Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті ұстаздар қауымы!

    Құрметті ұстаздар қауымы!

    Ардақты білім саласының ардагерлері!

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

     Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше болған. Оны Абай атамыз да «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп әдемі жеткізген.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың мәртебесін көтеріп, ілім мен ізгілікті алға қоятын ұстаздардың еңбегі қашан да бағалы екендігіне ерекше көңіл бөледі.

    Қазіргі жаһандану заманында білім саласы - елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала.

    Осы орайда шәкірттеріне білім нәрін сіңіріп, шығармашыл тұлға болып қалыптасуға жол ашатын мұғалімдер қауымына артылар жауапкершілік жүгі ауыр. Бүгін де қаламыздың ұстаздары білім саласына елеулі елес қосып жүргенін мақтанышпен айта аламын.

   Күні бүгін де бірнеше ұстаздарымыз, атап айтқанда:

   Қоразова Сәнімхан Бектұрғанқызы, IТ мектеп-лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

   Есқалиева Айман Тілеуқызы, №20 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

    Сатанбаева Ақтөре Қайсбайқызы, № 21 жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі;

    Жайлаубаева Күләш, ІТ мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі;

    Райымбердиева Алмажай Джумагалиевна, "Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің" директоры "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен,

     Дәулетқали Сәния Сақанқызы, №21 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

    Өтебаева Сабира Тохсейтқызы, №1 жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі  "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен;

    Қаржауова Жаңыл Каскулаковна, № 7 мектеп - лицейінің математика пәні мұғалімі;

    Хасанова Нұргүл Қаламғалиқызы, №10 жалпы білім беру орта мектебінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі  Маңғыстау облысы әкімінің Алғысымен;

    Төлеева Күлжан Тілегенқызы, № 1 жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

    Кульсариева Гульнара Орыновна, №61 "Сұлтан" бөбекжайы - "Мектепке дейінгі ұйымдардың үздік педагогы";

    Корганбаева Ардак Куанишовна, №19 мектеп - гимназиясы "Үздік әдістемені ұсынушы"

    Муканова Сатжан Жоламановна, №19 мектеп-гимназиясы "Ұлттық дәстүрді насихаттаушы" марапатқа ие болды.

   Қымбатты әріптестер!

   Баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздерге зор ден­саулық, шығармашылық жетістік, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

    Ізгі тілекпен, Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Бағдат Тұрғанбаева. 





14 сәуір 2020

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ АЯСЫНДАҒЫ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ САБАҚТАР

Қашықтан оқыту барысында оқушылар интернет желісінің түрлі платформаларын пайдаланып оқып жатырғаны белгілі. Сонымен қатар оқушылар «Балапан», «Еларна» телеарналарын пайдаланып кестеге сәйкес сабақтарды эфирден көруде. Республика көлемінде 1-11 сынып оқушылары үшін...

12 сәуір 2020

Педагогикалық шеберлік орталығының вебинарына қатысу

Ағымдағы жылдың 11-сәуірінде Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтау қаласындағы филиалының аға менеджерлері Қ.Қ.Тілеуов «Қашықтан оқытуда топтық жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында, А.А.Рысбекова «Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты жоспарлау ерекшеліктері мен...

7 сәуір 2020

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНЕН БІРЕР СӘТ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНЕН БІРЕР СӘТ Қалалық білім бөліміне қарасты қосымша білім беру ұйымдары да («Оқушы» орталығы, А.Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі) түрлі үйірме, спорттық секциялар, т.б. қашықтықтан оқытуда.  ...

7 сәуір 2020

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНЕН БІРЕР СӘТ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНЕН БІРЕР СӘТ Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты оқушыларымызды қашықтықтан оқыту жүзеге асырылуда. Интернет желісінің түрлі платформаларын пайдаланып оқушыларға жаңа материалдар түсіндіріліп, кері байланыс жасалуда.  ...

6 сәуір 2020

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ Бүгін, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты оқушылар төртінші тоқсанды қашықтықтан оқумен бастады. Ұстаздарымыз бен оқушыларымыз қашықтықтан оқытудың форматына бейімделіп, төртінші тоқсанның алғашқы күнінде...

2 сәуір 2020

CALL орталықтары

Құрметті ата-аналар!6 сәуірден бастап республика бойынша орта білім беретін мектептердегі IV тоқсанның сабақтары қашықтықтан оқытылады.Қазіргі кезде қашықтықтан оқыту барысында туындаған сұрақтар бойынша CALL орталықтары жұмыс жасайтындығын хабарлаймыз.Білім бөлімі,...

1 сәуір 2020

Құрметті облыс тұрғындары, қадірлі жерлестер!

Ағымдағы жылғы 6 сәуір күні еліміздің барлық мектеп оқушылары осы оқу жылының 4 тоқсанында қашықтықтан оқытылады. Оқушылар, электронды құрылғылар (компьютер, ноутбук, планшет немесе смартфон) көмегімен сабақтар өтеді. 

27 наурыз 2020

БІЗ БІРГЕМІЗ!

Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімдерінен құралған еріктілер тобы арнайы бетперделер тігіп, тұрғындарға тегін таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.#бізбіргеміз  ...

27 наурыз 2020

БІЗ БІРГЕМІЗ!

Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты Н.Марабаев атындағы №7 мектеп - лицейінің мұғалімдерінен құралған еріктілер тобы арнайы бетперделер тігіп, тұрғындарға тегін таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.#бізбіргеміз  ...

27 наурыз 2020

Ата-аналар назарына!

Құрметті қала тұрғындары, ата – аналар!Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары үшін ереже түрлерін назарларыңызға ұсынамыз.  ...

25 наурыз 2020

Ата-аналар назарына!

АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫ ЕЛІМІЗДЕ ЕНГІЗІЛГЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТҰРҒЫНДАРҒА ДЫБЫС ҰЛҒАЙТҚЫШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ АРҚЫЛЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ХАБАРЛАУДА. Құрметті қала тұрғындары, ата – аналар! Ел аумағында жасалып жатырған короновирус инфекциясының таралуына...

25 наурыз 2020

БІЗ БІРГЕМІЗ!

Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №2 жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімдерінен құралған еріктілер тобы арнайы бетперделер тігіп, тұрғындарға тегін таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.#бізбіргеміз  ...

25 наурыз 2020

Ата-аналар назарына!

Құрметті ата – аналар! Балалар үйде болғанда қазақтың тәрбиелік мәні зор ертегілерін тыңдатыңыздар. Қазақ радиосының Алтын қорындағы 230 - ға жуық ертегіні мына сілтеме арқылы тыңдай аласыздар. Ертегілерді кәсіби дикторлар оқыған. https://qazradio.fm/kz/programs/10060/   ...

25 наурыз 2020

Для родителей!

Дорогие родители! Всем уже известно что из соображений безопасности многие культурно массовые мероприятия отменяются. Однако вместе с тем, появилась возможность посещать многие музеи онлайн. Появилась так же возможность смотреть онлайн многие отменённые...

24 наурыз 2020

БІЗ БІРГЕМІЗ!

БІЗ БІРГЕМІЗ!Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының қызметкерлері қала тұрғындарына тегін медициналық маскалар тарату мақсатында маскалар тігуді жалғастыруда. Бүгін 300 дана медициналық маска дайындалды.#Бізбіргеміз  ...

24 наурыз 2020

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША (COVID-19) ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША (COVID-19) ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА ПАМЯТКА ДЛЯ НАСЕЛЕНИЯ ПО ВОПРОСАМ КОРОНАВИРУСНОЙ ИНФЕКЦИИ (COVID-19)   ...

21 наурыз 2020

БІЗ БІРГЕМІЗ!

БІЗ БІРГЕМІЗ!Ақтау қалалық білім бөлімінің қызметкерлері қала тұрғындарына 500 дана тегін медициналық маскалар таратты.  ...

21 наурыз 2020

БІЗ БІРГЕМІЗ!

БІЗ БІРГЕМІЗ!Ақтау қаласының ұстаздары қала тұрғындарына арнап медициналық маскалар тігуде.  ...

21 наурыз 2020

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ

Құрметті қала тұрғындары! Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақ халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын...

20 наурыз 2020

Қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда.

Қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда.  ...

20 наурыз 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУІ Қымбатты отандастар! Бүгінде бәріміз коронавирустың жаһандық пандемияға ұласқанына куә болып отырмыз. Қазір вирус жер шарындағы 155-тен астам мемлекеттің, соның...

19 наурыз 2020

АҚТАУ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Ақтау қаласы тұрғындарының назарына! Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 2020 жылдың 16 наурызынан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Ақтау қаласы әкімдігі жедел байланыс желісін іске қосты. Тұрғындар 33-67-00 нөміріне соғып барлық сұрақтарына...

19 наурыз 2020

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ ХАЛЫҚҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКАНЫ ТЕГІН ТАРАТАТЫН БОЛАДЫ.

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ ХАЛЫҚҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКАНЫ ТЕГІН ТАРАТАТЫН БОЛАДЫ.⠀ ⠀ ⠀ ⠀⠀ ⠀Дүние жүзін алаңдатып отырған коронавирус дертіне байланысты, адам өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет басшысының жарлығымен төтенше жағдайлар...

17 наурыз 2020

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!Дүние жүзін алаңдатып отырған коронавирус дертіне байланысты, адам өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында 16 наурыз бен 15...

Соңғы хабарлар

38394041424344 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері