Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

16 наурыз 2020

Құрметті қала тұрғындары, ата-аналар!

Құрметті қала тұрғындары, ата-аналар!
Дүниежүзілік алаңдатып отырған төтенше жағдайға байланысты, адам өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында 16 наурыз бен 05 сәуір аралығында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Ақтау қаласы бойынша төтенше жағдайға байланысты арнайы штаб құрылып, тұрақты, үздіксіз және жедел түрде жұмыс жасауда.
Əлемде өршіп тұрған коронавирус дертіне қарсы қаламызда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қаламыздағы білім саласы қызметкерлерінің, оқушылар мен тәрбиеленушілердің өмір қауіпсіздігі үшін вирустың алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде қалалық білім бөліміне қарасты білім ұйымдары мен мектепке дейінгі мекемелердің санитарлық-гигиеналық жағдайлары талапқа сай күнделікті қатаң қадағаланып отыр. Әрбір білім беру ұйымдары және мектепке дейінгі мекемелер екі сағат сайын ғимараттарын залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметін жалғастыруда, дегенмен ата-аналар өз қалауымен балаларын үйде қалдыра алады. Мұндай жағдайда тәрбиеленушінің орны сақталады және ата-ананың жарнасы баланың келген күніне ауыстырылады.
Елімізде 16 наурыздан бастап оқушылардың көктемгі демалыс уақыты басталғаны белгілі. Қауіп өскен сайын балаларымыздың өмірі мен денсаулығына баса назар аудару керек. Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу, қолды залалсыздандыруға арналған антисептиктерді қолдану, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, науқас адамдармен байланыста болмау, суық тию белгілері пайда болған жағдайда тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен дереу кеңесу секілді алдын-ала сақтық шараларын ұстанған жөн.
Балаларды әлеуметтік желілер, ұялы телефондар арқылы жалған мәліметтерді көру және таратудан сақтандырып, бақылауда ұстауға тырысайық.
Отбасы байлығы бала болып саналатын болса, олардың өмірін келеңсіз жағдайлардан сақтау – Сіз бен біздің міндетіміз! Бүгінгі уақытша қиындықтарды тек қана ауызбіршілікпен және ынтымақ, бірлікпен еңсерейік!

Құрметпен,
Ақтау қалалық білім бөлімі басшысы Тулебаева Светлана Дюмбаевна

 





17 наурыз 2020

Достар! Каникул уақытында және карантин жағдайында Сізге төменде келтірілген білім беру ресурстары қажет болады

Достар! Каникул уақытында және карантин жағдайында Сізге төменде келтірілген білім беру ресурстары қажет болады ⤵️ БАРЛЫҒЫ ҮШІН: 1. «Coursera» — жаппай онлайн-білім беру саласындағы жоба. Компания ҚР Білім және ғылым министрлігіне ақпаратқа тегін қол жеткізу ұсынысымен...

16 наурыз 2020

Құрметті қала тұрғындары, ата-аналар!

Құрметті қала тұрғындары, ата-аналар! Дүниежүзілік алаңдатып отырған төтенше жағдайға байланысты, адам өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында 16 наурыз бен 05 сәуір...

12 наурыз 2020

КОРОНАВИРУСТАН ҚОРҒАНУДЫҢ ҚАНДАЙ ӘДІСТЕРІ БАР?

КОРОНАВИРУСТАН ҚОРҒАНУДЫҢ ҚАНДАЙ ӘДІСТЕРІ БАР?  ...

12 наурыз 2020

ШЕБЕРЛЕР ҚАЛАСЫ: АТА-БАБАМЫЗДЫҢ МҰРАСЫН САҚТАЙМЫЗ ЖӘНЕ ДАМЫТАМЫЗ

Балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету, қатысушыларға жарыс түрінде өз шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» тақырыбында қалалық көрме байқауы өтті.  

12 наурыз 2020

БАЛА ИДЕЯСЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ

Кез-келген елдің бірлігі мен өркендеуі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды сақтағанда ғана мығым болмақ. Баланың бойына мейірімділік, адамгершілік, әдептілік сынды қасиеттерді сіңіріп, туымызды жықпай, ұлан-байтақ жерімізді қорғайтын, Мәңгілік қазақ елінің перзенті - патриотты  

10 наурыз 2020

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА - ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ

Бүгін, оқушылардың шығармашылық әлеуетін қолдау және жүзеге асыру, оқушылардың кәсіби  бастамаларын және азаматтық сана-сезімін қалыптастыру мақсатында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. 

3 наурыз 2020

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қыс мезгілінде футбол ойынын, қолмен ойнайтын спорт түрін ойлап табу мақсатында Дат футболшылары 1898 жылы ойлап тапқан гандбол ойынын ойнауды қазіргі жастарымыз жалғастырып келеді.  

1 наурыз 2020

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Сіздерді еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтарындағы Жарлығымен бекітілген көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күнімен құттықтаймыз. 

28 ақпан 2020

«ІЗДЕДІМ СЕНІ» ҚОЙЫЛЫМЫ АЯСЫНДА

Қалалық білім бөліміне қарасты барлық білім ұйымдарындағы оқушылар арасында үйлесімді қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Тәрбиелі ұрпақ» жобасының «Отбасы» бағыты бойынша ІТ мектеп-лицейі ұжымы ағымдағы жылдың 27 ақпаны күні Н.Жантурин атындағы Маңғыстау  

28 ақпан 2020

АИТВ, ЖИТС - ТІҢ АЛДЫН АЛУ.

Дүние жүзі ЖИТС жайында алғаш рет білгеніне жиырма бес жылдан астам уақыт өтті. Жылдар өткен сайын індет барлық жерде таралып, оның зардаптары ойлағандағыдан да әлдеқайда ауыр болды.  

28 ақпан 2020

Әл-Фараби атындағы олимпиада

870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келген әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі - Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жылдығы 

24 ақпан 2020

«Математикалық регата» олимпиадасы

Математика - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.  

18 ақпан 2020

«Мектеп лигасы» аясында «Былғары доп» жарысы

Салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың дене белсенділігін дамыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында білім беру ұйымдарындағы 4-сынып оқушылары үшін (қыздар) «Мектеп лигасы» аясында «Былғары доп» жарысы өтті.

18 ақпан 2020

«Жалпы білім беру ұйымдарындағы ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларға инклюзивтік білім беру» тақырыбындағы семинар-кеңесі

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.  

14 ақпан 2020

«Мектеп лигасы» аясында "Былғары доп" жарысы

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.  

11 ақпан 2020

ҚОҒАМНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

Бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселесі барлық әлемді алаңдатып отырған аса өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлықпен күресу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қазіргі таңда саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдерге ортақ. 

10 ақпан 2020

Спорт-денсаулық кепілі.

Әрбір адамзат спортпен айналысуы керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады, денсаулығы жақсарады. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз.  

6 ақпан 2020

Мектеп лигасы

Ағымдағы жылдың 3 ақпаны күні "Мектеп лигасы" аясында 9-11 сынып оқушылары (ұлдар) арасында қалалық жарыс басталды. Жарыс С.Мұқашев атындағы 16 ом пен С.Қондыбай атындағы 22 о/м базасында өтуде, жарысқа 24 команда, 288 ойыншы қатысуда. 

2 ақпан 2020

Қала көлемінде өткен жылы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы есеП

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, қала әкімі Ғ.Ниязов ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні қала көлемінде өткен жылы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы есебін берді. Кездесу барысында тұрғындар қала тұрмысын жақсартуға қажетті ең маңызды мәселелер, өздерін  

31 қаңтар 2020

«Ақбозат» жас шахматшылар чемпионаты

Бүгін, ағымдағы жылдың 31 қаңтары күні №11 мамандандырылған физика – математикалық мектебі базасында қалалық білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының 4-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында «Ақбозат» жас шахматшылар чемпионаты басталды. 

30 қаңтар 2020

Мектеп Лигасы

Ағымдағы жылдың 27 - 29 қаңтары күндері өткен мектеп оқушылары (ұлдар) арасындағы "Мектеп Лигасы" бойынша қалалық (мектепаралық) волейбол жарысы өз мәресіне жетті. Н.Марабаев атындағы №7 мектеп лицейі мен №17 жалпы білім беру орта мектебі базасында өткізілген жарысқа 14 команда,  

22 қаңтар 2020

Мектеп Лигасы

Бүгін, ағымдағы жылдың 20 - қаңтары күні басталған мектеп оқушылары (қыздар) арасындағы "Мектеп Лигасы" бойынша қалалық (мектепаралық) волейбол жарысы өз мәресіне жетті. Н.Оңдасынов 

20 қаңтар 2020

"Абай жолы" романынан қойылымдар байқауы

қтау қаласының білім бөлімі мен білімді дамыту орталығының іс-шаралар жоспарымен бекітілген "Абай жолы" романынан қойылымдар байқауының қорытындысы 20 қаңтар күні №3 жалпы білім беру орта мектебінің базасында өткізілді. Қойылымда Абайдың балалық шағынан, жігіттік кезеңі, Абайдың  

18 қаңтар 2020

"Абай жолы" романынан қойылымдар байқауы

Бүгін Ақтау қаласының №3 жалпы білім беру орта мектебі базасында мектепаралық ұстаздар қауымы арасында "Абай жолы" романынан қойылымдар байқауы басталды. Байқаудың негізгі мақсаты: ұстаздардың шығармашылық қабілетін шыңдау, Ұлы Абай шығармаларының тілін көрерменге жеткізе  

Соңғы хабарлар

39404142434445 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері