Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

«Жас маманға көмек – заман талабы»

2018 жылдың сәуір айының 27-і күні «№13 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жас педагог-психологтарға арналған «Жас маманға көмек – заман талабы» атты қалалық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. «Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?» –деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.

Семинарға 22 жас педагог-психолог қатысты. Семинар қазақ тілінде өткізілді.

Семинарды «№13 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы Сагиндикова Карлыгаш Кадиргалиевна «Сәлемдесу» тренинг-жаттығуынан бастады.  Жас мамандар бір-бірімен танысып, бойындағы жақсы қасиеттерімен де бөлісті. Жаттығудан кейін пеадгог-психолог Сагиндикова Карлыгаш Кадиргалиевна «Қарым-қатынас барысында туындаған психологиялық ситуациялық мәселелерді шешу» тақырыбында коучинг сабақ өткізді.  Коучинг сабақ арқылы: Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас арқасында ғана адам өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді. Адам психикасының дамуындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Сондықтан адам өзгелермен қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты өмір сүре алады. Балаларда сыртқы және ішкі психологиялық конфликтілер кездеседі. Сыртқы психологиялық конфликті - олардың бірлескен іс-әрекеті барысында туындаған қарама-қайшы көзқарастарынан шығады, ал ішкі психологиялық конфликт - балалардың негізі ойын іс- әрекетінде өз құрбылары арасында пайда болады және олар бақылауда байқалмайды. Мұнда міндетті түрде ересектердің көмегі қажет болатынын ерекше атап өтті.

Педагог-психолог Джумабаева Даулетбике жас мамандарға мектеп психологының жұмыс бағытарына тоқталды. Педагог-психологтың қызметін, міндетін, оқушы және ата-ана жұмыс жоспарымен түгел таныстырып өтті. Сонымен қатар қауіп-қатер тобындағы балалармен сұхбаттасу, оларды қалай басшылыққа ала отырып, бірлесіп жұмыс жасау түрлерімен өзінің іс-тәжірибесі барысында толық түсіндірді. Жас мамандар өзінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

«Жас келсе, іске!» жас мамандарға арналған тренингті пеадгог-психолог Сагиндикова Карлыгаш Кадиргалиевна жүргізді. Тренинг барысында «Танысу» жаттығуы, «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» жаттығуы, Шығармашылық жұмыс: «Визитка» жаттығуы, «Су толы тәрелке» жаттығуы, Ситуациялық сұрақтар, Тыныштық сәті «Менің болашағым», Жас мамандарға психологиялық кеңес болды. Тренинг өте қызықты өтті. Жас психологтар іс-тәжірибеде барлық әдіс-тәсілдерді меңгерді, тренинг-жаттығулар түрлерін  жасақтауды үйренді.

Сонымен қатар жас маман Еділханқызы Жаңагүл бастауыш сынып оқушыларына арналған тренинг-жаттығуларын 4 сынып оқушыларымен өткізіп, жас мамандарға Арт терапия түрлерімен бөлісті. Тренинг барысында оқушылар қуыршақ терапиясын, ертегі терапиясын өте әсерлі орындап, өздерінің бала армандарымен бөлісіп, отбасындағы адамдарды гүл бейнесінде таныстырды.

"Артық емес білгенің" педагогикалық-психологиялық жұмыстарды жас мамандармен бірлесе өткізіп,  жас психологтар тарапынан берілген сұрақтарға пеадгог-психолог Сагиндикова Карлыгаш Кадиргалиевна нақты әдістемелік кеңестер ұсынды.

Семинардан жас мамандар көп нәрсе алғанын, алдағы уақытта осындай семинарлардың жиі өткізілуін тілге тиек етті.

  





15 мамыр 2023

Мектепке дейінгі ұйымда заттық-дамытушы ортаны құрудың маңыздылығы

«Мектепке дейінгі ұйымда заттық-дамытушы ортаны құрудың маңыздылығы» тақырыбындағы қалалық семинар «№16 «Бөбек» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында «Мектепке дейінгі ұйымда заттық-дамытушы ортаны құрудың...

15 мамыр 2023

Мектепке дейінгі мекемеде заттық дамытушы ортаны қалыптастыру тәсілдері

2023 жылдың 12 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі мекеме қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, №4 «Аққу», №42 «Түймедақ», №16 «Бөбек», №24 бөбекжайлар базасында жекеменшік мектепке дейінгі мекеме педагогтеріне әдістемелік қолдау...

15 мамыр 2023

"Әр тұлға-дара жұлдыз" атты әлеуметтік жобасы

2023 жылдың 12 мамыр күні, Ақтау қаласы №19 мектеп-гимназия базасында, "Әр тұлға-дара жұлдыз" атты әлеуметтік жобаның ашылу салтанаты болды. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиринг университетімен білім сапасын арттыруға бағытталған...

15 мамыр 2023

Мерейлі отбасы

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды Құрметті облыс тұрғындары! «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші аудандық (қалалық) кезеңіне құжаттар қабылдау басталды. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын...

14 мамыр 2023

«Алтын сақа» олимпиадасы

     Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні Ақтау қаласындағы №8 И.Сүйеубаев атындағы жалпы білім беретін мектептің базасында «Зерделі» ақыл-ой орталығы және облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 3-4 және 5-6 сыныптар үшін «Алтын сақа» олимпиадасының ...

13 мамыр 2023

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі

2023 жылдың 17-21 сәуір аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі Ақтау қаласындағы «Балдәурен» базасында өтті. Олимпиадаға қала бойынша 13 оқушы қатысып, 9 оқушы жеңімпаз...

13 мамыр 2023

«Үздік талант» пікірсайысы турнирі

2023 жылдың 12 мамыр күні С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясы базасында Ақтау қалалық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «С.Қондыбайдың 55 жылдығына» орай жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Үздік талант» пікірсайыс турнирі өткізіліп,...

13 мамыр 2023

«ӘБІШ ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

     Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға еліміздің әр өңірінен 154 оқушы (20 команда) қатысты. Олар Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқып, сахналап, өнерлерін...

13 мамыр 2023

Ағылшын тілі сабағында ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

      Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің " Оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 11.05.2023 жылғы №104 б/н 2023 жылдың 12 мамыр күні " №10 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен...

12 мамыр 2023

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАУ: ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТЕДІ

12 мамыр Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің барлық мектебінде терроризмге қарсы қорғауға бағытталған оқу-жаттығу ұйымдастырылады. Аталған оқу-жаттығуға мемлекеттік және жеке мектеп оқушылары, педагогтер мен мектеп...

12 мамыр 2023

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР «ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР «ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСАДЫ  13 мамыр күні елорда уақытымен сағат 12:00-де бір мезгілде барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мекен» республикалық челленджі өтеді. Экологиялық акцияға ҚР Оқу-ағарту министрі, құрылымдық бөлімше...

12 мамыр 2023

Дене шынықтыру пәні олимпиадасы

2023 жылдың 11 мамыр күні Ақтау қаласында 5-6, 7-8 сынып оқушылары арасында дене шынықтыру пәні бойынша олимпиада өтті. Олимпиада ережеге сәйкес, теориялық тест сұрақтары және практикалық спорт түрлері бойынша баскетбол,волейбол,футбол, гимнастика, жеңіл атлетика...

12 мамыр 2023

СЕМИНАР - ЖИЫН

   2023 жылдың 11 мамыр күні Ақтау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында балаларды сауықтыру лагерьлерінде болатын балалар мен жасөспірімдердің арасында инфекциялық аурулар мен жаппай тамақтан уланудың алдын алу мақсатында балалар сауықтыру...

12 мамыр 2023

«Үздік дебат жетекшісі» пікірсайыс турнирі

2023 жылдың 11 мамыр күні «Амангелді Имановтың 150 жылдығына» орай Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектеп базасында, Ақтау қалалық пікірсайыс жетекшілерінің арасында «Үздік дебат жетекшісі» пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирдің негізгі мақсаты -...

11 мамыр 2023

«Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы

      Бүгін, Ақтау қаласының «Достық» үйінде 8-11 сынып оқушылары арасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы өтуде.       Республикалық конкурс 4 бағыт бойынша өтіп жатыр. Оған әр аймақтан 154 оқушы қатысуда. Оларды Қазақстанның...

3 мамыр 2023

ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ

Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында 2023 жылғы 4 мамырда сағат 10:00-де мамыр мерекелері мен Жеңіс күні...

2 мамыр 2023

«Мектепке дейінгі ұйымдарда психологиялық қызметтің тиімді формалары мен әдістері» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар

 28.04.2023жылы №39 «Хиуаз» бөбекжай базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда психологиялық қызметтің тиімді формалары мен әдістері» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті. Семинарға мектепке дейінгі мекемелерден 22 педагог-психолог қатысты. Семинардың мақсаты:...

2 мамыр 2023

Пікірсайыс бүгіні мен болашағы

Жастарды тәрбиелеу, олардың әлеуметтік, зияткерлік, психологиялық және жеке дамуына жағдай жасау мақсатында, жалпы білім беру мектептерінің дебат жетекшілеріне арналған қалалық «Пікірсайыс бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы семинар ағымдағы жылдың 2 мамыр күні сағат...

2 мамыр 2023

«Мен зерттеушімін» республикалық мектепке дейінгі жастағы балалар байқауының облыстық кезеңі

     Мектепке дейінгі мекемелер арасында өткізілген «Мен зерттеушімін» атты байқауының облыстық кезеңінен І орын алған Ақтау қаласы бойынша №24 бөбекжай тәрбиеленушісі Закалиев Артур, педагогі Лыморева Светлана Константиновна республикалық кезеңге жолдама алды....

2 мамыр 2023

Қалалық 3-4 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілі пәні олимпиадасы

Ақтау қаласы бойынша педагогтік қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды, білімді балаларды анықтау мақсатында қалалық 3-4 сынып...

1 мамыр 2023

«ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсы

     2023 жылдың 26-27 сәуір күндері өткен 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсы өтті.      Байқауға Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, республикалық білім беру ұйымдарынан 105...

30 сәуір 2023

"AKTAU SPRING RUN 2023” марафоны

    Бугін 30.04.2023 жыл Ақтау қаласының Амфитеатр алаңынан басталған 10 км көктемгі жүгіру "AKTAU SPRING RUN 2023” марафоны өтті.      Көктемгі марафонға еліміздің бірнеше өңірінен және Маңғыстау облысының қала, аудандарынан желаяқ спортшылар қатысты.      Ақтау қаласының №13...

30 сәуір 2023

Бастауыш сынып ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің олимпиадасы

     Ақтау қаласы бойынша педагогтік қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, бастауыш сынып ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің мәртебесін арттыру және жоғары жетістіктері бар педагогтерді анықтау мақсатында қалалық “Бастауыш сынып ағылшын тілі пәні...

30 сәуір 2023

Былғары доптан республикалық ұлттық мектеп лигасы

     2023 жылдың 23-30 сәуір күнідері Павлодар қаласында Футболдан Былғары доптан республикалық ұлттық мектеп лигасы өтті.      Мектеп лигасына Маңғыстау облысының намысын қорғауға Ақтау қаласы М.Әуезов атындағы 20 жалпы білім беретін мектептің 7-8 сынып оқушылары (ұлдар)...

Соңғы хабарлар

1 ... 23456789
10111213141516 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері