Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ КЕЗЕКШІ ТОПТАР

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциялық  аурулардың алдын-алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» №36 қаулысының 7-1 тармағы, Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 7 мамырдағы «Карантиндік шараларды өзгерту туралы» №18-ПГСВ қаулысының 21 тармағы (бұдан әрі –Қаулы) және Маңғыстау облыстық білім басқармасының  2020 жылғы 11 мамырдағы №52 НҚ бұйрығы  негізінде, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Ақтау қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарға 2020 жығы 13 мамырдан бастап кезекші топтар ашылып, балаларды қабылдау үшін тиісті шаралар жүргізіледі.  Балабақшалар келесі жағдайларда жұмыс істей алады:

1. Ұйықтайтын үй-жайларда кемінде 1 метр қашықтықты сақтау үшін жағдай жасалған, бірақ әрбір жас ерекшелік тобында 15 баладан артық емес (біріккен бөбекжай және 1 кіші, 2 кіші, орта, біріктірілген үлкен және мектепке дейінгі) бір жас ерекшелік бойынша кезекші топ ашуға рұқсат етіледі.

2. Балабақшаның барлық қызметкерлері мен балалардың медициналық қызметкерінің күнделікті таңертеңгілік сүзгісін өткізу.

2. Жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық аурулар байқалған қызметкерлер мен балалар келуге жіберілмейді.

4.Учаскелік педиатрдан денсаулық жағдайы туралы анықтамалары бар балаларды қабылдау (3 жұмыс күнінен артық болмаған жағдайда).

5.Балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдарына мынадай санаттағы адамдардың алып жүруі ұсынылмайды:

- COVID-19 расталған жағдайларымен байланысы бар;

- соңғы 14 күн ішінде жағдайлар тіркелген шет елден немесе өңірлерден келгендер;

- жүкті әйелдер;

- 65 жастан асқан адамдар;

- жіті респираторлық аурулардың белгілері бар адамдар.

6.Объектідегі персонал мен келушілердің қолын өңдеу үшін көрнекі және қолжетімді орындарда тері антисептиктері орнатылады.

7.Балалардың тамақ ішкенге дейін, көшеде серуендегеннен кейін, санитариялық торапқа барғаннан кейін және басқа да ластану жағдайларында қолын өңдеу (сұйық сабынды пайдалана отырып қолды жуу) бойынша тәрбиешінің жеке жауапкершілігі.

8. Кейіннен желдете отырып, балалар болмаған кезде топтардың үй-жайларын зарарсыздандыруды (кварцтауды) қамтамасыз ету. Желдету режимін сақтау: балалар топта болған әрбір сағат сайын 15 минуттан кем емес желдету, топта балалар болмаған жағдайда тура желдету. Желдету балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде тәрбиешінің бақылауымен жүзеге асырылады.

9. Топтарда дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есіктің тұтқаларын, баспалдақ марштарының таяныштарын, горшоктарды, сантехника жабдықтарын екі рет өңдеу (топтық үй-жайларда балалар болмаған кезде дезқұралдарды пайдалану).

10. Далада (жылы уақытта) дене шынықтыру сабақтарын және басқа да топтық сабақтарды өткізу. Ойындар үшін оқшауланған алаң болмаған жағдайда (тұрғын кешен құрамында орналастыру) серуендеуді шектеуді қамтамасыз ету.

11.Ұйықтайтын үй-жайларда ұйқы кезінде кемінде 1 метр қашықтықта балалар арасындағы қашықтықты сақтау.

12.Термометрлердің, дезинфекциялау және жуу құралдарының, антисептиктердің, жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар) жеткілікті санының болуы.

13. Ауыз су режимін сақтау (бір рет қолданылатын стакандар).

14. Балабақшада эпидемияға қарсы режимді сақтау, эпидемияға қарсы режимді сақтау мониторингі мәселелері бойынша балабақша қызметкерлерімен күнделікті нұсқама жүргізуге жауапты тұлғаны тағайындау.

15. Нормативтік құқықтық актілерде белгіленген санитариялық-эпидемиялық талаптарды сақтау.  

Құрметті, қала тұрғындары, ата-аналар! Балаларымыздың амандығы, өмірінің қауіпсіздігі үшін жауапты екендігімізді ұмытпайық! Сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз!

 





10 маусым 2022

Асхат Аймағамбетовтің Nur.kz порталына берген сұхбатынан

...

10 маусым 2022

Асхат Аймағамбетовтің Nur.kz порталына берген сұхбатынан

...

10 маусым 2022

Асхат Аймағамбетовтің Nur.kz порталына берген сұхбатынан

...

1 маусым 2022

ҰБТ-2022

Достар! Сіздердің өтініштеріңізді ескере отырып, негізгі ҰБТ-да ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациялары туралы ақпарат ұсынғымыз келеді. ҰБТ-2022 қатысуға барлығы мыңнан астам өтініш қабылданды. Тестіленушілердің басым бөлігі, яғни % -ы «Математика-Физика»...

1 маусым 2022

ҰБТ - 2022

Достар, Сіздерді ҰБТ-ның аралық нәтижелерімен таныстырып өтсек. Республика бойынша негізгі ҰБТ-ға мыңға жуық өтініш, оның ішінде бірінші мүмкіндікке 160 мың өтініш, екінші мүмкіндікке 130 мың өтініш келіп түсті. Екі аптаның ішінде мыңға жуық түлек тестілеуден өтті. Оның...

17 мамыр 2022

РОБОМАҢҒЫСТАУ – 2022

РОБОМАҢҒЫСТАУ – 2022 Роботты құрастыру және бағдарламалау бағытында дарынды оқушыларды анықтау, қолдау көрсету, робототехника бойынша дарынды балалардың шығармашылық ортасын қалыптастыру мақсатында өткізілген облыстық «РобоМаңғыстау – 2022» байқауына қатысқан...

17 мамыр 2022

Бастауыш сынып оқушыларының облыстық пәндік олимпиадаСЫНЫҢ қорытындысы

Бастауыш сынып оқушыларының облыстық пәндік олимпиадаСЫНЫҢ қорытындысы   Бастауыш сынып оқушылары арасындағы дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету мақсатында 2-4 сыныптар оқушылары арасында өткізілген облыстық пән олимпиадада оқушыларымыз...

16 мамыр 2022

Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Достар, енді Сіздің тестілеу күнін өткізіп алуыңыз мүмкін емес. Биыл Сіздің ыңғайлығыңыз үшін барлығын ойластырдық. Сонымен, алғаш рет ҰБТ-ның КҮНІН, УАҚЫТЫН, ОРНЫ мен БЕЙІНДІК ПӘНДЕРІН еске салатын SMS жолданатын болады. Яғни әрбір...

5 мамыр 2022

ҰТО директоры Руслан Емелбаевтың брифингте сөйлеген сөзінен

...

5 мамыр 2022

ҰТО директоры Руслан Емелбаевтың брифингте сөйлеген сөзінен

...

29 сәуір 2022

«ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ КӨПКЕ ОРТАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

«ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ КӨПКЕ ОРТАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ «Ғылым негізі зертхана» жобасы аясында робототехника үйірмесінің жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік...

28 сәуір 2022

«ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ МЕКТЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

«ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ МЕКТЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында қалалық «Әдістемелік қ ызмет - педагогтердің біліктілігін арттыру мектебі»...

28 сәуір 2022

ҚР Білім және ғылым бірінші вице-минстрі Шолпан Каринованың «БҒМ Live» жобасында айтылған сөзінен

...

26 сәуір 2022

«Алтын белгіге» үміткерлер биылдан бастап «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен қорытынды емтиханды Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасында тапсырады.

«Алтын белгіге» үміткерлер биылдан бастап «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен қорытынды емтиханды Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасында тапсырады. Қалған пәндер бойынша емтихандар әдеттегідей өз мектептерінде өтеді. Шалғай елді мекендердің...

26 сәуір 2022

2022 жылы халық тығыз орналасқан және батыс өңіріндегі ЖОО-на бөлінетін мақсатты грант саны 10 000

2022 жылы халық тығыз орналасқан және батыс өңіріндегі ЖОО-на бөлінетін мақсатты грант саны 10 000 #Сандарды_сөйлетсек_ҚР_БҒМ ...

26 сәуір 2022

ОБЛЫСТЫҚ «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ-МЕНІҢ ҮЛЕСІМ» ҚАШЫҚТЫҚ ЭССЕЛЕР БАЙҚАУЫНДА ҰСТАЗДАРЫМЫЗ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ОБЛЫСТЫҚ «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ-МЕНІҢ ҮЛЕСІМ» ҚАШЫҚТЫҚ ЭССЕЛЕР БАЙҚАУЫНДА ҰСТАЗДАРЫМЫЗ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ Мемлекеттік тілде оқытпайтын ұстаздар арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, ұлттық рухты, салт-дәстүрді насихаттауға арналған шығармашыл тұлғаларды...

26 сәуір 2022

ҰБТ 2022: басты жаңашылдықтар қандай?

ҰБТ 2022: басты жаңашылдықтар қандай? Құрметті ҰБТ-ға қатысушылар! Сіздердің назарларыңызға 2022 жылғы ҰБТ форматына енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты ұсынамыз. Сонымен, не өзгерді және сол қалпында қалады: Түлектердің өтініштері мен қалауларын ескере отырып, биыл...

26 сәуір 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 2022 жылдың 18-23 сәуір аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мамандандырылған IT лицей, №13 гимназия «Үздік 100 мектеп» қатарына енді. Үздік...

26 сәуір 2022

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ 2022 жылдың 18-23 сәуір аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім...

25 сәуір 2022

ҚҰРМЕТТІ ТЕСТІЛЕНУШІЛЕР!

ҚҰРМЕТТІ ТЕСТІЛЕНУШІЛЕР! Туындаған техникалық ақауларды тестілеуді тоқтатпай жоюға жұмсаған күшіміз жеткіліксіз болғандығын хабарлаймыз. Осыған байланысты 25 сәуір мен 3 мамыр аралығында өткізілетін БАРЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ, оның ішінде Білім алушылардың білім...

25 сәуір 2022

Достар, Ұлттық тестілеу орталығы және республикалық ірі білім беру орталықтары ҰБТ-ға дайындыққа арналған тегін онлайн-сабақтарды жалғастырады!

Достар, Ұлттық тестілеу орталығы және республикалық ірі білім беру орталықтары ҰБТ-ға дайындыққа арналған тегін онлайн-сабақтарды жалғастырады! Сіздердің назарларыңызға осы аптаның сабақ кестесін ұсынамыз. Өткізіп алмаңыздар! @zerdeli.kz @qazbilim @educonkz @samga.online @sabaq.online @daryn.online...

25 сәуір 2022

ҚР БҒМ-НІҢ МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІН ӨТКІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАРЫ

Биыл мектеп бітіру кеші мектеп қабырғасында өтеді. Соңғы қоңырау 25 мамырда, ал аттестат тапсыру салтанатты рәсімі 16-17 маусымда өтеді деп жоспарланып отыр. ⠀ Соңғы екі жылда пандемияға байланысты дәстүрлі мектеппен қоштасу кешін өткізуін тоқтап қалды. Қазір...

22 сәуір 2022

АҚТАУДА «КІТАП – РУХАНИ АЗЫҚ» АТТЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ.

АҚТАУДА «КІТАП – РУХАНИ АЗЫҚ» АТТЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ. Бүгін, 22 сәуір күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау қаласының әкімдігі ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырған «Кітап – рухани азық» атты байқауының...

21 сәуір 2022

ҚР БҒМ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАЛУ ҮШІН ТЕГІН СЫНАҚ ТЕСТІЛЕУІН ІСКЕ ҚОСТЫ

ҚР БҒМ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАЛУ ҮШІН ТЕГІН СЫНАҚ ТЕСТІЛЕУІН ІСКЕ ҚОСТЫ Тегін ҰБТ сынақ тестілеуі іске қосылды. Тестілеуден Ұлттық тестілеу орталығының prob-ent.testcenter.kz сайтында онлайн өтуге болады. Тестіленуші сынаққа қатысу үшін бар болғаны ЖСН-ын...

Соңғы хабарлар

22232425262728 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері