Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

ТАҒАЙЫНДАУ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№28 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Самендирова Нұргүл Толеубайқызы тағайындалды.

Самендирова Нұргүл Толеубайқызы 1977 жылы 20 қазан күні дүниеге келген.

Білімі жоғары, Маңғыстау гуманитарлық колледжін (1995-1998 жж.) мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бойынша, Ақтөбе «Дүние» университетін (1998-2000 жж.) педагог – психолог мамандығы бойынша бітірген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, педагогика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2000 жылы Бейнеу ауданы Ж.Қалдығараев орта мектебінде педагог- психолог маманы болып қызметін бастаған.

2005-2008 жылдары Құлсары қаласы №20 жоғары сатылы мектеп педагог-психологы;

2009-2015 жылдары Мұнайлы ауданы №5 жалпы білім беретін орта мектептің педагог-психологы;

2015-2018 жылдары Мұнайлы ауданы «№10 Ақбота балабақшасы» КММ директоры;

2018-2021 жылдары Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№14 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры қызметін атқарған.

2019 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының Алғысымен,

2019 жылы «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалының Алғысымен;

2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғысымен марапатталған. 





20 қаңтар 2022

Польша астанасы Варшава қаласында өткен әлем чемпионатындағы «блицте» бірінші орынды жеңіп алған қазақстандық шахматшы, әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Ақтау қаласына оралды.

Бүгін, ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Польша астанасы Варшава қаласында өткен әлем чемпионатындағы «блицте» бірінші орынды жеңіп алған қазақстандық шахматшы, әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Ақтау қаласына оралды. Әлем чемпионын ұстаздар, оқушылар қауымы гүл...

17 қаңтар 2022

«АЛТЫН ТҰҒЫР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

Ағымдағы жылдың 5-6 қаңтарында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының және «Зерделі» ақыл - ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен математика пәні бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр»...

13 қаңтар 2022

2022 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП МЕКТЕП ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ, БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25%-ҒА ӨСТІ

...

13 қаңтар 2022

2022 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП МЕКТЕП ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ, БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТАҒЫ 25%-ҒА ӨСТІ

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президент Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледждердің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі педагогтерінің жалақысы тағы 25%-ға ұлғайды. Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысының тікелей...

31 желтоқсан 2021

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті ұстаздар, ата –аналар, оқушылар! Сіздерді 2022 жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа жыл – қашан да әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мереке. Барша адамзат бұл...

30 желтоқсан 2021

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің кеңесі

Бүгін, ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің кеңесі өткізілді. Кеңеске Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы С.Д.Тулебаева, Маңғыстау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз...

29 желтоқсан 2021

Жаңартылған білім мазмұны негізінде тәрбие процесін интеграциялау мен инновациялаудың мүмкіндіктері

«Жаңартылған білім мазмұны негізінде тәрбие процесін интеграциялау мен инновациялаудың мүмкіндіктері» тақырыбында Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының ұстаздары үшін әдістемелік семинар – тренинг өткізілді. Семинар-тренингті «Development success»...

29 желтоқсан 2021

2022 ЖЫЛЫ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ТАЛАПКЕРГЕ ҰБТ ТАПСЫРУ ҮШІН ҚОСЫМША УАҚЫТ БЕРІЛЕДІ

2022 ЖЫЛЫ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ТАЛАПКЕРГЕ ҰБТ ТАПСЫРУ ҮШІН ҚОСЫМША УАҚЫТ БЕРІЛЕДІ 2022 жылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге ҰБТ тапсыру үшін қосымша уақыт беріледі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша Ұлттық...

29 желтоқсан 2021

2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» конкурсы

2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» конкурсы  Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп...

24 желтоқсан 2021

«ЕҢБЕГІ ЕРЕН, ОЙЫ ТЕРЕҢ ЖАСТАРЫМ» АТТЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында түрлі сайыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, білім додасында оза шауып бәйге алған талантты да, дарынды оқушыларды тану және олардың бойындағы қайталанбас қанына біткен дарынын аша білген...

23 желтоқсан 2021

“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП - ОҚИТЫН ҰЛТ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОБЛЫС МЕКТЕПТЕРІНІҢ КІТАПХАНАШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ.

“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП - ОҚИТЫН ҰЛТ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОБЛЫС МЕКТЕПТЕРІНІҢ КІТАПХАНАШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ. АҚТАУ ҚАЛАСЫ ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА АТЫНДАҒЫ №29 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ "COWORKING" АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ. Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне...

23 желтоқсан 2021

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Маңғыстау облысы әкімдігінің бастамасымен "Білім мен еңбек-бақуатты өмірдің негізі" тақырыбында облысымыздың білім саласы қызметкерлер үшін ашық диалог алаңы өткізілді. Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаев, Россия федерациясының НИТУ «МИСиС»...

21 желтоқсан 2021

Жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдерінің олимпиадасының қалалық кезеңі

Озық тәжірибелі шығармашылықпен жұмыс жасайтын математика, физика, химия, биология  және география пәндері мұғалімдерінің арасынан білім беруді ақпараттандыру жағдайында шығармашылықпен жұмыс жасайтын пән мұғалімдерін анықтау, озық іс-тәжірибелерін тарату,...

20 желтоқсан 2021

ҚЫСҚЫ КАНИКУЛ

Қысқы каникул кезінде оқушылар 2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында 11 күн демалады. Бірінші сынып оқушылары үшін 2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында қосымша 7 күн каникул беріледі.  ...

14 желтоқсан 2021

«Үздік пән мұғалімі» байқауы

 Бүгін, ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында жалпы білім беретін мектептердегі пән мұғалімдері арасында әр пән бойынша үздіктерді анықтау, шығармашыл ұстаздардың имиджін к өтеру, озық педагогикалық тәжірибелерді айқындау және жариялау, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде...

14 желтоқсан 2021

5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

    Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында 5-6 сынып оқушыларының зияткерлік қызметке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде оқушылардың қабілеттерін іске асыру, ерте бейіндеу үшін жағдай жасау, республикалық пәндік...

14 желтоқсан 2021

ҰЛЫЛАРДАН ЖЕТКЕН ҰЛАҒАТ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік “Дарын” сыйлығының, “Құрмет” орденінің, халықаралық “Алаш” сыйлығының , «30 жыл – 30 есім» сыйлығының иегері, ақын Светқали Нұржанмен “Ұлылардан...

13 желтоқсан 2021

ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН БІРГЕ ТҮЛЕГЕН МЕРЕЙЛІ МЕКТЕП

ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН БІРГЕ ТҮЛЕГЕН МЕРЕЙЛІ МЕКТЕП Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №23 жалпы білім беретін мектеп ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген 30 жылдық мерейтойын атап өтті. Тәуелсіздік мерекесіне орай «30 жылдыққа 30 жұлдызды күн»...

13 желтоқсан 2021

ЕЛІМ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІМ

ЕЛІМ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІМ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай №21 жалпы білім беретін мектеп ұжымының ұйымдастыруымен “Елім деп соққан жүрегім” атты ардагерлермен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне Желтоқсаншылар Жақып Көшерұлы, Фазылбек Өтегенұлы,...

10 желтоқсан 2021

МҰНАЙШЫ МАРАБАЕВТЫҢ ОТБАСЫ БІЛІМ ОРДАСЫНА БІРНЕШЕ ДОМБЫРА СЫЙҒА ТАРТТЫ

МҰНАЙШЫ МАРАБАЕВТЫҢ ОТБАСЫ БІЛІМ ОРДАСЫНА БІРНЕШЕ ДОМБЫРА СЫЙҒА ТАРТТЫ Бүгін Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа - тұс Ақтаудағы Нәсіпқали Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі 50 жылдық мерейтойын атап өтті, -деп хабарлады Ақтау қаласының баспасөз қызметі. Қос...

10 желтоқсан 2021

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

  9-10 сынып оқушыларының «Тәуелсіздікпен тілдесу» атты облыстық жас ақындар арасында өткен өлең арнау шығармашылық байқауының қорытындысы бойынша Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №21 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Жолдасбай Жанерке І орын...

10 желтоқсан 2021

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде бақ сынаған қалалық кезең жеңімпаздары жеңіспен оралды. «Техника»...

10 желтоқсан 2021

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰТҚАСЫ БІЗГЕ АМАНАТ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰТҚАСЫ БІЗГЕ АМАНАТ Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдары үшін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздікке 30 жыл» апталығын өткізу мақсатында жасақталған іс – шаралар жоспарына сәйкес, 7-11 сынып оқушылары арасында...

10 желтоқсан 2021

ҰЛЫ ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ-ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ҚОЛЫНДА

ҰЛЫ ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ-ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ҚОЛЫНДА Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында мектепке дейінгі педагогтердің білімін, біліктілігін көтеру, инновациялық амалдарды дұрыс таңдау арқылы әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігін арттыру және оқыту процесінің сапасын көтеру...

Соңғы хабарлар

25262728293031 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері