Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Тәуелсіз елдің Ұланымыз!

Тәуелсіз елдің Ұланымыз!

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 29 жылдық тарихы бар, ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке қарсаңында болашақ ұрпағымызға тәуелсіздік жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін насихаттау, желтоқсан құрбандарының ерлігін үлгі ету, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында қалалық білім бөліміне қарасты білім ұйымдарында ағымдағы жылдың 10-15 желтоқсан аралығында түрлі іс – шаралар өткізілді:

1.«Тәуелсіз елдің Ұланымын!» тақырыбындағы бастауыш  сынып оқушыларының мерекелік тартуы ұйымдастырылып, аталған шараға 1- 4 сынып аралығында  7254 оқушы қатысты.

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1163593504095246/?d=n

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1163583154096281/?d=n

2.Тәуелсіздік жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, желтоқсан құрбандарының ерлігін үлгі ету, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында 7-9 сынып оқушылары үшін тарих пәні мұғалімдері "Тәуелсіздік таңы мәңгілік" тақырыбында онлайн режимінде танымдық сағаттарын өткізіп, аталған шара 4380 оқушыны қамтыды.

3. 1-11-сынып оқушылары үшін «Менің елім осындай!», «Тәуелсіздік-теңдігім!», «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз!», «Елімнің  бақытын тербеткен тәуелсіздік» тақырыптарында бірыңғай онлайн режимінде  сынып сағаттары жүргізілді. Онлайн сынып сағаттарына  26392 оқушы, 1-сыныптар бойынша 6342 оқушы қатысты.

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1163267364127860/?d=n

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1163585387429391/?d=n

4.Ағымдағы жылдың 14-желтоқсанында 5 – сыныптар үшін «Тәуелсіз елім-Қазақстан!» тақырыбында  онлайн режимінде ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Аталған шара  2394 оқушыны қамтыды.

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1163102854144311/?d=n

5. Оқушылардан дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық  құндылықтарды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлға болып өсуге ант қабылдай отырып, «Жас Ұлан» ұйымына 442 оқушы, «Жас Қыран»  ұйымына  342 оқушы қабылданды.

https://www.facebook.com/100015310560639/videos/pcb.1063275130859496/1063274977526178/

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1163373777450552/?d=n

6.Тәуелсіздік күні қарсаңында мектеп жас мамандары тарту ұйымдастырып, шараға 152 жас маман атсалысты.

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1160084424446154/?d=n

7.5-11-сынып бойынша 442 оқушы "Батырлар жырлайды" батырлар жырынан үзінді оқу шарасына қатысты.

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1160088041112459/?d=n

8. 7-сынып оқушылары арасынан 624 оқушы "Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың!" тақырыбында үш тілде  тәуелсіздік мерекесіне өз  арнауларын ұсынды.

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1160090934445503/?d=n

  https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1163574244097172/?d=n

9.10 – сынып бойынша 354 оқушы "Тәуелсіз елдің жастары" тақырыбында мерекелік тарту ұйымдастырды.

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1163108464143750/?d=n

10. «Тәуелсіздік тірегім» тақырыбы аясында 1-сынып оқушылары үшін мәнерлеп оқу шарасы өткізіліп, шараға 610 оқушы қатысты.

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1163578920763371/?d=n

11. 5-сынып оқушылары арасында "Менің елім осындай" сурет байқауы ұйымдастырылды. Шараға 420 оқушы қатысты.

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1163133577474572/?d=n

12. "Бабалар аманаты - Тәуелсіздік" тақырыбындағы 6-сыныптар үшін  мәнерлеп оқу шарасы ұйымдастырылып, шараға 150 оқушы қатысты. https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1163262284128368/?d=n

  1. №28  жалпы білім беру орта мектебінде 5-сыныптар арасында "Отан-отбасынан басталады" тақырыбында онлайн режиміндегі отбасылық байқау ұйымдастырылып, байқауға 6 отбасы қатысты.

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1163607234093873/?d=n

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1163131757474754/?d=n

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1160817861039477/?d=n

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1161140281007235/?d=n

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1160477917740138/?d=n

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1160520087735921/?d=n

  1. Желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында "Желтоқсан желі ызғарлы" айдарымен 8 - сыныптар  аралығында тақырыпқа қатысты ақпарат жинау, бейнеролик жасау жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған шараға 8- сыныптар бойынша 296 оқушы атсалысты.

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1160094507778479/?d=n

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1160094507778479/?d=n

  1. 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай "Абайтану" факультатив мүшелерінің тәуелсіздікке тартуы, факультатив мүшелерінен  210 оқушы шараға атсалысты.

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1163098377478092/?d=n

  1. Тәуелсіздік күніне орай "Жылдар жемісі" тақырыбындағы бейне материалдар дайындалды. Шара «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерінен  230 оқушыны қамтылды.

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1163109120810351/?d=n

  1. Кітап және  оқушылар шығармашылығынан дайындалған "Ұлы даланың ұлық мерекесі" тақырыбындағы көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге  85 оқушының шығармашылығынан жұмыстар қойылды.

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1163130974141499/?d=n

  1. "Домбыра дастан" үйірме мүшелерінің күй өнерін насихаттау шарасы ұйымдастырылды, үйірме мүшелерінен  45 оқушы қатыстырылды.

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1163831044071492/?d=n

  1. "Өнерім саған - Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында патриоттық әндерден мерекелік ән-шашу ұйымдастырылды. Аталған шараға «Болашақ жұлдыздар» үйірме мүшелерінің оқушылары белсене атсалысты, шара 420 оқушы қамтылды.

https://www.facebook.com/100013338227228/posts/1163921700729093/?d=n

https://www.facebook.com/100013472491216/posts/1111678035957936/?d=n

https://www.facebook.com/100013472491216/posts/1111018069357266/?d=n

https://www.facebook.com/100013472491216/posts/1111015909357482/?d=n

https://www.facebook.com/100013472491216/posts/1110886816037058/?d=n

https://www.facebook.com/100013472491216/posts/1110885099370563/?d=n

https://www.facebook.com/100011525945444/videos/1192313057829548/

https://www.youtube.com/watch?v=8IXIHOYS1NY

Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. 

Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында келген Тәуелсіздік күнінде, тәуелсіздігімізді алып берген ағалар мен апаларымыз барлық құрметке лайық.

 





18 қаңтар 2020

Мектеп нұсқаушылары мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кездесуі

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Ақтау қалалық білімді дамыту орталығы базасында қалалық білім бөлімінің басшысы С.Б.Тулебаева, Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Б.Б.Досов, бас маманы Р.Шамшадинова, теннис бойынша БЖСМ директорының м.а. А.Ерлик,  

17 қаңтар 2020

Мектеп басшыларымен және жауапты мамандармен бірлескен отырыс

Бүгін, ағымдағы жылдың 17 қаңтары күні білім беру ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша білім беру ұйымдары басшыларымен және жауапты мамандармен бірлескен отырыс өткізілді. 

16 қаңтар 2020

Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің төрағаларымен бірлескен отырыс

Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің төрағаларымен бірлескен отырыс өткізілді. Отырысқа Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Г.Алдашева, Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е.Өмірзақ,  

14 қаңтар 2020

Абай әндері мен халық әндерінің үндесуі

Бүгін, Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі базасында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай әлеміне саяхат» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен Абай әндері мен халық әндерінің үндесуімен мектепішілік байқау болып өтті.  

9 қаңтар 2020

Жастар жетістіктері

Бүгін, "Жастар жетістіктері" қоғамдық қорының "Болашаққа бағдар" кәсіптік бағдар беру бағдарламасын ендіру жобасы аясында, «Теңізшевройл» ЖШС демеушілігімен №28 жалпы білім беру орта мектебі базасында "Ең үздік мұғалім", "Ең үздік мектеп" байқаулары және 5-10 сынып 

6 қаңтар 2020

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

Бүгін, екі күнге созылған 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған додада оқушылар пәндер бойынша түрлі тапсырмалар орындап, зертханалық жұмыстар жасады. 

27 желтоқсан 2019

Маңғыстаунама - 2019

Ақтау қаласының білім бөлімінің «Маңғыстаунама - 2019» танымдық байқауын өткізу туралы №318 бұйрығын негізге ала отырып, №28 жалпы білім беру орта мектебінде аталған шара ағымдағы жылдың 19 желтоқсаны күні өткізілген болатын. 

26 желтоқсан 2019

USTAZ Professional Learning Centre

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсаны күні №17 жалпы білім беру орта мектебі базасында жаратылыстану - математика бағытындағы физика, информатика, химия, биология пәндерін үштілді оқытатын мұғалімдерге арналған Ақтау қаласының білімді дамыту орталығының "USTAZ Professional Learning Centre" 

23 желтоқсан 2019

Мектеп директорының оқу - ісі жөніндегі орынбасарларымен кездесу

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 18.03.2008 ж. «Орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы  

20 желтоқсан 2019

Жастар сыйлығы - 2019

Бүгін “Жастар сыйлығы - 2019” жастар премиясын табыстау рәсімі болып өтті. Жастар арасындағы кәсіби және қоғамдық жұмыста өзін көрсете алған білімді, өнерлі, бәсекеге  

19 желтоқсан 2019

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың білім саласы қызметкерлерімен кездесуі

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Вице-министрі Ш.Каринова, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ. Жұмашевтың қатысуымен Ф.Оңғарсынова атындағы 29 жалпы білім беру орта мектебі базасында білім саласы қызметкерлерімен кездесу өтті 

16 желтоқсан 2019

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!Сіздерді Ақтау қалалық білім бөлімі атынан Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.  

11 желтоқсан 2019

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтау қаласындағы 29 жалпы білім беру мектебіне ақын апамыздың есімі берілді.  

7 желтоқсан 2019

Жалпы білім беретін пән бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

Ақтау қалалық білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 5-6 желтоқсан күндері жалпы білім беретін пән бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.  

5 желтоқсан 2019

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

Бүгін Ақтау қалалық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі басталды.  

29 қараша 2019

Балалар үшін тегін IT сынып

Бүгін «Нұр Отан» партиясының азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT сынып» жобасын іске асыру мақсатында Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты С.Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беру орта мектебі базасында IT сынып ашылды. 

21 қараша 2019

Жаратылыстану - математика бағыты бойынша пән мұғалімдерінің пәндік олимпиадасының облыстық кезеңі

Бүгін, жаратылыстану - математика бағыты бойынша пән мұғалімдерінің пәндік олимпиадасының облыстық кезеңі қорытындыланды. Олимпиадаға қалалық кезең жеңімпаздары қатысты.  

18 қараша 2019

«Абай әндерінен хор дайындау» сайысы

Ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай атамыз қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Ол қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Осындай ұлы...

15 қараша 2019

Балалар үшін тегін IT сынып

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында «Нұр Отан» партиясының азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT сынып» жобасын іске асыру мақсатында Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №27 жалпы білім беру орта мектебі базасында IT сынып ашылды. 

8 қараша 2019

Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының мектепішілік кезеңі

Ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау 

8 қараша 2019

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру

Ағымдағы жылдың 6 қарашасында Ақтау қаласының білімді дамыту орталығы базасында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, оқушылар арасында өлкенің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, олардың ізденушілік,  

4 қараша 2019

Ұлттық біліктілік тестілеуге қатысушыларға түсіндірме жұмыстары

2019-2020 оқу жылында біліктілік санаттарын аттестаттауға өтініш берген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудың бірінші кезеңі - Ұлттық біліктілік тестілеуді тапсыру ағымдағы жылғы қараша айында өткізу жоспарланған.  

1 қараша 2019

"Алтын диск" олимпиадасы

Облыстық "Алтын диск" информатика пәні мұғалімдерінің олимпиадасында қалалық кезең жеңімпазы 11 мамандандырылған физика-математикалық мектебінің информатика пәні мұғалімі Батқамбаева Ізбибі Далабайқызы қала абыройын қорғады. 

25 қазан 2019

Жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы

Ақтау қалалық білім бөлімінің 08.10.2019ж №237 бұйрығына сәйкес, 2019 жылдың 17-18 қазаны күндері «№23 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы өткізілді. 

Соңғы хабарлар

40414243444546 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері