Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Білімім-Отаныма» атты тәрбие сағаты

Бүгін Достық үйінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Звира Есбергенова, Білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева, білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Білімім-Отаныма» атты тәрбие сағаты өтті.

Дарынды оқушылардың жетістіктері насихаттау, оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық дамуына жағдай жасау мақсатында өткен тәрбие сағатында халықаралық деңгейде өткен олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының, республикалық жарыстардың, пәндік олимпиадалардың жүлдегері атанған 200-ден аса оқушы қатысты.

ҚР Оқу-ағарту министрінің құттықтауын тыңдады. Шарада облыс әкімінің орынбасары Звира Түгелқызы үздік оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

Шарада оқушылар «Менің жетістікке жету жолым», «Мамандық - үлкен таңдау», «Отанымды сүйемін» және ұлттық құндылық, ғылымға құштарлық, маңғаз өлкенің жауһарлары, адамның тұлға болып қалыптасуы бағытында өз тәжірибелерімен бөлісті. 





13 қазан 2022

ТАҒАЙЫНДАУ

Тағайындау Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№29 бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына Крымова Рита Илесовна тағайындалды. Крымова Рита Илесовна 1974 жылы 4 қыркүйек күні дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматы қаласы, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық институтын (1992-1996 жж.) «педагог-психолог», тәрбиеші мамандығы бойынша , Тараз облысы «Тараз инновациялық-гуманитарлық» университетін (2008-2010 жж.) «Есеп және аудит»...

13 қазан 2022

ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің « №25 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Сарсенбаева Акмарал Кадиевна тағайындалды. Сарсенбаева Акмарал Кадиевна 1964 жылы 2 қаңтар күні дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазақ мемлекеттік универсиетін 1983-1988 ж.ж физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын қазіргі Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының А.А.Жданов (қазіргі М.Баймурзаев) атындағы мектептің...

12 қазан 2022

МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ

  2022 жылдың 7-8 қазан күндері Маңғыстау облысы Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында мұғалімдердің облыстық спартакиадасы жарысы болып өтті. Спартакиадада бақ сынаған Ақтау қаласының командалары жеңіспен оралды: Волейбол жарысында (ерлер) Ақтау қаласының командасы І орын; Волейбол жарысында (әйелдер) Ақтау қаласының командасы ІІ орын; Үстел теннисі жарысында Ақтау қаласының командасы ІІ орын; Жалпы командалық есепте Ақтау қаласының командасы ІІ орын иеленді. Жеңімпаз ұстаздарымызды...

10 қазан 2022

МЕКТЕПТЕГІ КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС

МЕКТЕПТЕГІ КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Ф.Оңғарсынова атындағы №29 мектепте бастауыш сыныптарға "Сәрсенбідегі сәтті үзіліс" шарасы ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі ойындар ойнап, үзілісті көңілді әрі пайдалы өткізді. Бұл үрдіс әр аптаның сәрсенбі күндері өз жалғасын табады.  ...

10 қазан 2022

АҚТАУДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    АҚТАУДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ     Бүгін Ақтауда журналистика саласы мен шығармашылық интеллигенция ардагерлері ҚР Президентінің Жолдауын талқылады.     Отырысқа ардагер журналист Есберген Іңірбайұлы, облыстық «Маңғыстау» газетінің бас редакторы Ғалым Әріп, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Аят Сүгірбай және mangystaumedia.kz сайтының фототілшісі Талант Құсайын қатысты.    Алғы сөз Астанадағы Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезіне облыстан делегат ретінде қатысып...

10 қазан 2022

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

    Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында және партияның кезектен тыс XXIV съезі мен халықтық коалиция форумының қорытындысы бойынша “AMANAT” партиясы Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Н.Қарасаев, “AMANAT” партиясы Ақтау қалалық филиалының атқарушы хатшысы, қалалық мәслихат депутаты А.Шамшадинова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрайымы Н.Сейдалыева, Ақтау қалалық мәслихат...

10 қазан 2022

Ақтау қаласы мектептерінің дебат лигасының жетекшілерімен кезекті жиналыс онлайн платформада өтті.

Ақтау қаласы мектептерінің дебат лигасының жетекшілерімен кезекті жиналыс онлайн платформада өтті. Жиналыста мектепішілік лигалардың құрылуы, жоспарлар, дебатқа оқушыларды көптеп тарту және қалалық лига ойындары туралы мәселе айтылды. Жиналысты Ақтау қаласы мектептерінің қалалық дебат лигасының президенті Ізбен Ерлан Шаулекенұлы жүргізіп отырды.  ...

9 қазан 2022

Ақтауда Қарттар арасында шахмат, дойбы, нарда және үстел теннистен жарыс өткізілді.

Ақтауда Қарттар арасында шахмат, дойбы, нарда және үстел теннистен жарыс өткізілді. Жарысқа 30 жуық қала қарттары қатысты. Жүлделі I, II, III орындарға ие болған қатысушыларға диплом және медаль табысталды.  ...

7 қазан 2022

ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ТОБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ НАҚТЫЛАНДЫ

     ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ТОБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ НАҚТЫЛАНДЫ      "AMANAT" партиясы Ақтау қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды анықтау мақсатында көмекті ұйымдастыру үшін құрылған Жедел әрекет ету тобының отырысы өтті. Отырысқа қала әкімінің орынбасары Ә.Байпақов және топ мүшелері қатысты.     Отырыс барысында топ мүшелеріне жұмыс ережесі мен алгоритмі таныстырылып, Ақтау қаласындағы бірқатар мәселелер қаралды. Сондай-ақ,...

7 қазан 2022

Бүгін Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов ақсақалдармен кездесті.

Бүгін Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов ақсақалдармен кездесті. ⠀Кездесуге еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Сонымен қатар кездесуге Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай да қатысты. ⠀“Бірінші кезекте қаламыздың ақсақалдарының алдынан өтіп, олардың ұсыныстарын тыңдап, кеңестеріне құлақ асуды жөн көрдім. Қариялармен кездесу - қалаға қызметімді бастаудың алғышарты іспеттес деп білемін”, деді қала әкімі. ⠀Қариялар өздерінің ұсыныстарымен, ақыл-кеңестерімен...

7 қазан 2022

САЙЛАУ 2022

...

6 қазан 2022

Әдістемелік-нұсқау хат бойынша 5-11-сыныптарға «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқытудың ерекшеліктері

Әдістемелік-нұсқау хат бойынша 5-11-сыныптарға «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқытудың ерекшеліктері Видеороликті Алтынсарин академиясының Bilim 4.0 YouTube-арнасынан да мына сілтеме арқылы көруге болады: https://youtu.be/-yK6v_wjSnA  ...

5 қазан 2022

Қалалық семинар- практикум өтті

    Бүгін, 5 қазан күні "Оқу әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастыруымен И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп базасында "Бастауыш мектепте білім беру: құндылықтар, басымдықтар, құзіреттілік тәжірибелер" тақырыбында қалалық әдістемелік семинар-практикум өтті.     Семинарға қала мектептерінің бастауыш сынып мамандары қатысты. Шараның мақсаты тәжірибе алмасу, педагогтердің шеберлігін арттыру және әдістемелік көмек көрсету.     Семинарға -практикумға қатысқан мамандар шараның...

5 қазан 2022

«Современные педагогические методы и приемы на уроках информатики» тақырыбында информатика пәні мұғалімдерінің әдістемелік семинары өтті

Бүгін, ағымдағы жылдың 5 қазанында Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №1 жалпы білім беретін мектеп базасында «Современные педагогические методы и приемы на уроках информатики» тақырыбында информатика пәні мұғалімдерінің әдістемелік семинары өткізілді. Семинар барысында информатика пәні мұғалімдері Көпбергенова М.С. «Системы счисления. Перевод из одной системы счисления в другую систему», Бисангалаева С.С. «Компьютерные сети», Ержанова К.М. «Конфигурация компьютера», Байманова...

5 қазан 2022

TikTok ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен мұғалімдерге арналған байқауды іске қосады

TikTok ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен мұғалімдерге арналған байқауды іске қосады TikTok қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған жетекші платформа Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен #ҚазақстанМұғалімдері байқауын іске қосады. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болады — iPhone 13 PRO Max смартфондары. Байқау аясында еліміздің түкпір-түкпірінен оқытушылар платформада өз пәні туралы шығармашылық және танымдық бейнероликтер жариялауға...

4 қазан 2022

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ Бүгін, ағымдағы жылдың 4 қазанында орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету мақсатында Президенттік олимпиада өтуде. https://youtu.be/-K-1Tbh9vCU  ...

2 қазан 2022

Облыстық пікірсайыс турнирінде ақтаулық оқушылар үздік атанды

Облыстық пікірсайыс турнирінде ақтаулық оқушылар үздік атанды Өңірдегі дебат қозғалысын дамыту мақсатында 2022 жылдың 27-28 қыркүйек күндері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық туған күніне орай, «Тіл ғұмыры - ұлт ғұмыры» мектеп оқушыларының облыстық пікірсайыс турнирі өтті. 2 күнге созылған турнир аясында түрлі спорттық шаралар, психологиялық тренинг және кешкі мезгілде балалар бас қосқан «жалынды алау» ұйымдастырылды. Аудан, қала, облыстық мамандандырылған мектептерден 28 оқушы, 14...

1 қазан 2022

"Қазақстан Республикасы-толеранттылық, татулық, бірлік пен тұрақтылықтың кепілі" атты ашық республикалық турнирдің қалалық кезеңі

     1 қазан күні “Отпан” ақпараттық түсіндіру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасы-толеранттылық, татулық, бірлік пен тұрақтылықтың кепілі" атты ашық республикалық турнирдің қалалық кезеңі өтті.       Турнирге Ақтау қаласының студент жастарымен қатар мектеп оқушылары бақтарын сынады. Барлығы 22 фракция қатысқан турнирде Ақтау қаласының N21 жалпы білім беретін мектебінің “Champions” клубының оқушылары Аманқос Нұрдаулет және Байтемірова Ақжан жүлделі ІІ орынды...

1 қазан 2022

Ақтауда алғаш рет «Мұғалімдер барысы» өтті

    Ақтауда алғаш рет «Мұғалімдер барысы» өтті     Мұғалімдер күніне орай Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты 19 мектеп гимназиясында ұйымдастырылған спорттық додада 40 мұғалім өзара бақ сынап, мықтылар анықталды.     Мұғалімдер әр түрлі салмақ дәрежесінде белдесті. Соның ішінде, 80 кг салмақ дәрежесінде IT мектеп-лицейінің мұғалімі Серік Бөкенбаев І орын алып, «Барыс-2022» атағын иеленді. 13 гимназиясының мұғалімдері Нұржас Қуандық ІІ, ал Жәнібек Дабысов ІІІ орынға ие болды.      80...

29 қыркүйек 2022

Құрметті ұстаздар қауымы!

    Құрметті ұстаздар қауымы!     Ардақты білім саласының ардагерлері!     Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!      Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше болған. Оны Абай атамыз да «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп әдемі жеткізген.     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың мәртебесін көтеріп, ілім мен ізгілікті алға...

29 қыркүйек 2022

Ақтауда «Ұстазыма ыстық ықыласпен!» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өтті.

     Ақтауда «Ұстазыма ыстық ықыласпен!» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өтті.      Бүгін, 29 қыркүйек күні «Абай атындағы мәдени-демалыс кешені» ғимаратында ұстаздар күніне арналғ ан «Ұстазыма ыстық ықыласпен!»» атты мерекелік шара салтанатты атап өтілді. Оған арнайы шақыртылған қонақтар мен ұстаздар қатысты.     Мерекелік шара Ахмет Байтұрсыновтың ұстаздарға арнаған монологымен басталды. А.Байтұрсынов бейнесін №23 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті...

27 қыркүйек 2022

МЫРЗАҒАЛИ ІҢІРБАЕВПЕН ПОЭЗИЯ КЕШІ

16 қыркүйек Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханада ақын, жазушы, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Мырзағали Іңірбаевтың 70 жас мерейтойына арналған оқырмандармен поэзия кеші өтті. Ақынның қаламынан тербеген туындыларын поэзияны жаны сүйген әрбір оқушы тебірене оқыды. ІТ мектеп-лицейдің мақтаныштары 11б сынып оқушысы Шырдабай Ермұхан, 10ә сынып оқушылары Тулеп Алижан мен Сәбитқалиұлы Олжас поэзия кешіне өз үлестерін қосып, тебірене жыр оқып, Алғыс хатпен марапатталды.  ...

20 қыркүйек 2022

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының мамандары үшін «Ұлттық білім беру деректер қорымен жұмыс» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

     Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының мамандары үшін  «Ұлттық білім беру деректер қорымен жұмыс» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.      Білім  беру саласы бойынша статистикалық деректер қорын жинау және өңдеу негізінде қолданысқа берілген NOBD.kz автоматтандырылған жүйені пайдалану, толтыру мақсатында өткізілген семинар – практикум аясында жүйемен жұмыс жасау жолдары толықтай таныстырылып, практика жүзінде көрсетілді.      Білім ұйымдарының жүйені...

20 қыркүйек 2022

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының мамандары үшін «Mektep.edu.kz» электронды оқыту жүйесімен жұмыс» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының мамандары үшін «Mektep.edu.kz» электронды оқыту жүйесімен жұмыс» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Мектептерде күнделікті оқу-білім процесстерін электронды сандық түрге енгізу, мектеп мәліметтерін ортақ электронды форматқа қалыптастыру мақсатында құрылған «EDUS Электронды мектеп» платформасымен жұмысты жандандыру мақсатында өткізілген семинар – практикум аясында жүйемен жұмыс жасау жолдары толықтай таныстырылып,...

Соңғы хабарлар

20212223242526 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері