Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтау қаласындағы 29 жалпы білім беру мектебіне ақын апамыздың есімі берілді. Саналы ғұмырын өлеңге арнап, "Жыр - менің жалғыз тарланым", "Жыр - менің планетам", "Өлең, мен сені аялап өтем!" деп жырлаған ақиық ақынның есімі қаламыздағы білім ұйымына берілуі үлкен мақтаныш әрі жауапкершілік.
Білім ұйымына ақын Фариза Оңғарсынованың есімі берілуіне орай арнайы іс-шаралар жоспары жасақталып, онкүндік өтті. Онкүндік Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін оқу эстафетасымен басталып, түрлі бағыттағы іс-шаралармен жалғасын тапты. Мектеп директоры Ізтұрғанова Жайна Аманжанқызы бастаған жыр эстафетасы қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша жыр сүйер жұртшылық арасында өз жалғасын табуда.
Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында, Атырау қаласында өткен республикалық фестивальда II орынды иеленген "Фариза мен Мұқағали" поэтикалық драмасын тамашалау да осы жоспар аясында ұйымдастырылды.
5 - желтоқсан күні "Өлең, мен сені аялап өтем!" тақырыбында әдеби-сазды жыр кеші ұйымдастырылды. Кеште мектеп оқушылары ақынның Отан, туған жер, өмір, дала, сезім т.б. тақырыптардағы өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын өлеңдерінің сөзіне жазылған әндер шырқады.
Кеш қонақтары Фариза Оңғарсынованың жиен келіні Лайық Тайпақова, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Рахат Қосбармақов, ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Шынар Түйешиева, айтыскер ақын, «Жыр - жебе» жас ақындар клубының жетекшісі Фархад Мұсаев болды. Қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, мектеп ұжымы мен оқушыларға сәттілік тіледі.
8-11 сынып оқушылары арасында гір тасын көтеруден Фариза Оңғарсынова атындағы ауыспалы кубогі ойнатылып, бұл сайыстың үздіктері деп танылған 8-сынып оқушылары ауыспалы кубокты өз қанжығасына байлады.
Мектептің жас қылқалам шеберлері Фариза Оңғарсынова өлеңдерінің сюжетін арқау ете отырып, ақынның алуан түрлі тақырыптағы өлеңдерін қылқаламмен кескіндеді. "Жетімхана", "Ананы аңсау", "Құм.Нарын", "Теңіз аласапыран", "Келеді түн еркелеп", "Қыз сыры", "Ақжайық", " Қанат туралы хикая", т.б. өлеңдері желісімен салынған суреттер ақын өлеңдерінің сыршыл да нәзік, алапат толқынысын аша түсумен қатар, шәкірттердің шабытын шыңдады. Сонымен қатар ақын апамыздың шығармашылығындағы Маңғыстау өлкесінің көрініс табуы да ерекше назарға алынып, оқушылар ақын шығармаларын зерттеп-зерделеп, эссе жазды. Эссе жазу байқауы қорытындыланып, тақырыпты ерекше аша білген оқушылар марапатталды.
Өткізілген онкүндік салтанатты шарамен қорытыланды. Салтанатты шараның арнайы бағдарламасына сәйкес алғашында ақынға арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті, содан соң қадірменді қонақтар Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналып арнайы жасақталған кабинетімен танысты. Келесі сәтте қонақтар назарына мектеп акт залында өткен «Жыр - менің жалғыз тарланым» тақырыбындағы әдеби-сазды кеш ұсынылды. Кеште Фариза Оңғарсынованың өлеңдері оқылды, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды, апамыздың замандасы, досы, Маңғыстаудың марғасқа ұлы Әбіш Кекілбайұлымен сырласу сәті сахналандырылды.
Поэзияда да, прозада да тұяғы мұқалмаған хас дүлділдің поэзиясы - шың, прозасы - сол шыңды тіреп тұрған шоқылар іспетті. Шәкірттерінің осы биіктен көрінгенін қалайтын білім ордасы ақын шығармаларын оқу мен насихаттауды әлі де жалғастыра береді.
Постановлением правительства Республики Казахстан в канун 80-летия народной писательницы, поэта и общественного деятеля Казахстана Фаризы Онгарсыновой общеобразовательной средней школы №29 присвоено имя поэта. Является большой гордостью и ответственностью для города то, что имя великого писателя будет носить именно общая средняя школа №29, который написал такие произведения как «Мое сердце-моя единственная судьба», «Мое сердце-моя планета», «Поэзия, я люблю тебя». Для школы имени поэта Фаризы Онгарсыновой подготовлен специальный план действий и в соответсвии с планом прошло десять дней. Декада посвящённая Ф.Онгарсыновой началась с репертуара выразительного чтения и продолжилась различными мероприятиями. В настоящее время в Мангистауской области проходит эстафета любителей поэзии под руководством директора школы Изтургановой Жайной Аманжановной. Также в рамках этого плана в Мангыстауском областном музыкально-драматическом театре была организована поэтическая драма «Фариза и Мукагали» , которая заняла второе место на республиканском фестивале в Атырау.
5 декабря на тему «Поэзия, я люблю тебя» был организован литературно-музыкальный вечер. 





29 наурыз 2019

«Абай әлеміне саяхат» клубының мүшелерімен жұмыс

Ағымдағы жылдың 28 наурызы күні Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі базасында «Абай әлеміне саяхат» клубының мүшелерімен, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сәулетші, ақын Сайын Назарбекпен кездесу ұйымдастырылды.  ...

29 наурыз 2019

«British Council» ұйымының «English for success» жобасы аясындағы курс

«British Council» ұйымы «English for success» жобасы арқылы қаламыздағы ағылшын тілі және жаратылыстану-математика бағыты пәндерінің мұғалімдерін ағылшын тілінде оқыту бойынша ағымдағы жылдың 25-29 наурызы аралығында курс жалғасуда. Аталған шараға қалалық білім бөліміне қарасты...

27 наурыз 2019

«British Council» ұйымының «English for success» жобасы асындағы семинары

«British Council» ұйымы «English for success» жобасы арқылы қаламыздағы ағылшын тілі және жаратылыстану-математика бағыты пәндерінің мұғалімдерін ағылшын тілінде оқыту бойынша ағымдағы жылдың 25-29 наурызы аралығында семинар өткізуде. Аталған семинарға қалалық білім бөліміне қарасты...

27 наурыз 2019

ҰБТ-2019

Бүгін Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ғимаратында №734 Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының ұйымдастыруымен биылғы мектеп бітіруші түлектер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу өтуде. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!!!  ...

18 наурыз 2019

«Мағжан оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтуде

   Бүгін №28 жалпы білім беру орта мектебі базасында жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін шыңдау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, Мағжан Жұмабаев шығармаларын насихаттау арқылы тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті...

18 наурыз 2019

«Мағжан оқулары» байқауы өткізілді

  Бүгін №28 жалпы білім беру орта мектебі базасында жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін шыңдау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, Мағжан Жұмабаев шығармаларын насихаттау арқылы тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті...

18 наурыз 2019

«Үздік бастауыш сынып мұғалімі -2019» байқауы

   Бүгін Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебінің базасында педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және жоғары жетістікті педагогтерді анықтау мақсатында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі -2019» байқауы басталды. Қатысушы ұстаздарымызға сәттілік тілейміз  ...

12 наурыз 2019

№17 жалпы білім беру орта мектебі базасында IT сынып ашылды

  Бүгін «Нұр Отан» партиясының азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT сынып» жобасын іске асыру мақсатында Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №17 жалпы білім беру орта мектебі базасында IT...

11 наурыз 2019

"Мектеп лигасы" жарыстарының 5-6 сыныптар (қыздар) арасындағы баскетбол ойындары

Наурыздың 8,9 күндері №9 жалпы білім беру орта мектебі базасында "Мектеп лигасы" жарыстарының 5-6 сыныптар (қыздар) арасындағы баскетбол ойындары өткізіліп, жарысқа қатысқан мектептер арасынан жеңімпаздар анықталды: І орын - Н.Марабаев атындағы №7 лм; ІІ орын - №6 жалпы...

7 наурыз 2019

«Дарынды балаға талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді

   Мереке қарсаңында қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес​ «Дарынды балаға талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Олимпиада ережесі бойынша командалар бірінші тапсырмада мектеп туралы мәлімет беріп, мектеп тарихы мен...

5 наурыз 2019

"Үштілділік - заман талабы" тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді

    Бүгін Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі базасында информатика пәні мұғалімдерінің "Үштілділік - заман талабы" тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Семинар барысында информатика пәні мұғалімдері А.Сәбиева «Сценарийді жүзеге асыру»...

5 наурыз 2019

"Мектеп лигасы" жарыстарының 5-6 сыныптар (қыздар ) арасындағы волейбол ойындары

  1-3 наурыз күндері 11 мамандандырылған физика-математика мектебі және М.Әуезов атындағы 20 жалпы білім беру орта мектебі базаларында "Мектеп лигасы" жарыстарының 5-6 сыныптар (қыздар ) арасындағы волейбол ойындары өткізіліп, жарысқа қатысқан 14 мектептің ішінен:І орынды - N16...

5 наурыз 2019

"Мектеп лигасы" жарыстарының 9-11 сыныптар (ұлдар) арасындағы футболдан "Былғары доп" ойындары

    Наурыздың 1-3 аралығында "Мектеп лигасы" жарыстарының 9-11 сыныптар (ұлдар) арасындағы футболдан "Былғары доп" ойындары N21 жалпы білім беру орта мектебі базасындағы "Намыс арена" футбол клубында өткізіліп, жарысқа қатысқан 14 мектептің ішінен:І орынды - N21 о/м;ІІ орынды - N5...

5 наурыз 2019

№12 жалпы білім беру орта мектебі базасында IT сынып ашылды

Бүгін «Нұр Отан» партиясының азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT сынып» жобасын іске асыру мақсатында Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №12 жалпы білім беру орта мектебі базасында IT...

4 наурыз 2019

«Мәнерлеп оқу» байқауы өткізілді

Бүгін Ақтау қалалық білім бөлімінің 20.02.2019ж. №37 бұйрығына сәйкес, №9 жалпы білім беру орта мектебі базасында жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында қазақтан шыққан әйел ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттау, шығармалар сөзінің құдіреті мен қуатын...

2 наурыз 2019

Ағымдағы жылдың 2 наурызы күні облыстық "РОБОМАҢҒЫСТАУ-2019" байқауы өткізілді

  Бүгін, ағымдағы жылдың 2 наурызы күні облыстық "РОБОМАҢҒЫСТАУ-2019" байқауы өткізілді. Облыстық кезеңге жолдама алған, қалалық кезеңнің жеңімпаздары өз жетістіктерін облыс көлемінде де дәлелдей білді. Байқау қорытындысы бойынша "Роботтар арқан тартысы" жарысынан М.Әуезов...

2 наурыз 2019

«Мерген ару-2019» байқауы өз мәресіне жетті.

  Бүгін Ақтау қалалық білім бөлімінің 25.02.2018ж. №48 бұйрығына сәйкес, қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарындағы «Жас сарбаз» әскери – патриоттық клубтарының тәрбиеленуші қыздарының қатысуымен «И.Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беру орта мектебі»...

1 наурыз 2019

"Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі - 2019" байқауы өз мәресіне жетті

   Ақтау қалалық білім бөлімінің 25.02.2019ж. N47 бұйрығына сәйкес, 13 гимназиясы базасында өткізілген қалалық "Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі - 2019" байқауы өз мәресіне жетті. Қазылар алқасының шешімімен N7 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Амантайқызы Гүлім...

1 наурыз 2019

5-6 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша және 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша олимпиада қорытындысы

  Бүгін Ақтау қалалық білім бөлімінің 22.02.2019ж. №45 бұйрығына сәйкес, білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының 5-6 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша және 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша дарынды...

1 наурыз 2019

"№1 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында It сынып ашылды

 Бүгін Ақтау қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес "№1 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында It сынып ашылды.  ...

28 ақпан 2019

«Жас сарбаз» әскери – патриоттық клубтарының тәрбиеленуші қыздарының қатысуымен «И.Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында «Мерген ару-2019» байқауы басталды

  Бүгін Ақтау қалалық білім бөлімінің 25.02.2018ж. №48 бұйрығына сәйкес, қалалық білім бөліміне қарасты білім ұйымдарындағы «Жас сарбаз» әскери – патриоттық клубтарының тәрбиеленуші қыздарының қатысуымен «И.Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беру орта мектебі»...

27 ақпан 2019

5-6 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша және 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша дарынды балалардың білім деңгейін анықтау, қолдау көрсету мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада басталды

  Бүгін Ақтау қалалық білім бөлімінің 22.02.2019ж. №45 бұйрығына сәйкес, білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының 5-6 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша және 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша дарынды...

27 ақпан 2019

"Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі - 2019" байқауы өтуде

   Бүгін Ақтау қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, білім бөлімінің 25.02.2019ж. N47 бұйрығы негізінде, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби мәртебесін арттыру, кәсіптік өсуіне ықпал ету, педагогикалық біліктілігін арттырып, рухани - адамгершілігі бар, ақпараттық -...

26 ақпан 2019

Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты мектептердегі мектеп бітіруші түлектер үшін Алматы қаласындағы UIB Халықаралық бизнес университетімен кездесу өткізілді.

  Ағымдағы жылдың 25-26 ақпаны күндері Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі мен №14 жалпы білім беру орта мектебі базасында Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты мектептердегі мектеп бітіруші түлектер үшін Алматы қаласындағы UIB Халықаралық бизнес...

Соңғы хабарлар

42434445464748 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері