Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Ашық далалық «Жас геолог» жарысы

    Ашық далалық «Жас геолог» жарысы

    Оқушыларға туған өлкенің табиғаты мен минералдық қазба байлықтарын таныту, географиялық және геологиялық білім-танымдарын және зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген облыстық ашық далалық «Жас геолог» жарысында 48 қатысушы арасынан қалалық кезең жеңімпаздары топ жарды.

   Ережеге сәйкес қатысушылар жарыстың бірінші күні «Іздеу зерттеу жұмыстары» және «Зерттеу жұмыстарының көрмесі» номинацияларында Маңғыстау өлкесінің тарихи-мәдени нысандарына зерттеу жұмыстарын жүргізіп, табылған материалдар мен бұйымдардың көрмесімен таныстырды. Сонымен қатар, «Минералогия», «Геоэрудит» номинацияларында геологиялық, географиялық сұрақтарға жауап бере отырып, экрандағы ұяшықтарға жасырылған минералдарды тауып, толық сипаттады. «Палеонтология», «Геоәліппе» номинацияларында палеонтологиялық терминдердің анықтамасын келтіріп, Қазақстанның география, геология саласында ерекше із қалдырған ғалымдар туралы сұрақтарға жауап берді.

   Жарыстың екінші күні практикалық бағытта ұйымдастырылып, «Далалық тұрақ» номинациясында туристік шатырларды жылдам әрі дұрыс құру, сондай-ақ, алау жағу және оның ерекшеліктері мен айырмашылықтары көрсетілді. «Қауіпсіздік техникасының негіздері» номинациясында оқыс жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмек дағдыларын орындап, түрлі ситуациялық сұрақтарға жауап берді. «Гидрология» номинациясында жасанды су каналының тереңдігін, енін, ағысын, су шығынын өлшеу құралының көмегімен есептеу арқылы гидрологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.

  Қатысушылардың теориялық және практикалық білімдері зерделеніп, нәтижесінде мамандандырылған IT лицейінің «Uranium» тобы І орын иеленді.

    Сонымен қатар, көрсеткен жеке жетістіктері үшін: Ақтау қаласы, мамандандырылған IT мектеп лицейінің 9-10 сынып оқушылары Хамитова Анеля, Бекетова Аяна, Чигреев Бахтияр, Габдуллин Ернур білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.





19 сәуір 2024

Педагогтің қызмет нәтижесін кешенді талдамалық жинақтаудағы эссе тақырыптары

...

19 сәуір 2024

ББЖМ-2024 тестілеу

ББЖМ-2024 тестілеуін 15-18 сәуір күндері аралығында кестеге сәйкес, Ақтау қаласының жалпы білім беретін- 11, жеке меншік -18 мектебінің білім алушылары тапсырды. Жалпы оқушы саны -1625. Қатысқаны- 1566. 4 сынып бойынша -896. 9 сынып бойынша – 670. Қатыспаған оқушылар саны-59; Ден...

19 сәуір 2024

СЭБ мамандардың қатысуымен семинары

СЭБ мамандардың қатысуымен семинар өтті 17 сәуip күні санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары және білім беру ұйымдары  директорларының қатысуымен семинар өтті. Жиын барысында қатысушылар білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру...

16 сәуір 2024

Әдістемелік күні

13.04.2024ж №13 гимназияда әдістемелік күн өтті. Мектептің даму бағдарламасының нысыналы индикаторларына “Білімді ұлт-сапалы білім” Ұлттық жоба баяндамасы негізінде дайындалған Ақтау қаласы оқу -әдістемелік орталығының жол картасында жоспарланған индикаторларды...

16 сәуір 2024

«КӘСІПТІК БАҒДАР- БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР–ТРЕНИНГ

АҚТАУДА «КӘСІПТІК БАҒДАР- БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР–ТРЕНИНГ ӨТТІ. “Барлығына қол жетімді сапалы білім” Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру мақсатында, Ақтау қаласының жол картасы негізінде №20 М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп...

16 сәуір 2024

Ақтау қаласынан ББЖМ -2024 тестілеуін алғаш күні

15 сәуір күні Ақтау қаласынан ББЖМ -2024 тестілеуін алғаш күні мемлекеттік жалпы білім беретін 8 мектептің: №№1, 2, 3, 17, 28, Нұртас Оңдасынов атындағы №5 ЖББМ, Ибаш Жанболатова атындағы №15 мектеп- гимназиясы, Мухтар Әуезов атындағы №20 ЖББМ; 1 жеке меншік мектептің: «Бақыт-...

14 сәуір 2024

13 сәуір күні ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді

13 сәуір күні ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді. Жұмыс сапары барысында министр Ақтау қаласының № 19 мектеп-гимназиясында орналасқан эвакуациялық пунктінің жұмысымен де танысты. Ведомство басшысы эвакуациялық...

14 сәуір 2024

ЭВАКУАЦИЯЛАНҒАН БАЛАЛАРҒА КӘСІБИ ҚОЛДАУ

Ақтау қаласындағы білім беру ұйымдарында орналасқан эвакуациялық пункттердегі балалармен мамандар жұмыс жасауда. Балалардың көңілін аулау және көтеріңкі көңіл- күй сыйлау мақсатында қылқалам үйірмесі жұмыс жасап тұр. Балақайлар түрлі- түсті бояулармен суреттерді...

14 сәуір 2024

Ақтаудағы білім беру ұйымдары «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбіліктер өткізуде

2024 жылғы 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында  елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жарияланды. Осыған орай, қаладағы мектептер мен балабақшалар да бұл шараға белсенді ат салысуда. Акция аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, қызметкерлер мектептер...

14 сәуір 2024

Басқарма басшысы эвакуациаланған азаматтармен кездесті

Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева Ақтау қаласындағы №19 мектептен ашылған эвакуациялық пунктке барып, тұрғындардың жағдайымен танысты. Қазіргі кезде мұнда су тасқынынан зардап шеккен Құлсары азаматтары орналастырылған. Басқарма...

14 сәуір 2024

ББЖМ-2024 тестілеуіне

ББЖМ-2024 тестілеуіне Ақтау қаласының жалпы білім беретін мектептерінен іріктеліп алынатын 11мемлекеттік 18 жеке меншік мектеп қатысады. Жалпы оқушы саны -1623, 4 сынып бойынша -929 соның ішінде: оқу тілі бойынша қазақ тілінде- 661 оқушы, орыс тілі- 268 оқушы, 9 сынып бойынша...

13 сәуір 2024

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Н.Салидың төрағалығымен отырысы

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА! 12 сәуір күні Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Н.Салидың төрағалығымен отырыс өтті. Жиынға білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп директорлары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психолог мамандар, сынып...

13 сәуір 2024

Шағын аудандардың жасөспірімдері арасында топтық төбелесті болдырмау және алдын алу мақсатында 7,8-сыныптың ұлдарымен жиналыс

Ағымдағы жылдың 12 сәуір күні С.Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беретін мектепте 27,28 шағын аудандардың жасөспірімдері арасында топтық төбелесті болдырмау және алдын алу мақсатында 7,8-сыныптың ұлдарымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа Маңғыстау облысы әкімдігі...

13 сәуір 2024

«Болашақты жобалаймыз» атты ашық есік күні

«Барлығына қол жетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша жол картасы негізінде, 2024-2025 жж арналған білім беру мен білім сапасын арттыруда ұйымдар арасындағы өзара іс -қимылды қамтамасыз ету   және ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында 12 сәуір 2024 жылы...

12 сәуір 2024

ТАҒАЙЫНДАУ

Дәмен Нұрбаева - Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Рамазан Қабылов атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры болып тағайындалды. Еңбек жолын 2007 жылы Ақтау қаласы, «№15 ЖББОМ» КММ-де кітапхана меңгерушісі болып бастаған. - 01.09.2014 ж-05.10.2015ж Ақтау қаласы,...

12 сәуір 2024

ТАҒАЙЫНДАУ

Майрамов Бексултан Нурмуханович - Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “№21 жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің директоры болып тағайындалды. Еңбек жолы: -2016ж -2020 жж аралығында Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау...

11 сәуір 2024

ТАҒАЙЫНДАУ

Нурумбаева Алия Тельмановна - Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “№14 жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің директоры болып тағайындалды. Еңбек жолы: - 15.08.1991-01.09.2001 жж. Жайық мектебі, БҚО. Орыс тілі мен әдебиеті пәні...

11 сәуір 2024

Құлсары қаласының тұрғыны 6-сынып оқушысы Қазыбек Нұрқанат табиғи апатқа байланысты мектебімізге эвакуацияланды

Құлсары қаласының тұрғыны 6-сынып оқушысы Қазыбек Нұрқанат табиғи апатқа байланысты мектебімізге эвакуацияланды. Нұрқанат өзіне керек оқулықтар мен кітаптарды кітапханадан алып, оқу үстінде. Кітапханамызда әр сыныптың оқулықтарының электронды нұсқасы бар. Карусель...

10 сәуір 2024

Ақтау мектептеріндегі эвакуациялық пункттерге су тасқынынан зардап шеккен азаматтар қабылдануда.

Бүгінде қала бойынша 11 білім ордасында эвакуациялық пункт ашылған. Қазіргі кезде зардап шеккендердің алды № 6, 8, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 25, 29 мектептерге және 15 шағын аудандағы ІТ мектеп-лицейіне орналасуда. Аталған мектептердің әрқайсысында 60-тан 100-ге дейін орын...

6 сәуір 2024

«Жас құтқарушы-2024» атты қалалық жарысы

Бүгін 5 сәуірде Ақтау қаласы Фариза Оңғарсынова атындағы №29 орта мектебінде Маңғыстау облысының «Жас құтқарушы-2024» атты қалалық жарысы өтті. МАҚСАТЫ: - балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау; - төтенше жағдай қаупі төнген және туындаған кезде...

6 сәуір 2024

Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары», «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог» пилоттық жобалары

2022 жылы еліміздің барлық өңірлерінде «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары», «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог» пилоттық жобалары жүзеге асқан болатын. Ақтау қаласының №4 «Аққу» бөбекжайы осы жобаларға қатысушы ретінде...

4 сәуір 2024

«Бастау» ХVІІ республикалық математикалық олимпиадасы

2024 жылдың 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінде 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» ХVІІ республикалық математикалық олимпиадасы өтті. Ерекше жетістігі үшін Грамотасымен Ақтау қаласы №13 гимназиясының 3-сынып оқушысы Самат...

3 сәуір 2024

Түрікменстан Республикасы Аркадаг қаласында математикадан халықаралық олимпиадасы

2024 жылдың 25-30 наурыз аралығында Түрікменстан Республикасы Аркадаг қаласында математикадан халықаралық олимпиадасы өтті. Ақтау қаласы, Мамандандырылған ІТ лицейдің 9-сынып оқушысы Бутантаев Рамазан - қола медальмен марапатталды. Жеңімпаз оқушымызды және...

2 сәуір 2024

“Математикалық регата” республикалық олимпиадасы

Математика пәнінің  мұғалімдері “Математикалық регата” республикалық олимпиадасында 1-орынға ие болды. 4 кезең бойынша бақ сынады. Олимпиада қорытындысы бойынша “Маңғыстау” командасы I дәрежелі Дипломмен марапатталды. Команда құрамында Ақтаудағы  №17  мектеп...

Соңғы хабарлар

4567891011121314 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері