Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

«Мұқағали оқулары» байқауы

«Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің....» - деп жырлаған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өлеңдерін  оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушылардың орындаушылық, сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу мақсатында «Мұқағали оқулары» байқауы ағымдағы жылдың 22 қаңтары күні сағат 09.30-да «№13 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында қалалық білім бөлімінің және қалалық білімді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес өткізілмек.  

  Байқауға сұранысты ағымдағы жылдың 21 қаңтарына дейін қалалық білімді дамыту орталығына түсіруі тиіс. Ақтау қаласына қарасты жалпы білім беретін орта мектептің 7-11 сынып оқушыларынан әр мектептен бір оқушы қатыса алады. Байқауға қатысушылар төмендегідей ережені ескеруі керек.

 -  «Айтып өткен ақында арман бар ма?» айдарында – оқушы Мұқағалидың өлеңдерінен өзі жатқа білетін өлеңдер тізбесін алдын-ала әділқазыларға ұсынады. Қазылар алқасының ұйғарымымен кез-келген  өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп жатқа оқиды. Егер әділқазылар сұраған өлеңін білмей қалса, жатқа айта алмай қалса, ұпайы кемиді.

-  «Көкірегімді жыр сәулесі мазалайды...» айдарында оқушы өз төл туындысын оқиды. Оның көркемдігі, ойлылығы, оқу мәнеріне, жатқа оқуына назар аударылады (5-10 балл).

-  «Жыр эстафетасы» айдарында үміткерлер «Алтай-Атырау», «Райымбек, Райымбек» поэмаларын жатқа толық білуі керек. Оқушылар жеребе бойынша таңдауына түскен поэманы жатқа айту арқылы өзара сынға түседі (5-10 ұпай).

«Жырлайды жүрек» айдарында берілген дайын ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді бір шумақ өлең туғызу. Ол ұтымды, жұрт көңілінен шығардай болғаны абзал (5-10 ұпай).

-   «Сыр сандықты ашып қара,

  Ашып қара, сырласым» айдарында үміткер сандықтан шығатын Мұқағали өлеңдерінің шумақтары бойынша оның тақырыптық мазмұнын ашады, көркем ой кестесімен тақырыпты дамытады. Мұнда шешендігі, ой жүйелілігі, ұтымды жауабы ескеріледі.(5-10 ұпай).

 -  «Мұқағали мұрасын кім көп біледі» - сұрақ-жауап ойыны. Бұл «Ғасыр көшбасшысы» ойынындағы «Жорға» ойыны секілді, 1 минутта 10 сұрақтың қаншасына жауап берді, әрі оның қаншасы дұрыс екендігі ескеріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай.

 -  «Ақын мұражайына менің үлесім...» бұл айдарда оқушының ақын шығармашылығына байланысты жеке қолынан жасаған суреттері, бұйымдары, кестелері, ақынның танылмаған қырын көрсететін жобалары, зерттеулері, ақын жайлы ел аузындағы естілмеген естеліктері ұсынылады, қорғалады. Үсынылғын жоба заттары ақын мұражайынан  арнайы  орынға  жыл сайын жинақталып отырады(5-10 ұпай).

Әр  айдарды  қорғауға  3  минут  беріледі.

 





2 қараша 2020

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсы

жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсы 9-11 сынып оқушылары арасында қалалық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып конкурстың келесі кезеңіне жолдама...

27 қазан 2020

Ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етіледі.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес: II тоқсаннан бастап оқушылар саны 300...

22 қыркүйек 2020

Ақтау қаласындағы мектептерге 1100 компьютер берілді.

Ақтау қаласындағы мектептерге 1100 компьютер берілді. Қаражат республикалық бюджет есебінен қарастырылған. Аталған техникалар аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға, көп балалы аналардың балаларына таратылып бастады. Мәселен, қаладағы №9 орта мектепке 90 компьютер...

22 қыркүйек 2020

Ақтау қаласындағы жалпы білім беру орта мектептеріне жергілікті бюджеттен 708 компьютер және республикалық бюджеттен 286 ноутбук, 296 компьютер берілді.

Жаңа оқу жылында Ақтау қаласындағы жалпы білім беру орта мектептеріне жергілікті бюджеттен 708 компьютер және республикалық бюджеттен 286 ноутбук, 296 компьютер берілді. Қашықтан оқыту кезінде оқушылар кедергісіз білім алуы үшін аталған техникалар аз қамтылған...

14 қыркүйек 2020

Ақтау қалалық білім бөлімінің қызметін ақпараттық қолдау бойынша 2020 жылдың қыркүйек - қазан айларына арналған медиа - жоспар

...

24 тамыз 2020

Жергілікті бюджет есебінен берілетін 170 білім беру гранты иегерлері анықталды

Құрметті талапкерлер! Жергілікті бюджет есебінен берілетін 170 білім беру гранты иегерлері анықталды  ...

10 шілде 2020

EGOV бойынша бірінші сыныпқа қабылдау және мектептер арасында ауысу

...

11 маусым 2020

ҰБТ - 2020

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін қажетті ҰБТ-ның шекті балы Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін: ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл, ал...

10 маусым 2020

ЕҢБЕКТЕН БОС БАЛАЛЫҚ ШАҚ

ЕҢБЕКТЕН БОС БАЛАЛЫҚ ШАҚАқтау қалалық білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес «Еңбектен бос балалық шақ» ұранымен 2020 жылдың 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілуде.Бала еңбегін пайдалану көп жағдайда жазғы...

10 маусым 2020

ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ КЕҢЕСІ

ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ КЕҢЕСІБүгін, ағымдағы жылдың 10-маусымында қалалық білім бөлімінің Кеңес мүшелерінің және білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен қалалық білім бөлімі кеңесі өткізілді.Кеңес күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралып, кеңес...

6 маусым 2020

ҰБТ 20 МАУСЫМ МЕН 5 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА ӨТЕДІ

ҰБТ 20 МАУСЫМ МЕН 5 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА ӨТЕДІ...

4 маусым 2020

BIRGEMIZ:ТҮЛЕК – 2020!

BIRGEMIZ:ТҮЛЕК – 2020!Бүгін екі күнге созылған жас түлектердің мектеп бітіру салтанаты өз мәресіне жетіп, 11 жыл бойы білім алған мектебінен 1762 түлек түлеп ұшты.Қаламыздың барлық білім беру ошақтарынан кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене...

3 маусым 2020

BIRGEMIZ:ТҮЛЕК – 2020!

BIRGEMIZ:ТҮЛЕК – 2020! Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты білім ұйымдары биылғы, 2019-2020 оқу жылын 43219 оқушымен қорытындылады. Олардың ішінде:...

28 мамыр 2020

1 маусым- Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шаралардың жоспары

Ақтау қаласындағы білім беру ұйымдарында 1 маусым- Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шаралардың жоспары  ...

14 мамыр 2020

Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу

Ақтау қалалық білім бөлімі «Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу» тақырыбындағы қашықтан өткізілген байқауға қатысқан қалалық білім бөліміне қарасты білім ұйымдарындағы ұстаздарымыздың жұмыстарын пайдалану үшін ұсынады.   ...

13 мамыр 2020

"ТАБИҒАТҚА САҒЫНЫШ" ҚАШЫҚТАН БАЙҚАУЫ

"ТАБИҒАТҚА САҒЫНЫШ" ҚАШЫҚТАН БАЙҚАУЫ Төтенше жағдай кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 27-сәуір – 7-мамыр аралығында «Біз біргеміз, біз үйдеміз, өнерліміз бәріміз!» ұранымен «МЕНІҢ ЖАНҰЯЛЫҚ ХОББИІМ» атты әртүрлі бағытта...

13 мамыр 2020

«МЕНІҢ АТАМ - МАЙДАНГЕР!» ҚАШЫҚТАН БАЙҚАУЫ

«МЕНІҢ АТАМ - МАЙДАНГЕР!» ҚАШЫҚТАН БАЙҚАУЫ Төтенше жағдай кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 27-сәуір – 7-мамыр аралығында «Біз біргеміз, біз үйдеміз, өнерліміз бәріміз!» ұранымен «МЕНІҢ ЖАНҰЯЛЫҚ ХОББИІМ» атты әртүрлі бағытта...

13 мамыр 2020

ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІМЕН БІРЛЕСЕ ОТЫРЫП, АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТУ ҚАШЫҚТАН БАЙҚАУЫ

ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІМЕН БІРЛЕСЕ ОТЫРЫП, АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТУ ҚАШЫҚТАН БАЙҚАУЫ Төтенше жағдай кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 27-сәуір – 7-мамыр аралығында «Біз біргеміз, біз үйдеміз, өнерліміз бәріміз!» ұранымен «МЕНІҢ...

13 мамыр 2020

«БІЗ БІРГЕМІЗ, БІЗ ҮЙДЕМІЗ!» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАНҰЯЛЫҚ ХОББИІН БЕЙНЕРОЛИККЕ ТҮСІРУ ҚАШЫҚТАН БАЙҚАУЫ

«БІЗ БІРГЕМІЗ, БІЗ ҮЙДЕМІЗ!» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАНҰЯЛЫҚ ХОББИІН БЕЙНЕРОЛИККЕ ТҮСІРУ ҚАШЫҚТАН БАЙҚАУЫ Төтенше жағдай кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 27-сәуір – 7-мамыр аралығында «Біз біргеміз, біз үйдеміз, өнерліміз бәріміз!»...

13 мамыр 2020

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ КЕЗЕКШІ ТОПТАР

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциялық  аурулардың алдын-алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» №36 қаулысының 7-1 тармағы, Маңғыстау...

30 сәуір 2020

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ

27 сәуір 2020

«Bilim Media Group» ЖШС бірлескен тренинг

«Bilim Media Group» ЖШС қаламыздың білім ұйымдарымен 5 жыл бойы бірлесіп жұмыс атқарып келеді. Қазіргі таңда https://bilimland.kz электронды оқыту платформасында 42 000 бейнесабақ, 220 000 жаттығу, 980 000 үй жұмысы мен тест тапсырмалары бар. Ұстаздарымыз жүйенің мүмкіндіктерін өз керегінше...

17 сәуір 2020

БІЗ БІРГЕМІЗ!

Елімізде уақытша орын алған төтенше жағдайға байланысты басталған қашықтан оқытудың екінші аптасы да артта қалды. Ұстаз, оқушы, ата-аналар бұл жүйеге де біршама үйренді десек болады.Әрине, оқушының алдында тұрып сабақ бергенмен қашықтан оқытқан екі бөлек дүние екені...

17 сәуір 2020

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНЫҢ ХАТТАМАСЫ

...

Соңғы хабарлар

37383940414243 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері