Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті түлектер!

Дәстүрді жалғастырып, 2022 жылғы түлектерге хат жаздым. Оны оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады.

Бірақ белгілі бір себептермен хатты әлі оқуға мүмкіндігі болмаған түлектер үшін оны осы жерде жариялаймын.

Құрметті түлектер!

Екі айдан кейін мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарыңыз сіздерге білім мен тәрбиені қатар үйретті. Ата-аналарыңыз да үнемі кеңестерін айтып, дұрыс жол сілтеп отырды. Енді бойларыңызға сіңген осы қасиеттерді пайдаланып, өмірлеріңіздегі жауапты шешімді қабылдайсыздар.

Әрине, сіздер үшін алғашқы маңызды емтиханның бірі - ол ҰБТ. Бірақ ҰБТ өмірдегі ең жеңіл, оңай сынақтың бірі екенін айтқым келеді.

Оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шараларды қабылдадық.

1. ҰБТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ҰБТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.

2. ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.

3. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.

4. Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

5. Биыл сіздерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.

6. Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.

7. Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.

Қымбатты түлектер! ҰБТ сынағынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?"- деп те ойлап жүрген боларсыздар?

Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:

Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.

Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.

Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.

Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.

Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.

Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.

Енді болашақ мамандықты таңдауға қатысты да айта кетейін. Жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты қабылданған шешім қате екенін есте сақтаңыз.

Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын:

1. Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

2. Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.

3. Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.

Құрметті түлектер!

Сіздерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін.

Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар.

Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады.

Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз.

Бастысы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 





3 наурыз 2024

ТАҒАЙЫНДАУ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «58 «Балауса» бөбекжайы ЖБҚ мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына Сейдалиева Сандигул Жарылгапбергеновна тағайындалды. Сейдалиева Сандигул Жарылгапбергеновна 1976 жылы 15 қазан күні Маңғыстау облысы...

2 наурыз 2024

МАРАПАТТАУ!

29 ақпанында өткен «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының кеңейтілген кеңесіне отырысында №24 бөбекжай директоры Тлесова Ботагөз Аманқосовна Алғыс хатпен және №35 “Балдырған”...

2 наурыз 2024

МАРАПАТТАУ!

29 ақпанында өткен «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының кеңейтілген кеңесіне отырысында №24 бөбекжай директоры Тлесова Ботагөз Аманқосовна Алғыс хатпен және №35 “Балдырған”...

2 наурыз 2024

1 наурыз - Алғыс айту күні

1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, АҚТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ әлемнің жарығын сыйлаған, жүректері мейірімге толы, отбасының ұйытқысы, үйді жарық пен жылуға бөлейтін, кең пейілді аналарымызға арнап музыкалық сәлемдемемен...

1 наурыз 2024

К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясында ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты

Бүгін Тараз қаласы К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясында ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Ахмеданов Артем-Ақтау қаласы, №12 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы; Хлыстунов Андрей - Ақтау қаласы, Мамандандырылған ІТ...

27 ақпан 2024

Облыстық «Математикалық регата» олимпиадасы

2024 жылдың 26 ақпан күні Ақтау қаласы №2 жалпы білім беретін мектебінде облыстық «Математикалық регата» олимпиадасы өтті. Ақтау қаласы бойынша облыстық «Математикалық регата» олимпиадасына Кубейев Бауыржан Серикулы «Metaschool» жеке меншік мектебі; Ураков Алибек...

25 ақпан 2024

Ерекше білім беруге жағдай жасау-қоғам талабы” атты облыстық семинар

Бүгін 23 ақпан күні қаламыздың №19 мектеп-гимназиясында “Ерекше білім беруге жағдай жасау-қоғам талабы” атты облыстық семинар өткізілді. Шараға білім басқармасының басшысы Д.Жұмашева және қала,аудандардың білім беру ұйымдарының мамандары, үкіметтік емес ұйым...

24 ақпан 2024

Астана қаласында волейболдан мектеп оқушылары арасында Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі

Республикалық мектеп спорт федерациясының уйымдастыруымен, 2024 жылдың 20-24 акпан аралығында Астана қаласында волейболдан мектеп оқушылары арасында Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Манғыстау облысы құрамасы сабындағы ( ұлдар ) командасы жүлделі ll орын...

10 ақпан 2024

9-11 сыныптың қыздар арасында облыстық “Шұбар доп” ұлттық лигасы

10 ақпан 2024

«Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңі

2024 жылдың 6 ақпан күні Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи...

10 ақпан 2024

“Алтын доп” мектеп лигасының 9-11(ұлдары) сынып оқушылар арасында облыстық кезеңі

6-8 ақпан күндері баскетболдан “Алтын доп” мектеп лигасының 9-11(ұлдары) сынып оқушылар арасында облыстық кезеңі Бейнеу аудан орталығында өтті. Тартысты өткен жарыстан Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі командасы І орын иеленді ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ  ...

8 ақпан 2024

Мектептердің даму бағдарламасы және сол бойынша атқарылған жұмыстарының қорытындысын тыңдау мақсатындағы отырыстың соңғы күні

Бүгін 2024ж 5-6 ақпан күндерінде кестеге сәйкес, «Ақтау қалалық білім бөлімі» КММ-де мектептердің даму бағдарламасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 28 тамыздағы №273 бұйрығы негізінде) және сол бойынша атқарылған жұмыстарының (І жарты жылдық) қорытындысын тыңдау...

8 ақпан 2024

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ІІІ (облыстық) КЕЗЕҢІ ӨТТІ.

 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ІІІ (облыстық) КЕЗЕҢІ ӨТТІ.  Облыстық кезеңнің нәтижесі бойынша “Ең үздік олимпиадалық команда” І ОРЫН, сертифкат 200 000 тг; “Олимпиаданың жаңа есімдерін дайындаушы үздік мектеп” Н. Марабаев...

26 қаңтар 2024

“Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылық: себептері, салдары және шешу жолдары” тақырыбында кеңейтілген жиналыс

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 2024 жылдың 25 қаңтар күні Ақтау қаласындағы “Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылық: себептері, салдары және шешу жолдары” тақырыбында кеңейтілген жиналыс өткізілді. ✅ Қала әкімінің...

19 қаңтар 2024

Қаланың барлық білім беру ұйымдарында ұжымдық жиналыстар

А.ж. 15-19 қаңтары аралығында қаланың барлық білім беру ұйымдарында ұжымдық жиналыстар өтуі жоспарланған болатын. Жоспарға сәйкес, білім беру ұйымдарында ұжымдық жиналыстар өтуде. Күн тәртібінде мына мәселелер қарастырылуда: Мекеме басшысының 2023 жылғы атқарған...

13 қаңтар 2024

Қаламыздағы білім беру ұйымдарына жүргізілген кешенді зерделеу жұмыс

Ағымдағы жылдың 8-12 қаңтар аралығында қаламыздағы білім беру ұйымдарына жүргізілген кешенді зерделеу жұмыс барысынан үзінді. Оқу-тәрбие жұмысына кешенді зерделу жұмысы ағымдағы жылдың 22-27 қаңтар аралығында жалғасын таппақ.  ...

13 қаңтар 2024

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау мақсатында оқушыларымен кездесу

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау мақсатында №20 жалпы білім беру мектебінде оқушыларымен 12 қаңтар күні кездесу өтті. Қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын...

12 қаңтар 2024

Ақтауда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 8 мектеп салынады

Ақтау қаласында «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасы аясында 10 600 орындық 8 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның 6-ның құрылысы былтыр басталды, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Ақтау қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын мектептер...

10 қаңтар 2024

Оқу-тәрбие бағытындағы жұмыстарды кешенді зерделеу жүргізілуде

Ақтау қалалық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 8-12 қаңтар аралығында білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие бағытындағы жұмыстарды кешенді зерделеу жүргізілуде. Зерделеу барысында әдістемелік көмек көрсетіліп, олқылықтармен жұмыс жүргізу ұйымдастырылды. Нәтижесі білім бөлімінің отырысында талқылану жоспарлануда. 

9 қаңтар 2024

Мектепке дейінгі білім беру ұйым басшыларымен қызылша ауруының алдын алу бағытында жиналыс

Бүгін 8 қаңтар күні Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.Ж. Жарылғасова мектепке дейінгі білім беру ұйым басшыларымен қызылша ауруының алдын алу бағытында жиналыс өткізілді. Жиналыста қызылшаға қарсы екпе алу жұмыстарын ұйымдастыру және ата-аналармен түсінік жұмыстарын күшейту бойынша тапсырмалар берілді. 

9 қаңтар 2024

ТАҒАЙЫНДАУ

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Кешкі(ауысым) мектеп" КММ директоры лауазымына Атрауова Раушан Жардемовна тағайындалды. Атрауова Раушан Жардемовна 16.11.1977 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы Шоқпартоғай селосында дүниеге келген Білімі: Жоғары. Санаты. Педагог-модератор, Директор орынбасарының үшінші категориясы Еңбек өтілі: 22жыл 1994 жылы №3 орта мектептің 11 сыныпты бітірген. 1995 жылы Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы университетіне оқуға түсіп, биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша 2009 жылы бітіріп шықты. Еңбек жолын 2001 жылы Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында №21 жалпы негізгі білім беретін мектепте биология пәні мұғалімі болып бастаған. 2004-2006жылы тәлімгер болып жұмыс атқарған. 2006-2007жж- Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында №7 жалпы білім беретін мектепте психолог қызметін атқарған. 2009-2016 жыл аралығында Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында №21 жалпы негізгі білім беретін мектепте тәрбие ісі орынбасары. 2017-2024 оқу жылдары аралығында Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы «Кешкі (ауысымды) мектеп»КММ-де оқу ісі орынбасары қызметін атқарып келген. 2024жылы 5-қаңтардан бастап Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы «Кешкі (ауысымды) мектеп»КММ-де директоры болып тағайындалды. Мұғалім жетістіктері: «Жақсы болу өзіңнен»шығармашылық фестивалі-2011 Алғыс хат. Жыл мұғалімі-2011 байқауы Бас жүлде. «Жаңашыл мұғалім»2011 байқауы Диплом. Жылыой ауданы білім бөлімі-2011 Құрмет грамотасы. «Елбасы ел тірегі»фото көрме сайысы-2013ж І орын диплом Жылой ауданы білім бөлімі-2014ж Алғыс хат 2014ж. Атырау обл «Жас Ұлан»ББЖҰ ҚБ-гі мүшесі болды. Атырау обл «Жас Ұлан»ББЖҰ ҚБ-гі 2014ж -Алғыс хат «Біз -еліміздің болашағы»наркобекеттер байқауы 26.06.2014ж Диплом ІІІ-орын «Ең үздік сабақ байқауы» 2015ж Диплом бірінші дәрежелі «Жаңашыл бағытқа -кең өріс»сабақ жоспарлар топтамасының 2016ж Республикалық жинақ-материалдары «Үздік ашық сабақ»байқауы 2018ж І дәрежелі диплом ҚР Тәуелсіздігі күніне ҚР Маңғыстау облысы Ақтау қаласының дамуына қосқан үлесі үшін «Ақтау қаласына 60 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2023ж 

29 желтоқсан 2023

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж.Матаевтың Алғыс хатымен марапаттау.

Бүгін 28.12.2023 ж. күні мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері 2023 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж.Матаевтың Алғыс хатымен марапатталды. 

26 желтоқсан 2023

Ақтауда қала әкімінің шыршасы өтті

Бүгін Ақтау қаласы әкімінің балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекелік шарасы өтті. Салтанатты жиынға 250 бала қатысты. Жаңа жылдық шыршаға шақырылған балалардың қатарында, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар бар. Мерекелік шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали, қалалық мәслихат төрағасы Сембіғали Зәкенов, қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тоты Күлметенова қатысып, балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Меркелек шараға қалалық мәслихат депуттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. 

26 желтоқсан 2023

"KAZYNA KIDS" балалар мерекелік студиясының демеушілігімен жекелеген санаттардағы оқушылар үшін шырша мерекесі

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсан күні "KAZYNA KIDS" балалар мерекелік студиясының демеушілігімен жекелеген санаттардағы оқушылар үшін шырша мерекесі өтті. Шараға 200 бала қатысты. "Grand Nur Plaza" қонақүйінде басталған шара "Caspian Riviera Grand Palace Hotel" ғимаратында жалғасын тауып, жаңа жыл...

Соңғы хабарлар

67891011121314 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері