Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтау қаласындағы 29 жалпы білім беру мектебіне ақын апамыздың есімі берілді. Саналы ғұмырын өлеңге арнап, "Жыр - менің жалғыз тарланым", "Жыр - менің планетам", "Өлең, мен сені аялап өтем!" деп жырлаған ақиық ақынның есімі қаламыздағы білім ұйымына берілуі үлкен мақтаныш әрі жауапкершілік.
Білім ұйымына ақын Фариза Оңғарсынованың есімі берілуіне орай арнайы іс-шаралар жоспары жасақталып, онкүндік өтті. Онкүндік Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін оқу эстафетасымен басталып, түрлі бағыттағы іс-шаралармен жалғасын тапты. Мектеп директоры Ізтұрғанова Жайна Аманжанқызы бастаған жыр эстафетасы қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша жыр сүйер жұртшылық арасында өз жалғасын табуда.
Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында, Атырау қаласында өткен республикалық фестивальда II орынды иеленген "Фариза мен Мұқағали" поэтикалық драмасын тамашалау да осы жоспар аясында ұйымдастырылды.
5 - желтоқсан күні "Өлең, мен сені аялап өтем!" тақырыбында әдеби-сазды жыр кеші ұйымдастырылды. Кеште мектеп оқушылары ақынның Отан, туған жер, өмір, дала, сезім т.б. тақырыптардағы өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын өлеңдерінің сөзіне жазылған әндер шырқады.
Кеш қонақтары Фариза Оңғарсынованың жиен келіні Лайық Тайпақова, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Рахат Қосбармақов, ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Шынар Түйешиева, айтыскер ақын, «Жыр - жебе» жас ақындар клубының жетекшісі Фархад Мұсаев болды. Қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, мектеп ұжымы мен оқушыларға сәттілік тіледі.
8-11 сынып оқушылары арасында гір тасын көтеруден Фариза Оңғарсынова атындағы ауыспалы кубогі ойнатылып, бұл сайыстың үздіктері деп танылған 8-сынып оқушылары ауыспалы кубокты өз қанжығасына байлады.
Мектептің жас қылқалам шеберлері Фариза Оңғарсынова өлеңдерінің сюжетін арқау ете отырып, ақынның алуан түрлі тақырыптағы өлеңдерін қылқаламмен кескіндеді. "Жетімхана", "Ананы аңсау", "Құм.Нарын", "Теңіз аласапыран", "Келеді түн еркелеп", "Қыз сыры", "Ақжайық", " Қанат туралы хикая", т.б. өлеңдері желісімен салынған суреттер ақын өлеңдерінің сыршыл да нәзік, алапат толқынысын аша түсумен қатар, шәкірттердің шабытын шыңдады. Сонымен қатар ақын апамыздың шығармашылығындағы Маңғыстау өлкесінің көрініс табуы да ерекше назарға алынып, оқушылар ақын шығармаларын зерттеп-зерделеп, эссе жазды. Эссе жазу байқауы қорытындыланып, тақырыпты ерекше аша білген оқушылар марапатталды.
Өткізілген онкүндік салтанатты шарамен қорытыланды. Салтанатты шараның арнайы бағдарламасына сәйкес алғашында ақынға арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті, содан соң қадірменді қонақтар Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналып арнайы жасақталған кабинетімен танысты. Келесі сәтте қонақтар назарына мектеп акт залында өткен «Жыр - менің жалғыз тарланым» тақырыбындағы әдеби-сазды кеш ұсынылды. Кеште Фариза Оңғарсынованың өлеңдері оқылды, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды, апамыздың замандасы, досы, Маңғыстаудың марғасқа ұлы Әбіш Кекілбайұлымен сырласу сәті сахналандырылды.
Поэзияда да, прозада да тұяғы мұқалмаған хас дүлділдің поэзиясы - шың, прозасы - сол шыңды тіреп тұрған шоқылар іспетті. Шәкірттерінің осы биіктен көрінгенін қалайтын білім ордасы ақын шығармаларын оқу мен насихаттауды әлі де жалғастыра береді.
Постановлением правительства Республики Казахстан в канун 80-летия народной писательницы, поэта и общественного деятеля Казахстана Фаризы Онгарсыновой общеобразовательной средней школы №29 присвоено имя поэта. Является большой гордостью и ответственностью для города то, что имя великого писателя будет носить именно общая средняя школа №29, который написал такие произведения как «Мое сердце-моя единственная судьба», «Мое сердце-моя планета», «Поэзия, я люблю тебя». Для школы имени поэта Фаризы Онгарсыновой подготовлен специальный план действий и в соответсвии с планом прошло десять дней. Декада посвящённая Ф.Онгарсыновой началась с репертуара выразительного чтения и продолжилась различными мероприятиями. В настоящее время в Мангистауской области проходит эстафета любителей поэзии под руководством директора школы Изтургановой Жайной Аманжановной. Также в рамках этого плана в Мангыстауском областном музыкально-драматическом театре была организована поэтическая драма «Фариза и Мукагали» , которая заняла второе место на республиканском фестивале в Атырау.
5 декабря на тему «Поэзия, я люблю тебя» был организован литературно-музыкальный вечер. 





8 қыркүйек 2022

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША 2023 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП МЕКТЕПТЕР, КОЛЛЕДЖДЕР МЕН БАЛАБАҚШАЛАР ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТАҒЫ 25%-ҒА ӨСЕДІ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША 2023 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП МЕКТЕПТЕР, КОЛЛЕДЖДЕР МЕН БАЛАБАҚШАЛАР ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТАҒЫ 25%-ҒА ӨСЕДІ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен...

1 қыркүйек 2022

Ақтауда жаңа оқу жылында 7 мектеп пайдалануға берілді.

     Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі 2022-2023 оқу жылын 28 мемлекеттік жалпы білім беретін және 18 жекеменшік, 1 кешкі мектеп, 2 қосымша білім беру мекемесімен , 110 мектепке дейінгі мекемемен бастады. Білім ұйымдарында 57 200 оқушы бар, оның ішінде 6750 оқушы алғаш рет мектеп...

30 тамыз 2022

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№30 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне педагогтерді жұмысқа қабылдау қорытындысы

...

22 маусым 2022

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫН КЕҢЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНІМДЕР

   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдерін пайдалану үшін ұсынады:   -қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;   -сөздік...

20 маусым 2022

Ақтауда оқушылар сарайы салынып жатыр

Ақтауда оқушылар сарайы салынып жатыр Ақтауда 17 шағынауданнан оқушылар сарайы салынып жатыр. Құрылысы 2023 жылы аяталады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте NCOC компаниясының әлеуметтік және...

20 маусым 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

20 маусым 2022

ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарында мектеп бітіруші түлектерге аттестаттар табысталды. Білім нәрімен сусындап, қияға қанат қаққан жас түлектер талай жыл алған білімінің нәтижесін құжатпен дәлелдеп, аттестаттарға ие болды. Биыл білім...

10 маусым 2022

МЕКТЕП, БАЛАБАҚША БАСШЫСЫНЫҢ БОС ОРНЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ

«Маңғыстау облысы білім басқармасы» ММ 130000, Ақтау қ, 3 б ш/а, 52, анықтама телефоны: 8(7292)571216, электрондық мекенжайы: bilim.baskarmasy@mangystau.gov.kz 08.06.2022 ж.«А» блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды». Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша...

10 маусым 2022

ҰБТ-2022

Құрметті ҰБТ тапсырушылар! Назарларыңызға «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМИХАН» (15%) тапсырып, қаңдай білім беру бағдарламаларының топтарына оқуға түсуге болатындығы туралы ақпарат ұсынамыз: В004 Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау; В005 Дене шынықтыру мұғалімдерін...

10 маусым 2022

ҰБТ-2022

Құрметті ҰБТ тапсырушылар! Назарларыңызға «ОРЫС ТІЛІ -ОРЫС ӘДЕБИЕТІ» (2%) бейіндік пәндер комбинациясы бойынша қаңдай білім беру бағдарламаларының топтарына оқуға түсуге болатындығы туралы ақпарат ұсынамыз: В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау; В037...

10 маусым 2022

ҰБТ-2022

Құрметті ҰБТ тапсырушылар! Назарларыңызға «ҚАЗАҚ ТІЛІ-ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» (3%) бейіндік пәндер комбинациясы бойынша қаңдай білім беру бағдарламаларының топтарына оқуға түсуге болатындығы туралы ақпарат ұсынамыз: В016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау; В037...

10 маусым 2022

ҰБТ-2022

Құрметті ҰБТ тапсырушылар! Назарларыңызға «ШЕТ ТІЛІ-ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ» (9%) бейіндік пәндер комбинациясы бойынша қаңдай білім беру бағдарламаларының топтарына оқуға түсуге болатындығы туралы ақпарат ұсынамыз: В018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау; В036 Аударма ісі; В035...

10 маусым 2022

ҰБТ-2022

Құрметті ҰБТ тапсырушылар! Назарларыңызға «МАТЕМАТИКА-ФИЗИКА» (27%) бейіндік пәндер комбинациясы бойынша қаңдай білім беру бағдарламаларының топтарына оқуға түсуге болатындығы туралы ақпарат ұсынамыз: В010 Физика мұғалімдерін даярлау; В054 Физика; В009 Математика...

10 маусым 2022

ҰБТ-2022

Құрметті ҰБТ тапсырушылар! Назарларыңызға «МАТЕМАТИКА-ГЕОГРАФИЯ» (8%) бейіндік пәндер комбинациясы бойынша қаңдай білім беру бағдарламаларының топтарына оқуға түсуге болатындығы туралы ақпарат ұсынамыз: В038 Әлеуметтану; В044 Менеджмент және басқару; В045 Аудит және...

10 маусым 2022

ҰБТ-2022

Құрметті ҰБТ тапсырушылар! Назарларыңызға «ГЕОГРАФИЯ-ШЕТ ТІЛІ» (3%) бейіндік пәндер комбинациясы бойынша қаңдай білім беру бағдарламаларының топтарына оқуға түсуге болатындығы туралы ақпарат ұсынамыз: В091 Туризм; В093 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі. Өз...

10 маусым 2022

ҰБТ-2022

Құрметті ҰБТ тапсырушылар! Назарларыңызға «ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ-ГЕОГРАФИЯ» (3%) бейіндік пәндер комбинациясы бойынша қаңдай білім беру бағдарламаларының топтарына оқуға түсуге болатындығы туралы ақпарат ұсынамыз: В008 Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін...

10 маусым 2022

ҰБТ-2022

Құрметті ҰБТ тапсырушылар! Назарларыңызға «БИОЛОГИЯ-ГЕОГРАФИЯ» (8%) бейіндік пәндер комбинациясы бойынша қаңдай білім беру бағдарламаларының топтарына оқуға түсуге болатындығы туралы ақпарат ұсынамыз: В001 Педагогика және психология; В002 Мектепке дейінгі оқыту және...

10 маусым 2022

ҰБТ-2022

Құрметті ҰБТ тапсырушылар! Назарларыңызға «ХИМИЯ-ФИЗИКА»(1%-ға жетпейді) бейіндік пәндер комбинациясы бойынша қаңдай білім беру бағдарламаларының топтарына оқуға түсуге болатындығы туралы ақпарат ұсынамыз: В060 Химиялық инженерия және процестер. Өз болашағын химия...

10 маусым 2022

ҰБТ-2022

Құрметті ҰБТ тапсырушылар! Назарларыңызға «БИОЛОГИЯ-ХИМИЯ» (17%) бейіндік пәндер комбинациясы бойынша қаңдай білім беру бағдарламаларының топтарына оқуға түсуге болатындығы туралы ақпарат ұсынамыз: В013 Биология мұғалімдерін даярлау; В050 Биологиялық және сабақтас...

10 маусым 2022

ҰБТ-2022

Құрметті ҰБТ тапсырушылар! Назарларыңызға «ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ-ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ»(5%) бейіндік пәндер комбинациясы бойынша қаңдай білім беру бағдарламаларының топтарына оқуға түсуге болатындығы туралы ақпарат ұсынамыз: В049 Құқық; В096 Құқық қорғау қызметі. Өз болашағын...

10 маусым 2022

ҰБТ - 2022

Достар! Сіздердің өтініштеріңізді ескере отырып, негізгі ҰБТ-да ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациялары туралы ақпарат ұсынғымыз келеді. ҰБТ-2022 қатысуға барлығы мыңнан астам өтініш қабылданды. Тестіленушілердің басым бөлігі, яғни % -ы «Математика-Физика»...

10 маусым 2022

5-11 сыныптарда «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы факультатив форматында оқытылады.

Курс мынадай модульдерден тұрады: • «Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері» , • «Азаматтық», • «Парасаттылық пен әдеп», • «Экология мәдениеті», • «Сыни тұрғыдан ойлау», • «Зайырлылық және дінтану негіздері», • «Медиа сауаттылық». Сыныптар мен жас...

10 маусым 2022

Асхат Аймағамбетовтің ҚР БҒМ аппарат жиналысында айтқан сөзі

...

10 маусым 2022

Асхат Аймағамбетовтің ҚР БҒМ аппарат жиналысында айтқан сөзі

...

Соңғы хабарлар

21222324252627 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері