Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

ТАҒАЙЫНДАУ

Тағайындау

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№29 бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына Крымова Рита Илесовна тағайындалды.

Крымова Рита Илесовна 1974 жылы 4 қыркүйек күні дүниеге келген.

Білімі жоғары, Алматы қаласы, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық институтын (1992-1996 жж.) «педагог-психолог», тәрбиеші мамандығы бойынша , Тараз облысы «Тараз инновациялық-гуманитарлық» университетін (2008-2010 жж.) «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996-1997 жылдары «Балалар үйі» мемлекеттік мекемесінде психолог қызметінен бастаған.

1998-2002 жж. Орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2006-2010 жж. Тараз қаласы «№9 балабақшасы» педагог-психолог;

2010-2011 жж. Ақтау қаласы «Казпочта» АҚ есепші;

2011-2012 жж. Ақтау қаласы білім бөлімінің «№42 балабақша» ЖБҚ МКҚК тәрбиеші;

2012-2014 жж. Мектеп-лицей директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

2014-2022 жылдар аралығында Мұнайлы ауданы, №5 «Балбөбек» балабақшасында директор қызметін атқарған.

2014 жылы «Бота» қоғамдық қорының әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдауға ұйымдастырылған бағдарламасына қосқан үлесі үшін «Алғыс хаты»;

2016 жылы «Қазақстан салалық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі қарсаңында «Құрмет грамотасы»;

2016 жылы «МДҰ инновациялық оқу іс-әрекетін ұйымдастыру моделі» тақырыбындағы жоба жұмысын үздік қорғағаны үшін «Грамота»;

2016 жылы Облыстық семинар «Мектепке дейінгі білім беруді жетілдіруге бағытталған «Бірге өсеміз» Сертификат;

2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне білім беру жүйесіндегі жеткен жетістігі үшін «Алғыс»;

2017 жылы Білім айнасы Республикалық ғылыми-танымдық газеті мен bilimainasy.kz сайтының шығармашылық үрдісіне атсалысқаны үшін «Алғыс»;

2017 жылы ҚР Астана қаласы «AGZHAN» ғылыми - білім беру орталығы №170340028688 «Мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» Сертификат;

2017 жылы Білім айнасы «Педагогтың шығармашылық дағдыларын дамыту» №05195;

2017 жылы Мұнайлы ауданы білім бөлімінің «Алғыс хаты»;

2018 жылы Мұнайлы ауданы әкімдігі «Алғыс хаты»;

2018 жылы Трудовое законодательство РК Сертификат

2019 жылы Маңғыстау облысы Білім басқармасының «Құрмет грамотасы»;

2019 жылы Маңғыстау облысының Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының алғыс хаты;

2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Құрмет» грамотасы;

2020 жылы «Рай» әлеуметтік шұғыл көмек көрсету орталығы Сертификат;

2021 жылы «Өзін-өзі тану» рухани білім беру Сертификат;

2021 жылы «INDIGO» центр цифровой трансформации Сертификат;

2021 жылы Аудандық НұрОтан партия алғысы;

2021 жылы Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі ІІІ орын 





14 желтоқсан 2020

Кері байланыс марафоны

   Ақтау қаласының білімді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 7-11 желтоқсан аралығында біліктілікті арттыру курстарынан өткен мұғалімдердің іс-тәжірибесімен, жаңа идеяларымен, әдіс-тәсілдерімен және нәтижелерімен бөлісу мақсатында «Кері байланыс марафоны»...

11 желтоқсан 2020

ДӘРІГЕР – ПЕДИАТР МАМАНДАРМЕН ОНЛАЙН ДӘРІСТЕР

Балалар арасында жиі кездесетін асқазан, анемия, көз ауруларының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 7-15 желтоқсан аралығында дәрігер – педиатр мамандармен онлайн дәрістер өтуде. Онлайн дәрістерді Ақтау қалалық №1 емханасының, Ақтау қалалық №2 емханасының, «Сенім»...

10 желтоқсан 2020

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КОНКУРСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

Әбу-Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығы аясында, балалардың ғылыми-зерттеу қызығушылығын арттыру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында Әл-Фараби атындағы ғылыми конкурсының республикалық кезеңіне Ақтау қаласынан 4 оқушы қатысып, жүлделі орынға ие болды: «Информатика»...

10 желтоқсан 2020

М.ӘБДІЛДИН АТЫНДАҒЫ «АДАМ, ЖЕР, ҒАЛАМ» ТУРНИРІ

М.ӘБДІЛДИН АТЫНДАҒЫ «АДАМ, ЖЕР, ҒАЛАМ» ТУРНИРІ М.Әбділдин атындағы «Адам, Жер, Ғалам» Республикалық турнирінің облыстық кезеңінде С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының командасы І орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Турнирдің...

10 желтоқсан 2020

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ

9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының» облыстық кезеңінен оқушыларымыз жүлделі оралды. Жеңімпаз оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз: «Тіл білімі (қазақ тілі)» секциясы бойынша...

9 желтоқсан 2020

III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ Мектеп оқушылары арасында өткізілген III Халықаралық шахмат турнирінің облыстық кезеңіне қалалық білім бөліміне қарасты білім ұйымдарындағы оқушылар қатысып жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаз оқушыларымызды...

8 желтоқсан 2020

«МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА САНАЛЫ ТӘРБИЕ МЕН САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ АТА-АНАЛАР БЕЛСЕНДІЛІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ВЕБИНАР

Ағымдағы жылдың 7-желтоқсанында №46 «Балбұлақ» балабақшасында ата-аналарға психологиялық-педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізу, ата-аналармен педагогтер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, қоғамның негізгі құндылығы ретінде отбасына деген көзқарасты арттыру...

8 желтоқсан 2020

«Үздік балабақша-2020» қалалық сырттай байқауы

    Ақтау қалалық білімді дамыту орталығында  «Үздік балабақша-2020» қалалық сырттай байқауы өткізілді. «Үздік балабақша-2020» байқауында жүлделі орындарға ие болған төмендегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, қалалық білім бөлімінің дипломларымен марапатталды: Бас...

30 қараша 2020

ҚАҢТАР АЙЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ

...

30 қараша 2020

2021 ЖЫЛЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ФОРМАТТЫ ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

...

22 қараша 2020

“Кітап - рухани азық” атты онлайн байқауы

Ақтауда алғаш рет! Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен жастардың отансүйгіштігін арттыру, кітап оқу дәстүрін насихаттау және сөз құдіреті арқылы мемлекеттік тілді дамыту мақсатында әр екі ай сайын “Кітап - рухани азық” атты онлайн байқауын жариялайды. Байқау жас...

20 қараша 2020

«Бақытты отбасы» жобасы

Ағымдағы жылдың 19-қарашасында «Бақытты отбасы» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Ақтау қалалық білім бөлімінің бас маманы Ж.Агманова қатысты. Басқосуда балалар құқығын қорғау саласындағы баяндамалар мен есептер тыңдалып, өзекті мәселелер...

20 қараша 2020

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАЛАЛАР КҮНІ

Жыл сайын 20 қараша күні барша әлем Дүниежүзілік балалар күнін атап өтеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 15 халықаралық құжат ратификацияланды және олардың алғашқысы Бала құқықтары  туралы Конвенция болды. Елімізде 6 млн. 330 мың 18 жасқа дейінгі бала бар. ...

18 қараша 2020

ҮЗДІК ӘДІСКЕР

Үздік әдіскер Бүгін, 18-қараша күні қосымша білім беру ұйымдарының әдіскерлері арасында «Үздік әдіскер» облыстық байқауы қашықтан өткізілді. Шығармашылықпен шұғылданатын әдіскерлердің үздік әдістемелік тәжірибесін анықтау және тарату, педагог қызметкерлердің...

18 қараша 2020

«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы іске асырылады

Халықаралық сарапшылардың айтуынша, жетістіктерге қол жеткізіп, бәсекеге қабілетті әрі қазіргі қоғамда өзара байланыс орната білетін тұлға болып қалыптасу үшін кітап оқуға деген құштарлықтың әсері мол. Кітап оқу сауаттылығы деңгейін анықтау мақсатында әлемнің...

17 қараша 2020

« ENGLISH FOR SUCCESS» ЖОБАСЫ

« ENGLISH FOR SUCCESS» ЖОБАСЫ «English for Success» жобасы Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында ағылшын тілі және жаратылыстану – математика бағыты пәндерінің мұғалімдеріне арналған ірі жобалардың бірі болатын. Жобаны British Council Ұлыбританияның Лестер Университетінің...

16 қараша 2020

«ЖАҢАШЫЛ БАСШЫ – 2020» БАЙҚАУЫ

«ЖАҢАШЫЛ БАСШЫ – 2020» БАЙҚАУЫ Мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы шығармашыл басшыларды анықтау, оның менеджерлік құзыреттілігін, басқарушылық стилін, ұйымдастырушылық қабілетін жетілдіру, қоғамдағы әлеуметтік беделін қалыптастыру...

16 қараша 2020

"КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР АЛАҢЫ" БАЙҚАУЫ

"КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР АЛАҢЫ" БАЙҚАУЫ Білім беру ұйымдарының жас мамандары арасында "Көңілді тапқырлар алаңы" байқауы болып өтті. Педагог кәсібінің мәртебесін көтеру, талантты жас мамандардың білім беру сапасын көтерудің өзекті мәселелерін шешудегі инновациялық...

11 қараша 2020

Меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызмет жеткізушілердің тізбесіне енгізу, мемлекеттік білім беру тапсырысы бұрын орналастырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қосымша орындар орналастыру

...

4 қараша 2020

Әліппе

А.Байтұрсынұлы балаларды әріптермен таныстырмас бұрын, дыбыспен жаттықтырған. Себебі мектеп табалдырығын енді аттаған балалар сөйлей біледі, бірақ сөздің дыбыстан тұратынын және дыбыстың тізілімін білмейді. Дыбысты білмей тұрып, әріп тану, яғни оқу жазуға үйрену қиын....

4 қараша 2020

Әліппе

«Әліппе» - қазақ қоғамында ерекше қастерлі ұғымға айналған пән. Сондықтан оның қайтып оралуы бүгінгі ұлттық рухымызды көтерудегі маңызды оқиғаға айналып отыр. Бірақ ол дегеніңіз бұрынғы «Әліппені» сол күйінде қайта енгізе салу деген сөз емес. Қазір заман өзгерді, соған...

4 қараша 2020

«Әліппенің» бағдарламасы

«Әліппенің» бағдарламасы бірнеше мәрте талқыланып, әртүрлі сала бойынша мамандардың ой елегінен өткізіліп, пысықталды. ⠀  А.Байтұрсынұлының тағы бір негізгі принципі жеңілден-ауырға, қарапайымнан-күрделіге қарай, тілді үйреткен кезде ең алдымен дыбыстауға...

2 қараша 2020

Өзіңізді және жақындарыңызды дерттен сақтаңыз!

...

2 қараша 2020

Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз...

...

Соңғы хабарлар

36373839404142 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері