Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

"ШЕБЕРЛЕР ШЕРУІ" челленджі жалғасуда

    21 қазан күні "Шеберлер шеруі" челленджі № 13 гимназияның 4 сыныбында Кенжегүл Берішбайқызының "Мен бақытты баламын" тақырыбында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабағымен жалғасты. Сабаққа жас мамандар ғана емес ,еңбек өтілі 15-20 жыл болған тіс қаққан мамандар да қызығушылық танытып қатысты.

    Сабақ өте жоғары деңгейде өтіп,көпшіліктің көңілінен шықты. Сабақтың құрылымы да,таңдалған әдіс - тәсілдер де өте жүйелі және тиімді болды. Десант сабақ болғанына қарамастан, мұғалім мен оқушылардың арасында өте тартымды , жылы қарым - қатынас сабақтың бастапқы кезеңінен -ақ өрби берді. Оқушылар ұстазға бірден бауыр басып,сабаққа ұйымшылдықпен зейін қоя араласты.

   Қолданған көрнекіліктері мен тапсырмаларының бәрі аз уақытта көп мағына бере алатын мазмұны кең ауқымды болғанын ерекше атап өткен жөн. Ең қызығы, мектепте сабақ басталмастан бұрын электр жарығы өшіп қалған болатын. Бұл келеңсіз жағдаят 2 сағатқа созылатыны ескертілді.Әрине бұл жағдай мұғалімдерді де ,оқушыларды да қатты алаңдатқан болатын. Бірақ майталман ұстаз сабырлы қалпымен ,еш абыржымастан жымия сабағын бастай берді және ол өзінің шынайы шебер екендігін осы жерде тағы бір дәлелдеп өтті.Сабақ үрдісінде интертақтаның жұмыс істемеуі еш кедергі бола алмады.Мұғалім жайлы орта қалыптастыра отырып, жоспарға сәйкес өте сапалы сабақ өткізіп шықты.

   Тиісті тапсырмалардың бәрі өз деңгейінде орын-орнымен орындалып жатты. Бала тәрбиесінде соңғы кезде еленбей қалатын ұлттық құндылықтарды , салт-дәстүрге құрметті , Абай атамыздың еңбектерін дәріптеуді бүгінгі тақырыппен,ортақ тақырыппен және математикадағы «Уақыт» тақырыбымен әдемі сабақтастыра білді.Үш топқа берілген үш сандық арқылы оқу мақсатын да ,адами құндылықтарды да,ғылыми жобаға бағыт бағдар беруді де жүйелі жүзеге асыра білді. Тапсырманың бәрі және бағалау үдерісі сол сандық арқылы орындалып отырды. Тіпті сол сандықтың ішіне айна қойып, балаларға өздерін көрсетуі ,яғни, «мына сандықтың ішінде ең бақытты бала бар, соны көріңіздер» деп, жеке –жеке көрсеткендегі балалардың таңданған ,әрі қуанған жүзін көру өте әсерлі болды. Олардың шын бақытты балдырғандар екеніне көздерін жеткізе алды. Ал чипсидің зиянын айта келе, шырпымен өртегенде чипсидің жанғанын көрген балалар енді ол тағамды жемейтіндей болғаны сөзсіз.Сабақ құрылымының маңызы жағынан да,техникалық ақаулардан сүрінбей өту жағынан да, Кенжегүл Берішбайқызы жас мамандар үшін үлкен шеберлік сыныбын тарту етті,ал оқушылар үшін ерекше мәнді сабақ болды. 





1 сәуір 2024

Жалпы білім беретін мектептерде жалпы ата-аналар жиналысы

Ағымдағы жылдың 18-29 наурыз аралығында қаламыздың жалпы білім беретін мектептерде жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбиесіндегі мәселелер, білім алушылардың қауіпсіздігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша...

1 сәуір 2024

Қарағанды қаласында өткен робототехникадан халықаралық чемпионаттың екінші күнінде Фариза Оңғарсынова №29 жалпы білім беретін мектеп командасы II орын иеленді

Бүгінгі Қарағанды қаласында өткен робототехникадан халықаралық чемпионаттың екінші күнінде Фариза Оңғарсынова №29 жалпы білім беретін мектеп командасы II орын иеленді. Жеңіс құтты болсын!  ...

1 сәуір 2024

Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерінің ата-аналарына 1 сыныпқа қабылдауға қажетті құжаттар туралы ақпараттық бетшелер таратылды

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы жол картасына сәйкес, ағымдағы жылдың 27-28 наурыз күндері И.Сүйеубаев атындағы №8 мектептің мамандары “Толағай” және “Күншуақ” бөбекжайыларына барып, мектепалды даярлық...

1 сәуір 2024

КӨКТЕМГІ СЕНБІЛІК

...

1 сәуір 2024

ҚАЗАҚСТАНДА ПЕДАГОГТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ ЖҮЙЕСІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ

1 сәуірден бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық білім беру деректер қорында педагогтерді мектепке жұмысқа қабылдау бойынша жаңа модульді іске қосады. Бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы және конкурстық рәсімдерді ашық өткізуге бағытталған. Сондай-ақ педагогтерді...

30 наурыз 2024

Түрікменстан Республикасы Аркадаг қаласында математикадан халықаралық олимпиадасы

Оқушыларымыз жеңімпаз атанды!!! 2024 жылдың 25-30 наурыз аралығында Түрікменстан Республикасы Аркадаг қаласында математикадан халықаралық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға облысымыздан 4 оқушы қатысып, 2 оқушы жеңімпаз атанды. Атап айтсақ, “Білім-инновация” лицей-интернатының...

30 наурыз 2024

Робототехникадан халықаралық чемпионат

Бүгінгі Қарағанды қаласында өткен робототехникадан халықаралық чемпионаттан 11 лицей II орын иеленді. Жеңіс құтты болсын.  ...

29 наурыз 2024

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық балалар кино фестивалінің облыстық кезеңіні

Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні Ақтау қаласы, “Оқушылар сарайы” ғимаратында өткен «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық балалар кино фестивалінің облыстық кезеңінің қорытынды хаттамасы негізінде анықталған жеңімпаздар Маңғыстау облысының білім...

27 наурыз 2024

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары басшыларының аппараттық жиналысы

 26 наурыз күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары басшыларының аппараттық жиналыс өтті. Күн тәртібінде: Педагогтарды аттестаттаудан өткізу туралы; Білім беру ұйымдары объектілерін терризмге қарсы дайындығын күшейту туралы; 1...

22 наурыз 2024

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

...

21 наурыз 2024

Қазақстандағы Наурызнама онкүндігінің сегізінші күні - Ынтымақ күні.

...

21 наурыз 2024

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Аңымдаңы жылдың 19 наурыз күні Ақтау қаласы ПБ ЮПБ қызметкерлері №28 жалпы білім беретін мектеп базасында балалардың тәрбиесі жөнінде ата-аналар, мұғалімдермен кездесті. Полицейлер жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықты алдын алу бойынша балалардың үйдегі,...

20 наурыз 2024

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық балалар кино фестивалінің қалалық кезеңі

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 15.03.2024ж. күнгі №160 нқ бұйрығына сәйкес 2024 жылдың 19 наурыз күні «И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында өткізілген «Қазақстан балалары...

20 наурыз 2024

19 наурыз - Жаңару күні!!!

Тал егу акциясы – өте маңызды іс екені сөзсіз. Тал – бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретін белгі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экологиялық проблемаларға ерекше назар аударуды ұсынып, ағаш отырғызуға...

19 наурыз 2024

Наурызнама - Ұлы дала дәстүрлерін жаңғырту және қоғамды біріктіретін жаңа құндылықтарды қалыптастыру

...

19 наурыз 2024

«Ұлттық киім» күні

Республикалық наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңберінде 18 наурыз - «Ұлттық киім» күні болып белгіленді. Білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен білім алушылары ұлттық киімдерді ұлықтауда өз үлестерін қосуда  ...

18 наурыз 2024

Көктемгі сенбілік

Наурызнама - Ұлы дала дәстүрлерін жаңғырту және қоғамды біріктіретін жаңа құндылықтарды қалыптастыру. 16 наурыз күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің және Оқу- әдістемелік орталығының мамандары көктемгі сенбілікке шықты. 39 шағынаудан «Ержан хазірет» мешітінің...

17 наурыз 2024

Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінде Амал мерекесі тойлау

Ақтаудағы Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінде Амал мерекесі тойланды. Шарада ұстаздар мен оқушылар ән айтып, би биледі. Атап айтқанда, Ақниет Жүрсін «Тек алға», Эльмира Сансызбаева «Туған жер» әнін орындап, Арлан Мендуллаев «Балбырауын» күйін шертті. Ал Дени...

16 наурыз 2024

“QH Жаздық жолдама-2024”қайырымдылық жобасы

Ақтау қалалық білім бөлімі бойынша “№27 Өмірзақ жалпы білім беретін мектеп” КММ-де “Қазақстан халқына “қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында өткен “Қайрымдылық “күніне орай балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында “QH Жаздық жолдама-2024”қайырымдылық...

15 наурыз 2024

Педагогтер білімін бағалау және тәжірибені кешенді бағалау бойынша жиын өткізіп түсінік жұмыстарын жүргізу

13.03.2024 күні Ақтау қалалық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Махина Сандігул Муратовна педагогтер білімін бағалау және тәжірибені кешенді бағалау бойынша №13 гимназиясында жиын өткізіп түсінік жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында мұғалімдер тарапынан қойылған...

7 наурыз 2024

МАРАПАТТАУ

Кеңес соңында білім беру ұйымдарының директорлары мерекеге орай “Құрмет” грамотасымен, “Алғыс” хаттармен марапатталды.  ...

7 наурыз 2024

Математика және механика бойынша зерттеу жобаларының Халықаралық конкурсына қатысқан 2 оқушымыз Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ІІ дәрежелі дипломдары және күміс медальмен марапаттау

2024 жылдың 4-6 наурыз күндері Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының Халықаралық конкурсына қатысқан 2 оқушымыз Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту...

3 наурыз 2024

ТАҒАЙЫНДАУ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№6 жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына Нургалиева Гулмира Куандыковна тағайындалды. Білімі- Жоғары Бітірген оқу орны - Атырау қаласы, Досмухамбетов атындағы...

3 наурыз 2024

ТАҒАЙЫНДАУ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №23 «Ақмоншақ» бөбекжайын ЖБҚ мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына Озганбаева Камшат Туркменбаевна тағайындалды. Озганбаева Камшат Туркменбаевна 1980 жылы 25 қаңтарда дүниеге келген. Білімі жоғары,...

Соңғы хабарлар

567891011121314 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері