0
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау
Осылайша, білім беру жүйесінде мектеп, колледж және балабақша директорларын ротациялау институты пайда болды.
Білім беру саласында он мыңнан астам мемлекеттік ұйым бар. Көптеген басшылар, мерзімсіз еңбек келісімшарттарын жасасқан.
Осыған байланысты бір ұйымда 10-15 жыл және одан да көп жұмыс істейтіндер аз емес. Әрине, олардың арасында өз жұмысын жақсы білетін және мектеп, колледж, мектепке дейінгі немесе қосымша білім беру ұйымдарының дамуына елеулі үлес қосатын басшылар бар. Дегенмен, 10-15 жыл бойы бір орында отырып, өздерінің бастамашылдығы мен дамуға деген ынтасын жоғалтатын мектеп директорлары да бар.
Егер басшы ұзақ жылдар бойы бір білім беру ұйымын басқарса, бұл мотивацияның төмендеуіне, жұмыс барысында жаңа тәсілдердің болмауына әкелуі мүмкін.
Басшылық ететін ұйымның ауысуы өзгерістерді енгізуге және басшының жұмыстағы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Енді Ережелердің негізгі басымдықтарына тоқталып өтсем.
Біріншіден, бір білім беру ұйымында 4 немесе 7 жылдан астам жұмыс істеген басшылар ротацияланады.
Бұл ретте, осы білім беру ұйымында лауазымға тағайындалған күннен бастап 4 (төрт) жыл жұмыс атқарған бірінші басшы ротациядан өтініші негізінде босатылып, тиісінше қолданыстағы еңбек шарты шеңберінде өз жұмысын жалғастыра алады.
Алайда, егер басшы аталған ұйымда 7 жылдан астам уақыт жұмыс істесе, онда ол міндетті түрде ротацияланады. Осылайша, бір білім беру ұйымына жетекшілік ету мерзімі 7 жылдан аспауы тиіс.
Екіншіден, ротациялаудың төмендегідей шарттары бар:
– ротациялауды облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары жүзеге асырады;
– ротация бір елді-мекен аумағында жүргізіледі;
– ротациялауды бір деңгейдегі ұйым басшылары арасында жүргізеді;
– ротациялау кезінде бірінші басшылардың біліктілік санаты, яғни аталған санат үшін төленетін қосымша ақы да мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін ротациялау туралы мәселені қарау үшін комиссия жұмыс істейтін болады.
Ротациялау жүйесінің тиімді жұмыс істеуі және тұтастай алғанда бұл қағидалардың жергілікті жерлерде дұрыс іске асырылуы үшін министрлік мониторинг жүргізетін болады.
12 наурыз 2021
«Үздік тәрбиеші-2021» сырттай байқауы
«Үздік тәрбиеші-2021» сырттай байқауы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін дарынды тәрбиешілерді қолдау, білім мазмұнын жаңарту, жаңа өңдеулер әзірлеу және тәжірибе әрекетінде тиімді оқыту тәсілдерін қолдану бойынша...12 наурыз 2021
«Әйел - отбасында шуақ, қоғамда тірек» байқауы
Болашақ ұрпаққа дүниедегі жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, үлгі тұтар әйел жандардың өмірінен мағлұматтар беру мақсатында қалалық «Әйел -отбасында шуақ, қоғамда тірек» байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы...11 наурыз 2021
Математика, тілдер және информатика пәндерін оқытуға ерекше басымдық беріледі
Математика, тілдер және информатика пәндерін оқытуға ерекше басымдық беріледі – А.Аймағамбетов ⠀ Оқулықтардың сапасын жақсарту үшін алғаш рет үлгілік оқу бағдарламаларын сараптаудан және апробациядан өткізіп, оқулықтарды дайындау, сараптау мен басып шығарудың...10 наурыз 2021
«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ!» БАЛАЛАР КИНОСЫ ФЕСТИВАЛІ
«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ!» БАЛАЛАР КИНОСЫ ФЕСТИВАЛІ Қалалық білім бөлімінің іс - шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносы фестивалі өткізілді. Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, білім бөлімінің...9 наурыз 2021
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
2021 жылдың 22-26 ақпан аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қаламыздан 44 оқушы қатысып, 35 оқушы жеңімпаз атанды. 11 оқушы І орын, 7 оқушы ІІ орын, 17 оқушы ІІІ орын иеленіп, сәуір айында өтетін жалпы білім беретін...9 наурыз 2021
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады ⠀
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады ⠀ Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ұйымдастырылатын наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді. Наурыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін app.testcenter.kz сілтемесі бойынша...5 наурыз 2021
Көңіл айту
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, Мамандандырылған IT лицейінің ұстазы, әріптес Жаннят Қадіралиева Ұзақбайқызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның...3 наурыз 2021
19А ШАҒЫН АУДАНДА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
19А ШАҒЫН АУДАНДА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ Биыл Ақтауда 19 а шағын ауданда 1200 орындық мектептің құрылысы басталады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. 4 қабатты ғимараттың құрылыс алаңы 3979,84 ш. м. құрайды. Учаске...3 наурыз 2021
Сынағы мол жарқын өмір
Маңғыстау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, халық шаруашылығы саласының қызметкері, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерінің иегері, соғыс ардагері Тұтқабай Әшімбаевтың өткен өмірі мен шығармашылық жолын насихаттау мақсатында 7-сынып оқушылары...3 наурыз 2021
Өрге сүйрер – жан еді
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Тұтқабай Әшімбаевтың 100 жылдығы аясындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдарында 5-11 сынып оқушылары арасында «Өрге сүйрер – жан еді» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізілуде. ...2 наурыз 2021
«Рақмет айтам баршаға!» атты кездесу кеші
РАҚМЕТ АЙТАМ БАРШАҒА! Алғыс айту күні қарсаңында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі мен қалалық, облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының бірлесуімен ардагер ұстаздарға кейінгі ұрпақтардың құрмет көрсетуі мақсатында «Рақмет айтам баршаға!» атты кездесу...1 наурыз 2021
«Тілші мұғалімдер-2021» олимпиадасы
Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді анықтап, көпшілікке таныту мақсатында 2021 жылдың 24-26 ақпан күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімдері...1 наурыз 2021
ТҰТҚАБАЙ ӘШІМБАЕВ - 100 ЖЫЛ
Бүгін, 1-наурыз күні мемлекет және қоғам қайраткері Тұтқабай Әшімбайұлы Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес №11 лицейінде Тұтқабай Әшімбайұлының бюстіне гүл шоқтары қойылып, қайта...26 ақпан 2021
ЕЛІМ ДЕП ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ЕР ТҰЛҒА
ЕЛІМ ДЕП ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ЕР ТҰЛҒА Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Тұтқабай Әшімбаевтың 100 жылдығы аясындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдарында 7-8 сынып оқушылары арасында «Елім деп қызмет еткен ер тұлға" эссе жазу байқауы ...26 ақпан 2021
ӨЛКЕНІҢ АЛҒАШҚЫ БАСШЫСЫ
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Тұтқабай Әшімбаевтың 100 жылдығы аясындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдарында 5-7 сынып оқушылары арасында «Өлкенің алғашқы басшысы» тақырыбында сурет байқауы өтуде. #Суретбайқауы #ТұтқабайӘшімбайұлы ...26 ақпан 2021
ТҮБЕКТІҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАСЫ
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Тұтқабай Әшімбаевтың 100 жылдығы аясындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес білім ұйымдарында 1-11 сынып оқушылары арасында Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа таныту мақсатында "Түбектің танымал тұлғасы"...26 ақпан 2021
ЖАСТАРҒА СІЛТЕП ЖОЛДЫ АЙҚЫН, ХАЛҚЫНЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАЙТЫН...
«Еліне еңбегі сіңген ер – Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау» тақырыбында өтетін іс – шаралар аясында «Жастарға сілтеп жолды айқын, халқының қамын ойлайтын...» тақырыбымен халқымыздың ардақты азаматы, әйгілі партия қайраткері...24 ақпан 2021
ТҰТҚАБАЙ ӘШІМБАЕВ - 100 ЖЫЛ
«Еліне еңбегі сіңген ер – Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау» тақырыбында өтетін іс – шаралар аясында «Жастарға сілтеп жолды айқын, халқының қамын ойлайтын...» тақырыбымен халқымыздың ардақты азаматы, әйгілі партия қайраткері...24 ақпан 2021
Жас ұрпақты адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт
"Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қатысуыменақпанында "Жас ұрпақты адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт " қашықтан отырыс өткізілді. Отырыс аясында «Ақтау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Айтбай Қанат...23 ақпан 2021
ТҰТҚАБАЙ ӘШІМБАЕВ - 100 ЖЫЛ
«Еліне еңбегі сіңген ер – Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау» тақырыбында өтетін іс – шаралар аясында «Жастарға сілтеп жолды айқын, халқының қамын ойлайтын...» тақырыбымен халқымыздың ардақты азаматы, әйгілі ...22 ақпан 2021
«Еліне еңбегі сіңген ер (Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау» тақырыбында өтетін іс – шаралар
...22 ақпан 2021
9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жоба конкурсы
2021 жылдың 9-12 ақпаны аралығында 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жоба конкурсында №13 гимназиясының 10-сынып оқушылары Көшербаева Айдана, Жайлыбай Нұрәділ, С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Асқарқызы Мейрамгүл ІІ орын,...22 ақпан 2021
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
Бүгін, 22-ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Облыстық кезеңге олимпиаданың қалалық кезеңінде жеңімпаз атанған 43 оқушы, олимпиадалық резервке енген халықаралық және республикалық олимпиаданың 1...28 қаңтар 2021