Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

«Білімім – Отаныма» 1-11 сынып бойынша бірыңғай тәрбие сағаттары

Бүгін 24 мамыр күні «Білімім – Отаныма» 1-11 сынып бойынша бірыңғай тәрбие сағаттары өтті.

Сынып сағаттарында негізінен патриотизм, отанды сүю, достық, татулық, ел тарихына, саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет таныту сынды ақпараттар айтылып, Отанға деген құрметін арттыру мақсатында патриоттық тақырыптарда шығармалар мен өлеңдер оқу, Қазақстанның географиясына тоқталып, еліміздің маңызды да көрікті жерлері туралы ақпараттармен бөлісу, тарихи-мәдени ескерткіштер мен қазақтың батырлары туралы әңгіме-аңыздардан үзінділер келтіру ұсынылды.

Іс- шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына, олардың әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған. 





15 мамыр 2023

Мектепке дейінгі ұйымда заттық-дамытушы ортаны құрудың маңыздылығы

«Мектепке дейінгі ұйымда заттық-дамытушы ортаны құрудың маңыздылығы» тақырыбындағы қалалық семинар «№16 «Бөбек» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында «Мектепке дейінгі ұйымда заттық-дамытушы ортаны құрудың маңыздылығы» тақырыбындағы қалалық семинар өтті. Семинарды бөбекжай директоры Кожабергенова Гульбану Алкуатовна ашып, педагогтерге сәттілік тіледі. Бөбекжай әдіскері семинар бағдарламасымен таныстырып өтті. Бірінші «Қолымнан...

15 мамыр 2023

Мектепке дейінгі мекемеде заттық дамытушы ортаны қалыптастыру тәсілдері

2023 жылдың 12 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі мекеме қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, №4 «Аққу», №42 «Түймедақ», №16 «Бөбек», №24 бөбекжайлар базасында жекеменшік мектепке дейінгі мекеме педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибе алмасу мақсатында «Мектепке дейінгі мекемеде заттық дамытушы ортаны қалыптастыру тәсілдері» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті. Семинарға жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардан 56...

15 мамыр 2023

"Әр тұлға-дара жұлдыз" атты әлеуметтік жобасы

2023 жылдың 12 мамыр күні, Ақтау қаласы №19 мектеп-гимназия базасында, "Әр тұлға-дара жұлдыз" атты әлеуметтік жобаның ашылу салтанаты болды. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиринг университетімен білім сапасын арттыруға бағытталған серіктестік жобада № 19 мектеп-гимназия бар болып, жоспарына мектептің білім сапасын арттыруда өзіндік проблемаларына бағытталған мәселелерді енгізді. Әлеуметтік жоба 2022-2023 оқу жылы барысында сынықтан өтті. Шараға...

15 мамыр 2023

Мерейлі отбасы

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды Құрметті облыс тұрғындары! «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші аудандық (қалалық) кезеңіне құжаттар қабылдау басталды. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсты өткізудің мақсаты: 1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты...

14 мамыр 2023

«Алтын сақа» олимпиадасы

     Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні Ақтау қаласындағы №8 И.Сүйеубаев атындағы жалпы білім беретін мектептің базасында «Зерделі» ақыл-ой орталығы және облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 3-4 және 5-6 сыныптар үшін «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңі болып өтті.     Олимпиадаға аудандар мен қалалардан 120 оқушы қатысты. Оның 9-ы 5-6 сынып оқушылары, қалғаны 3-4 сынып оқушылары болды. Екі кезеңнен тұратын олимпиадада жеке және командалық есеп бойынша жүлделі...

13 мамыр 2023

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі

2023 жылдың 17-21 сәуір аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі Ақтау қаласындағы «Балдәурен» базасында өтті. Олимпиадаға қала бойынша 13 оқушы қатысып, 9 оқушы жеңімпаз атанды (І орын-1, ІІ орын-2, ІІІ орын-4, грамота-2). Былтырғы оқу жылында қоғамдық - гуманитарлық бағыт бойынша 11 оқушы қатысып, 9 оқушы жеңімпаз атанды. орын: Неміс тілі пәні бойынша: Аманша Сабина – Ақтау қаласы,...

13 мамыр 2023

«Үздік талант» пікірсайысы турнирі

2023 жылдың 12 мамыр күні С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясы базасында Ақтау қалалық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «С.Қондыбайдың 55 жылдығына» орай жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Үздік талант» пікірсайыс турнирі өткізіліп, барлығы 40 білім алушылар мен 19 мұғалім қатысты. Турнирдің мақсаты жас ұрпақ арасында С.Қондыбайдың мұрасын кеңінен таныту, ғылыми тұжырымдамаларының құндылық деңгейінің маңыздылығын насихаттау, өскелең ұрпақтың қазақстандық...

13 мамыр 2023

«ӘБІШ ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

     Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға еліміздің әр өңірінен 154 оқушы (20 команда) қатысты. Олар Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқып, сахналап, өнерлерін көрсетеді. «Ә. Кекілбаев шығармаларынан сахналық қойылым» номинациясынан: ІІ орын – Ақтау қаласы, Н. Ондасынов атындағы № 5 жалпы білім беретін мектептің оқушылары: Аманкулов Мадияр, Мирасқызы Альбина, Рысбек Арайлым, Алимкулов...

13 мамыр 2023

Ағылшын тілі сабағында ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

      Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің " Оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 11.05.2023 жылғы №104 б/н 2023 жылдың 12 мамыр күні " №10 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткізілген " Ағылшын тілі сабағында ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру " тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Тиімді әдіс-тәсілдер мен жаттығуларды пайдалана отырып ағылшын тілі сабағында...

12 мамыр 2023

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАУ: ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТЕДІ

12 мамыр Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің барлық мектебінде терроризмге қарсы қорғауға бағытталған оқу-жаттығу ұйымдастырылады. Аталған оқу-жаттығуға мемлекеттік және жеке мектеп оқушылары, педагогтер мен мектеп қызметкерлері қатысады. Іс-шара барысында «Білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» шеңберінде бекітілген алгоритмдер тәжірибе жүзінде пысықталып, қажет болған жағдайда оларды жетілдіруге негіз...

12 мамыр 2023

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР «ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР «ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСАДЫ  13 мамыр күні елорда уақытымен сағат 12:00-де бір мезгілде барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мекен» республикалық челленджі өтеді. Экологиялық акцияға ҚР Оқу-ағарту министрі, құрылымдық бөлімше басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары, мұғалімдер мен оқушылар қатысады. Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің хабарлауынша, іс-шара экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты...

12 мамыр 2023

Дене шынықтыру пәні олимпиадасы

2023 жылдың 11 мамыр күні Ақтау қаласында 5-6, 7-8 сынып оқушылары арасында дене шынықтыру пәні бойынша олимпиада өтті. Олимпиада ережеге сәйкес, теориялық тест сұрақтары және практикалық спорт түрлері бойынша баскетбол,волейбол,футбол, гимнастика, жеңіл атлетика элементтерден құрылған жаттығулары орындалды. Олимпиада нәтижесі бойынша І орын алған №11 лицей командасы республикалық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз! Сәттілік тілейміз!  ...

12 мамыр 2023

СЕМИНАР - ЖИЫН

   2023 жылдың 11 мамыр күні Ақтау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында балаларды сауықтыру лагерьлерінде болатын балалар мен жасөспірімдердің арасында инфекциялық аурулар мен жаппай тамақтан уланудың алдын алу мақсатында балалар сауықтыру лагерлерінің қызметкерлерімен (басшылар, медицина қызметкерлері, аспазшылар, кеңесшілер және т.б.) тамақтан уланудың профилактикасы және Санитариялық қағидалар талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар-жиын өткізілді.  ...

12 мамыр 2023

«Үздік дебат жетекшісі» пікірсайыс турнирі

2023 жылдың 11 мамыр күні «Амангелді Имановтың 150 жылдығына» орай Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектеп базасында, Ақтау қалалық пікірсайыс жетекшілерінің арасында «Үздік дебат жетекшісі» пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирдің негізгі мақсаты - жалпы білім беру ұйымдары арасындағы дебат жетекшілерінің біліктілігін шыңдау, жастардың елдің мәселелеріне талқылау жүргізуіне және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу, пікірсайыс қозғалысын дамыту. Шарада пікірсайыс...

11 мамыр 2023

«Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы

      Бүгін, Ақтау қаласының «Достық» үйінде 8-11 сынып оқушылары арасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы өтуде.       Республикалық конкурс 4 бағыт бойынша өтіп жатыр. Оған әр аймақтан 154 оқушы қатысуда. Оларды Қазақстанның түкпір-түкпірінен арнайы келген жоғары кәсіби қазылар алқасы бағалауда.       Әр облыстан келген қатысушылар Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салады, проза, поэзиясынан мәнерлеп оқиды. Сонымен бірге Ә. Кекілбаев...

3 мамыр 2023

ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ

Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында 2023 жылғы 4 мамырда сағат 10:00-де мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын өткізу уақыты деп белгіленді.  ...

2 мамыр 2023

«Мектепке дейінгі ұйымдарда психологиялық қызметтің тиімді формалары мен әдістері» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар

 28.04.2023жылы №39 «Хиуаз» бөбекжай базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда психологиялық қызметтің тиімді формалары мен әдістері» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті. Семинарға мектепке дейінгі мекемелерден 22 педагог-психолог қатысты. Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі мекеме қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі мекеме педагог-психологтарына әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибе алмасу. Семинарда №39 «Хиуаз» бөбекжай педагог-психологы...

2 мамыр 2023

Пікірсайыс бүгіні мен болашағы

Жастарды тәрбиелеу, олардың әлеуметтік, зияткерлік, психологиялық және жеке дамуына жағдай жасау мақсатында, жалпы білім беру мектептерінің дебат жетекшілеріне арналған қалалық «Пікірсайыс бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы семинар ағымдағы жылдың 2 мамыр күні сағат 10:00-да № 30 жалпы білім беретін мектептің базасында өткізілді. Семинарға келген қатысушыларымызға «Шешендік өнер және харизма» тақырыбында Таңатаров Қайыржан – кризис-менеджер, бизнес доктор, маркетолог, бизнес саласының...

2 мамыр 2023

«Мен зерттеушімін» республикалық мектепке дейінгі жастағы балалар байқауының облыстық кезеңі

     Мектепке дейінгі мекемелер арасында өткізілген «Мен зерттеушімін» атты байқауының облыстық кезеңінен І орын алған Ақтау қаласы бойынша №24 бөбекжай тәрбиеленушісі Закалиев Артур, педагогі Лыморева Светлана Константиновна республикалық кезеңге жолдама алды. Сәттілік тілейміз.  ...

2 мамыр 2023

Қалалық 3-4 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілі пәні олимпиадасы

Ақтау қаласы бойынша педагогтік қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды, білімді балаларды анықтау мақсатында қалалық 3-4 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілі олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізу жоспарлануда. 2023 жыл 03 мамыр басталу уақыты: сағат 11:00 «№14 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасы  ...

1 мамыр 2023

«ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсы

     2023 жылдың 26-27 сәуір күндері өткен 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсы өтті.      Байқауға Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, республикалық білім беру ұйымдарынан 105 қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады.     «Дарын жеке жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» «ProEco» конкурсында оқушылардың алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты күні...

30 сәуір 2023

"AKTAU SPRING RUN 2023” марафоны

    Бугін 30.04.2023 жыл Ақтау қаласының Амфитеатр алаңынан басталған 10 км көктемгі жүгіру "AKTAU SPRING RUN 2023” марафоны өтті.      Көктемгі марафонға еліміздің бірнеше өңірінен және Маңғыстау облысының қала, аудандарынан желаяқ спортшылар қатысты.      Ақтау қаласының №13 гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Бижанов Асылбек Маркабайұлы ІІ орынды иеленді.     ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!  ...

30 сәуір 2023

Бастауыш сынып ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің олимпиадасы

     Ақтау қаласы бойынша педагогтік қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, бастауыш сынып ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің мәртебесін арттыру және жоғары жетістіктері бар педагогтерді анықтау мақсатында қалалық “Бастауыш сынып ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің олимпиадасы” өтті.    Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды: І орын - Дохкаева Мадина Мамотовна, №12ЖББМ (педагог); ІІ орын-Баграмян Анюта...

30 сәуір 2023

Былғары доптан республикалық ұлттық мектеп лигасы

     2023 жылдың 23-30 сәуір күнідері Павлодар қаласында Футболдан Былғары доптан республикалық ұлттық мектеп лигасы өтті.      Мектеп лигасына Маңғыстау облысының намысын қорғауға Ақтау қаласы М.Әуезов атындағы 20 жалпы білім беретін мектептің 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.      Облыс абыройын асқақтатқан оқушыларымызды және олардың бапкерлерін шын жүректен құттықтаймыз!!!  ...

Соңғы хабарлар

1 ... 23456789
10111213141516 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері