Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

«Жас маманға көмек – заман талабы»

2018 жылдың сәуір айының 27-і күні «№13 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жас педагог-психологтарға арналған «Жас маманға көмек – заман талабы» атты қалалық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. «Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?» –деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.

Семинарға 22 жас педагог-психолог қатысты. Семинар қазақ тілінде өткізілді.

Семинарды «№13 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы Сагиндикова Карлыгаш Кадиргалиевна «Сәлемдесу» тренинг-жаттығуынан бастады.  Жас мамандар бір-бірімен танысып, бойындағы жақсы қасиеттерімен де бөлісті. Жаттығудан кейін пеадгог-психолог Сагиндикова Карлыгаш Кадиргалиевна «Қарым-қатынас барысында туындаған психологиялық ситуациялық мәселелерді шешу» тақырыбында коучинг сабақ өткізді.  Коучинг сабақ арқылы: Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас арқасында ғана адам өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді. Адам психикасының дамуындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Сондықтан адам өзгелермен қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты өмір сүре алады. Балаларда сыртқы және ішкі психологиялық конфликтілер кездеседі. Сыртқы психологиялық конфликті - олардың бірлескен іс-әрекеті барысында туындаған қарама-қайшы көзқарастарынан шығады, ал ішкі психологиялық конфликт - балалардың негізі ойын іс- әрекетінде өз құрбылары арасында пайда болады және олар бақылауда байқалмайды. Мұнда міндетті түрде ересектердің көмегі қажет болатынын ерекше атап өтті.

Педагог-психолог Джумабаева Даулетбике жас мамандарға мектеп психологының жұмыс бағытарына тоқталды. Педагог-психологтың қызметін, міндетін, оқушы және ата-ана жұмыс жоспарымен түгел таныстырып өтті. Сонымен қатар қауіп-қатер тобындағы балалармен сұхбаттасу, оларды қалай басшылыққа ала отырып, бірлесіп жұмыс жасау түрлерімен өзінің іс-тәжірибесі барысында толық түсіндірді. Жас мамандар өзінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

«Жас келсе, іске!» жас мамандарға арналған тренингті пеадгог-психолог Сагиндикова Карлыгаш Кадиргалиевна жүргізді. Тренинг барысында «Танысу» жаттығуы, «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» жаттығуы, Шығармашылық жұмыс: «Визитка» жаттығуы, «Су толы тәрелке» жаттығуы, Ситуациялық сұрақтар, Тыныштық сәті «Менің болашағым», Жас мамандарға психологиялық кеңес болды. Тренинг өте қызықты өтті. Жас психологтар іс-тәжірибеде барлық әдіс-тәсілдерді меңгерді, тренинг-жаттығулар түрлерін  жасақтауды үйренді.

Сонымен қатар жас маман Еділханқызы Жаңагүл бастауыш сынып оқушыларына арналған тренинг-жаттығуларын 4 сынып оқушыларымен өткізіп, жас мамандарға Арт терапия түрлерімен бөлісті. Тренинг барысында оқушылар қуыршақ терапиясын, ертегі терапиясын өте әсерлі орындап, өздерінің бала армандарымен бөлісіп, отбасындағы адамдарды гүл бейнесінде таныстырды.

"Артық емес білгенің" педагогикалық-психологиялық жұмыстарды жас мамандармен бірлесе өткізіп,  жас психологтар тарапынан берілген сұрақтарға пеадгог-психолог Сагиндикова Карлыгаш Кадиргалиевна нақты әдістемелік кеңестер ұсынды.

Семинардан жас мамандар көп нәрсе алғанын, алдағы уақытта осындай семинарлардың жиі өткізілуін тілге тиек етті.

  





10 маусым 2022

Асхат Аймағамбетовтің Nur.kz порталына берген сұхбатынан

...

10 маусым 2022

Асхат Аймағамбетовтің Nur.kz порталына берген сұхбатынан

...

10 маусым 2022

Асхат Аймағамбетовтің Nur.kz порталына берген сұхбатынан

...

1 маусым 2022

ҰБТ-2022

Достар! Сіздердің өтініштеріңізді ескере отырып, негізгі ҰБТ-да ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациялары туралы ақпарат ұсынғымыз келеді. ҰБТ-2022 қатысуға барлығы мыңнан астам өтініш қабылданды. Тестіленушілердің басым бөлігі, яғни % -ы «Математика-Физика»...

1 маусым 2022

ҰБТ - 2022

Достар, Сіздерді ҰБТ-ның аралық нәтижелерімен таныстырып өтсек. Республика бойынша негізгі ҰБТ-ға мыңға жуық өтініш, оның ішінде бірінші мүмкіндікке 160 мың өтініш, екінші мүмкіндікке 130 мың өтініш келіп түсті. Екі аптаның ішінде мыңға жуық түлек тестілеуден өтті. Оның...

17 мамыр 2022

РОБОМАҢҒЫСТАУ – 2022

РОБОМАҢҒЫСТАУ – 2022 Роботты құрастыру және бағдарламалау бағытында дарынды оқушыларды анықтау, қолдау көрсету, робототехника бойынша дарынды балалардың шығармашылық ортасын қалыптастыру мақсатында өткізілген облыстық «РобоМаңғыстау – 2022» байқауына қатысқан...

17 мамыр 2022

Бастауыш сынып оқушыларының облыстық пәндік олимпиадаСЫНЫҢ қорытындысы

Бастауыш сынып оқушыларының облыстық пәндік олимпиадаСЫНЫҢ қорытындысы   Бастауыш сынып оқушылары арасындағы дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету мақсатында 2-4 сыныптар оқушылары арасында өткізілген облыстық пән олимпиадада оқушыларымыз...

16 мамыр 2022

Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Достар, енді Сіздің тестілеу күнін өткізіп алуыңыз мүмкін емес. Биыл Сіздің ыңғайлығыңыз үшін барлығын ойластырдық. Сонымен, алғаш рет ҰБТ-ның КҮНІН, УАҚЫТЫН, ОРНЫ мен БЕЙІНДІК ПӘНДЕРІН еске салатын SMS жолданатын болады. Яғни әрбір...

5 мамыр 2022

ҰТО директоры Руслан Емелбаевтың брифингте сөйлеген сөзінен

...

5 мамыр 2022

ҰТО директоры Руслан Емелбаевтың брифингте сөйлеген сөзінен

...

29 сәуір 2022

«ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ КӨПКЕ ОРТАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

«ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ КӨПКЕ ОРТАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ «Ғылым негізі зертхана» жобасы аясында робототехника үйірмесінің жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік...

28 сәуір 2022

«ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ МЕКТЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

«ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ МЕКТЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында қалалық «Әдістемелік қ ызмет - педагогтердің біліктілігін арттыру мектебі»...

28 сәуір 2022

ҚР Білім және ғылым бірінші вице-минстрі Шолпан Каринованың «БҒМ Live» жобасында айтылған сөзінен

...

26 сәуір 2022

«Алтын белгіге» үміткерлер биылдан бастап «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен қорытынды емтиханды Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасында тапсырады.

«Алтын белгіге» үміткерлер биылдан бастап «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен қорытынды емтиханды Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасында тапсырады. Қалған пәндер бойынша емтихандар әдеттегідей өз мектептерінде өтеді. Шалғай елді мекендердің...

26 сәуір 2022

2022 жылы халық тығыз орналасқан және батыс өңіріндегі ЖОО-на бөлінетін мақсатты грант саны 10 000

2022 жылы халық тығыз орналасқан және батыс өңіріндегі ЖОО-на бөлінетін мақсатты грант саны 10 000 #Сандарды_сөйлетсек_ҚР_БҒМ ...

26 сәуір 2022

ОБЛЫСТЫҚ «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ-МЕНІҢ ҮЛЕСІМ» ҚАШЫҚТЫҚ ЭССЕЛЕР БАЙҚАУЫНДА ҰСТАЗДАРЫМЫЗ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ОБЛЫСТЫҚ «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ-МЕНІҢ ҮЛЕСІМ» ҚАШЫҚТЫҚ ЭССЕЛЕР БАЙҚАУЫНДА ҰСТАЗДАРЫМЫЗ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ Мемлекеттік тілде оқытпайтын ұстаздар арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, ұлттық рухты, салт-дәстүрді насихаттауға арналған шығармашыл тұлғаларды...

26 сәуір 2022

ҰБТ 2022: басты жаңашылдықтар қандай?

ҰБТ 2022: басты жаңашылдықтар қандай? Құрметті ҰБТ-ға қатысушылар! Сіздердің назарларыңызға 2022 жылғы ҰБТ форматына енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты ұсынамыз. Сонымен, не өзгерді және сол қалпында қалады: Түлектердің өтініштері мен қалауларын ескере отырып, биыл...

26 сәуір 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 2022 жылдың 18-23 сәуір аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мамандандырылған IT лицей, №13 гимназия «Үздік 100 мектеп» қатарына енді. Үздік...

26 сәуір 2022

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ 2022 жылдың 18-23 сәуір аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім...

25 сәуір 2022

ҚҰРМЕТТІ ТЕСТІЛЕНУШІЛЕР!

ҚҰРМЕТТІ ТЕСТІЛЕНУШІЛЕР! Туындаған техникалық ақауларды тестілеуді тоқтатпай жоюға жұмсаған күшіміз жеткіліксіз болғандығын хабарлаймыз. Осыған байланысты 25 сәуір мен 3 мамыр аралығында өткізілетін БАРЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ, оның ішінде Білім алушылардың білім...

25 сәуір 2022

Достар, Ұлттық тестілеу орталығы және республикалық ірі білім беру орталықтары ҰБТ-ға дайындыққа арналған тегін онлайн-сабақтарды жалғастырады!

Достар, Ұлттық тестілеу орталығы және республикалық ірі білім беру орталықтары ҰБТ-ға дайындыққа арналған тегін онлайн-сабақтарды жалғастырады! Сіздердің назарларыңызға осы аптаның сабақ кестесін ұсынамыз. Өткізіп алмаңыздар! @zerdeli.kz @qazbilim @educonkz @samga.online @sabaq.online @daryn.online...

25 сәуір 2022

ҚР БҒМ-НІҢ МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІН ӨТКІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАРЫ

Биыл мектеп бітіру кеші мектеп қабырғасында өтеді. Соңғы қоңырау 25 мамырда, ал аттестат тапсыру салтанатты рәсімі 16-17 маусымда өтеді деп жоспарланып отыр. ⠀ Соңғы екі жылда пандемияға байланысты дәстүрлі мектеппен қоштасу кешін өткізуін тоқтап қалды. Қазір...

22 сәуір 2022

АҚТАУДА «КІТАП – РУХАНИ АЗЫҚ» АТТЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ.

АҚТАУДА «КІТАП – РУХАНИ АЗЫҚ» АТТЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ. Бүгін, 22 сәуір күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау қаласының әкімдігі ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырған «Кітап – рухани азық» атты байқауының...

21 сәуір 2022

ҚР БҒМ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАЛУ ҮШІН ТЕГІН СЫНАҚ ТЕСТІЛЕУІН ІСКЕ ҚОСТЫ

ҚР БҒМ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАЛУ ҮШІН ТЕГІН СЫНАҚ ТЕСТІЛЕУІН ІСКЕ ҚОСТЫ Тегін ҰБТ сынақ тестілеуі іске қосылды. Тестілеуден Ұлттық тестілеу орталығының prob-ent.testcenter.kz сайтында онлайн өтуге болады. Тестіленуші сынаққа қатысу үшін бар болғаны ЖСН-ын...

Соңғы хабарлар

22232425262728 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері