Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Мұхтар Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектепте жазушының бюстісі мен музейі ашылды.

Мұхтар Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектепте жазушының бюстісі мен музейі ашылды.

«Саралапты салмақ ой, сөз асылын ағытып,

Айта алған жоқ әлі ешкім, Мұхтарынан асырып

Өзегінің нәрі алтын, өсиетті сөзіне

Төрткүл дүние, күллі әлем, отыр бүгін бас иіп» - дегендей, күллі адамзатқа «Абай жолы» роман-эпопеясымен танылған Мұхтар Омарханұлы болса, Абай өмірін суреттей отырып, қазақи болмысты паш еткен Абай жолының да алар орны ерекше.

1989 жылы пайдалануға берілген мектеп ғимараты, бүгінде мыңдаған түлектерді ұшырған, сан шәкіртті білім нәрімен сусындатқан білім ордасы, яғни №20 Мұхтар Әуезов атын еншілеген- қасиетті қара шаңырақ. Биылғы оқу жылы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай мектебімізде заңғар жазушы, ұлы тұлға М. Әуезовке арналған ескерткіш-бюст және музей бөлмесі ашылды. Осындай игі бастамалар аясында ұйымдастырылған салтанатты шараға ұстаз-ардагерлер, қаланың ардақты азаматтары, білім саласына еңбегі сіңген бірнеше жыл сол мектептің өркендеуіне үлес қосқан бұрыңғы мектеп басшылары, ұстаздары, музейдің ашылуына үлес қосқан азаматтар мен облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Мамаева қатысты. Келген қонақтар ішкі жылы лебіздерін білдіріп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Ақтау қаласының құрметті ардагері Іңірбайұлы Есберген Мұхтар Әуезовке арналған кеуде мүсінді (бюст) ашу рәсімін жасаса, бұрыңғы мектеп директоры Керім Жолдыбайұлы музей кабинетінің лентасын қиып, алдағы мүмкіншіліктерге бастау алар жолды сілтеді. Әлем әдебиетінің алыбы, көркемсөз кемеңгері Мұхтар Омарханұлының музейі бөлмесіне саяхатты 11 сыныптың үздік оқушылары: Утеева Ақниет пен Құдабаева Салтанат жүргізді.

Мереке барысында «Көңілашар», «Сарыарқа», «Жеңіс» күйлері ойналып жатты.

Музейден шыққан қонақтар легі дәлізде көрсетілген қойылым мен оқушылар дайындаған Абай әндерінен хорды тыңдап, акт залға бет алды.

Осыдан дәл 105 жыл бұрын, яғни 1917 жылы 21 жастағы Мұхтар Әуезов ең алғашқы драмалық шығармасы «Еңлік–Кебек» пьесасын Абай ауылында сахналаған болатын. Аталған пьесадан үзінді тамашаланды. XІX ғасырдың асқар белі -Абай болса, XX ғасырдың Заңғар биігі - Мұхтар Әуезов екенін ескеріп, Мұхтар шығармаларының өзекті жерлерінен образды айқындайтын, қазақи намыс пен ұяңдықты дәріптейтін жазушы шығармаларынан көріністер кезең-кезеңімен көрсетіліп жатты.

Шара соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Раушан Абилованың сөзіне жазылған, «Алға, мектебім!» гимні орындалды.

Абай ілімін дәріптейтін қарашаңырақтың тұғыры мықты болғай! 





14 желтоқсан 2020

Кері байланыс марафоны

   Ақтау қаласының білімді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 7-11 желтоқсан аралығында біліктілікті арттыру курстарынан өткен мұғалімдердің іс-тәжірибесімен, жаңа идеяларымен, әдіс-тәсілдерімен және нәтижелерімен бөлісу мақсатында «Кері байланыс марафоны»...

11 желтоқсан 2020

ДӘРІГЕР – ПЕДИАТР МАМАНДАРМЕН ОНЛАЙН ДӘРІСТЕР

Балалар арасында жиі кездесетін асқазан, анемия, көз ауруларының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 7-15 желтоқсан аралығында дәрігер – педиатр мамандармен онлайн дәрістер өтуде. Онлайн дәрістерді Ақтау қалалық №1 емханасының, Ақтау қалалық №2 емханасының, «Сенім»...

10 желтоқсан 2020

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КОНКУРСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

Әбу-Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығы аясында, балалардың ғылыми-зерттеу қызығушылығын арттыру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында Әл-Фараби атындағы ғылыми конкурсының республикалық кезеңіне Ақтау қаласынан 4 оқушы қатысып, жүлделі орынға ие болды: «Информатика»...

10 желтоқсан 2020

М.ӘБДІЛДИН АТЫНДАҒЫ «АДАМ, ЖЕР, ҒАЛАМ» ТУРНИРІ

М.ӘБДІЛДИН АТЫНДАҒЫ «АДАМ, ЖЕР, ҒАЛАМ» ТУРНИРІ М.Әбділдин атындағы «Адам, Жер, Ғалам» Республикалық турнирінің облыстық кезеңінде С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының командасы І орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Турнирдің...

10 желтоқсан 2020

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ

9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының» облыстық кезеңінен оқушыларымыз жүлделі оралды. Жеңімпаз оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз: «Тіл білімі (қазақ тілі)» секциясы бойынша...

9 желтоқсан 2020

III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ Мектеп оқушылары арасында өткізілген III Халықаралық шахмат турнирінің облыстық кезеңіне қалалық білім бөліміне қарасты білім ұйымдарындағы оқушылар қатысып жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаз оқушыларымызды...

8 желтоқсан 2020

«МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА САНАЛЫ ТӘРБИЕ МЕН САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ АТА-АНАЛАР БЕЛСЕНДІЛІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ВЕБИНАР

Ағымдағы жылдың 7-желтоқсанында №46 «Балбұлақ» балабақшасында ата-аналарға психологиялық-педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізу, ата-аналармен педагогтер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, қоғамның негізгі құндылығы ретінде отбасына деген көзқарасты арттыру...

8 желтоқсан 2020

«Үздік балабақша-2020» қалалық сырттай байқауы

    Ақтау қалалық білімді дамыту орталығында  «Үздік балабақша-2020» қалалық сырттай байқауы өткізілді. «Үздік балабақша-2020» байқауында жүлделі орындарға ие болған төмендегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, қалалық білім бөлімінің дипломларымен марапатталды: Бас...

30 қараша 2020

ҚАҢТАР АЙЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ

...

30 қараша 2020

2021 ЖЫЛЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ФОРМАТТЫ ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

...

22 қараша 2020

“Кітап - рухани азық” атты онлайн байқауы

Ақтауда алғаш рет! Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен жастардың отансүйгіштігін арттыру, кітап оқу дәстүрін насихаттау және сөз құдіреті арқылы мемлекеттік тілді дамыту мақсатында әр екі ай сайын “Кітап - рухани азық” атты онлайн байқауын жариялайды. Байқау жас...

20 қараша 2020

«Бақытты отбасы» жобасы

Ағымдағы жылдың 19-қарашасында «Бақытты отбасы» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Ақтау қалалық білім бөлімінің бас маманы Ж.Агманова қатысты. Басқосуда балалар құқығын қорғау саласындағы баяндамалар мен есептер тыңдалып, өзекті мәселелер...

20 қараша 2020

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАЛАЛАР КҮНІ

Жыл сайын 20 қараша күні барша әлем Дүниежүзілік балалар күнін атап өтеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 15 халықаралық құжат ратификацияланды және олардың алғашқысы Бала құқықтары  туралы Конвенция болды. Елімізде 6 млн. 330 мың 18 жасқа дейінгі бала бар. ...

18 қараша 2020

ҮЗДІК ӘДІСКЕР

Үздік әдіскер Бүгін, 18-қараша күні қосымша білім беру ұйымдарының әдіскерлері арасында «Үздік әдіскер» облыстық байқауы қашықтан өткізілді. Шығармашылықпен шұғылданатын әдіскерлердің үздік әдістемелік тәжірибесін анықтау және тарату, педагог қызметкерлердің...

18 қараша 2020

«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы іске асырылады

Халықаралық сарапшылардың айтуынша, жетістіктерге қол жеткізіп, бәсекеге қабілетті әрі қазіргі қоғамда өзара байланыс орната білетін тұлға болып қалыптасу үшін кітап оқуға деген құштарлықтың әсері мол. Кітап оқу сауаттылығы деңгейін анықтау мақсатында әлемнің...

17 қараша 2020

« ENGLISH FOR SUCCESS» ЖОБАСЫ

« ENGLISH FOR SUCCESS» ЖОБАСЫ «English for Success» жобасы Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында ағылшын тілі және жаратылыстану – математика бағыты пәндерінің мұғалімдеріне арналған ірі жобалардың бірі болатын. Жобаны British Council Ұлыбританияның Лестер Университетінің...

16 қараша 2020

«ЖАҢАШЫЛ БАСШЫ – 2020» БАЙҚАУЫ

«ЖАҢАШЫЛ БАСШЫ – 2020» БАЙҚАУЫ Мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы шығармашыл басшыларды анықтау, оның менеджерлік құзыреттілігін, басқарушылық стилін, ұйымдастырушылық қабілетін жетілдіру, қоғамдағы әлеуметтік беделін қалыптастыру...

16 қараша 2020

"КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР АЛАҢЫ" БАЙҚАУЫ

"КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР АЛАҢЫ" БАЙҚАУЫ Білім беру ұйымдарының жас мамандары арасында "Көңілді тапқырлар алаңы" байқауы болып өтті. Педагог кәсібінің мәртебесін көтеру, талантты жас мамандардың білім беру сапасын көтерудің өзекті мәселелерін шешудегі инновациялық...

11 қараша 2020

Меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызмет жеткізушілердің тізбесіне енгізу, мемлекеттік білім беру тапсырысы бұрын орналастырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қосымша орындар орналастыру

...

4 қараша 2020

Әліппе

А.Байтұрсынұлы балаларды әріптермен таныстырмас бұрын, дыбыспен жаттықтырған. Себебі мектеп табалдырығын енді аттаған балалар сөйлей біледі, бірақ сөздің дыбыстан тұратынын және дыбыстың тізілімін білмейді. Дыбысты білмей тұрып, әріп тану, яғни оқу жазуға үйрену қиын....

4 қараша 2020

Әліппе

«Әліппе» - қазақ қоғамында ерекше қастерлі ұғымға айналған пән. Сондықтан оның қайтып оралуы бүгінгі ұлттық рухымызды көтерудегі маңызды оқиғаға айналып отыр. Бірақ ол дегеніңіз бұрынғы «Әліппені» сол күйінде қайта енгізе салу деген сөз емес. Қазір заман өзгерді, соған...

4 қараша 2020

«Әліппенің» бағдарламасы

«Әліппенің» бағдарламасы бірнеше мәрте талқыланып, әртүрлі сала бойынша мамандардың ой елегінен өткізіліп, пысықталды. ⠀  А.Байтұрсынұлының тағы бір негізгі принципі жеңілден-ауырға, қарапайымнан-күрделіге қарай, тілді үйреткен кезде ең алдымен дыбыстауға...

2 қараша 2020

Өзіңізді және жақындарыңызды дерттен сақтаңыз!

...

2 қараша 2020

Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз...

...

Соңғы хабарлар

36373839404142 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері