Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті қала тұрғындары, ата-аналар!

Құрметті қала тұрғындары, ата-аналар!
Дүниежүзілік алаңдатып отырған төтенше жағдайға байланысты, адам өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында 16 наурыз бен 05 сәуір аралығында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Ақтау қаласы бойынша төтенше жағдайға байланысты арнайы штаб құрылып, тұрақты, үздіксіз және жедел түрде жұмыс жасауда.
Əлемде өршіп тұрған коронавирус дертіне қарсы қаламызда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қаламыздағы білім саласы қызметкерлерінің, оқушылар мен тәрбиеленушілердің өмір қауіпсіздігі үшін вирустың алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде қалалық білім бөліміне қарасты білім ұйымдары мен мектепке дейінгі мекемелердің санитарлық-гигиеналық жағдайлары талапқа сай күнделікті қатаң қадағаланып отыр. Әрбір білім беру ұйымдары және мектепке дейінгі мекемелер екі сағат сайын ғимараттарын залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметін жалғастыруда, дегенмен ата-аналар өз қалауымен балаларын үйде қалдыра алады. Мұндай жағдайда тәрбиеленушінің орны сақталады және ата-ананың жарнасы баланың келген күніне ауыстырылады.
Елімізде 16 наурыздан бастап оқушылардың көктемгі демалыс уақыты басталғаны белгілі. Қауіп өскен сайын балаларымыздың өмірі мен денсаулығына баса назар аудару керек. Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу, қолды залалсыздандыруға арналған антисептиктерді қолдану, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, науқас адамдармен байланыста болмау, суық тию белгілері пайда болған жағдайда тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен дереу кеңесу секілді алдын-ала сақтық шараларын ұстанған жөн.
Балаларды әлеуметтік желілер, ұялы телефондар арқылы жалған мәліметтерді көру және таратудан сақтандырып, бақылауда ұстауға тырысайық.
Отбасы байлығы бала болып саналатын болса, олардың өмірін келеңсіз жағдайлардан сақтау – Сіз бен біздің міндетіміз! Бүгінгі уақытша қиындықтарды тек қана ауызбіршілікпен және ынтымақ, бірлікпен еңсерейік!

Құрметпен,
Ақтау қалалық білім бөлімі басшысы Тулебаева Светлана Дюмбаевна

 





25 қазан 2019

"Каспий толқыны" байқауы

Ақтау қалалық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 23 қазаны күні «№9 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында «Каспий толқыны» байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды. 

23 қазан 2019

Әбіш апталығы

Ағымдағы жылдың 19 қазаны күні қалалық білім бөлімінің Ә.Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойы аясында жоспарланған "Әбіш апталығы" аясында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары үшін қалалық білім бөліміне қарасты мектептердегі Әбіш кабинеттеріне саяхаттар ұйымдастырылды. 

23 қазан 2019

Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым

Ағымдағы жылдың 17 қазаны күні №9 жалпы білім беру орта мектебінде оқушылар арасында Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым өткізілді. Шараға №№3, 5, 9, 10, 11, 13, 15, 21, 23, 27, 28 жалпы білім беру орта мектептеріі және ІТ мектеп лицейі қатысты. 

19 қазан 2019

Қазағымның абызы - Ұлы Әбіш

Ағымдағы жылдың 18 қазаны күні Ақтау қаласының №29 жалпы білім беру орта мектебінде Ақтау қалалық білім бөлімі мен білімді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Әбіш ағамыздың 80 жылдық мерейтойына орай "Қазағымның абызы - Ұлы Әбіш" тақырыбында ақындармен кездесу кеші өтті.  

19 қазан 2019

Тарих ​ және ​ құқық ​ пәндері мұғалімдерінің ​ олимпиадасы

Ағымдағы жылдың 15-16 қазаны күндері қалалық тарих ​ және ​ құқық ​ пәндері мұғалімдерінің ​ ғылыми-әдістемелік ​ деңгейлерін ​ анықтау, шығармашылықпен ​ жұмыс жасайтын мұғалімдерге ​ қолдау ​ көрсету, педагог ​ кәсібінің ​ беделін ​ арттыру мақсатындағы өткізілген олимпиадаға ​ қала мектептерінен  

17 қазан 2019

Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр

Қалалық білім бөлімінің 26.09.2019 ж. №239 «Ғұлама тұлға-ғибратты ғұмыр» сахналық қойылымдар байқауының өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, жалпы орта білім беретін мектептердің 29 жасқа дейінгі мұғалімдері арасында «Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр» байқауы өткізілді. 

15 қазан 2019

Әбіш апталығының

Бүгін халық жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері, жерлесіміз Ә.Кекілбаевтің 80 жылдығы аясында жалпы білім беретін ұйымдар арасында ұйымдастырылып жатырған қалалық "Әбіш апталығының" іс-шаралар жоспарына сәйкес қалалық Ә.Кекілбаев шығармаларынан сурет байқауы өткізілді. 

15 қазан 2019

Бүгін білім беру ұйымдарындағы тарих және құқық пәндері

Бүгін білім беру ұйымдарындағы тарих және құқық пәндері мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге қолдау көрсету, педагог кәсібінің беделін арттыру мақсатында №14 жалпы білім беру орта мектебі базасында тарих, құқық пәні 

4 қазан 2019

Ұстаздық – ұлы қызмет

3 қазан күні Н.Жантөрин атындағы драма театрда Ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстаздық – ұлы қызмет» аясында салтанатты шара болып өтті. 

2 қазан 2019

Үлгілі педагог отбасы-2019

Бүгін, бала тәрбиелеуде өзіндік ұстанымы мен қағидалары қалыптасқан, өнегелі, үлгілі педагог отбасыларды анықтау мақсатында қалалық «Үлгілі педагог отбасы-2019» байқауы «№12 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында өткізілді. Аталған шараға №№6, 11, 13, 20, 21, 29 жалпы білім беру орта мектептерінің отбасылары қатысты. 

1 қазан 2019

Қ.И.Сәтбаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

Бүгін, тұлғаның өзін-өзі тануына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету мақсатында Қ.И.Сәтбаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі ІТ лицей базасында өткізілді. 

20 қыркүйек 2019

Балалар үшін тегін IT сынып

Бүгін «Нұр Отан» партиясының азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT сынып» жобасын іске асыру мақсатында Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №14 жалпы білім беру орта мектебі базасында IT сынып ашылды. 

18 қыркүйек 2019

Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде қалалық білім бөлімінің №222 бұйрығына сәйкес жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беру орта мектептерінен 23 оқушы қатысты.  

17 қыркүйек 2019

Отбасы – бақыт мекені

Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беру орта мектептерінде Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2019 жылдың 6-14 қыркүйегі аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты Республикалық апталық өткізілді. 

14 қыркүйек 2019

Туған күніңмен, сүйікті қалам Ақтауым!!!

...

12 қыркүйек 2019

Шоғы батыр

Ақтау қаласындағы "Шоғы батыр" атындағы қазақ күресі және дзюдо бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 2 дүркін Әлем Барысы, 2 дүркін Қазақстан Барысы, 4 дүркін Әлем және Азия  чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, Әлем кубогының иегері Айбек Нұғымаров жас палуандармен шеберлік сабағын өткізіп, естелік суретке түсті.  

6 қыркүйек 2019

Әкем, анам және мен – туристік отбасы

Бүгін, қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, ата – аналарды мектеп өміріне тарту, мектеп пен ата – ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту, оқушылардың отбасы, жанұя туралы білгендерін шыңдай түсу, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу және балалар мен ата – аналарға спорттық  

5 сәуір 2019

"Абай оқулары" байқауы

4 сәуір күні қалалық білім бөлімінің №80 бұйрығына сәйкес, №3 жалпы білім беру орта мектебі базасында «Абай оқулары» байқауы өткізілді. Байқау барысында оқушылар Абай өлеңдерін жатқа оқу, ақынның сөзіне жазылған әндерді орындау, мүшәйра, эссе жазу бағыттары бойынша бақ сынады.Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды: 

5 сәуір 2019

«Модернизацияланған ағылшын тілі пән кабинеті» байқауы

Қалалық білім бөлімінің  №73 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 3-10 сәуірі аралығында жалпы білім беретін орта мектептер арасында «Модернизацияланған ағылшын тілі пән кабинеті» байқауы өткізілуде. Қатысушыларға сәттілік тілейміз.  ...

5 сәуір 2019

«Алтын қазына» көрме – байқауы

Бүгін оқушыларды отансүйгіштікке, халықтық салт-дәстүрлерге деген құрмет және ұқыпты көзқарасқа тәрбиелеу, оқушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, рухани – адамгершілік және мәдени құндылықтарға, көркем өнерге, тарихи мұраға араластыру, эстетикалық...

4 сәуір 2019

IT сынып ашылды

Бүгін «Нұр Отан» партиясының азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT сынып» жобасын іске асыру мақсатында Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №2 жалпы білім беру орта мектебі базасында IT...

4 сәуір 2019

«Маңғыстау – Серікбол көзімен» зияткерлік сайысы

     Бүгін С.Қондыбай атындағы №22 жалпы білім беру орта мектебі базасында Маңғыстау өңірінің біртуар ғалымы Серікбол Қондыбай туындыларынан қызықты мәліметтерді қамту, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың шығармашылық қабілетін дамыту,...

29 наурыз 2019

Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша республикалық кезеңі

Бүгін жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша республикалық кезеңі өз мәресіне жетті. Республикалық кезеңге қатысқан Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Смоленская Ева (пән мұғалімі Ильясова Надежда...

29 наурыз 2019

"Тақиялы періште" атымен танылған Әлімғазы Райымбеков атамен жолдасы Гүлжауар апамен кездесу

Бүгін С.Қондыбай атындағы №22 жалпы білім беру орта мектебі базасында "Тақиялы періште" атымен танылған Әлімғазы Райымбеков атамен жолдасы Гүлжауар апамен кездесу ұйымдастырылды. Қасиет қонған, құт дарыған Маңғыстау төріне келген қонақтарымызды Маңғыстаудың...

Соңғы хабарлар

41424344454647 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері