Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

ҚАҢТАРДАҒЫ ҰБТ-ДА ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ 70%-ҒА ЖУЫҒЫ ШЕКТІ БАЛДЫ ЖИНАДЫ

ҚАҢТАРДАҒЫ ҰБТ-ДА ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ 70%-ҒА ЖУЫҒЫ ШЕКТІ БАЛДЫ ЖИНАДЫ

Талапкерлердің 70%-ға жуығы қаңтар айындағы ҰБТ-да шекті балл жинады. Бұл былтырмен салыстырғанда 20%-ға жоғары. Ал орташа балға келетін болсақ, бұл көрсеткіш 7%-ға артып, шамамен 68 балды құрады. Ең жоғары балл 135 болды.

Қаңтардағы ұлттық бірыңғай тестілеуге барлығы 102 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде түлектердің 78,3%-ы қазақ тілінде, 21,5%-ы орыс тілінде, 0,16%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға ерекше білім беруді қажет ететін 99 бала қатысты. Былтыр осы кезеңде көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған 33 талапкер тест тапсырған болатын.

Айта кететіні, биыл алғаш рет ерекше қажеттіліктері бар түлектерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек, тағы қосымша 40 минут уақыт берілді. Сонымен қатар осы түлектер үшін сызбаларсыз, диаграммаларсыз және схемаларсыз тест нұсқалары арнайы әзірленді.

«Қаңтардағы ҰБТ биылғы 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында 42 өңірлік тестілеу орталығында өтті. Тестілеу осымен екінші жыл қатарынан электронды форматта жүргізіліп келеді. Тестілеу кезінде талапкерлер сұрақтарға қайта орала алады және қағаз бланк толтыруға уақыт жұмсамайды. Осылайша, ҰБТ нәтижелері жақсарып, орташа балл айтарлықтай өсті. Сондай-ақ электронды формат тестілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Орнатылған камералардың арқасында тестілеу кезінде ереже бұзу фактілері де айтарлықтай азайды. Түлектердің басым бөлігі өзіне және өз біліміне сенетіні қуантады», – дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Былтырғы қаңтар айындағы ҰБТ-мен салыстырғанда тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеттерінің саны да азайған. Смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 90 талапкер айырылды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда үш есеге аз.

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ үш деңгейлі жүйе бойынша өткізіледі: Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сондай-ақ тестілеу орнында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. Биыл тестілеу алғаш рет «бір компьютер – екі камера – бір тестілеуші» қағидасы бойынша өткізілді. Егер бұрын тестілеу барысы әр компьютердің үстінде орналасқан бір ғана камерадан бақыланса, енді ҰБТ кезінде жеке тұлғаны сәйкестендіруге және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге мүмкіндік беретін екінші (алдыңғы) камера орнатылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 229 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. 





5 қараша 2021

Білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылығын болдырмау үшін жұмыс жүйесін дамыту

  Бүгін, ағымдағы жылдың 5 қарашасында Ақтау қаласында білім беру ұйымдарында психологиялық сүйемелдеу және әдістемелік қолдау жұмыстарын жүзеге асыруда облыстық психологиялық кеңес қызметінің «Облыстық білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандардың...

5 қараша 2021

Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеуде жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі

   Бүгін, 5 қараша күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты «Бәйтерек» шағын орталығында «Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеуде жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар ...

5 қараша 2021

«Орыс тілі пәнінің қолданылу аясында жүргізілетін жұмыс түрлері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

КАНИКУЛ КЕЗІНДЕГІ ТӘЖІРИБЕ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына, педагогтер қауымдастығының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 4 қарашасында №1 жалпы білім беретін мектеп базасында жалпы білім беретін мектептердегі орыс тілі пәні...

5 қараша 2021

"SQ CUP-2021" ТУРНИРІ

"SQ CUP-2021" ТУРНИРІ Бүгін, 4 қараша күні оқушылардың каникул кезіндегі бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясы ұжымының ұйымдастыруымен Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының оқушыларының арасында "SQ...

5 қараша 2021

ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ «АЛТЫН ДИСК» ОЛИМПИАДАСЫ

    Білім беруді ақпараттандыруды дамыту жағдайында информатика пәнін оқытудың инновациялық әдістері мен формаларын және педагогикалық идеяларды іздеу мақсатында өткізілген информатика пәні мұғалімдерінің облыстық «Алтын диск» олимпиадасында М.Әуезов атындағы №20...

4 қараша 2021

ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ «АЛТЫН ДИСК» ОЛИМПИАДАСЫ

Информатика пәні мұғалімдерінің «Алтын диск» олимпиадасы Білім беруді ақпараттандыруды дамыту жағдайында информатика пәнін оқытудың инновациялық әдістері мен формаларын және педагогикалық идеяларды іздеу мақсатында информатика пәні мұғалімдерінің «Алтын диск»...

4 қараша 2021

«ProEco» экологиялық жобалар конкурсы

Бүгін, 4 қараша күні оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу  және экологиялық сауаттылықты  арттыру,  экологиялық  мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау қызметіне  бейімдеу, мектеп оқушыларының  интелектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру ...

3 қараша 2021

VIII республикалық «Ақберен» өнер байқауы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!   Жалпы білім беретін мектептердегі 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың шығармашылық...

2 қараша 2021

Жас мамандардың кәсіби деңгейін қалыптастыруға арналған әдістемелік семинар

      Білім беру ұйымдарындағы жас педагог-психологтердің кәсіби деңгейін қалыптастыруға, психологиялық көмек көрсетудің заманауи тиімді әдістері мен қолдану тәсілдерін көрсету мақсатында №12 жалпы білім беретін мектеп базасында жас мамандардың кәсіби деңгейін...

29 қазан 2021

АҚТАУ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАЗАҚТЫҢ «КИІЗ ҮЙІ» ТІГІЛДІ

АҚТАУ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАЗАҚТЫҢ «КИІЗ ҮЙІ» ТІГІЛДІ Ақтаудағы білім ордаларында «Ұлттық рух, ұлттық сана» атты жаңа жоба бастау алды. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, насихаттауды мақсат еткен жоба аясында қаладағы бірнеше мектептердің төрінде қазақтың киіз үйлері...

29 қазан 2021

МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ДАМЫТУДА БАСҚАРУШЫЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ЗАМАНАУИ МОДЕЛЬДЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ

Бүгін, 29 қазан күні білім беру әдістері мен негіздерді талдау және басқарушылық шешімдер қабылдаудың оңтайлы жолын таңдауға үйрету, тәрбие жұмысын жетілдірудің нақты жолдарын көрсету, тәжірибелі мамандардың іс – тәжірибесін тарату мақсатында қалалық білім беру...

29 қазан 2021

Күзгі қаникул кезінде оқушылар 1-7 қараша аралығында 7 күн демалады.

...

29 қазан 2021

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» БАЙҚАУЫ

      «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәні мұғалімі, ұлты тәжік болса да қазақ тілін жетік меңгерген Аллаева Рухсора мен №9 жалпы білім беретін мектептің ағылшын...

28 қазан 2021

6-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі мен «Ақтау достық» орталығының бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 6-сынып оқушылары үшін пәндік олимпиада өткізілді. Қашықтан өткізілген пәндік олимпиадаға қалалық білім ұйымдарынан 8000 оқушы қатысып, қазақ тілі, орыс тілі,...

28 қазан 2021

1 ҚАРАШАДА МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Биыл 1 қарашада магистратураға түсу үшін екінші мәрте өткізілетін кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдау басталады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбе тов әлеуметтік желілердегі парақшаларында магистратура мен...

28 қазан 2021

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау мақсатында Халықаралық лингвистикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға қала мектептерінен 31 оқушы қатысып, ...

26 қазан 2021

БЕЙБІТ 30 ЖАСТА

БЕЙБІТ 30 ЖАСТА Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай интеркультурализм аясында «Бейбіт 30 жаста» театрландыр ылған көрініс көрсетіп, сынып сағаттары өткізілді. ...

26 қазан 2021

ЕҢ ЖАС ШЕКАРАШЫ

ЕҢ ЖАС ШЕКАРАШЫ Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №6 жалпы білім беретін мектептің 8 жастағы оқушысы Ұлан Төлеухан еліміздегі «Ең жас шекарашы» атанды. Ұлан Төлеуханды жуырда ҰҚК төрағасының орынбасары, генерал-лейтенант Дархан Ділманов «Шекара...

25 қазан 2021

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін ұйымдардың 30.10.2021ж. - 06.11.2021ж. аралығындағы күзгі каникул күндері оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізетін ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

...

22 қазан 2021

Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі

Бүгін, 2021 жылдың 22 қазан күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №11 лицей базасында жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі өтуде. Олимпиаданың іріктеу кезеңі екі турдан тұрады. Олимпиадаға Ақтау...

21 қазан 2021

ҚР БҒМ «КАЛЬМАР ОЙЫНЫ» СЕРИАЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА ӘСЕРІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

ҚР БҒМ «КАЛЬМАР ОЙЫНЫ» СЕРИАЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА ӘСЕРІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ ҚР Білім және ғылым министрлігінде «Кальмар ойыны» сериалының қазақстандық оқушыларға әсері туралы түсініктеме берілді. Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова...

20 қазан 2021

ОБЛЫСТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілген облыстық пікірсайыс турнирінде Ақтау қаласының атынан қатысқан командамыз жеңіспен оралды. Өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру,...

20 қазан 2021

"Кәсіби бағдар беру" тақырыбындағы педагог - психологтар семинары

Бүгін, 20 қазан күні «Мамандандырылған IT лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында «Достық-Ақтау» білім беру орталығының серіктесі «EduCon» компаниясының білім, сапа, профориентология бөлімдерінің мамандарының ұйымдастыруымен, «Кәсіби бағдар беру»...

12 қазан 2021

«АЙБЫН» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫ

«АЙБЫН» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫ Жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту мақсатында онлайн-форматта ағымдағы 2021 жылдың 9 қазан мен 30 қараша аралығында өтетін «Айбын» әскери-спорттық жиынының республикалық...

Соңғы хабарлар

27282930313233 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері