Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

"ШЕБЕРЛЕР ШЕРУІ" челленджі жалғасуда

    21 қазан күні "Шеберлер шеруі" челленджі № 13 гимназияның 4 сыныбында Кенжегүл Берішбайқызының "Мен бақытты баламын" тақырыбында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабағымен жалғасты. Сабаққа жас мамандар ғана емес ,еңбек өтілі 15-20 жыл болған тіс қаққан мамандар да қызығушылық танытып қатысты.

    Сабақ өте жоғары деңгейде өтіп,көпшіліктің көңілінен шықты. Сабақтың құрылымы да,таңдалған әдіс - тәсілдер де өте жүйелі және тиімді болды. Десант сабақ болғанына қарамастан, мұғалім мен оқушылардың арасында өте тартымды , жылы қарым - қатынас сабақтың бастапқы кезеңінен -ақ өрби берді. Оқушылар ұстазға бірден бауыр басып,сабаққа ұйымшылдықпен зейін қоя араласты.

   Қолданған көрнекіліктері мен тапсырмаларының бәрі аз уақытта көп мағына бере алатын мазмұны кең ауқымды болғанын ерекше атап өткен жөн. Ең қызығы, мектепте сабақ басталмастан бұрын электр жарығы өшіп қалған болатын. Бұл келеңсіз жағдаят 2 сағатқа созылатыны ескертілді.Әрине бұл жағдай мұғалімдерді де ,оқушыларды да қатты алаңдатқан болатын. Бірақ майталман ұстаз сабырлы қалпымен ,еш абыржымастан жымия сабағын бастай берді және ол өзінің шынайы шебер екендігін осы жерде тағы бір дәлелдеп өтті.Сабақ үрдісінде интертақтаның жұмыс істемеуі еш кедергі бола алмады.Мұғалім жайлы орта қалыптастыра отырып, жоспарға сәйкес өте сапалы сабақ өткізіп шықты.

   Тиісті тапсырмалардың бәрі өз деңгейінде орын-орнымен орындалып жатты. Бала тәрбиесінде соңғы кезде еленбей қалатын ұлттық құндылықтарды , салт-дәстүрге құрметті , Абай атамыздың еңбектерін дәріптеуді бүгінгі тақырыппен,ортақ тақырыппен және математикадағы «Уақыт» тақырыбымен әдемі сабақтастыра білді.Үш топқа берілген үш сандық арқылы оқу мақсатын да ,адами құндылықтарды да,ғылыми жобаға бағыт бағдар беруді де жүйелі жүзеге асыра білді. Тапсырманың бәрі және бағалау үдерісі сол сандық арқылы орындалып отырды. Тіпті сол сандықтың ішіне айна қойып, балаларға өздерін көрсетуі ,яғни, «мына сандықтың ішінде ең бақытты бала бар, соны көріңіздер» деп, жеке –жеке көрсеткендегі балалардың таңданған ,әрі қуанған жүзін көру өте әсерлі болды. Олардың шын бақытты балдырғандар екеніне көздерін жеткізе алды. Ал чипсидің зиянын айта келе, шырпымен өртегенде чипсидің жанғанын көрген балалар енді ол тағамды жемейтіндей болғаны сөзсіз.Сабақ құрылымының маңызы жағынан да,техникалық ақаулардан сүрінбей өту жағынан да, Кенжегүл Берішбайқызы жас мамандар үшін үлкен шеберлік сыныбын тарту етті,ал оқушылар үшін ерекше мәнді сабақ болды. 





14 мамыр 2024

Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2024» І республикалық робототехника фестивалі

Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткізілген Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2024» І республикалық робототехника фестивалінен оқушыларымыз жеңіспен оралды. Оқушылардың робототехникаға деген қызығушылығын арттыруға,...

12 мамыр 2024

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

Бүгін Ақтау қаласы бойынша білім беру ұйымдарының басшылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» аты берілген соңғы, бесінші апталығы аясында Каспий теңізінің жағалауын қоқыстан тазартты. Бұл экологиялық акцияның басты мақсаты қала тұрғындары...

11 мамыр 2024

Х Халықаралық «Айбын» әскери- патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі

Х Халықаралық «Айбын» әскери- патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі өтті. Қазылар алқасының шешімімен төмендегі командалар үздік деп танылып, жүлделі орындарға ие болды: І орын – Ақтау қаласы «Ақтау» командасы; Сонымен қатар, жиынның ережесіне сәйкес...

10 мамыр 2024

ҚР ҚМ Әскери-теңіз бөлімімен “Ашық есік” күні

Ақтау қаласының жол картасының жұмыс жоспарын басшылыққа ала отырып, ҚР ҚМ Әскери-теңіз бөлімімен “Ашық есік” күні ұйымдастырылды. #ұлттықбаяндамаақтау ⁠#нацдокладақтау #жолкартасыақтау #доркартаақтау  ...

7 мамыр 2024

«ТҮЛЕКТЕРДІҢ АҒАШ ЕГУ» ЧЕЛЕНДЖІ ЖАЛҒАСУДА

Ақтаулық 9 және 11 сынып түлектері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында «Түлектердің ағаш егу» челенджі аясында мектеп ауласына раушан гүлдері мен алма ағашының көшеттерін отырғызуда. Осылайша бұл челлендж білім алушылардың еңбегі мен қоршаған...

4 мамыр 2024

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің кейбір мемлекеттік мекемелеріне атауы берілді

Маңғыстау облыстық әкімдігінің 29.12.2023 жылғы «Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің кейбір мемлекеттік мекемелеріне атауы беру туралы» №236 және №237 қаулысына сәйкес, төмендегі білім беру ұйымдарына атау берілді: «№3 жалпы...

4 мамыр 2024

«Шексіз өмір» республикалық фестивалі

2024 жылдың 29 – 30 сәуір күндері ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «Шексіз өмір» республикалық фестивалі қашықтық форматта өтті. Байқау қорытындысы бойынша: III орын - Ақтау қаласы, «Оқушылар орталығы» 6 – сынып оқушысы Сансызбай Нұрлыбек...

3 мамыр 2024

Ақтау қаласындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мобильді топ құрылып, жұмыс жоспары жасақталу

Маңғыстау облысының білім басқармасының 04. 08. 2023 жылғы “Озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу үшін мобильді топтарды құру туралы” №166 бұйрығын негізге ала отырып Ақтау қаласындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мобильді топ құрылып, жұмыс жоспары...

1 мамыр 2024

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне Ақтау қаласы мектептерінен 17 оқушы қатысып, 8 оқушы жүлдегер атанды. І орын иегерлері: орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Литвиненко Владислав – Ақтау...

30 сәуір 2024

Республикалық «РгоЕсо» экологиялық жобалар конкурсы

Республикалық «РгоЕсо» экологиялық жобалар конкурсының жеңімпазын құттықтаймыз!!! Республикалық 5-8 сынып оқушыларына арналған «РгоЕсо» экологиялық жобалар конкурсында, Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің  №30 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы...

30 сәуір 2024

«Жасөспірім арасындағы әлімжеттік пен бопсалаушылықтың алдын алу» 7-11 сынып ер балдарымен кездесу

Мектеп директоры: Есжанова А.М ДТЖО: Каримова А.Б, Байболова М.Ғ Мектеп инспекторы: Кылишаева К Маңғыстау облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі: А.М.Өтешов Ақтау қаласы ПБ бастығының м.а полиция подполковнигі...

29 сәуір 2024

Республикалық «Таза Қазақстан» науқан аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары сенбілікке шықты

Республикалық «Таза Қазақстан» науқан аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары сенбілікке шықты. Аталған науқан алдарғы уақытта да жалғасан таппақ. #тазақазақстан  ...

29 сәуір 2024

Республикалық «Таза Қазақстан» науқан аясында білім беру ұйымдары сенбілікке шықты

Республикалық «Таза Қазақстан» науқан аясында білім беру ұйымдары сенбілікке шықты. Аталған науқан алдарғы уақытта да жалғасан таппақ. #тазаказахстан  ...

29 сәуір 2024

Бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасының облыстық кезеңі

Бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасының облыстық кезеңінен: орын - “Ф.Оңғарсынова атындағы №29 ЖББМ” КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Еркаева Майра Қалдыбайқызы ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ  ...

27 сәуір 2024

Облыстық «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының слеті

Облыстық «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының слетіне қатысқан оқушыларымыз жеңіспен оралды. «Жартасқа шығу» номинациясы бойынша:  І орын - Маршал Мадина, Доктурбай Мирас, «№13 гимназия» КММ оқушылары (жетекшісі Б. Мырзабекова) «Туристік...

26 сәуір 2024

Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшімен кездесу

Маңғыстау облысы мектеп бітіруші түлектерімен кәсіби бағдар жүргізу мақсатында Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі - Емелбаев Руслан Тохтарбекұлы мен Ақтау қаласының мектептерінің 11-сынып оқушылары кездесті. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары...

25 сәуір 2024

Облыстық «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумы

Облыстық  «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумына қатысқан оқушыларымыз жеңіспен оралды. «Экотеатр» интерактивті қойылым» бағыты бойынша:  І орын - Көшербай Ернұр, Доктурбай Мирас, Көшербай Бекнұр «№13 гимназия» КММ...

24 сәуір 2024

Облыстық “Алау” әскери-спорттық ойыны

Облыстық “Алау” әскери-спорттық ойынында “А.Байтұрсынұлы атындағы N28 ЖББМ” КММ 2 орын иеленді. Жауапты: АӘТД оқытушы ұйымдастырушысы Конысов Н.А Құттықтаймыз  ...

24 сәуір 2024

«Балабақша – мектеп – колледж» үздіксіз білім беру орталығы» тақырыбында дөңгелек үстел

18.04.2024 жылы №61 «Сұлтан» бөбекжай базасында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру мақсатында, Ақтау қаласының жол картасы негізінде, ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп», №32...

24 сәуір 2024

Ақтау қаласындағы №2 мектептің 7, 8, 9 сынып оқушыларымен “Ақшұқыр” ПМО кездесу

22 сәуір 2024

БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ МАМАНДАРЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАНҒА ҚАТЫСТЫ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі мен оқу- әдістемелік орталығының қызметкерлері “Таза Қазақстан” бірыңғай республикалық экологиялық акциясына қатысты. Олар Каспий теңізінің жағалауындағы қоқыстарды жинап, қала тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. -“Бүгін...

22 сәуір 2024

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

...

22 сәуір 2024

ББЖМ -2024 тестілеуін тапсырудың екінші күні

16 сәуір күні Ақтау қаласы мектептерінде ББЖМ -2024 тестілеуін тапсырудың екінші күні жалғасуда. Мемлекеттік жалпы білім беретін 2 мектептің: №№12, 25; 7 жеке меншік мектептің: “Өркен” мектеп –лицейі, «ADVANTA» лицей, «Актау Unique Кыздар» Лицей интернаты, “Samruk Ziatkerlik mektebi”,...

20 сәуір 2024

“Жас құтқарушылар-2024” сайысы

Ақтау қаласы №14 жалпы білім беретін мектебі облыстық “Жас құтқарушылар-2024” сайысынын І орын алды. Республикалық кезеңге жолдама алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ  ...

Соңғы хабарлар

12
34567891011121314 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері