Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Қала көлемінде өткен жылы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы есеП

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, қала әкімі Ғ.Ниязов ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні қала көлемінде өткен жылы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы есебін берді. Кездесу барысында тұрғындар қала тұрмысын жақсартуға қажетті ең маңызды мәселелер, өздерін толғандырып жүрген сұрақтар мен сауалдарын ортаға салды. Қала әкімі қаламыздың білім саласы бойынша атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті. Әлеуметтік салада баса мән берілетін бағыт – білім саласына тоқталатын болсақ, қала бюджеті 25 млрд. теңге болатын болса, оның 14 млрд. 91 млн. теңгесі білім саласына бөлінген.
Қалада барлығы 81 балабақша жұмыс жасайды, оларда 14 663 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 46 жекеменшік балабақшаға 3184 бала барады. Өткен жылы 5 балабақша ашылды (545 орын 15 ш/а, 24/1 үйдің асты, 17 ш/а 26 үйдің асты, 31Б ш/а №34 ғим., Шығыс-3 ш/а 53 ғим., Рауан т/м, 492 ғим).
Осы жылы салынып жатқан көпқабатты үйлердің бірінші қабатынан барлығы 475 орындық 6 және 14 ш/а бұрынғы балалар интернатының ғимаратына 280 орындық балабақша ашу жоспарлануда.
Бұдан басқа, облыстық білім басқармасына мемлекеттік жекешелік әріптестік негізінде 2140 баланы қамтитын 9 балабақшаның жеріне (Шығыс-1 320 орындық, 17 ш/а 140 орындық, 32А ш/а 2 балабақша әр қайсысы 240 орындық, 18, 18А, 19А, 20, 34 ш/а әр қайсысы 240 орындық) құрылыс салуға конкурс өткізуге ұсыныс жолданды.
Балабақшаларды оңтайландыру мақсатында, 33 (Айшуақ санаторлы бөбекжайы мен «Бәйтерек» шағын орталығыкірмейді) балабақшадағы 49 штаттық бірлік 33-ке азайып, 5-уі орталыққа өтті.11 штаттық бірлікке қысқарды.Енді, балабақшадағы есепші қызметкерлердің жалақылары мен ата-аналар төлемдерін есептейді.Ал, қалған жұмыстармен орталық айналысатын болады.
Жалпы орта білім беру
Қазіргі таңда, қаламыздағы 25 күндізгі (42891 бала + 0 - сынып 1971), 1 кешкі (160 оқушы) және 4 жекеменшік мектепте (776 оқушы) 45 888 оқушы білім алады.
2019 жылы 1426 бала мектеп бітіріп, 5 778 бала 1 сыныпқа келді (4-есеге артқан).
Жергілікті бюджет есебінен: көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған, бала күнінен мүгедек, ата-аналары І, ІІ топтағы мүгедек отбасыларының 2 200 баласы және барлық
1-сыныптың 5 581 оқушысы (2018 ж.-5168) мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Биылғы оқу жылынан бастап аз қамтылған отбасы балаларын мектеп формасымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Одан әрі, Рауан және Приморский елді мекендерінен Өмірзақтағы мектепке (27 о/м) – 415 баланы (4 автобус), Өмірзақ ауылына қарасты елді мекендерінен қалаға (24 мектеп) – 715 баланы (Өмірзақ – 169, Раун – 54, Приморский – 192, Приозерный – 315, әскери қалашық – 43 балалар, 4 автобуспен) және Мұнайлы ауданынан 253 бала автобустармен мемлекет есебінен мектептерге тасымалданады, одан басқа 748 бала ата-ана есебінен мектепке келеді.
Ал, мектептердегі мұғалім тапшылығын (34 педагог жетпейді және 198 мұғалім зейнет жасында немесе 6,7% құрайды) шешу мақсатында сәуір-мамыр айларында Орал, Өскемен, Тараз, Павлодар қалаларынан шақырту жоспарланып отыр. Оларды, өткен жылы қала әкімдігінің меншігіне өткен 31Б шағын аудандағы орналасқан жатақханамен қамтамасыз ету жоспарланған.
Қаладағы өзекті мәселенің бірі – үш ауысымдық оқыту.
Осыған дейін 28 ш/а-ғы №20 және 32А ш/а-ғы №29 мектептер үш ауысымда сабақ оқытады. Қалаға көшіп келушілер санының артуы мен демографиялық өсім нәтижесінде алдағы жылдары №10,12,28 мектептердің де үш ауысымға өту қауіпі бар.
Жоғарыдағы мәселені шешу мақсатында 34 ш/а 900 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр.
Одан басқа, 600 орындық 2 мектептің (17 ш/а, Шығыс-1 әр қайсысы 300 орындық) және жобалары жақсақталып жатқан 1200 орындық 5 мектептің (16,18,19,19А,31А) мемлекеттік жекешелік әріптестік негізінде құрылысын салуға облыстық білім басқармасына конкурс өткізуге ұсыныс жолданды.
(Бұдан бөлек, техникалық және кәсіптік білім беретін 17 колледжде 12 789 студент бар. Шамамен 700 студент жатақханамен қамтамасыз етуді қажет етеді. Мәселені шешу үшін Туризм колледжінің студенттері үшін 160 орындық, Маңғыстау облыстық гуманитарлық колледжі оқушыларына 100 орындық жатақхана ашу жоспарланған. Бұдан бөлек, осы жылы мемлекеттік жекешелік әріптестік негізінде «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (СПК) арқылы 27 шағын аудандағы «Қызмет көрсету» колледжінің аумағында және 3 «Б» шағын аудандағы Энергетикалық колледжінің аумағынан 300 орындық екі жатақхана салу жоспарлануда). 





31 наурыз 2023

Инновациялық технологияларды қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту

Бүгін, ағымдағы жылдың 31 наурызында №61 «Сұлтан» бөбекжайында «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді. Семинарға аудан, қалалардан мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері,...

30 наурыз 2023

Педагогикалық дизайн;оқыту үдерісін жоспарлау

2023 жылдың 29-наурызында Өрлеу - Маңғыстау филиалында «Педагогикалық дизайн;оқыту үдерісін жоспарлау" тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Семинар жұмысының негізгі мақсаты – жаратылыстану пәндерін оқытуда бүгінгі заманның талабына сай мұғалімдердің ғылыми...

26 наурыз 2023

ЖАС СӘТБАЕВ ІІ

“ЖАС СӘТБАЕВ ІІ” Алматыдағы Satbayev University-де еліміздің түкпір-түкпірінен 11 және 12-сынып оқушыларына арналған республикалық «Жас Сәтбаев II » зияткерлік ойыны өтті. Шараның негізгі мақсаты – өз білімін, ақыл-ойының зеректігін, ойлау жылдамдығы және бойындағы зияткерлік...

25 наурыз 2023

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

С Ү Й І Н Ш І 2023 жылдың 20-25 наурыз аралығында Шымкент қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Математика, химия, физика, информатика, биология және география пәндерінен өз білімдерін сынға...

25 наурыз 2023

Мектептегі математикалық олимпиадалар: Басымдықтар мен жетілдіру стратегиялары

Ағымдағы жылдың 24 наурыз күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «С.Мұқашов атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мектептегі математикалық олимпиадалар: Басымдықтар мен жетілдіру стратегиялары» тақырыбында математика пәні...

22 наурыз 2023

Амал келді-жыл келді

    Ақтау қаласы білім бөлімінің оқу-әдістемелік орталығы білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтау қаласының 60-жылдығын және ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлау мақсатында "Амал келді-жыл келді" тақырыбында Каспий теңізі жағасында орналасқан...

21 наурыз 2023

Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау

   Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес,ағылшын тілін оқытуда заманауи инновациялық идеяларды іздеу,озық педагогикалық тәжірибелерді тарату, мұғалімдердің...

20 наурыз 2023

" Зерде" конкурсы

    16-18 наурыз аралығында "Балдаурен" республикалық оқу- сауықтыру орталығы (Ақмола облысы,Щучье қаласы) базасында өткізілген " Зерде" конкурсы. 12 секция бойынша ұйымдастырылған конкурсқа еліміздің барлық аймақтарынан 569 оқушы қатысты. Облысымыздың намысын...

17 наурыз 2023

Воспитание и обучение дошкольников через использование интерактивных средств обучения и работу с родителями

    В соответствии с годовым планом работы в ясли- саду №24 совместно с КГУ «Учебно-методическим центром» Отдела образования по городу Актау Управления образования Мангистауской области 17 марта 2023 года был проведён городской семинар на тему: «Воспитание и обучение...

16 наурыз 2023

ТАҒАЙЫНДАУ

    "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2012 жылы 21 ақпандағы N°57 бұйрығының 2-тарауының 4-параграфы 78-тармағына,...

16 наурыз 2023

ТАҒАЙЫНДАУ

     "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2012 жылы 21 ақпандағы N°57 бұйрығының 2-тарауының 4-параграфы 78-тармағына,...

16 наурыз 2023

Worldskills (JuniorSkills) стандарттарына сәйкес мектеп оқушыларының мектептен тыс қызметін ұйымдастыру

     15.03.2023 жылы Білім басқармасы мен Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы жоғары педагогикалық колледжінде мектептердің білім сапасын көтеру мақсатында біріккен жоба аясындағы кешенді іс-шара жоспарына орай «Worldskills (JuniorSkills) стандарттарына сәйкес мектеп оқушыларының...

16 наурыз 2023

Қалалық «Cалт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым» байқауы

    Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және кәсіподақ ұйымының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту, педагогтердің шеберліктерін жетілдіру мақсатында 7 наурыз күні...

15 наурыз 2023

Ж Ы Р Қ Ұ Л А Г Е Р І

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 03.03.2023 жылғы №118 нқ бұйрығына сәйкес, “Оқу-әдістемелік орталғы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін шыңдау, қазақ поэмалары арқылы өскелең...

15 наурыз 2023

«Қазақтың тамырында күй тулаған» домбырашылар байқауының қалалық кезеңі

    Ағымдағы жылдың 15 наурызы күні күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерін кеңінен насихаттау, халқымыздың күйшілік мәдениетінің тарихын ұлықтау, шығармашыл жас мамандарды қолдау, шығармашылық әлеуетін дамыту және кәсіпқой домбырашылар арасында тәжірибе...

14 наурыз 2023

Гитара ғажайыптары-2023

     «Гитара ғажайыптары - 2023» гитаралы әндердің республикалық байқауының қалалық кезеңі      Ағымдағы жылдың 13 наурызы күні білім алушылардың музыкалық-поэтикалық мәдениетінің бірегей құбылысы ретінде балалар мен жастар арасында авторлық және гитарамен ән айтуды...

14 наурыз 2023

«ROBOTEK GRAND TOURNAMENT» ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

     Ағымдағы жылдың 10 наурызында робототехникадан «Robotek Grand Tournament» чемпионатының облыстық кезеңі болып өтті. «Робо-сумо» (9-12 жас), «Эстафета» (10-17 жас), «Сызық бойынша жарысу» (14-17), «Кегельринг-квадро» (10-13 жас), «Биатлон» кіші санат (10-13 жас), «Биатлон» жоғары санат (14-17 жас),...

14 наурыз 2023

Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын технологиясын қолдану арқылы балалардың танымдық қабілетін дамыту

    14.03.2023жылы №43 «Батыр» «Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын технологиясын қолдану арқылы балалардың танымдық қабілетін дамыту» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті. Семинарға мектепке дейінгі мекемелерден 28 педагог қатысты. Семинардың мақсаты:...

11 наурыз 2023

Система работы учителя по повышению качества образования

    10.03.2023 г. в КГУ «ОШ №6» прошел городской методический семинар на тему «Система работы учителя по повышению качества образования». Участвовали на семинаре 40 учителей. В рамках семинара педагоги школы дали показательные уроки с применением технологии БиС....

10 наурыз 2023

Мектеп және театр

     «Мектеп және театр» жобасы аясында «Наурыз: дәстүр және жаңғыру» театрландырылған көрініс қашықтық байқауының қалалық кезеңі ​     2023 жылдың 10 наурызы күні шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді қолдау, ұйымдастыру деңгейін көтеру мақсатында «Мектеп және...

10 наурыз 2023

Былғары доп (ұлдар)

    2023 жылдың 6-8 наурыз күндері аралығында №21 жалпы білім беретін мектептің базасында. Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сынып оқушылары (ұлдар) арасында мектеп лигасы бойынша қалалық футболдан «Былғары доп» жарысы болып...

10 наурыз 2023

«ROBOTEK GRAND TOURNAMEND» РОБОТОТЕХНИКА ЖАРЫСЫ

     Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында «Robotek Grand Tournamend» ...

7 наурыз 2023

TALIS -2024 Халықаралық зерттеуінің апробациясы

     Ағымдағы жылдың 6 наурызы күні Ақтау қаласының №12 жалпы білім беретін мектептің базасында "TALIS -2024"  Халықаралық зерттеуінің апробациясы өтті.      Жобаның мақсаты: Мұғалімдерді мамандық қа тарту, мұғалімнің білімі, үздіксізкәсіби даму, мұғалімнің педагогикалық...

7 наурыз 2023

Шаг в будущее: дети о науке

     5 марта 2023 г. в г.Астана состоялся Республиканский конкурс научно-исследовательских проектов "Шаг в будущее: дети о науке" организованный Общественным Фондом "Международная академия наук экологии, инженерии и педагогики". По итогам конкурса Джунельбекова Мария -...

Соңғы хабарлар

1 ... 56789101112
13141516171819 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері