Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті түлектер!

Дәстүрді жалғастырып, 2022 жылғы түлектерге хат жаздым. Оны оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады.

Бірақ белгілі бір себептермен хатты әлі оқуға мүмкіндігі болмаған түлектер үшін оны осы жерде жариялаймын.

Құрметті түлектер!

Екі айдан кейін мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарыңыз сіздерге білім мен тәрбиені қатар үйретті. Ата-аналарыңыз да үнемі кеңестерін айтып, дұрыс жол сілтеп отырды. Енді бойларыңызға сіңген осы қасиеттерді пайдаланып, өмірлеріңіздегі жауапты шешімді қабылдайсыздар.

Әрине, сіздер үшін алғашқы маңызды емтиханның бірі - ол ҰБТ. Бірақ ҰБТ өмірдегі ең жеңіл, оңай сынақтың бірі екенін айтқым келеді.

Оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шараларды қабылдадық.

1. ҰБТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ҰБТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.

2. ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.

3. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.

4. Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

5. Биыл сіздерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.

6. Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.

7. Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.

Қымбатты түлектер! ҰБТ сынағынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?"- деп те ойлап жүрген боларсыздар?

Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:

Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.

Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.

Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.

Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.

Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.

Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.

Енді болашақ мамандықты таңдауға қатысты да айта кетейін. Жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты қабылданған шешім қате екенін есте сақтаңыз.

Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын:

1. Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

2. Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.

3. Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.

Құрметті түлектер!

Сіздерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін.

Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар.

Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады.

Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз.

Бастысы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 





7 желтоқсан 2021

«ТЕРЕҢ БІЛІМ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ЖАС ПЕДАГОГТЕР ФОРУМЫ

Бүгін, ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жас педагогтердің шығармашылық педагогикалық ортасын құру, жастардың азаматтық, қоғамдық бастамаларын дамыту және белсенді шығармашылық қызметке араластыру мақсатында №13 гимназиясы...

7 желтоқсан 2021

Бөбекжайда арт-терапия элементтерін тиімді қолдана отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

     Арт-терапия технологиясының элементтерін қолдану арқылы балалардың сөйлеу мәдениетін дамыту, өз жұмысының нәтижесіне қуана білуге және бағалай білуге үйрету, ұжымдық жұмысқа, жауапкершілікке, белсенділікке, адамгершілікке, қарапайым қарым-қатынас ережелеріне...

7 желтоқсан 2021

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес №14 «Айгөлек» бөбекжайында «Мектепке дейінгі мекемелерде инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы» тақырыбында қалалық вебинар өткізілді. Мектеп дейінгі мекемелерде инклюзивті білім...

7 желтоқсан 2021

ҚАЛАЛЫҚ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ» АПТАЛЫҒЫ

ҚАЛАЛЫҚ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ» АПТАЛЫҒЫ Тәуелсіздік – бабалардың ұраны, Бейуақытта бойға таққан тұмары Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдары үшін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында...

7 желтоқсан 2021

Ақтаулық мұғалім шәкіртімен бірге «Антивирус терминал» құрылғысын ойлап тапты

Ақтаулық мұғалім шәкіртімен бірге «Антивирус терминал» құрылғысын ойлап тапты Ақтаудағы Ф.Оңғарсынова атындағы №29 орта мектебінің көркем еңбек пәні және робототехника үйірмесінің мұғалімі Марат Атаназаров оқушысы Жасұлан Шаңытбаймен «Антивирус терминал»...

29 қараша 2021

5-6 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі

  Ағымдағы жылдың 26 қарашасында 5-6 сынып оқушыларының зияткерлік қызметке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде оқушылардың қабілеттерін іске асыру, ерте бейіндеу үшін жағдай жасау, республикалық пәндік...

23 қараша 2021

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау қағидалары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді. Осылайша, білім беру жүйесінде мектеп, колледж және балабақша директорларын ротациялау институты пайда болды. Білім беру саласында...

23 қараша 2021

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Көрнекті ғалым, ғылым ұйымдастырушы, өз заманының ұлы ойшыл, әрі белгілі жаратылыстанушысы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың құрметіне, ғылым саласында білімін жалғастыруға ынталанған дарынды зияткерлерді және талантты оқушыларды анықтау мен қолдау...

22 қараша 2021

«ҮЗДІК ПӘН МҰҒАЛІМІ» БАЙҚАУЫ

«ҮЗДІК ПӘН МҰҒАЛІМІ» БАЙҚАУЫ Жалпы білім беретін мектептердегі пән мұғалімдері арасында әр пән бойынша үздіктерді анықтау, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде білім мен тәрбиені қатар берудегі жетістіктерін саралау, сапалы білім берудің қыр-сырын меңгерген ұстаздарды...

22 қараша 2021

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ Мектеп оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылындағы жетістіктері мен табыстарын көрсету, Тәуелсіздікке қатысты оқиғаларды еске ала отырып, тәуелсіздіктің оңайлықпен  келмегенін оқушыларға насихаттау, оқушылардың...

16 қараша 2021

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ   Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өткізілді. Оқушылардың...

15 қараша 2021

Ағылшын тілін оқытудағы тиімді стратегиялар

  Ағылшын тілін оқытудағы тиімді стратегиялар   Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес ағылшын тілі пәні мұғалімдері үшін «Ағылшын тілін оқытудағы тиімді стратегиялар» тақырыбында «№16 С.Мұқашев атындағы жалпы білім беретін...

12 қараша 2021

КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Ақтау қаласы бойынша «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен, білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтер мен...

12 қараша 2021

«Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» республикалық байқауының облыстық кезеңі

  Озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, өзін-өзі тану пәні педагогтері еңбегінің беделін қолдау және арттыру мақсатында өткізілген «Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» республикалық байқауының облыстық кезеңінде бақ сынаған №19 мектеп- гимназиясының өзін - өзі...

12 қараша 2021

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША 5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША 5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ Бүгін, ағымдағы жылдың 12 қарашасында оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, қабілетін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай...

11 қараша 2021

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау мақсатында 8-11 сынып оқушыларының арасында өткен халықаралық лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысқан үш оқушы да...

11 қараша 2021

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету мақсатында облыс көлемінде өткізілген “ProEco” экологиялық жобалар конкурсынан оқушыларымыз жүлдемен оралды. «Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша...

10 қараша 2021

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ағымдағы жылдың 3-7 қарашасы аралығында Румыния мемлекетінің астанасы Бухарест қаласында Ашихара-каратэ бойынша өткен Әлем чемпионатында Ақтау қаласы  бойынша білім бөліміне қарасты «Оқушы» орталығының «Тұлпар» аула клубының «Ашихара-каратэ»...

8 қараша 2021

ЖАС МАМАНДАРҒА ҮЙРЕТЕРІ МОЛ СЕМИНАР

ЖАС МАМАНДАРҒА ҮЙРЕТЕРІ МОЛ СЕМИНАР Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №21 жалпы білім беретін мектеп базасында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жас мамандардың оқу-әдістемелік материалдарды дұрыс таңдай білуі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні...

8 қараша 2021

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарында күзгі каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі шаралар өткізілді. Шара аясында түрлі сайыстар өткізіліп, мектеп оқушылары...

8 қараша 2021

ТАҒЫЛЫМ НЕГІЗІ - ТӘРБИЕ

ТАҒЫЛЫМ НЕГІЗІ - ТӘРБИЕ   Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын қолдау, озық тәжірибелерді тарату және жариялау, педагог имиджін көтеру мақсатында 1-5 жылға дейін еңбек өтілі бар мектеп...

8 қараша 2021

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ Үздік тәрбие ісі жөніндегі орынбасар

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ Үздік тәрбие ісі жөніндегі орынбасар   Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын қолдау, озық тәжірибелерді тарату және жариялау, педагог имиджін көтеру мақсатында...

5 қараша 2021

Республикалық мұғалімдер спартакиадасы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ағымдағы жылдың 2-6 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық мұғалімдер спартакиадасынан ұстаздарымыз жүлдемен оралды. Білім беру ұйымдары мұғалімдерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау,...

5 қараша 2021

"Mektep.edu.kz" электронды оқыту жүйесімен жұмыс

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Mektep.edu.kz» электронды оқыту жүйесі бойынша жұмысты жандандыру мақсатында жауапты мамандармен семинар - практикум өткізілді.   Семинар-практикум аясында «Mediana Services Limited» ЖШС маманы, IT-жобалау менеджері...

Соңғы хабарлар

26272829303132 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері