Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

АҚТАУДА БУЫНСЫЗ БАЛА ТҰРАДЫ

Ел ішінде қайталанбас, ерекше қабілеті бар баланың бірі - Азамат Нұрқожа. 13 жастағы өнерпазды "пластилин-бала" деп те атайды. Бұл туралы Ақтау қалалық әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Азамат балқыған темірдей кез-келген қалыпқа оңай түсіп, түрлі бағытта бүгіле алады. Осы өнері арқылы киноға да шақыру алған.

13 жастағы Азамат Нұрқожа Ақтаудағы №8 мектепте білім алуда. Анасының айтуынша, балақайдың өнерін үш жасында байқаған. Осы жасында бүлдіршін шпагатқа отырып, бес жасында аяғын мойнына асып қойып жүріпті.

"Түнде кейде бұралып ұйықтай береді. Алғашында үрейленіп, кейін бұл әрекеттерін видеоға түсіріп, туыстарға жіберетін болдық. Біраз жарыстарға да қатысып, таныла да бастады. Азамат ең алғаш 7 жасында “Баланың бәрі талантты” бағдарласына қатысқаны үшін “Маңғыстау” телеарнасыңың басшысынан алғыс хат алған болатын”-,дейді Азаматтың анасы Байбозова Жанна.

Мектеп директоры Исжанова Аселханның айтуынша: “Азаматтың сабақ үлгерімі жақсы, барлық сабақтарға белсенді және өзін әрдайым ізденіс үстендегі оқушы екенін көрсетіп отырады. Атап айтатын болсақ Азамат таланты мен тәрбиені қатар алып жүрген оқушы. Үйдегі ата-ана тәрбиесі бала үшін маңызды. Сондықтан Азаматтың бойынан талантынан бөлек тәрбие мен сабаққа деген ынтасын көруге болады” -,дейді.

“Оркестр мүшесі болып жоғары жетістіктерге жеткім келеді. Буынсыз бала ретінде маған көп шақыртулар келді. Бірақ мен домбыра құлағында ойнап жоғарғы деңгейдегі күйші болғым келеді”-,дейді өнерпаз.

Азамат осыған дейін біраз жетістікке жеткен:

2018 жылы "Балапан" телеарнасында "Дара бала" тележобасының қатысушысы; Республикалық "Қазақстан таланттары" байқауында дипломант; Халықаралық "Бала шабыты" байқауында II орын; "Ұлы дала ұрпағымыз" жарысында лауреат; "Таңғы шұғыла" байқауында "буынсыз бала" номинациясының I орын иегері; Халықаралық "Звезда удачи" додасының I орын жүлдегері;

Азамат сондай-ақ, балет мектебіне барып жүр. 


 





11 наурыз 2017

Бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік олимпиадасы

Қалалық білім бөлімінің 21.02.2017ж. №177 бұйрығымен, жалпы білім беретін орта мектептердегі педагогикалық технологияларды кеңінен қолданып, шығармашылықпен жұмыс жасайтын бастауыш сынып мұғалімдерін анықтау мақсатында, «Бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік олимпиадасы»...

22 ақпан 2017

«Зар заман зұлматы» ізденіс жобалары байқауы

24.05.2017 ж.күні «№8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ – де Ақтау қалалық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығының іс – шаралар жоспарына сәйкес, 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің 20 жылдығына орай, болашақ ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу...

20 ақпан 2017

«Үздік сынып сағаты» байқауы

«АҚБҮО» КММ 2017 жылдың ақпан айының 02-13 күндері аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында дәстүрлі онкүндікке байланысты іс-шара жоспарына сай 10 ақпан күнінде «Мейірімділік асыл қасиет», «Кәусар бұлақ тұнығынан», «Қызығы толы бұл...

20 ақпан 2017

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылу салтанаты

Қаладағы № 12 жалпы білім беру орта мектебінде бүгін 2 ақпан сағат 9-30-да «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Оған қала мектептерінен 1 оқушы мен өзін –өзі тану пәні мұғалімдері қатыстырылды. Жиынды қалалық...

20 ақпан 2017

География пәні мұғалімдеріне арналған қалалық әдістемелік 2017 жылдың 24 ақпан күні өткізілген семинар

География пәні мұғалімдеріне арналған қалалық әдістемелік 2017 жылдың 24 ақпан күні өткізілген семинар КММ «Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы», 2017 жылдың 24 ақпан күні география пәні мұғалімдеріне арналған «География пәніндегі математикалық амалдармен жұмыс жасау...

20 ақпан 2017

Ақтау қалалық бім үйлестірудің «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігі

Ақтау қалалық бім үйлестірудің «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігінің қорытындысы 07.02.2017ж. Ақтау қалалық бім үйлестірудің «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігінің «5-8 сыныптар арасындағы...

18 ақпан 2017

«Менің қуанышымды менімен бөліс!»

Ақтау қалалық білім бөлімінің 16.01.2017ж. №19 бұйрығына сәйкес, жалпы білім беретін орта мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-рухани білім беру арқылы тұлғаның бойында құндылықтарды қалыптастырып, шығармашылық потенциалын дамыту, өзін-өзі көрсете...

18 қаңтар 2017

"Мектепаралық жаратылыстану пәндерін оқытуда критериалды бағалауды жетілдіру" тақырыбында басқосу

Бүгін №21 мектеп базасында Ақтау қалалық білім бөлімінің, қалалық білім үйлестіру орталығының іс-шара жоспарларына сәйкес "Мектепаралық жаратылыстану пәндерін оқытуда критериалды бағалауды жетілдіру" тақырыбында басқосу өтіп жатыр. Мақсаты: Десанттық сабақтар...

18 қаңтар 2017

"Үздік музыка пәні кабинеті" байқауы

Бүгін қалалық білім бөлімінің бұйрығына және қалалық білім үйлестіру орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, кабинеттік жүйеде білім берудің мәртебесін көтеру мақсатында қалалық "Үздік музыка пәні кабинеті" байқауы болып жатыр.  ...

17 қаңтар 2017

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

Бүгін №23 мектеп базасында Қалалық білім бөлімінің бұйрығына және Қалалық білім үйлестіру орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру, оқу-тәрбие үрдісінде жаңашыл әдіс-тәсілдерді насихаттау, шығармашылқпен жұмыс...

4 қаңтар 2017

Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадаға қатысушы Ақтау қаласының командасына психологиялық тренинг және олимпиада ережесімен таныстыру жұмыстары

Бүгін Ақтау қаласында №16 мектеп базасында 5-6 қаңтар күндері өткізілетін жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадаға қатысушы Ақтау қаласының командасына психологиялық тренинг және олимпиада ережесімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.  ...

28 желтоқсан 2016

"Жас бағдарламашы" бағдарлама

Ақтау қалалық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, қалалық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен 26.12.2016 күні №8 орта мектеп базасында информатика пәнінен оқушыларға арналған "Жас бағдарламашы" бағдарлама жасаушылардың қалалық байқауы өтті.  ...

23 желтоқсан 2016

"Көңілді тапқырлар, білгірлер - 2016" байқауының екінші кезеңі.

Қалалық физика және математика пәндері бойынша "Көңілді тапқырлар, білгірлер - 2016" байқауының екінші кезеңі.  ...

22 желтоқсан 2016

Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадасы

Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық іскерлігін тереңдету, жеке тұлғаның өз бетінше дамуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау, халықаралық олимпиадаға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау үшін қажетті жағдайлар...

21 желтоқсан 2016

8-11 сынып оқушылары арасында туристік слет

Қалалық білім бөлімінің 26.09.2016 жылғы №553 бұйрығына сәйкес, оқушылардың бойына әскери – патриоттық тәрбие беру, жасөспірімдерді салауатты өмір салтында тәрбиелеу мақсатында 7-8 қазан күндері №12,13 орта мектептерінде 8-11 сынып оқушылары арасында туристік ...

21 желтоқсан 2016

Қазақстан халықтары тілдерінің ХVІІІ фестивалі

Қалалық білім бөлімі мен қалалық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан халықтары тілдерінің ХVІІІ фестивалі» оқушылар мен ұстаздар арасында №7 лицейі мен №9 орта мектептері базасында өткізілді.  ...

21 желтоқсан 2016

Қалалық «Үздік этнокабинет – 2016» байқауы

Қалалық білім бөлімі мен қалалық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен , жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарындағы заманауи этнокабинеттерді анықтау, қолдау, мадақтау мақсатында 15 қыркүйек күні Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығында ...

3 мамыр 2016

Жалпы білім беретін пәндер бойынша қала әкімінің пәндік олимпиадасы

Ақтау қалалық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың сәуір айының 21-22 күндері «№15 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сі базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша қала әкімінің пәндік олимпиадасы өтті. Қалалық білім бөліміне қарасты мектептерден 44...

29 қаңтар 2016

«Жобалау жұмысын зерттеудегі тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар

Мектептегі жобалау ісі тақырыбындағы семинар Қазіргі заманда табысты болу адамның өз өмірін жоба ретінде ұйымдастыру қабілетімен анықталады: жақын және алыс болашағын болжау, қажетті ресурстарды іздеу және табу, іс-әрекетін жоспарлау және оны орындау, алдына қойған...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері