Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

"ШЕБЕРЛЕР ШЕРУІ" челленджі жалғасуда

    21 қазан күні "Шеберлер шеруі" челленджі № 13 гимназияның 4 сыныбында Кенжегүл Берішбайқызының "Мен бақытты баламын" тақырыбында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабағымен жалғасты. Сабаққа жас мамандар ғана емес ,еңбек өтілі 15-20 жыл болған тіс қаққан мамандар да қызығушылық танытып қатысты.

    Сабақ өте жоғары деңгейде өтіп,көпшіліктің көңілінен шықты. Сабақтың құрылымы да,таңдалған әдіс - тәсілдер де өте жүйелі және тиімді болды. Десант сабақ болғанына қарамастан, мұғалім мен оқушылардың арасында өте тартымды , жылы қарым - қатынас сабақтың бастапқы кезеңінен -ақ өрби берді. Оқушылар ұстазға бірден бауыр басып,сабаққа ұйымшылдықпен зейін қоя араласты.

   Қолданған көрнекіліктері мен тапсырмаларының бәрі аз уақытта көп мағына бере алатын мазмұны кең ауқымды болғанын ерекше атап өткен жөн. Ең қызығы, мектепте сабақ басталмастан бұрын электр жарығы өшіп қалған болатын. Бұл келеңсіз жағдаят 2 сағатқа созылатыны ескертілді.Әрине бұл жағдай мұғалімдерді де ,оқушыларды да қатты алаңдатқан болатын. Бірақ майталман ұстаз сабырлы қалпымен ,еш абыржымастан жымия сабағын бастай берді және ол өзінің шынайы шебер екендігін осы жерде тағы бір дәлелдеп өтті.Сабақ үрдісінде интертақтаның жұмыс істемеуі еш кедергі бола алмады.Мұғалім жайлы орта қалыптастыра отырып, жоспарға сәйкес өте сапалы сабақ өткізіп шықты.

   Тиісті тапсырмалардың бәрі өз деңгейінде орын-орнымен орындалып жатты. Бала тәрбиесінде соңғы кезде еленбей қалатын ұлттық құндылықтарды , салт-дәстүрге құрметті , Абай атамыздың еңбектерін дәріптеуді бүгінгі тақырыппен,ортақ тақырыппен және математикадағы «Уақыт» тақырыбымен әдемі сабақтастыра білді.Үш топқа берілген үш сандық арқылы оқу мақсатын да ,адами құндылықтарды да,ғылыми жобаға бағыт бағдар беруді де жүйелі жүзеге асыра білді. Тапсырманың бәрі және бағалау үдерісі сол сандық арқылы орындалып отырды. Тіпті сол сандықтың ішіне айна қойып, балаларға өздерін көрсетуі ,яғни, «мына сандықтың ішінде ең бақытты бала бар, соны көріңіздер» деп, жеке –жеке көрсеткендегі балалардың таңданған ,әрі қуанған жүзін көру өте әсерлі болды. Олардың шын бақытты балдырғандар екеніне көздерін жеткізе алды. Ал чипсидің зиянын айта келе, шырпымен өртегенде чипсидің жанғанын көрген балалар енді ол тағамды жемейтіндей болғаны сөзсіз.Сабақ құрылымының маңызы жағынан да,техникалық ақаулардан сүрінбей өту жағынан да, Кенжегүл Берішбайқызы жас мамандар үшін үлкен шеберлік сыныбын тарту етті,ал оқушылар үшін ерекше мәнді сабақ болды. 





11 наурыз 2017

Бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік олимпиадасы

Қалалық білім бөлімінің 21.02.2017ж. №177 бұйрығымен, жалпы білім беретін орта мектептердегі педагогикалық технологияларды кеңінен қолданып, шығармашылықпен жұмыс жасайтын бастауыш сынып мұғалімдерін анықтау мақсатында, «Бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік олимпиадасы»...

22 ақпан 2017

«Зар заман зұлматы» ізденіс жобалары байқауы

24.05.2017 ж.күні «№8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ – де Ақтау қалалық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығының іс – шаралар жоспарына сәйкес, 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің 20 жылдығына орай, болашақ ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу...

20 ақпан 2017

«Үздік сынып сағаты» байқауы

«АҚБҮО» КММ 2017 жылдың ақпан айының 02-13 күндері аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында дәстүрлі онкүндікке байланысты іс-шара жоспарына сай 10 ақпан күнінде «Мейірімділік асыл қасиет», «Кәусар бұлақ тұнығынан», «Қызығы толы бұл...

20 ақпан 2017

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылу салтанаты

Қаладағы № 12 жалпы білім беру орта мектебінде бүгін 2 ақпан сағат 9-30-да «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Оған қала мектептерінен 1 оқушы мен өзін –өзі тану пәні мұғалімдері қатыстырылды. Жиынды қалалық...

20 ақпан 2017

География пәні мұғалімдеріне арналған қалалық әдістемелік 2017 жылдың 24 ақпан күні өткізілген семинар

География пәні мұғалімдеріне арналған қалалық әдістемелік 2017 жылдың 24 ақпан күні өткізілген семинар КММ «Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы», 2017 жылдың 24 ақпан күні география пәні мұғалімдеріне арналған «География пәніндегі математикалық амалдармен жұмыс жасау...

20 ақпан 2017

Ақтау қалалық бім үйлестірудің «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігі

Ақтау қалалық бім үйлестірудің «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігінің қорытындысы 07.02.2017ж. Ақтау қалалық бім үйлестірудің «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігінің «5-8 сыныптар арасындағы...

18 ақпан 2017

«Менің қуанышымды менімен бөліс!»

Ақтау қалалық білім бөлімінің 16.01.2017ж. №19 бұйрығына сәйкес, жалпы білім беретін орта мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-рухани білім беру арқылы тұлғаның бойында құндылықтарды қалыптастырып, шығармашылық потенциалын дамыту, өзін-өзі көрсете...

18 қаңтар 2017

"Мектепаралық жаратылыстану пәндерін оқытуда критериалды бағалауды жетілдіру" тақырыбында басқосу

Бүгін №21 мектеп базасында Ақтау қалалық білім бөлімінің, қалалық білім үйлестіру орталығының іс-шара жоспарларына сәйкес "Мектепаралық жаратылыстану пәндерін оқытуда критериалды бағалауды жетілдіру" тақырыбында басқосу өтіп жатыр. Мақсаты: Десанттық сабақтар...

18 қаңтар 2017

"Үздік музыка пәні кабинеті" байқауы

Бүгін қалалық білім бөлімінің бұйрығына және қалалық білім үйлестіру орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, кабинеттік жүйеде білім берудің мәртебесін көтеру мақсатында қалалық "Үздік музыка пәні кабинеті" байқауы болып жатыр.  ...

17 қаңтар 2017

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

Бүгін №23 мектеп базасында Қалалық білім бөлімінің бұйрығына және Қалалық білім үйлестіру орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру, оқу-тәрбие үрдісінде жаңашыл әдіс-тәсілдерді насихаттау, шығармашылқпен жұмыс...

4 қаңтар 2017

Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадаға қатысушы Ақтау қаласының командасына психологиялық тренинг және олимпиада ережесімен таныстыру жұмыстары

Бүгін Ақтау қаласында №16 мектеп базасында 5-6 қаңтар күндері өткізілетін жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадаға қатысушы Ақтау қаласының командасына психологиялық тренинг және олимпиада ережесімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.  ...

28 желтоқсан 2016

"Жас бағдарламашы" бағдарлама

Ақтау қалалық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, қалалық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен 26.12.2016 күні №8 орта мектеп базасында информатика пәнінен оқушыларға арналған "Жас бағдарламашы" бағдарлама жасаушылардың қалалық байқауы өтті.  ...

23 желтоқсан 2016

"Көңілді тапқырлар, білгірлер - 2016" байқауының екінші кезеңі.

Қалалық физика және математика пәндері бойынша "Көңілді тапқырлар, білгірлер - 2016" байқауының екінші кезеңі.  ...

22 желтоқсан 2016

Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадасы

Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық іскерлігін тереңдету, жеке тұлғаның өз бетінше дамуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау, халықаралық олимпиадаға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау үшін қажетті жағдайлар...

21 желтоқсан 2016

8-11 сынып оқушылары арасында туристік слет

Қалалық білім бөлімінің 26.09.2016 жылғы №553 бұйрығына сәйкес, оқушылардың бойына әскери – патриоттық тәрбие беру, жасөспірімдерді салауатты өмір салтында тәрбиелеу мақсатында 7-8 қазан күндері №12,13 орта мектептерінде 8-11 сынып оқушылары арасында туристік ...

21 желтоқсан 2016

Қазақстан халықтары тілдерінің ХVІІІ фестивалі

Қалалық білім бөлімі мен қалалық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан халықтары тілдерінің ХVІІІ фестивалі» оқушылар мен ұстаздар арасында №7 лицейі мен №9 орта мектептері базасында өткізілді.  ...

21 желтоқсан 2016

Қалалық «Үздік этнокабинет – 2016» байқауы

Қалалық білім бөлімі мен қалалық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен , жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарындағы заманауи этнокабинеттерді анықтау, қолдау, мадақтау мақсатында 15 қыркүйек күні Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығында ...

3 мамыр 2016

Жалпы білім беретін пәндер бойынша қала әкімінің пәндік олимпиадасы

Ақтау қалалық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың сәуір айының 21-22 күндері «№15 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сі базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша қала әкімінің пәндік олимпиадасы өтті. Қалалық білім бөліміне қарасты мектептерден 44...

29 қаңтар 2016

«Жобалау жұмысын зерттеудегі тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар

Мектептегі жобалау ісі тақырыбындағы семинар Қазіргі заманда табысты болу адамның өз өмірін жоба ретінде ұйымдастыру қабілетімен анықталады: жақын және алыс болашағын болжау, қажетті ресурстарды іздеу және табу, іс-әрекетін жоспарлау және оны орындау, алдына қойған...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері