Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтау қаласындағы 29 жалпы білім беру мектебіне ақын апамыздың есімі берілді. Саналы ғұмырын өлеңге арнап, "Жыр - менің жалғыз тарланым", "Жыр - менің планетам", "Өлең, мен сені аялап өтем!" деп жырлаған ақиық ақынның есімі қаламыздағы білім ұйымына берілуі үлкен мақтаныш әрі жауапкершілік.
Білім ұйымына ақын Фариза Оңғарсынованың есімі берілуіне орай арнайы іс-шаралар жоспары жасақталып, онкүндік өтті. Онкүндік Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін оқу эстафетасымен басталып, түрлі бағыттағы іс-шаралармен жалғасын тапты. Мектеп директоры Ізтұрғанова Жайна Аманжанқызы бастаған жыр эстафетасы қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша жыр сүйер жұртшылық арасында өз жалғасын табуда.
Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында, Атырау қаласында өткен республикалық фестивальда II орынды иеленген "Фариза мен Мұқағали" поэтикалық драмасын тамашалау да осы жоспар аясында ұйымдастырылды.
5 - желтоқсан күні "Өлең, мен сені аялап өтем!" тақырыбында әдеби-сазды жыр кеші ұйымдастырылды. Кеште мектеп оқушылары ақынның Отан, туған жер, өмір, дала, сезім т.б. тақырыптардағы өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын өлеңдерінің сөзіне жазылған әндер шырқады.
Кеш қонақтары Фариза Оңғарсынованың жиен келіні Лайық Тайпақова, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Рахат Қосбармақов, ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Шынар Түйешиева, айтыскер ақын, «Жыр - жебе» жас ақындар клубының жетекшісі Фархад Мұсаев болды. Қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, мектеп ұжымы мен оқушыларға сәттілік тіледі.
8-11 сынып оқушылары арасында гір тасын көтеруден Фариза Оңғарсынова атындағы ауыспалы кубогі ойнатылып, бұл сайыстың үздіктері деп танылған 8-сынып оқушылары ауыспалы кубокты өз қанжығасына байлады.
Мектептің жас қылқалам шеберлері Фариза Оңғарсынова өлеңдерінің сюжетін арқау ете отырып, ақынның алуан түрлі тақырыптағы өлеңдерін қылқаламмен кескіндеді. "Жетімхана", "Ананы аңсау", "Құм.Нарын", "Теңіз аласапыран", "Келеді түн еркелеп", "Қыз сыры", "Ақжайық", " Қанат туралы хикая", т.б. өлеңдері желісімен салынған суреттер ақын өлеңдерінің сыршыл да нәзік, алапат толқынысын аша түсумен қатар, шәкірттердің шабытын шыңдады. Сонымен қатар ақын апамыздың шығармашылығындағы Маңғыстау өлкесінің көрініс табуы да ерекше назарға алынып, оқушылар ақын шығармаларын зерттеп-зерделеп, эссе жазды. Эссе жазу байқауы қорытындыланып, тақырыпты ерекше аша білген оқушылар марапатталды.
Өткізілген онкүндік салтанатты шарамен қорытыланды. Салтанатты шараның арнайы бағдарламасына сәйкес алғашында ақынға арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті, содан соң қадірменді қонақтар Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналып арнайы жасақталған кабинетімен танысты. Келесі сәтте қонақтар назарына мектеп акт залында өткен «Жыр - менің жалғыз тарланым» тақырыбындағы әдеби-сазды кеш ұсынылды. Кеште Фариза Оңғарсынованың өлеңдері оқылды, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды, апамыздың замандасы, досы, Маңғыстаудың марғасқа ұлы Әбіш Кекілбайұлымен сырласу сәті сахналандырылды.
Поэзияда да, прозада да тұяғы мұқалмаған хас дүлділдің поэзиясы - шың, прозасы - сол шыңды тіреп тұрған шоқылар іспетті. Шәкірттерінің осы биіктен көрінгенін қалайтын білім ордасы ақын шығармаларын оқу мен насихаттауды әлі де жалғастыра береді.
Постановлением правительства Республики Казахстан в канун 80-летия народной писательницы, поэта и общественного деятеля Казахстана Фаризы Онгарсыновой общеобразовательной средней школы №29 присвоено имя поэта. Является большой гордостью и ответственностью для города то, что имя великого писателя будет носить именно общая средняя школа №29, который написал такие произведения как «Мое сердце-моя единственная судьба», «Мое сердце-моя планета», «Поэзия, я люблю тебя». Для школы имени поэта Фаризы Онгарсыновой подготовлен специальный план действий и в соответсвии с планом прошло десять дней. Декада посвящённая Ф.Онгарсыновой началась с репертуара выразительного чтения и продолжилась различными мероприятиями. В настоящее время в Мангистауской области проходит эстафета любителей поэзии под руководством директора школы Изтургановой Жайной Аманжановной. Также в рамках этого плана в Мангыстауском областном музыкально-драматическом театре была организована поэтическая драма «Фариза и Мукагали» , которая заняла второе место на республиканском фестивале в Атырау.
5 декабря на тему «Поэзия, я люблю тебя» был организован литературно-музыкальный вечер. 





27 наурыз 2018

Қалалық «Үздік әлеуметтік педагог-2018» байқауы туралы

Ақтау қалалық білім бөлімі мен Ақтау қалалық  білім  үйлестіру орталығының жұмыс  жоспарына  сәйкес, шығармашыл жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын заманауи әлеуметтік педагогтерді анықтау, қолдау және мадақтау, әлеуметтік педагогтердің кәсіптік...

27 наурыз 2018

"Ұстаз - ұлы тұлға" жас мамандар байқауы

"Ұстаз - ұлы тұлға" жас мамандар байқауы №4 гимназия мектебінде өткізілді. Байқауға 14 үміткер қатысып, 4 айналым болды.  

26 наурыз 2018

Кабинеттер байқауы

Ақтау қалалық  білім бөлімінің  26.03.2018 жылғы «Үздік  физика пәні  кабинеті» байқауын өткізу туралы  №302  бұйрығына сәйкес, кабинеттік жүйеде білім берудің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген «Үздік  физика пәні кабинеті» байқауына наурыз айының 28-29-ы күндері №11,...

20 наурыз 2018

«Roboland 2018» ІV халықаралық робототехника фестиваліне қатысушылар

2018 жылғы 30-31 наурыз күндері Қарағанды қаласында IV-ші Халықаралық «Roboland 2018» ІV Халықаралық робототехника фестивалі өтеді.  

20 наурыз 2018

«Ағылшын тілінде презентация»

«Ақтау қалалық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  іс-шаралар  жоспарына  сәйкес, жалпы білім беретін орта мектептің 7 сынып  оқушылары  арасынан «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасы мен көптілділікті насихаттау, көп...

19 наурыз 2018

ҰТО маманы Маржан Ермекбайқызымен кездесу

Ақтау қаласы мектептерінің жауапты мамандарымен ҰТО маманы Маржан Ермекбайқызымен бірге қорытынды аттестаттау және ҰБТ туралы өткен жиналыс сәтінен. 

19 наурыз 2018

"Дарынды балаға - талантты ұстаз" сайысы

№10 орта мектеп базасында қалалық "Дарынды балаға - талантты ұстаз" сайысынан... Облыстық кезеңнен толағай табыс тілейміз!  

19 наурыз 2018

Фотогалерея

...

13 наурыз 2018

"Табиғатты аяла" форумының қалалық кезеңі

№28 орта мектебінде оқушылар арасында республикалық "Табиғатты аяла" форумының қалалық кезеңі өткізілді. 

2 наурыз 2018

"Алтын қазына" атты оқушыларға арналған көрме-байқауы

Ағымдағы 2 наурыз күні "Алтын қазына" атты оқушыларға арналған көрме-байқауы №8 орта мектеп базасында өтті. 

27 ақпан 2018

«Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» байқауы

Ақтау қаласы," №23 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында мұғалімдер арасында қалалық «Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» байқауы өткізілді. 

23 ақпан 2018

Гуманитарлық пәндер бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында қалалық олимпиада

21 ақпан  күні  Ибаш Жанболатова атындағы №15 орта мектепте 5-6 сынып  оқушылары  арасында олимпиаданың ашылу салтанатты өтті. Олимпиадаға қала мектептерінен 185 оқушы қатысады. 

21 ақпан 2018

«Информан-2018» турнирі

Қалалық «Информан-2018» турнирі 21ақпан күні күні сағат 14:00-де КММ «№14 жалпы білім беру орта мектебі» базасында өткізілді. 

19 ақпан 2018

Құм терапиясы

  ...

19 ақпан 2018

"Жауқазын" балалар шығармашылық өнер фестивалі

  ...

16 ақпан 2018

"Толерантты тәрбие, қазіргі мектеп жағдайындағы табысты тұлға қалыптастыру факторы"

Ақтау қаласы №7 мектеп лицейінде 16 ақпан күні "Толерантты тәрбие, қазіргі мектеп жағдайындағы табысты тұлға қалыптастыру факторы" тақырыбында мектеп директорларының тәрбие ісі бойынша орынбасарларына арналған семинар өтті. 

13 ақпан 2018

«Үздік сынып жетекші - 2018» байқауы

Қалалық «Үздік сынып жетекші - 2018» байқауы 2018 жылдың 13 ақпан күні сағат 09:30-да «С. Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілді. 

11 ақпан 2018

«Алтын доп-Мектеп лигасы» турнирі

09-11.02.2018 жылы Ақтау қаласында №9 және №14 орта мектептерде баскетбол бойынша 9-11 сынып ұлдар арасында қалалық «Алтын доп-Мектеп лигасы» турнирі өтті. 21 команда, 221 ойыншы қатысты. 

1 ақпан 2018

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз. Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін...

1 ақпан 2018

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар туралы ЖАДЫНАМА

Мақсаты: Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына қоғамның және бизнес-қауымдастықтың оң көзқарастарын, сондай-ақ объект басшыларының (орта және ірі бизнес) әр түрлі меншік...

26 қаңтар 2018

Астана, Шымкент және Ақтөбе қалалары республикада алғаш рет жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жоспарлауда

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі баспасөз хабарламасы. Астана, Шымкент және Ақтөбе қалалары республикада алғаш рет жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жоспарлауда 2018 жылғы қыркүйектен бастап Шымкент қаласының жекеменшік...

29 желтоқсан 2017

"Жыл адамы - 2016" байқауы

"Жыл адамы - 2016" байқауының жеңімпаздары №13 гимназия мұғалімі Турбекова Майра, №4 балабақша тәрбиешісі Арынбасарова Зухра.  ...

23 желтоқсан 2017

"Көңілді тапқырлар, білгірлер - 2016" байқауы

Қалалық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, қалалық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен 22 желтоқсан күні №10 орта мектеп ғимаратында қалалық физика және математика пәндері бойынша "Көңілді тапқырлар, білгірлер - 2016" байқауы өткізілуде, байқау ертең...

17 қазан 2017

Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара!

2017 жылдың 5 қазан күні мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының кіші залында салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Р. Сакеев, қалалық білім бөлімдерінің және білім беру ұйымдарының басшылары,...

Соңғы хабарлар

4849

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері