынып (Ақынға хат).

Төменде көрсетілген оқушылар қалалық білім бөлімінің ІІІ орын дипломдарымен марапатталды:

1. Базарбай Бекем, №30 о/м, 10 сынып (Көркемсөз оқу);

2. Берекет Абай, №13 гимназия, 9 сынып, (Көркемсөз оқу);

3. Абылмажан Жарас, «Qazbilim» ұлттық лицейі, 10 сынып (Көркемсөз оқу);

4. Түзелбай Айдана, ALASH LYCEUM, 9 сынып,(Зерттеу);

5. Тезекбай Маңдайлы «Qazbilim»ұлттық лицейі,  9 сынып, (Зерттеу);

6. Туребек Еділ, №12 о/м, 10 сынып(Зерттеу);

7. Ырысбаева Жанар, №14 о/м, 10 сынып(Ән бөлімі);

8. Кульдиева Айсұлу, №12 о/м, 9 сынып (Ән бөлімі);

9. Қайнарбай Тоғжан, №21 о/м, 9 сынып (Сөздік);

10. Жүсіп Ақбота, №19 мг, 9 сынып(Сөздік);

11. Нурадил Маржан, №8 о/м, 10 сынып(Сөздік);

12. Қайрат Амина, №13 гимназия, 10 сынып,(Ақынға хат)

13. Мейрамқызы Нұрай, ІТ м/л, 10 сынып,(Ақынға хат);

14. Сағидулла Аружан, №12 о/м, 9 сынып (Ақынға хат);

15. Мамреева Айбике, №17 о/м, 9 сынып( Ақынға хат).

Төменде көрсетілген оқушылар қалалық білім бөлімінің Ынталандыру дипломдарымен марапатталды.

1. Аманғалиқызы Жұлдызай, №17 о/м, 9 сынып (Көркемсөз оқу);

2. Қойшыбай Дария, «Әл-Фараби» мектебі, 10 сынып (Зерттеу);

3. Қосай Назым, №29 о/м, 9 сынып (Сөздік);

4. Ізтұрлықызы Сырға, №25 о/м, 10 сынып (Сөздік);

5. Оразбай Гүлназ, №14 о/м, 10 сынып(Ақынға хат);

6. Байжігіт Бейбіт, ALASH LYCEUM, 9 сынып (Ақынға хат);

7. Совет Айнұр, №9 о/м, 10 сынып (Ақынға хат);

8. Ануарбекова Аяулым, №29 мо/м, 9 сынып(Ақынға хат). 





25 желтоқсан 2023

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Ағымдағы жылдың 24 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Жаңа жылдық шыршасы өтті. Жаңа жыл мерекесіне қатысқан 9-13 жас аралығындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды 40 бала қатысты. Балаларға облыс әкімі Н. Ноғаев келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, әрбір балаға Қазақстан Республикасы Президенті атынан құттықтау ашықхатты, Жаңа жылға қатысушы әр балаға 100000 (жүз мың) теңгенің сертификатын, «Балалар әлемі» дүкенінің сертификатын және жаңа жылдық тәтті сыйлықтарды табыстады. 

6 желтоқсан 2023

АРДАГЕР ҰСТАЗ 98 ЖАСҚА ТОЛДЫ

Саналы ғұмырының жарты ғасырдан астам уақытын ұстаздық қызметке арнаған ардагер ұстазымыз Салиха Каженқызы 98жасқа толды. Білім саласының ардагеріне сый-құрмет көрсетілді. 

4 желтоқсан 2023

«Jas tolqyn» халықаралық байқауы

Ақтау қаласының Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің «Жас толқын» домбырашылар ансамблі ағымдағы жылдың 3-4 желтоқсан күндері Мәскеу қаласында өткен «Jas tolqyn» халықаралық байқауда Бас жүлдені иеленді. «Jas tolqyn» жас таланттар байқауы- Каспий Құбыр Консорциумының мәдениет саласындағы әлеуметтік-қайырымдылық қызметі шеңберінде аясында Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында тұратын дарынды балалар мен жасөспірімдерді қолдауға бағытталған шаралардың бірі болып табылады. Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің ұжымын және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 

27 қараша 2023

"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" бойынша мектеп директорларына семинар

27.11.23 ж. күні “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” бойынша мектеп директорларына семинар өткізілді. Семинарда №8, 14 мектептердің мамандары бағдарлама аясында жүргізіліп жатырған жұмыстарды баяндады. Сонымен бірге, семинарға Білім инновация лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Т.Баймаханов арнайы қонақ ретінде шақырылып, қала мектеп директорларына тәжірибе алмасты. 

23 қараша 2023

Қызылшадан қорғану үшін вакцина алу маңызды

Қызылшадан қорғану үшін вакцина алу маңызды 

22 қараша 2023

Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшы А.Жарылғасованың қатысуымен мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларымен жиналыс

Бүгін Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшы А.Жарылғасованың қатысуымен мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларымен жиналыс өтті. Жиналыста төмендегідей мәселелер қаралды: 1. Санитариялық-эпидемиологиялық қорындыларын рәсімдеу жұмыстары туралы; 2. Білім беру ұйымдарындағы санитариялық -эпидемиологиялық талаптардың сақталуы туралы; 3. Әр түрлі мәселелер; Күн тәртібіндегі 1-2 мәселелер бойынша Ақтау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.Жарылғасова және басқарма маманы А. Жарылғапова қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістерді түсіндіре отырып, білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Жиналыс барысында білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.Кульметенова тарапынан санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша, білім беру обьектілерінің қорытындыны алу жұмыстары және қызылшаның алдын алу іс-шаралар жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берілді. 

14 қараша 2023

ТАҒАЙЫНДАУ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «57 «Ақбота» бөбекжайы ЖБҚ мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына Избасарова Райхан Аманкосовна тағайындалды. Избасарова Райхан Аманкосовна 1978 жылы 30 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылында дүниеге келген.Білімі-жоғары. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін 1999-2004жж. «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша; Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университетін 2016-2018жж. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша бітірген. Педагогикалық еңбек өтілі:24 жыл. Басшы –ұйымдастырушы. Жоғары санатты, педагог-модератор. Педагогикалық қызметін Ақтау қаласындағы №58 «Балауса» бөбекжайында тәрбиеші қызметінен бастаған. 2011-2015 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы №57 «Ақбота» бөбекжайында әдіскер қызметінде; 2015-2022 жылдары Ақтау қаласындағы №61 «Сұлтан» бөбекжайының директоры қызметін атқарған. 2022-2023 жылдары Ақтау қаласындағы №58 «Балауса» бөбекжайында ротация тәртібімен тағыйындалып директор қызметін атқарған. 2019 жылы ҚР Білім және Ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталған; 2020 жылы Қалалық білім бөлімінің Құрмет Грамотасымен марапатталған; 2020 Ақтау қаласының әкімінің Алғыс хатымен марапатталған; 2021 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталған; 2022 жылы Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс Хатымен марапатталған; 2023 жылы "Ақтау қаласына 60 жыл" мерекелік медалімен марапатталды. 

8 қараша 2023

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың төрағалығымен Қазақстан ұстаздарының қауымдастығы аясында ұйымдастырылған мұғалімдердің кәсіби шеберліктерінің шыңдалуы

01.11.2023ж.күні ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың төрағалығымен Қазақстан ұстаздарының қауымдастығы аясында республикалық және халықаралық конференциялар арқылы кәсіби шеберліктерінің шыңдалуына жол ашу мақсатында ұстаздар қауымдастығы арасында іс-тәжірибе алмасу арқылы ой бөлісу үшін өткен жиынға №19 мектеп- гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Жуматаева Жаркынай Уралбаевна қатысып, Қазақстан ұстаздар қауымдастығы арасында іс-тәжірибесімен бөлісіп келді. Сонымен қатар жиынға қатысқан Қазақстанның әр өңірінен келген ұстаздар қауымы білім беру саласындағы кедергілерді жоя отырып, олқылықтардың орнын толықтыру, т.б.мәселелер жөнінде жасалып жатқан жұмыстармен танысып, Ғани Бектайұлының бастамаларының табысты болуына тілек білдірді. Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының басшылығымен өткен Республикалық ғылыми-практикалық конференция шетел педагогтерімен тәжірибелер алмасуды дамыту туралы шешім қабылдады. Мақсаты: Қазақстан ұстаздарының қауымдастығы аясында Республикалық және Халықаралық конференциялар арқылы кәсіби шеберліктерінің шыңдалуына жол ашу. 

27 қазан 2023

Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ мүшелері қала мектептеріне барып мектеп асханаларына мониторинг жұмыс жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 27 қазан күні білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ мүшелері қала мектептеріне барып мектеп асханаларына мониторинг жұмыс жүргізілді. Сараптамалық топ мүшелері №8,10,12,13,22 мектептердің асхананың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы, балалар тамақтанатын ыдыстардың жай-күйі, перспективалық мәзірге қойылатын талаптар, күн сайын тамақтану залында объектінің басшысы бекіткен ас мәзірлерін қарап шықты. Мониторинг барысында, мектеп асханасында тыйым салынатын тамақтардың болмау талаптарының сақталуы, буфет тағамның бағалары да қаралды. Топ мүшелері тарапынан мектеп әкімшілігі мен мектеп асханасын жалға алушы кәсіпкерлерге ұсыныстар берілді. 

24 қазан 2023

Бүгін Республика күні мерекесі қарсаңында Ақтау қаласы бойынша білім бөліміні тарапынан білім саласының мамандарын мерекемен құттықтау ұйымдастырылды.

      Бүгін Республика күні мерекесі қарсаңында Ақтау қаласы бойынша білім бөліміні тарапынан білім саласының мамандарын мерекемен құттықтау ұйымдастырылды. Білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен басшыларына шығармашылық еңбегі, өскелең, ұрпақты оқыту мен...

20 қазан 2023

Қала прокуроры Ержан Тұрмағанбетовтың мектеп оқушыларымен және ата-аналарымен кездесуі бүгінде жалғасын тапты.

...

20 қазан 2023

«Адал ұрпақ» ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өткізілген іс-шараларын қорытындылау слеті

    Бүгін 20 қазан күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «№19 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Адал ұрпақ» ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өткізілген іс-шараларын қорытындылау слеті өтті. ...

19 қазан 2023

Қала прокуроры Ержан Тұрмағанбетовпен мектеп оқушыларымен және ата-аналарымен кездесу өтті.

     Бүгін “С.Мұқашов атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп” КММ-де қала прокуроры Ержан Тұрмағанбетовпен мектеп оқушыларымен және ата-аналарымен кездесу өтті. Кездесуге қалалық білім бөлімінің ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы қатысты. Кездесу...

19 қазан 2023

Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына!

Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына! Өздеріңізге белгілі, жыл сайын ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат берілген оқулықтар тізімін бекітеді. Республикалық білім мазмұнын сараптау орталығы –...

18 қазан 2023

«111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы

16 қазаннан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары «111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады. Бұл туралы бүгін @primeministerkz ресми телеграмм каналында хабарлады. Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін...

18 қазан 2023

Білім беру беру ұйымдары басшыларымен жылыту маусымына қосылу жұмыстары барысы бойынша отырыс өткізілді.

...

17 қазан 2023

16 қазаннан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары «111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады.

16 қазаннан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары «111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады. Бұл туралы бүгін @primeministerkz ресми телеграмм каналында хабарлады. Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін...

16 қазан 2023

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға, оның ішінде балалары мектепке дейінгі ұйымдарға келмейтін ата-аналарға арналған консультациялық пункт жұмыс істейді.

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға, оның ішінде балалары мектепке дейінгі ұйымдарға келмейтін ата-аналарға арналған консультациялық пункт жұмыс істейді. Консультациялық пункт отбасылық және қоғамдық тәрбиелеудің...

15 қазан 2023

"Жас құтқарушылар" сайысы

    Ағымдағы жылдың 13 қазаны күні қала мектептері арасында қалалық “Жас құтқарушылар” сайысы өтті. Сайыс қорытындысы бойынша: орын - "№14 жалпы білім беретін мектеп" КММ; орын - “Ф.Оңғарсынова атындағы № 29 жалпы білім беретін мектеп” КММ; орын - "№1 жалпы білім...

13 қазан 2023

ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Саламат Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Құрманғалиев Ғани Дәулеткерейұлы тағайындалды. Құрманғалиев Ғани Дәулеткерейұлы 1991 жылы 5...

13 қазан 2023

ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директор лауазымына Бердисугирова Кания Копжасаровна тағайындалды. Бердисугирова Кания Копжасаровна 1974 жылы 20 желтоқсан күні Маңғыстау облысы...

13 қазан 2023

ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «ІТ мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директор лауазымына Батырова Анжела Сьезовна тағайындалды. Батырова Анжела Сьезовна 1985 жылы 13 қаңтар күні Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Қызан ауылында...

9 қазан 2023

Робототехникадан халықаралық олимпиадасы Сингапурда өтуде.

Робототехникадан халықаралық олимпиадасы Сингапурда өтуде. Ақтау қаласындағы Jaiq School директоры, Ибрахим Ташим робототехникадан ұлттық құраманы халықаралық олимпиадаға Сингапурға әкелді. Қазақстандық оқушылар Сингапурға ең ауқымды әрі беделді FIRST GLOBAL CHALLENGE...

6 қазан 2023

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР СЪЕЗІ

Астана қаласында 2023 жылдың 5 қазан күні республикалық педагогтер съезі өтті. Елордада өткен съезде еліміздің барлық өңірлерінің педагогтері мен сала ардагерлері бас қосты. Съездің пленарлық отырысына қатысқан Президентіміз Қ.К. Тоқаев білім саласындағы маңызды...

Соңғы хабарлар

7891011121314 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері