Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Мамандықты қалай таңдау керек?

Мамандықты қалай таңдау керек?

    Ата-ана, туған-туыстың таңдауымен мамандық меңгеруге болмайды. Бұл туралы бүгін профориентолог Әсел Бахытқызы "Кәсіби бағдар" жобасында айтты.

    Бүгін №9 мектептің жоғары сынып оқушылары облыстық жастар ресурстық орталығында алғаш рет профориентолог Әсел Бахытқызымен кездесті. Шарада маман "Жаңа әлемдегі жаңа мамандықтар" тақырыбында сөз қозғап, жастарға кәсіби кеңес берді.

    "Мамандықты саналы түрде таңдау 9-сыныптан басталады. Ол үшін арнайы тест, тапсырмалары бар. Қазіргі таңда ата-ана, туған туыстың таңдауымен мамандық меңгеруге болмайды. Сондықтан арнайы профориентолог маманмен кеңесу қажет. Содан соң жоғары оқу орнын таңдап, емтихандарға дайындалу маңызды. Қай оқу орнын таңдаса да үлкен дайындықты, еңбекті талап етеді", - дейді Әсел Бахытқызы.

    Оның айтуынша, бұл тақырып оқушыларға қызықты болды. Себебі мамандық таңдау олар үшін маңызды қадамдардың бірі. Мұны жастар түсінгендіктен сауалдарына жауап алуға ұмтылды. Сонымен қатар мектеп қабырғасында мамандық таңдауға қатысты арнайы жұмыс жүргізілмейтінін тілге тиек етті.

    "Егер мұғалімдер тарапынан жұмыстар өз деңгейінде жүргізілсе, балалардың мамандық таңдауға қызығушылығы екі есе артатын еді. Жалпы бұл тың сала, биылдан бастап профориентация мамандығы енгізілді. Бірақ қаншалықты жұмыс жүргізіп жатқанын білмеймін", - деді профориентолог.

    Осы ретте ол мектеп мұғалімдерімен тығыз жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Шара соңында белсенді болған оқушыларға тегін консультацияға жолдама берді.

    Айта кетейік, аталған шара Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Кәсіби бағдар" жобасы аясында өтті. 





23 қазан 2022

"ШЕБЕРЛЕР ШЕРУІ" челленджі жалғасуда

    21 қазан күні "Шеберлер шеруі" челленджі № 13 гимназияның 4 сыныбында Кенжегүл Берішбайқызының "Мен бақытты баламын" тақырыбында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабағымен жалғасты. Сабаққа жас мамандар ғана емес ,еңбек өтілі 15-20 жыл болған тіс қаққан мамандар да...

23 қазан 2022

МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ

Мұғалімдер спартакиадасы 2022 жылдың 27-30 қыркүйек, 3-7қазан күндері аралығында Ақтау қаласы бойынша жалпы білім беру мекемелерінің мұғалімдер арасында дене шынықтыру пәнін танымал ету және білім беру мекемелерінің мұғалімдері арасында салауатты өмір салтын...

22 қазан 2022

“AMANAT” партиясының Маңғыстау облыстық филиалымен "Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту" тақырыбындағы қоғамдық тыңдау өтті.

    “AMANAT” партиясының Маңғыстау облыстық филиалымен "Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту" тақырыбындағы қоғамдық тыңдау өтті. Шараға әр саланың өкілдері, партия филиалының қызметкерлері, қала белсенділері қатысты.     Шарада корпоративті әлеуметтік...

21 қазан 2022

Қоршаған ортамен таныстыру арқылы мектепке дейінгі балалардың ой өрісін дамыту

20.10.2022 жылы №31 «Еркемай» бөбекжайында қалалық семинар өтті. Семинардың тақырыбы: «Қоршаған ортамен таныстыру арқылы мектепке дейінгі балалардың ой өрісін дамыту». Мақсаты:Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін қоршаған әлеммен таныстыру арқылы...

21 қазан 2022

Ақтаулық педагог «Менің зерттеу жобам» облыстық байқауының жеңімпазы атанды

Ақтаулық педагог «Менің зерттеу жобам» облыстық байқауының жеңімпазы атанды 2022 жылдың 21 қазан күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, педагог-психологтар арасында «Менің зерттеу жобам» облыстық сырттай байқауы...

21 қазан 2022

2022 жылдың 21 қазаны күні "№11лицей" КММ-де бастауыш сынып мұғалімдері арасында әдістемелік сүйемелдеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінен ашық сабақтар өткізілді.

2022 жылдың 21 қазаны күні "№11лицей" КММ-де бастауыш сынып мұғалімдері арасында әдістемелік сүйемелдеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінен ашық сабақтар өткізілді. № 11лицейдің бастауыш сынып мұғалімдері Ергожаева Венера Отесовна мен Құрмашева Нұргүл...

21 қазан 2022

Жердегі жарық жұлдыздар!

Жердегі жарық жұлдыздар! 21 қазан күні Ф.Оңғарсынова атындағы 29 мектепте Ақтау қалалық бастауыш сыныптар қауымдастығының жоспарына сәйкес ата-ана жиналысының жаңа форматтағы жұмыс түрі көрсетілді. "Жердегі жарық жұлдыздар" тақырыбындағы ата-аналар жиналысын өткізген...

20 қазан 2022

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама

19.10.2022 жылы №23 «Ақмоншақ» бөбекжайында «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Білім сапасын арттыруда іс – әрекеттің әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық...

20 қазан 2022

Президенттің «Жастарды дамытудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша «Рухтастар cases» диалог алаңы өтті.

Президенттің «Жастарды дамытудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша «Рухтастар cases» диалог алаңы өтті. Бүгінгі кездесуде спикерлер жастарға барынша кеңінен жолдауда айтылған мүмкіндіктерді түсіндіріп, өскелең ұрпаққа жасалып отырған...

20 қазан 2022

Мұхтар Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектепте жазушының бюстісі мен музейі ашылды.

Мұхтар Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектепте жазушының бюстісі мен музейі ашылды. «Саралапты салмақ ой, сөз асылын ағытып, Айта алған жоқ әлі ешкім, Мұхтарынан асырып Өзегінің нәрі алтын, өсиетті сөзіне Төрткүл дүние, күллі әлем, отыр...

19 қазан 2022

“Жас геолог” қалалық байқауы өтті

    Ағымдағы жылдың 17 қазанында туған өлкенің табиғаты мен минералдық қазба байлықтарын таныту, географиялық және геологиялық білім-танымдарын және зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру мақсатында ашық далалық “Жас геолог” қалалық байқауы өткізілді....

19 қазан 2022

АҚТАУДА АРДАГЕРЛЕР ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Ақтауда ардагерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесуде Президент Жолдауы талқыланды. "Жолдау еліміз үшін жарқын болашаққа есік ашады. Сол себептен бастаманы қолдау мақсатында облысымызда қала мен аудандарды аралап, ардагерлермен кездесу ұйымдастырудамыз....

19 қазан 2022

МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

    Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында “AMANAT” партиясы Ақтау қалалық филиалының атқарушы хатшысы, қалалық мәслихат депутаты А.Шамшадинова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы...

19 қазан 2022

«Жас құтқарушылар» тобының сайысы өтті

19 қазан- Құтқарушылар күніне орай, Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе отырып, мектептер арасында «Жас құтқарушылар» тобының сайысы өткізілді. «Жас құтқарушы» тобының негізгі мақсаты тіршілік қауіпсіздігі мәселелері бойынша қажетті білім деңгейін, авариялық...

17 қазан 2022

«Әлем глобусы!» қалалық экологиялық – зияткерлік байқауы

      Ағымдағы жылдың 14 қазан күні «Әлем глобусы!» қалалық экологиялық – зияткерлік байқауы өтті. Байқауға Ақтау қаласы бойынша 16 білім ұйымдарының 14-16 жас аралығындағы оқушылары қатысты.      Байқаудың басты мақсаты өскелең ұрпақтың назарын экологиялық өзекті...

14 қазан 2022

Математикалық прогрессия

   Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді көпшілікке таныту, математика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, мұғалімдердің  үздіксіз білім алып отыруын қамтамасыз ету мақсатында өткізілген...

14 қазан 2022

Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі

      Орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндерінен дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді...

14 қазан 2022

«Менің шағын Отаным» атты V республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі

  Бүгін, ағымдағы жылдың 14 қазаны күні Мемлекет басшысының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласындағы “Туған жер” бағдарламасын іске асыру шеңберінде 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты V республикалық...

14 қазан 2022

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

    Күздің екінші айының ортасы жылу қазандықтары қосылады. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім ордаларындағы жылу қазандықтарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.     «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің...

14 қазан 2022

"ШЕБЕРЛЕР ШЕРУІ" челленджі жалғасуда

    Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу-әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастыруымен басталған "ШЕБЕРЛЕР ШЕРУІ" челленджі жалғасуда.   Бүгін, ағымдағы жылдың 14 қазанында №13 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог - шебер Абиева Жанар Себенгалиевна 11 лицейдің...

14 қазан 2022

КӨҢІЛ АЙТУ

  КӨҢІЛ АЙТУ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі Курмангазиева Сабика Мукановнаның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Курмангазиева Сабика Мукановна 1956 жылдың 16 қарашасында Орал  облысының Бәйтерек ауданы Большой Чаган селосында дүниеге келген. 1973 жылы...

14 қазан 2022

«AMANAT» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

«AMANAT» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысын филиал атқарушы хатшысы Анар Шамшадинова ашып жүргізді. Бүгінгі жиналыстың күн тәртібінде бір мәселе қаралды. 1.«AMANAT» партиясы...

13 қазан 2022

«Жастарға Кеңес» жобасы

«Amanat» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыруымен «Жастарға Кеңес» атты жобасы аясында Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Ыбрай Әсел Аманкелдіқызы жұмыспен қамту және бизнес ашу...

13 қазан 2022

«Менің зерттеу жобам» шағын жобалар байқауы өтті.

«Менің зерттеу жобам» шағын жобалар байқауы өтті. 12.10. 2022ж. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен, жалпы білім беру мектептерінің психологтарының арасында қашықтан «Менің зерттеу жобам» шағын жобалар байқауы өтті. ...

Соңғы хабарлар

19202122232425 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері