Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті түлектер!

Дәстүрді жалғастырып, 2022 жылғы түлектерге хат жаздым. Оны оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады.

Бірақ белгілі бір себептермен хатты әлі оқуға мүмкіндігі болмаған түлектер үшін оны осы жерде жариялаймын.

Құрметті түлектер!

Екі айдан кейін мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарыңыз сіздерге білім мен тәрбиені қатар үйретті. Ата-аналарыңыз да үнемі кеңестерін айтып, дұрыс жол сілтеп отырды. Енді бойларыңызға сіңген осы қасиеттерді пайдаланып, өмірлеріңіздегі жауапты шешімді қабылдайсыздар.

Әрине, сіздер үшін алғашқы маңызды емтиханның бірі - ол ҰБТ. Бірақ ҰБТ өмірдегі ең жеңіл, оңай сынақтың бірі екенін айтқым келеді.

Оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шараларды қабылдадық.

1. ҰБТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ҰБТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.

2. ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.

3. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.

4. Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

5. Биыл сіздерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.

6. Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.

7. Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.

Қымбатты түлектер! ҰБТ сынағынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?"- деп те ойлап жүрген боларсыздар?

Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:

Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.

Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.

Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.

Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.

Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.

Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.

Енді болашақ мамандықты таңдауға қатысты да айта кетейін. Жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты қабылданған шешім қате екенін есте сақтаңыз.

Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын:

1. Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

2. Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.

3. Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.

Құрметті түлектер!

Сіздерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін.

Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар.

Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады.

Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз.

Бастысы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 





14 маусым 2021

Биыл грантқа түсуді жоспарлап отырған немесе мемлекет есебінен жоғары білім алып жатқандар үшін жақсы жаңалық бар.

Биыл грантқа түсуді жоспарлап отырған немесе мемлекет есебінен жоғары білім алып жатқандар үшін жақсы жаңалық бар. Жаңа оқу жылынан бастап Білім және ғылым министрлігі білім гранттарының санын ұлғайтып, стипендия көлемін арттырып жатыр. 2021-2022 оқу жылында гранттардың...

14 маусым 2021

ЕНДІ ТҮЛЕКТЕР КОЛЛЕДЖГЕ ТҮСУ ҮШІН ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЙДЫ

ЕНДІ ТҮЛЕКТЕР КОЛЛЕДЖГЕ ТҮСУ ҮШІН ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЙДЫ Биыл колледжге қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Маңғыстаудағы колледждерде жастарға қалаған мамандықтары бойынша тегін білім алу мүмкіндігі туындап отыр. Енді түлектер колледжге түсу үшін емтихан...

14 маусым 2021

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық ұстаздарға хат жазды

«Сіз ұстаз мамандығының сезімталдық, балаларға деген қамқорлық және адамгершілік сынды ең жақсы қасиеттерін танытудың жарқын үлгісіне айналдыңыз. Осы қиын-қыстау кезеңде мен Сізбен бірлесе отырып, жұмыс істеу құрметіне ие болдым. Осы ретте түсіністік танытып, қолдау...

11 маусым 2021

ЖАС ТҮЛЕК - 2021

Бүгін еліміздегі мектептерде қорытынды аттестация аяқталды. ⠀ ⠀ 150 мыңнан астам мектеп түлектері өздерінің өміріндегі маңызды болып табылатын ең алғашқы емтихандарын тапсырды. ⠀ ⠀ 12-14 маусымда сағат 10.00-де «Тәуелсіздік ұландары» атты жалпы орта білім беру...

8 маусым 2021

МҰҒАЛІМДЕР МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН 175 ТЕГІН ОЛИМПИАДА МЕН КОНКУРСТЫҢ ТІЗІМІ БЕКІТІЛДІ

МҰҒАЛІМДЕР МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН 175 ТЕГІН ОЛИМПИАДА МЕН КОНКУРСТЫҢ ТІЗІМІ БЕКІТІЛДІ Мұғалімдер мен білім алушыларға арналған 175 тегін олимпиада мен конкурстың тізімі бекітілді. Олар мектепке дейінгі, бастауыш, орта, техникалық және кәсіптік білім берудің...

7 маусым 2021

Маңғыстау  облысының  білім басқармасының  Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдарына арналған  әдістемелік кеңес өткізілді. Кеңес барысында мектепке дейінгі ұйымдардың  2020-2021 оқу жылындағы жасалған  жұмыстарының ...

4 маусым 2021

2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ АҚТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ – ЖАЗДЫ ҚУАНЫШҚА ТОЛТЫРАЙЫҚ!» ЖАЗ АЙЛАРЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

...

4 маусым 2021

2020-2021 оқу жылындағы Ақтау қаласы бойынша білім беру ұйымдарының «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» жаз айларына арналған іс-шаралар жоспары

2020-2021  оқу жылындағы  Ақтау қаласы  бойынша  білім  беру  ұйымдарының  «Қазақстан  балалары – жазды  қуанышқа  толтырайық!»  жаз  айларына  арналған  іс-шаралар жоспары  

4 маусым 2021

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МЕКТЕПКЕ КІРГІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАРДЫҢ ТІЗІМІН БЕКІТТІ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МЕКТЕПКЕ КІРГІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАРДЫҢ ТІЗІМІН БЕКІТТІ ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған және пайдалануға болмайтын заттардың тізімі бекітілді. Бұл тізімге қарудың барлық түрі,...

4 маусым 2021

Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, мызғымас негіздерінің бірі, халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын,...

1 маусым 2021

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ ВАРИАТИВТІ САҒАТТАРЫН ҮЙЛЕСТІРУ СЫНАҒЫ

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ ВАРИАТИВТІ САҒАТТАРЫН ҮЙЛЕСТІРУ СЫНАҒЫ Маңғыстау облысының білім басқармасының 04.05.2020ж. «Білім беру ұйымдарында оқу жоспарының вариативті сағаттарын үйлестіру сынағын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес М.Әуезов атындағы №20...

1 маусым 2021

Бүгін мектеп бітіруші түлектер үшін қорытынды аттестаттаудың алғашқы емтиханы басталды.

Бүгін мектеп бітіруші түлектер үшін қорытынды аттестаттаудың алғашқы емтиханы басталды. Биылғы оқу жылында Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарын 1949 түлек бітіреді. Түлектеріміздің 43-і «Алтын белгімен», 74-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Бүгінгі...

1 маусым 2021

Халықаралық балаларды қорғау күні

Құрметті ата – аналар, оқушылар, бүлдіршіндер! Сіздерді жаздың алғашқы күнімен қатар келетін тамаша мерекелердің бірі Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Алғаш рет 1925 жылы Дүниежүзілік Женева коференциясында балалардың саулығы туралы...

31 мамыр 2021

Үздік педагог

Үздік педагог Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің жаңартылған мазмұнын жүзеге асыру жағдайында педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық қабілетін белсендіру, педагогтердің инновациялық белсенділіктерін дамыту, талантты  педагогтерді анықтау...

31 мамыр 2021

«ҮЗДІК ПСИХОЛОГ - 2021» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

  Педагог-психологтардың кәсіптік деңгейін көтеру, шығармашылық әлеуетін іске асыру, психологиялық практикалық білім алу қызметін дамыту, психологиялық білім алуды білім беру қызметінің құрамдас бөлігі ретінде насихаттауға бағытталған «Үздік психолог - 2021»...

28 мамыр 2021

«ҰЛЫ ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

«ҰЛЫ ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ Білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық...

28 мамыр 2021

Чернобыль: өткені, бүгіні, болашағы

Чернобыль АЭС апатына 35 жыл және Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай «Чернобыль: өткені, бүгіні, болашағы» шығармалар (эссе) байқауы мен «Бейбіт атом. Жердегі өмірді сақтайық!» облыстық сурет байқауы өткізілді. Патриоттық сезімді...

27 мамыр 2021

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІК!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІК! "Алтын қазына" көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауында қалалық, облыстық кезең жеңімпазы Саргулова Ақбота «Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа...

27 мамыр 2021

ЖАЗҒЫ МЕКТЕП - 2021

...

27 мамыр 2021

«БАСТАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

  Математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш сынып оқушыларын табу, дамыту және қолдау көрсету мақсатында өткізілген «Бастау» республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңінде қалалық кезең жеңімпаздары жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі...

26 мамыр 2021

Республикалық педагогикалық кеңес

27 мамыр күні сағат 17.00-де ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің төрағалық етуімен республикалық педагогикалық кеңес өтеді. Кеңесте оқу жылының қорытындысы шығарылып, білім беру жүйесін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері қаралатын болады. Іс-шараға...

26 мамыр 2021

ЖАЗҒЫ МЕКТЕП - 2021

Ағымдағы жылғы 26 мамырдан бастап еліміздің барлық орта білім беру ұйымдарында жазғы мектеп жұмысы басталды. ⠀ ⠀⠀Барлық мектеп оқушыларына өткен оқу материалын қайталауға, күрделі тақырыптарды игерудегі олқылықтарды жоюға, негізгі пәндер бойынша білім тетіктерін...

26 мамыр 2021

«БАСТАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

«БАСТАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Бастау» республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңі өткізілді. Турнирдің...

25 мамыр 2021

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Сыңғырла, соңғы қоңырау! Бүгін барлық білім ордаларында «Соңғы қоңырау» салтанаты өтуде. Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарынан 1956 түлек білім ордасымен қоштасуда. Жас түлектерімізге сәттілік тілейміз.  ...

Соңғы хабарлар

30313233343536 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері