Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

TikTok ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен мұғалімдерге арналған байқауды іске қосады

TikTok ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен мұғалімдерге арналған байқауды іске қосады

TikTok қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған жетекші платформа Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен #ҚазақстанМұғалімдері байқауын іске қосады. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болады — iPhone 13 PRO Max смартфондары.

Байқау аясында еліміздің түкпір-түкпірінен оқытушылар платформада өз пәні туралы шығармашылық және танымдық бейнероликтер жариялауға шақырылады.

TikTok авторларының қазақстандық қауымдастығы танымдық контенттің көптеген авторларын біріктіреді және платформа қарапайым бейнероликтер форматы арқылы өз пәніне аудиторияны шын жүректен қызықтыруға мүмкіндік алатын мұғалімдер мен оқытушылар арасында ерекше танымал болып отыр. TikTok-тың #ҚазақстанМұғалімдері бастамасы оқытушыларға қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін ашуға және әркімге түсінікті бейне форматта өз пәні бойынша біліммен бөлісуге мүмкіндік береді. Жобаның ресми амбассадорларыTikTok-та танымал мұғалімдер болады: химик Ұлан Үсенов @wannabeteacher, математик Данияр Сеңгірбай @aks.dani және мұғалімдер тобы @jump2mars.

TikTok-та өз жолын енді бастаған оқытушылар үшін арнайы оқыту вебинары өткізіледі, бұл оларға TikTok-тың барлық мүмкіндіктері туралы білуге және қоғамдастықтың назарын аударатын жарқын бейнелер жасауды үйренуге көмектеседі.

Байқауға қатысуға TikTok-та аккаунт ашуға дайын немесе аккаунты бар барлық мектеп мұғалімдері шақырылады. Байқау барысында 6 қазаннан 1 желтоқсанға дейін педагогтар өз пәнінің тақырыбы бойынша танымдық бейнероликтер жариялауы қажет. Роликтердің кем дегенде 30 секундқа созылуы маңызды, ал оларды жариялау кезінде байқаудың #ҚазақстанМұғалімдері хэштегі пайдаланылуы тиіс.

«Біздің елімізде пәндік сабақтарын, білім мен ғылымды ілгерілету үшін әлеуметтік желілер мен бейне платформаларды қолданатын көптеген педагогтар бар. Осының арқасында онлайн-форматта елдің әр түкпірінен келген пайдаланушылар жаңа білім алады. TikTok жетекші платформасының өкілдері біздің педагогтардың бастамаларын бағалап, қазақстандық мұғалімдер үшін конкурстар ұйымдастыратыны қуантады. Бұл TikTok алаңында білім беру контентін бірлесіп ілгерілету үшін қосымша ынталандыру болады»-деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева.

Құрамына жобаның елшілері, TikTok платформасының және Оқу-ағарту министрлігі кіретін қазылар алқасының мүшелері қатысушыларды үш номинация бойынша бағалайды:

• Ең креативті мұғалім. Марапатты белгілі бір тақырыпты қысқаша, түсінікті және креативті түсіндіре алған автор алады. Номинацияны платформадағы ең креативті мұғалімдердің бірі - химия пәнінің мұғалімі және студенттерді өз пәніне қалай қызықтыру керектігін жақсы білетін аниме жанкүйері Улан Үсенов @wannabeteacher ұсынады.

• Жаңа мұғалім Жеңіс байқау кезінде жаңа аккаунты ең көп қаралымға ие болған мұғалімге беріледі. Номинацияның амбассадоры жас математика мұғалімі Данияр Сенгирбай @aks.dani болады.

• Үздік бейнеролик. Хэштегі бар бейнеролигі байқау кезінде ең көп қаралымға ие болған мұғалім жеңімпаз болады. Номинацияны @jump2mars жобасы ұсынады, ол Қазақстандағы TikTok-та танымдық контентті алғашқылардың бірі болып танымал ете бастады және оның роликтері жүздеген мың лайк жинайды.

Байқау жеңімпаздары iPhone 13 PRO Max смартфондарын, сондай-ақ TikTok контент жазушылары ретінде дамуын жалғастыруға көмектесетін Дарындарды дамыту бағдарламасына шақыру алады.

TikTok туралы

TikTok-қысқа бейнелер жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз — адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш әкелу. 





1 сәуір 2024

Жалпы білім беретін мектептерде жалпы ата-аналар жиналысы

Ағымдағы жылдың 18-29 наурыз аралығында қаламыздың жалпы білім беретін мектептерде жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбиесіндегі мәселелер, білім алушылардың қауіпсіздігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша...

1 сәуір 2024

Қарағанды қаласында өткен робототехникадан халықаралық чемпионаттың екінші күнінде Фариза Оңғарсынова №29 жалпы білім беретін мектеп командасы II орын иеленді

Бүгінгі Қарағанды қаласында өткен робототехникадан халықаралық чемпионаттың екінші күнінде Фариза Оңғарсынова №29 жалпы білім беретін мектеп командасы II орын иеленді. Жеңіс құтты болсын!  ...

1 сәуір 2024

Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерінің ата-аналарына 1 сыныпқа қабылдауға қажетті құжаттар туралы ақпараттық бетшелер таратылды

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы жол картасына сәйкес, ағымдағы жылдың 27-28 наурыз күндері И.Сүйеубаев атындағы №8 мектептің мамандары “Толағай” және “Күншуақ” бөбекжайыларына барып, мектепалды даярлық...

1 сәуір 2024

КӨКТЕМГІ СЕНБІЛІК

...

1 сәуір 2024

ҚАЗАҚСТАНДА ПЕДАГОГТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ ЖҮЙЕСІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ

1 сәуірден бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық білім беру деректер қорында педагогтерді мектепке жұмысқа қабылдау бойынша жаңа модульді іске қосады. Бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы және конкурстық рәсімдерді ашық өткізуге бағытталған. Сондай-ақ педагогтерді...

30 наурыз 2024

Түрікменстан Республикасы Аркадаг қаласында математикадан халықаралық олимпиадасы

Оқушыларымыз жеңімпаз атанды!!! 2024 жылдың 25-30 наурыз аралығында Түрікменстан Республикасы Аркадаг қаласында математикадан халықаралық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға облысымыздан 4 оқушы қатысып, 2 оқушы жеңімпаз атанды. Атап айтсақ, “Білім-инновация” лицей-интернатының...

30 наурыз 2024

Робототехникадан халықаралық чемпионат

Бүгінгі Қарағанды қаласында өткен робототехникадан халықаралық чемпионаттан 11 лицей II орын иеленді. Жеңіс құтты болсын.  ...

29 наурыз 2024

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық балалар кино фестивалінің облыстық кезеңіні

Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні Ақтау қаласы, “Оқушылар сарайы” ғимаратында өткен «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық балалар кино фестивалінің облыстық кезеңінің қорытынды хаттамасы негізінде анықталған жеңімпаздар Маңғыстау облысының білім...

27 наурыз 2024

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары басшыларының аппараттық жиналысы

 26 наурыз күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары басшыларының аппараттық жиналыс өтті. Күн тәртібінде: Педагогтарды аттестаттаудан өткізу туралы; Білім беру ұйымдары объектілерін терризмге қарсы дайындығын күшейту туралы; 1...

22 наурыз 2024

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

...

21 наурыз 2024

Қазақстандағы Наурызнама онкүндігінің сегізінші күні - Ынтымақ күні.

...

21 наурыз 2024

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Аңымдаңы жылдың 19 наурыз күні Ақтау қаласы ПБ ЮПБ қызметкерлері №28 жалпы білім беретін мектеп базасында балалардың тәрбиесі жөнінде ата-аналар, мұғалімдермен кездесті. Полицейлер жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықты алдын алу бойынша балалардың үйдегі,...

20 наурыз 2024

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық балалар кино фестивалінің қалалық кезеңі

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 15.03.2024ж. күнгі №160 нқ бұйрығына сәйкес 2024 жылдың 19 наурыз күні «И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында өткізілген «Қазақстан балалары...

20 наурыз 2024

19 наурыз - Жаңару күні!!!

Тал егу акциясы – өте маңызды іс екені сөзсіз. Тал – бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретін белгі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экологиялық проблемаларға ерекше назар аударуды ұсынып, ағаш отырғызуға...

19 наурыз 2024

Наурызнама - Ұлы дала дәстүрлерін жаңғырту және қоғамды біріктіретін жаңа құндылықтарды қалыптастыру

...

19 наурыз 2024

«Ұлттық киім» күні

Республикалық наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңберінде 18 наурыз - «Ұлттық киім» күні болып белгіленді. Білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен білім алушылары ұлттық киімдерді ұлықтауда өз үлестерін қосуда  ...

18 наурыз 2024

Көктемгі сенбілік

Наурызнама - Ұлы дала дәстүрлерін жаңғырту және қоғамды біріктіретін жаңа құндылықтарды қалыптастыру. 16 наурыз күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің және Оқу- әдістемелік орталығының мамандары көктемгі сенбілікке шықты. 39 шағынаудан «Ержан хазірет» мешітінің...

17 наурыз 2024

Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінде Амал мерекесі тойлау

Ақтаудағы Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінде Амал мерекесі тойланды. Шарада ұстаздар мен оқушылар ән айтып, би биледі. Атап айтқанда, Ақниет Жүрсін «Тек алға», Эльмира Сансызбаева «Туған жер» әнін орындап, Арлан Мендуллаев «Балбырауын» күйін шертті. Ал Дени...

16 наурыз 2024

“QH Жаздық жолдама-2024”қайырымдылық жобасы

Ақтау қалалық білім бөлімі бойынша “№27 Өмірзақ жалпы білім беретін мектеп” КММ-де “Қазақстан халқына “қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында өткен “Қайрымдылық “күніне орай балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында “QH Жаздық жолдама-2024”қайырымдылық...

15 наурыз 2024

Педагогтер білімін бағалау және тәжірибені кешенді бағалау бойынша жиын өткізіп түсінік жұмыстарын жүргізу

13.03.2024 күні Ақтау қалалық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Махина Сандігул Муратовна педагогтер білімін бағалау және тәжірибені кешенді бағалау бойынша №13 гимназиясында жиын өткізіп түсінік жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында мұғалімдер тарапынан қойылған...

7 наурыз 2024

МАРАПАТТАУ

Кеңес соңында білім беру ұйымдарының директорлары мерекеге орай “Құрмет” грамотасымен, “Алғыс” хаттармен марапатталды.  ...

7 наурыз 2024

Математика және механика бойынша зерттеу жобаларының Халықаралық конкурсына қатысқан 2 оқушымыз Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ІІ дәрежелі дипломдары және күміс медальмен марапаттау

2024 жылдың 4-6 наурыз күндері Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының Халықаралық конкурсына қатысқан 2 оқушымыз Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту...

3 наурыз 2024

ТАҒАЙЫНДАУ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№6 жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына Нургалиева Гулмира Куандыковна тағайындалды. Білімі- Жоғары Бітірген оқу орны - Атырау қаласы, Досмухамбетов атындағы...

3 наурыз 2024

ТАҒАЙЫНДАУ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №23 «Ақмоншақ» бөбекжайын ЖБҚ мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына Озганбаева Камшат Туркменбаевна тағайындалды. Озганбаева Камшат Туркменбаевна 1980 жылы 25 қаңтарда дүниеге келген. Білімі жоғары,...

Соңғы хабарлар

567891011121314 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері