Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ БОС ОРНЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ

«Маңғыстау облысы білім басқармасы» ММ 130000, Ақтау қ, 3 б ш/а, 52, анықтама телефоны: 8 (7292) 571216, электрондық мекенжайы: bilim.baskarmasy@mangystau.gov.kz 21.02.2022 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды».

1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 174762,3 теңгеден 211895,0 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 3 шағынаудан ғимарат 2/1 телефон: 8 (7292)50-74-42.

2. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директор (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 174762,3 теңгеден 211895,0 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 1 шағынаудан, ғимарат 36, телефон: 8(7292)50-71-79.

3. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 25 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директор (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 174762,3 теңгеден 211895,0 теңгеге дейін.

Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., Шығыс 1, ғимарат 300.

Конкурсты өткізу орны: Ақтау қаласы, 3 б ш/а, 52 ғимарат.

Конкурс: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына сәйкес өтеді.

Кәсіпорынның қызметі негізгі және жалпы орта білім беру болып табылады.

Функционалдық міндеттері:

✓Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

✓Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.

✓Педагогикалық кеңесті басқарады.

✓Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.

✓Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.

✓Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.

✓Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.

✓Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

✓Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

✓Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

✓Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

✓Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.

✓Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.

✓Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

✓Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

✓Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

✓Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.

Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

✓Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.

✓Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.

Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.

✓Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

✓Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

✓Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

✓Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және басқа да кәсіптік білімі, немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;

Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл, және басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;

оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша: сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілігінің болуы.

Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты;

10) Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:

1) кызмет көрсету кеңсесі Ақтау қ, 3 б ш/а, 52 ғимарат, кабинет 104, телефон: 8 (7292) 571216,.

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 





27 наурыз 2018

Қалалық «Үздік әлеуметтік педагог-2018» байқауы туралы

Ақтау қалалық білім бөлімі мен Ақтау қалалық  білім  үйлестіру орталығының жұмыс  жоспарына  сәйкес, шығармашыл жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын заманауи әлеуметтік педагогтерді анықтау, қолдау және мадақтау, әлеуметтік педагогтердің кәсіптік...

27 наурыз 2018

"Ұстаз - ұлы тұлға" жас мамандар байқауы

"Ұстаз - ұлы тұлға" жас мамандар байқауы №4 гимназия мектебінде өткізілді. Байқауға 14 үміткер қатысып, 4 айналым болды.  

26 наурыз 2018

Кабинеттер байқауы

Ақтау қалалық  білім бөлімінің  26.03.2018 жылғы «Үздік  физика пәні  кабинеті» байқауын өткізу туралы  №302  бұйрығына сәйкес, кабинеттік жүйеде білім берудің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген «Үздік  физика пәні кабинеті» байқауына наурыз айының 28-29-ы күндері №11,...

20 наурыз 2018

«Roboland 2018» ІV халықаралық робототехника фестиваліне қатысушылар

2018 жылғы 30-31 наурыз күндері Қарағанды қаласында IV-ші Халықаралық «Roboland 2018» ІV Халықаралық робототехника фестивалі өтеді.  

20 наурыз 2018

«Ағылшын тілінде презентация»

«Ақтау қалалық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  іс-шаралар  жоспарына  сәйкес, жалпы білім беретін орта мектептің 7 сынып  оқушылары  арасынан «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасы мен көптілділікті насихаттау, көп...

19 наурыз 2018

ҰТО маманы Маржан Ермекбайқызымен кездесу

Ақтау қаласы мектептерінің жауапты мамандарымен ҰТО маманы Маржан Ермекбайқызымен бірге қорытынды аттестаттау және ҰБТ туралы өткен жиналыс сәтінен. 

19 наурыз 2018

"Дарынды балаға - талантты ұстаз" сайысы

№10 орта мектеп базасында қалалық "Дарынды балаға - талантты ұстаз" сайысынан... Облыстық кезеңнен толағай табыс тілейміз!  

19 наурыз 2018

Фотогалерея

...

13 наурыз 2018

"Табиғатты аяла" форумының қалалық кезеңі

№28 орта мектебінде оқушылар арасында республикалық "Табиғатты аяла" форумының қалалық кезеңі өткізілді. 

2 наурыз 2018

"Алтын қазына" атты оқушыларға арналған көрме-байқауы

Ағымдағы 2 наурыз күні "Алтын қазына" атты оқушыларға арналған көрме-байқауы №8 орта мектеп базасында өтті. 

27 ақпан 2018

«Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» байқауы

Ақтау қаласы," №23 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында мұғалімдер арасында қалалық «Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» байқауы өткізілді. 

23 ақпан 2018

Гуманитарлық пәндер бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында қалалық олимпиада

21 ақпан  күні  Ибаш Жанболатова атындағы №15 орта мектепте 5-6 сынып  оқушылары  арасында олимпиаданың ашылу салтанатты өтті. Олимпиадаға қала мектептерінен 185 оқушы қатысады. 

21 ақпан 2018

«Информан-2018» турнирі

Қалалық «Информан-2018» турнирі 21ақпан күні күні сағат 14:00-де КММ «№14 жалпы білім беру орта мектебі» базасында өткізілді. 

19 ақпан 2018

Құм терапиясы

  ...

19 ақпан 2018

"Жауқазын" балалар шығармашылық өнер фестивалі

  ...

16 ақпан 2018

"Толерантты тәрбие, қазіргі мектеп жағдайындағы табысты тұлға қалыптастыру факторы"

Ақтау қаласы №7 мектеп лицейінде 16 ақпан күні "Толерантты тәрбие, қазіргі мектеп жағдайындағы табысты тұлға қалыптастыру факторы" тақырыбында мектеп директорларының тәрбие ісі бойынша орынбасарларына арналған семинар өтті. 

13 ақпан 2018

«Үздік сынып жетекші - 2018» байқауы

Қалалық «Үздік сынып жетекші - 2018» байқауы 2018 жылдың 13 ақпан күні сағат 09:30-да «С. Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілді. 

11 ақпан 2018

«Алтын доп-Мектеп лигасы» турнирі

09-11.02.2018 жылы Ақтау қаласында №9 және №14 орта мектептерде баскетбол бойынша 9-11 сынып ұлдар арасында қалалық «Алтын доп-Мектеп лигасы» турнирі өтті. 21 команда, 221 ойыншы қатысты. 

1 ақпан 2018

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз. Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін...

1 ақпан 2018

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар туралы ЖАДЫНАМА

Мақсаты: Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына қоғамның және бизнес-қауымдастықтың оң көзқарастарын, сондай-ақ объект басшыларының (орта және ірі бизнес) әр түрлі меншік...

26 қаңтар 2018

Астана, Шымкент және Ақтөбе қалалары республикада алғаш рет жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жоспарлауда

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі баспасөз хабарламасы. Астана, Шымкент және Ақтөбе қалалары республикада алғаш рет жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жоспарлауда 2018 жылғы қыркүйектен бастап Шымкент қаласының жекеменшік...

29 желтоқсан 2017

"Жыл адамы - 2016" байқауы

"Жыл адамы - 2016" байқауының жеңімпаздары №13 гимназия мұғалімі Турбекова Майра, №4 балабақша тәрбиешісі Арынбасарова Зухра.  ...

23 желтоқсан 2017

"Көңілді тапқырлар, білгірлер - 2016" байқауы

Қалалық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, қалалық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен 22 желтоқсан күні №10 орта мектеп ғимаратында қалалық физика және математика пәндері бойынша "Көңілді тапқырлар, білгірлер - 2016" байқауы өткізілуде, байқау ертең...

17 қазан 2017

Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара!

2017 жылдың 5 қазан күні мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының кіші залында салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Р. Сакеев, қалалық білім бөлімдерінің және білім беру ұйымдарының басшылары,...

Соңғы хабарлар

4849

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері