0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық
жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық
мерейтойы қарсаңында Ақтау қаласындағы 29 жалпы білім беру мектебіне
ақын апамыздың есімі берілді. Саналы ғұмырын өлеңге арнап, "Жыр - менің
жалғыз тарланым", "Жыр - менің планетам", "Өлең, мен сені аялап өтем!"
деп жырлаған ақиық ақынның есімі қаламыздағы білім ұйымына берілуі үлкен
мақтаныш әрі жауапкершілік.
Білім ұйымына ақын Фариза
Оңғарсынованың есімі берілуіне орай арнайы іс-шаралар жоспары
жасақталып, онкүндік өтті. Онкүндік Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін оқу
эстафетасымен басталып, түрлі бағыттағы іс-шаралармен жалғасын тапты.
Мектеп директоры Ізтұрғанова Жайна Аманжанқызы бастаған жыр эстафетасы
қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша жыр сүйер жұртшылық арасында өз
жалғасын табуда.
Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында,
Атырау қаласында өткен республикалық фестивальда II орынды иеленген
"Фариза мен Мұқағали" поэтикалық драмасын тамашалау да осы жоспар
аясында ұйымдастырылды.
5 - желтоқсан күні "Өлең, мен сені аялап
өтем!" тақырыбында әдеби-сазды жыр кеші ұйымдастырылды. Кеште мектеп
оқушылары ақынның Отан, туған жер, өмір, дала, сезім т.б.
тақырыптардағы өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын өлеңдерінің сөзіне жазылған
әндер шырқады.
Кеш қонақтары Фариза Оңғарсынованың жиен келіні
Лайық Тайпақова, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының
мүшесі Рахат Қосбармақов, ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Шынар Түйешиева, айтыскер ақын, «Жыр - жебе» жас ақындар клубының
жетекшісі Фархад Мұсаев болды. Қонақтар жылы лебіздерін білдіріп,
мектеп ұжымы мен оқушыларға сәттілік тіледі.
8-11 сынып оқушылары
арасында гір тасын көтеруден Фариза Оңғарсынова атындағы ауыспалы
кубогі ойнатылып, бұл сайыстың үздіктері деп танылған 8-сынып оқушылары
ауыспалы кубокты өз қанжығасына байлады.
Мектептің жас қылқалам
шеберлері Фариза Оңғарсынова өлеңдерінің сюжетін арқау ете отырып,
ақынның алуан түрлі тақырыптағы өлеңдерін қылқаламмен кескіндеді.
"Жетімхана", "Ананы аңсау", "Құм.Нарын", "Теңіз аласапыран", "Келеді түн
еркелеп", "Қыз сыры", "Ақжайық", " Қанат туралы хикая", т.б. өлеңдері
желісімен салынған суреттер ақын өлеңдерінің сыршыл да нәзік, алапат
толқынысын аша түсумен қатар, шәкірттердің шабытын шыңдады. Сонымен
қатар ақын апамыздың шығармашылығындағы Маңғыстау өлкесінің көрініс
табуы да ерекше назарға алынып, оқушылар ақын шығармаларын
зерттеп-зерделеп, эссе жазды. Эссе жазу байқауы қорытындыланып,
тақырыпты ерекше аша білген оқушылар марапатталды.
Өткізілген
онкүндік салтанатты шарамен қорытыланды. Салтанатты шараның арнайы
бағдарламасына сәйкес алғашында ақынға арналған мемориалдық тақтаның
ашылу салтанаты өтті, содан соң қадірменді қонақтар Фариза
Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналып арнайы жасақталған
кабинетімен танысты. Келесі сәтте қонақтар назарына мектеп акт залында
өткен «Жыр - менің жалғыз тарланым» тақырыбындағы әдеби-сазды кеш
ұсынылды. Кеште Фариза Оңғарсынованың өлеңдері оқылды, ақынның сөзіне
жазылған әндер шырқалды, апамыздың замандасы, досы, Маңғыстаудың
марғасқа ұлы Әбіш Кекілбайұлымен сырласу сәті сахналандырылды.
Поэзияда да, прозада да тұяғы мұқалмаған хас дүлділдің поэзиясы - шың,
прозасы - сол шыңды тіреп тұрған шоқылар іспетті. Шәкірттерінің осы
биіктен көрінгенін қалайтын білім ордасы ақын шығармаларын оқу мен
насихаттауды әлі де жалғастыра береді.
Постановлением
правительства Республики Казахстан в канун 80-летия народной
писательницы, поэта и общественного деятеля Казахстана Фаризы
Онгарсыновой общеобразовательной средней школы №29 присвоено имя
поэта. Является большой гордостью и ответственностью для города то, что
имя великого писателя будет носить именно общая средняя школа №29,
который написал такие произведения как «Мое сердце-моя единственная
судьба», «Мое сердце-моя планета», «Поэзия, я люблю тебя». Для школы
имени поэта Фаризы Онгарсыновой подготовлен специальный план действий и в
соответсвии с планом прошло десять дней. Декада посвящённая
Ф.Онгарсыновой началась с репертуара выразительного чтения и
продолжилась различными мероприятиями. В настоящее время в Мангистауской
области проходит эстафета любителей поэзии под руководством директора
школы Изтургановой Жайной Аманжановной. Также в рамках этого плана в
Мангыстауском областном музыкально-драматическом театре была
организована поэтическая драма «Фариза и Мукагали» , которая заняла
второе место на республиканском фестивале в Атырау.
5 декабря на тему «Поэзия, я люблю тебя» был организован литературно-музыкальный вечер.
7 наурыз 2023
С.Қондыбай атындағы география пәнінен қалалық олимпиада
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 6 наурызы күні С.Қондыбай атындағы география пәнінен қалалық олимпиада, «И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін...6 наурыз 2023
Ана – бақыт, ана – нұр, ана - ұстаз
Ана – бақыт, ана – нұр, ана - ұстаз “8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні” мерекесі қарсаңында ұстаз аналарды құттықтау мақсатында М.Өскінбаев атындағы филармония залында «Ана – бақыт, ана – нұр, ана - ұстаз» атты мерекелік кеші өтті. Қаламы жүйрік жазушы да,...5 наурыз 2023
"Былғары доп" жарысы
2023 жылдың 22-24 ақпан,1-3 наурыз күндері аралығында №21 жалпы білім беретін мектептің базасында. Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің 7-8,9-11 сынып оқушылары (ұлдар) арасында мектеп лигасы бойынша қалалық футболдан «Былғары доп»...5 наурыз 2023
"Қазақстан Ұстазға" фестивалі
4 наурыз күні Алматы қаласында "Қазақстан мектебіне: "Оқушы, Ұстаз, Көшбасшы" жобасы аясында "Edcrunch Academy"заманауи білімді дамыту институтының ұйымдастырумен Hightech Academy мектебінде "Қазақстан Ұстазға" фестивалі өтті. Жобаның мақсаты: Облыстың білім сапасын арттыру. Жобаға...3 наурыз 2023
Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша халықаралық зерттеу жобалар
2023 жылдың 1-3 наурыз күндері Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің базасында өткен «Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша халықаралық зерттеу жобалар» конкурсынан математика және экономика секциясы...2 наурыз 2023
Мектепішілік бақылау
Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні №3 жалпы білім беретін мектепте мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес білім алушылардың жалпыға міндетті білім стандарттарын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында кесінді тестілеу алынды. ІІ тоқсан қорытындысымен төмен сапа...2 наурыз 2023
«ӘКЕ - ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ» әкелер форумы
28 ақпан күні Ақтау қалалық білім бөлімінің қолдауымен №13 гимназиясы ««Сенімен Болашақ» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалымен бірлесіп, «Әке – отбасының тірегі» атты әкелер форумын өткізді. Форумға мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Нұрұлы, Маңғыстау...1 наурыз 2023
«Анам, әжем және мен» байқауы
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарда «Аналар мектебі», «Әжелер мектебін» ұйымдастыру бойынша озат тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында...1 наурыз 2023
Оқыту мен оқуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытудың тиімділігі
«Оқыту мен оқуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытудың тиімділігі» Ақтау қаласы бойынша биология пәні мұғалімдері қауымдастығының әдістемелік семинары 28 ақпан күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп»...1 наурыз 2023
Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын арқылы инновациялық технологияларды қолдану
Бүгін, 24 ақпан күні №10 «Толқын» бөбекжайында "Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын арқылы инновациялық технологияларды қолдану" тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарға №№4, 8, 11, 14, 16, 17,19, 22, 23, 24, 26, 28, 29, 31, 33, 34, 35, 36, 39, 42, 43, 44, 46, 57, 58, 59, 60, 61...1 наурыз 2023
«Үздік тәрбиеші-2023» байқауы
Ағымдағы жылдың 23 ақпаны күні қалалық «Үздік тәрбиеші-2023» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеші кәсібінің статусын көтеру және шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіби қызметінде жоғары жетістіктері бар тәрбиешілерді...1 наурыз 2023
Құрметті ұстаздар, ата- аналар, оқушылар!
Баршаңызды көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс күнімен құттықтаймын. Алғыс айту – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік, барлық қазақстандықтардың бір – біріне деген құрметтің орнығуына негіз болатын идея. Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге,...1 наурыз 2023
Мектепке дейінгі балалардың ұсақ қол моторикаларын және ойлау қабілетін жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы дамыту
Ағымдағы жылдың 27 ақпанында №19 «Толағай» бөбекжайында «Мектепке дейінгі балалардың ұсақ қол моторикаларын және ойлау қабілетін жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы дамыту» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты:...28 ақпан 2023
«Алтын түлек» олимпиадасы
27.02.2023 жылы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, «№28 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Алтын түлек» олимпиадасының өңірлік кезеңінде кездескен кейбір...27 ақпан 2023
Қалалық «Үздік эссе» байқауы
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 20.02.2023ж №84 нқ бұйрығы негізінде ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойды нақты және сауатты жеткізе білуге баулу шығармашыл мұғалімдерді анықтау мақсатында «Үздік эссе» байқауы өткізіліп,...27 ақпан 2023
“АТА - АНА - ҰЛТТЫҢ ҰЯСЫ” ата-аналар форумы
Бүгін, 27 ақпан күні “Достық үйі” ғимаратында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен қоғам мен ата- ана арасындағы байланысты нығайту мақсатында “Ата - ана - ұлттың ұясы” тақырыбында ата-аналар форумы өтті. Форумға ата-аналар, мектеп директорлары,...27 ақпан 2023
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК
2023жылдың 27 ақпан күні Нұртас Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектепте әдістемелік көмек көрсету күні болды. Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжімен мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында құрылған...26 ақпан 2023
Тоғызқұмалақ олимпиадасы
2023 жылдың 20-22 ақпан күндері аралығында И.Жанболатов атындағы №15 мектеп-гимназиясының базасында 2-11 сынып (ұлдар,қыздар) арасында тоғызқұмалақтан қалалық олимпиада өтті. Тоғызқұмалақ олимпиадасына қаламыздың мектептерінен 21 команда, 105 ойыншы қатысты. Үш күн бойы...26 ақпан 2023
«Былғары доп» жарысы
2023 жылдың 13-18 ақпан күндері аралығында №19 мектеп-гимназиясы базасында. Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің 5-6,7-8 сынып оқушылары (қыздар) арасында мектеп лигасы ойынша қалалық футболдан «Былғары доп» жарысы болып өтті....30 қаңтар 2023
САЙЛАУ 2023
...30 қаңтар 2023
2022-2023 оқу жылындағы 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңін тікелей эфирден көруге болады
https://youtu.be/iPfgm0IzRZs ...28 қаңтар 2023
«Шұбар доп» мектеп лигасы
2023 жылдың 25-27 қаңтар күндері аралығында №№3,5,17,29 жалпы білім беру мектептерінің спорт залдарында Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сынып оқушыларының арасында (ұлдар,қыздар) волейболдан «Шұбар доп» мектеп лигасы жарысы...28 қаңтар 2023
2022-2023 оқу жылындағы 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңі
...27 қаңтар 2023