Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

«Мұқағали оқулары» байқауы

«Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің....» - деп жырлаған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өлеңдерін  оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушылардың орындаушылық, сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу мақсатында «Мұқағали оқулары» байқауы ағымдағы жылдың 22 қаңтары күні сағат 09.30-да «№13 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында қалалық білім бөлімінің және қалалық білімді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес өткізілмек.  

  Байқауға сұранысты ағымдағы жылдың 21 қаңтарына дейін қалалық білімді дамыту орталығына түсіруі тиіс. Ақтау қаласына қарасты жалпы білім беретін орта мектептің 7-11 сынып оқушыларынан әр мектептен бір оқушы қатыса алады. Байқауға қатысушылар төмендегідей ережені ескеруі керек.

 -  «Айтып өткен ақында арман бар ма?» айдарында – оқушы Мұқағалидың өлеңдерінен өзі жатқа білетін өлеңдер тізбесін алдын-ала әділқазыларға ұсынады. Қазылар алқасының ұйғарымымен кез-келген  өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп жатқа оқиды. Егер әділқазылар сұраған өлеңін білмей қалса, жатқа айта алмай қалса, ұпайы кемиді.

-  «Көкірегімді жыр сәулесі мазалайды...» айдарында оқушы өз төл туындысын оқиды. Оның көркемдігі, ойлылығы, оқу мәнеріне, жатқа оқуына назар аударылады (5-10 балл).

-  «Жыр эстафетасы» айдарында үміткерлер «Алтай-Атырау», «Райымбек, Райымбек» поэмаларын жатқа толық білуі керек. Оқушылар жеребе бойынша таңдауына түскен поэманы жатқа айту арқылы өзара сынға түседі (5-10 ұпай).

«Жырлайды жүрек» айдарында берілген дайын ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді бір шумақ өлең туғызу. Ол ұтымды, жұрт көңілінен шығардай болғаны абзал (5-10 ұпай).

-   «Сыр сандықты ашып қара,

  Ашып қара, сырласым» айдарында үміткер сандықтан шығатын Мұқағали өлеңдерінің шумақтары бойынша оның тақырыптық мазмұнын ашады, көркем ой кестесімен тақырыпты дамытады. Мұнда шешендігі, ой жүйелілігі, ұтымды жауабы ескеріледі.(5-10 ұпай).

 -  «Мұқағали мұрасын кім көп біледі» - сұрақ-жауап ойыны. Бұл «Ғасыр көшбасшысы» ойынындағы «Жорға» ойыны секілді, 1 минутта 10 сұрақтың қаншасына жауап берді, әрі оның қаншасы дұрыс екендігі ескеріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай.

 -  «Ақын мұражайына менің үлесім...» бұл айдарда оқушының ақын шығармашылығына байланысты жеке қолынан жасаған суреттері, бұйымдары, кестелері, ақынның танылмаған қырын көрсететін жобалары, зерттеулері, ақын жайлы ел аузындағы естілмеген естеліктері ұсынылады, қорғалады. Үсынылғын жоба заттары ақын мұражайынан  арнайы  орынға  жыл сайын жинақталып отырады(5-10 ұпай).

Әр  айдарды  қорғауға  3  минут  беріледі.

 





28 қаңтар 2021

МҰРАЖАЙ - ЖӘДІГЕРЛЕР МЕКЕНІ.

МҰРАЖАЙ - ЖӘДІГЕРЛЕР МЕКЕНІ. Тәуелсіздіктің 30-жылдығы аясында қалалық білім ұйымдарының оқушылары "Еңбек даңқы" мұражайына саяхат жасады. Мұражай 1984 жылы ашылған және тек 11 жылдан кейін оны алғаш рет жұртшылық өкілдері тамашалады. Мұражай болған уран өндірісі...

27 қаңтар 2021

Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшы орынбасарларын аттестаттау

Бүгін, 27 қаңтар күні Ақтау қаласындағы білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары үшін «Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшы орынбасарларын аттестаттау» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинар барысында «Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшы...

27 қаңтар 2021

АҚТАУДА БУЫНСЫЗ БАЛА ТҰРАДЫ

Ел ішінде қайталанбас, ерекше қабілеті бар баланың бірі - Азамат Нұрқожа. 13 жастағы өнерпазды "пластилин-бала" деп те атайды. Бұл туралы Ақтау қалалық әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Азамат балқыған темірдей кез-келген қалыпқа оңай түсіп, түрлі бағытта бүгіле алады....

26 қаңтар 2021

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ СЕМИНАР - КЕҢЕС

Бүгін, ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып, білім саласы бойынша білім беру ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында семинар -...

25 қаңтар 2021

«Ілияс оқулары» мен «Мұқағали оқулары» байқауларының қалалық кезеңі

  «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады...» - деп Абай атамыз айтқандай, жалпы білім беру орта мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін шыңдау, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев пен қазақ поэзиясының «Құлагері» Ілияс...

21 қаңтар 2021

«Мейірімділік жасауға асығыңыз» байқауы

«Мейірімділік  жасауға  асығыңыз» байқауы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 20 қаңтарында «Мейірімділік  жасауға  асығыңыз» байқауы  өткізілді. Байқау  қорытындысы  бойынша жеңімпаздар анықталып, білім...

15 қаңтар 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі http://www.akorda.kz/.../memleket-basshysy-kasym-zhomart...  ...

15 қаңтар 2021

Мемлекет басшысы Заңға қол қойып, білім беру мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Мемлекет басшысы Заңға қол қойып, білім беру мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қабылданған Заңдағы маңызды нормалардың бірі – балаларға қосымша білім беру үшін мемлекеттік тапсырыс институтын енгізу. Балабақшалар, мектептер...

12 қаңтар 2021

Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беру мектептерінде 2020 жылғы 31 желтоқсан мен 2021 жылғы 10 қаңтар аралығындағы “Қазақстан балалары - қысқы ғажайып!” қысқы демалыс аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

1.1-11 сынып оқушылары үшін Жаңа жыл мейрамына орай «2021 жыл – сиыр жылы. Қауіпсіздік негіздері» атты бірыңғай мерекелік сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарына 37302 оқушы қатысты. Келер 2021 жылдың жақсылығын, жаңалығын тілге тиек етіп, оқушылар қыс қызығын, жаңа жылдан...

11 қаңтар 2021

Ақтау қаласының білім беру ұйымдары ІІІ тоқсанды 1, 2, 3, 4, 5, 9, 11 сыныптар үшін 1785 кезекші сыныппен, барлығы 23734 оқушымен бастады.

Ақтау қаласының білім беру ұйымдары ІІІ тоқсанды 1, 2, 3, 4, 5, 9, 11 сыныптар үшін 1785 кезекші сыныппен, барлығы 23734 оқушымен бастады. 9, 11 сыныптар аралас форматта оқытылуда. 9, 11 сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия,...

8 қаңтар 2021

МАҢҒЫСТАУДА ІІІ ТОҚСАННАН БАСТАП МЕКТЕПТЕРДЕ 1, 2, 3, 4, 5, 9, 11 СЫНЫПТАР ҮШІН КЕЗЕКШІ СЫНЫПТАР АШЫЛАДЫ.

МАҢҒЫСТАУДА ІІІ ТОҚСАННАН БАСТАП МЕКТЕПТЕРДЕ 1, 2, 3, 4, 5, 9, 11 СЫНЫПТАР ҮШІН КЕЗЕКШІ СЫНЫПТАР АШЫЛАДЫ. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Г.Мамаева...

29 желтоқсан 2020

Білім бөлімінің кезекті Алқа отырысы өтті

Білім бөлімінің кезекті Алқа отырысы өтті ✅Бүгін, 29.12.2020ж күні қалалық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, онлайн форматта Ақтау қалалық мәслихат хатшысы С. Зәкеновтың, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Превенция және...

29 желтоқсан 2020

Жаңа жыл қарсаңындағы қайырымдылық шарасы

Жаңа жыл қарсаңындағы қайырымдылық шарасын Ақтау қалалық білім бөлімі сабақтады. "Біз қоғамның әр мүшесіне қамқор бола білуіміз керек" деген мақсатпен, биылғы 2020 жылдың соңын Ақтау қалалық білім бөлімі "30 жылға - 30 игі іс" ақциясымен аяқтады. Акцияда 30 әлеуметтік...

25 желтоқсан 2020

Білім мазмұнын жаңарту. Суммативті және формативті бағалау.

Бүгін, ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында, озық іс – тәжірибені насихаттау мақсатында «Білім мазмұнын жаңарту. Суммативті және формативті бағалау» тақырыбында  ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар өткізілді. Семинар барысында №10 жалпы білім...

24 желтоқсан 2020

КІШКЕНТАЙ ЖОМАРТ ЖҮРЕК

     Жақсылық жасау – адамшылықтың белгісі. Әркім өзінің қал-қадірі жеткенше, жүрегінің кеңдігі жеткеніне қарай жақсылық жасайды. 2020 жылдың ақпан айында Н.Оңдасынов атындағы жалпы білім беру орта мектебіміздің 3 сынып оқушысы Кенгесбаева Сабина кішкентай болса да,...

23 желтоқсан 2020

«Маңғыстаунама – 2020» танымдық байқауы

Ағымдағы жылғы 22-желтоқсан күні жалпы орта білім беру ұйымдарындағы мыңжылдық тарихы бар өлке туралы оқушылардың ой-танымын кеңейту, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру мақсатында білім алушылары арасында «Маңғыстаунама – 2020» танымдық байқауының облыстық кезеңі ...

23 желтоқсан 2020

Ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді

Қазақстанда кейбір жеке тұлғалар педагогтерге арналған жалған наградаларды жасап, оларды оңды-солды сатып жатыр. Күмәнді ақылы конкурстарға қатысу нәтижесінде алынған наградалар мен дипломдар педагогтерді аттестаттаудан өткізу кезінде ескерілмейді. ҚР БҒМ...

23 желтоқсан 2020

Мектептерде ақылы олимпиадалар өткізуге қатаң тыйым салынады

    Жеке ұйымдар оқушылар мен мұғалімдерге арналған күмәнді ақылы онлайн конкурстар мен олимпиадаларды ұйымдастырып жүр. Сондықтан ҚР БҒМ педагогтерді, ата-аналарды ұйымдастырушылардың алаяқтық әрекеттерінен сақ болуға шақырады. Олардың көздеген мақсаты – заңсыз...

21 желтоқсан 2020

ОҚУШЫЛАР ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді. Білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында, Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша,...

21 желтоқсан 2020

«Есірткісіз болашақ» байқауы

Қоғамға пайда келтіретін, дені сау, салауатты, жаны таза, болашаққа нық сеніммен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған облыстық «Есірткісіз болашақ» байқауына қалалық кезең жеңімпаздары қатысып жүлделі орындарға ие болды: «Есірткі – ғасыр тажалы»...

21 желтоқсан 2020

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БАҚЫТТЫ ҰРПАҒЫМЫЗ!

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымыз!» атты тәрбиеленушілер арасындағы облыстық патриоттық (сырттай) әндер байқауы өткізілді.     Аталған байқауға қалалық байқаудың жеңімпазы - №39 «Хиуаз» балабақшасының...

16 желтоқсан 2020

Тәуелсіз елдің Ұланымыз!

Тәуелсіз елдің Ұланымыз! 16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 29 жылдық тарихы бар, ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке қарсаңында болашақ ұрпағымызға тәуелсіздік жолындағы...

15 желтоқсан 2020

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА КЕРЕМЕТ ЖЕТІСТІК!

...

15 желтоқсан 2020

РЕСПУБЛИКАДАН ОЛЖА

РЕСПУБЛИКАДАН ОЛЖА 10-11 желтоқсан күндері жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін анықтау, ақын Абай Құнанбаев есімін ұлықтау мақсатында 8-11 сыныптар арасында өткізілген республикалық “Абай әлемі” байқауында жеңіске жеткен...

Соңғы хабарлар

35363738394041 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері