Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Бөлім жаңалықтары

0

Құрметті түлектер!

Дәстүрді жалғастырып, 2022 жылғы түлектерге хат жаздым. Оны оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады.

Бірақ белгілі бір себептермен хатты әлі оқуға мүмкіндігі болмаған түлектер үшін оны осы жерде жариялаймын.

Құрметті түлектер!

Екі айдан кейін мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарыңыз сіздерге білім мен тәрбиені қатар үйретті. Ата-аналарыңыз да үнемі кеңестерін айтып, дұрыс жол сілтеп отырды. Енді бойларыңызға сіңген осы қасиеттерді пайдаланып, өмірлеріңіздегі жауапты шешімді қабылдайсыздар.

Әрине, сіздер үшін алғашқы маңызды емтиханның бірі - ол ҰБТ. Бірақ ҰБТ өмірдегі ең жеңіл, оңай сынақтың бірі екенін айтқым келеді.

Оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шараларды қабылдадық.

1. ҰБТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ҰБТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.

2. ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.

3. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.

4. Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

5. Биыл сіздерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.

6. Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.

7. Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.

Қымбатты түлектер! ҰБТ сынағынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?"- деп те ойлап жүрген боларсыздар?

Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:

Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.

Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.

Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.

Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.

Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.

Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.

Енді болашақ мамандықты таңдауға қатысты да айта кетейін. Жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты қабылданған шешім қате екенін есте сақтаңыз.

Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын:

1. Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

2. Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.

3. Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.

Құрметті түлектер!

Сіздерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін.

Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар.

Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады.

Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз.

Бастысы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 





23 қазан 2022

"ШЕБЕРЛЕР ШЕРУІ" челленджі жалғасуда

    21 қазан күні "Шеберлер шеруі" челленджі № 13 гимназияның 4 сыныбында Кенжегүл Берішбайқызының "Мен бақытты баламын" тақырыбында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабағымен жалғасты. Сабаққа жас мамандар ғана емес ,еңбек өтілі 15-20 жыл болған тіс қаққан мамандар да...

23 қазан 2022

МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ

Мұғалімдер спартакиадасы 2022 жылдың 27-30 қыркүйек, 3-7қазан күндері аралығында Ақтау қаласы бойынша жалпы білім беру мекемелерінің мұғалімдер арасында дене шынықтыру пәнін танымал ету және білім беру мекемелерінің мұғалімдері арасында салауатты өмір салтын...

22 қазан 2022

“AMANAT” партиясының Маңғыстау облыстық филиалымен "Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту" тақырыбындағы қоғамдық тыңдау өтті.

    “AMANAT” партиясының Маңғыстау облыстық филиалымен "Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту" тақырыбындағы қоғамдық тыңдау өтті. Шараға әр саланың өкілдері, партия филиалының қызметкерлері, қала белсенділері қатысты.     Шарада корпоративті әлеуметтік...

21 қазан 2022

Қоршаған ортамен таныстыру арқылы мектепке дейінгі балалардың ой өрісін дамыту

20.10.2022 жылы №31 «Еркемай» бөбекжайында қалалық семинар өтті. Семинардың тақырыбы: «Қоршаған ортамен таныстыру арқылы мектепке дейінгі балалардың ой өрісін дамыту». Мақсаты:Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін қоршаған әлеммен таныстыру арқылы...

21 қазан 2022

Ақтаулық педагог «Менің зерттеу жобам» облыстық байқауының жеңімпазы атанды

Ақтаулық педагог «Менің зерттеу жобам» облыстық байқауының жеңімпазы атанды 2022 жылдың 21 қазан күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, педагог-психологтар арасында «Менің зерттеу жобам» облыстық сырттай байқауы...

21 қазан 2022

2022 жылдың 21 қазаны күні "№11лицей" КММ-де бастауыш сынып мұғалімдері арасында әдістемелік сүйемелдеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінен ашық сабақтар өткізілді.

2022 жылдың 21 қазаны күні "№11лицей" КММ-де бастауыш сынып мұғалімдері арасында әдістемелік сүйемелдеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінен ашық сабақтар өткізілді. № 11лицейдің бастауыш сынып мұғалімдері Ергожаева Венера Отесовна мен Құрмашева Нұргүл...

21 қазан 2022

Жердегі жарық жұлдыздар!

Жердегі жарық жұлдыздар! 21 қазан күні Ф.Оңғарсынова атындағы 29 мектепте Ақтау қалалық бастауыш сыныптар қауымдастығының жоспарына сәйкес ата-ана жиналысының жаңа форматтағы жұмыс түрі көрсетілді. "Жердегі жарық жұлдыздар" тақырыбындағы ата-аналар жиналысын өткізген...

20 қазан 2022

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама

19.10.2022 жылы №23 «Ақмоншақ» бөбекжайында «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Білім сапасын арттыруда іс – әрекеттің әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық...

20 қазан 2022

Президенттің «Жастарды дамытудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша «Рухтастар cases» диалог алаңы өтті.

Президенттің «Жастарды дамытудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша «Рухтастар cases» диалог алаңы өтті. Бүгінгі кездесуде спикерлер жастарға барынша кеңінен жолдауда айтылған мүмкіндіктерді түсіндіріп, өскелең ұрпаққа жасалып отырған...

20 қазан 2022

Мұхтар Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектепте жазушының бюстісі мен музейі ашылды.

Мұхтар Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектепте жазушының бюстісі мен музейі ашылды. «Саралапты салмақ ой, сөз асылын ағытып, Айта алған жоқ әлі ешкім, Мұхтарынан асырып Өзегінің нәрі алтын, өсиетті сөзіне Төрткүл дүние, күллі әлем, отыр...

19 қазан 2022

“Жас геолог” қалалық байқауы өтті

    Ағымдағы жылдың 17 қазанында туған өлкенің табиғаты мен минералдық қазба байлықтарын таныту, географиялық және геологиялық білім-танымдарын және зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру мақсатында ашық далалық “Жас геолог” қалалық байқауы өткізілді....

19 қазан 2022

АҚТАУДА АРДАГЕРЛЕР ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Ақтауда ардагерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесуде Президент Жолдауы талқыланды. "Жолдау еліміз үшін жарқын болашаққа есік ашады. Сол себептен бастаманы қолдау мақсатында облысымызда қала мен аудандарды аралап, ардагерлермен кездесу ұйымдастырудамыз....

19 қазан 2022

МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

    Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында “AMANAT” партиясы Ақтау қалалық филиалының атқарушы хатшысы, қалалық мәслихат депутаты А.Шамшадинова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы...

19 қазан 2022

«Жас құтқарушылар» тобының сайысы өтті

19 қазан- Құтқарушылар күніне орай, Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе отырып, мектептер арасында «Жас құтқарушылар» тобының сайысы өткізілді. «Жас құтқарушы» тобының негізгі мақсаты тіршілік қауіпсіздігі мәселелері бойынша қажетті білім деңгейін, авариялық...

17 қазан 2022

«Әлем глобусы!» қалалық экологиялық – зияткерлік байқауы

      Ағымдағы жылдың 14 қазан күні «Әлем глобусы!» қалалық экологиялық – зияткерлік байқауы өтті. Байқауға Ақтау қаласы бойынша 16 білім ұйымдарының 14-16 жас аралығындағы оқушылары қатысты.      Байқаудың басты мақсаты өскелең ұрпақтың назарын экологиялық өзекті...

14 қазан 2022

Математикалық прогрессия

   Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді көпшілікке таныту, математика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, мұғалімдердің  үздіксіз білім алып отыруын қамтамасыз ету мақсатында өткізілген...

14 қазан 2022

Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі

      Орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндерінен дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді...

14 қазан 2022

«Менің шағын Отаным» атты V республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі

  Бүгін, ағымдағы жылдың 14 қазаны күні Мемлекет басшысының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласындағы “Туған жер” бағдарламасын іске асыру шеңберінде 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты V республикалық...

14 қазан 2022

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

    Күздің екінші айының ортасы жылу қазандықтары қосылады. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім ордаларындағы жылу қазандықтарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.     «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің...

14 қазан 2022

"ШЕБЕРЛЕР ШЕРУІ" челленджі жалғасуда

    Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу-әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастыруымен басталған "ШЕБЕРЛЕР ШЕРУІ" челленджі жалғасуда.   Бүгін, ағымдағы жылдың 14 қазанында №13 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог - шебер Абиева Жанар Себенгалиевна 11 лицейдің...

14 қазан 2022

КӨҢІЛ АЙТУ

  КӨҢІЛ АЙТУ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі Курмангазиева Сабика Мукановнаның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Курмангазиева Сабика Мукановна 1956 жылдың 16 қарашасында Орал  облысының Бәйтерек ауданы Большой Чаган селосында дүниеге келген. 1973 жылы...

14 қазан 2022

«AMANAT» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

«AMANAT» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысын филиал атқарушы хатшысы Анар Шамшадинова ашып жүргізді. Бүгінгі жиналыстың күн тәртібінде бір мәселе қаралды. 1.«AMANAT» партиясы...

13 қазан 2022

«Жастарға Кеңес» жобасы

«Amanat» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыруымен «Жастарға Кеңес» атты жобасы аясында Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Ыбрай Әсел Аманкелдіқызы жұмыспен қамту және бизнес ашу...

13 қазан 2022

«Менің зерттеу жобам» шағын жобалар байқауы өтті.

«Менің зерттеу жобам» шағын жобалар байқауы өтті. 12.10. 2022ж. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен, жалпы білім беру мектептерінің психологтарының арасында қашықтан «Менің зерттеу жобам» шағын жобалар байқауы өтті. ...

Соңғы хабарлар

19202122232425 ... 49

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері