0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық
жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық
мерейтойы қарсаңында Ақтау қаласындағы 29 жалпы білім беру мектебіне
ақын апамыздың есімі берілді. Саналы ғұмырын өлеңге арнап, "Жыр - менің
жалғыз тарланым", "Жыр - менің планетам", "Өлең, мен сені аялап өтем!"
деп жырлаған ақиық ақынның есімі қаламыздағы білім ұйымына берілуі үлкен
мақтаныш әрі жауапкершілік.
Білім ұйымына ақын Фариза
Оңғарсынованың есімі берілуіне орай арнайы іс-шаралар жоспары
жасақталып, онкүндік өтті. Онкүндік Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін оқу
эстафетасымен басталып, түрлі бағыттағы іс-шаралармен жалғасын тапты.
Мектеп директоры Ізтұрғанова Жайна Аманжанқызы бастаған жыр эстафетасы
қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша жыр сүйер жұртшылық арасында өз
жалғасын табуда.
Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында,
Атырау қаласында өткен республикалық фестивальда II орынды иеленген
"Фариза мен Мұқағали" поэтикалық драмасын тамашалау да осы жоспар
аясында ұйымдастырылды.
5 - желтоқсан күні "Өлең, мен сені аялап
өтем!" тақырыбында әдеби-сазды жыр кеші ұйымдастырылды. Кеште мектеп
оқушылары ақынның Отан, туған жер, өмір, дала, сезім т.б.
тақырыптардағы өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын өлеңдерінің сөзіне жазылған
әндер шырқады.
Кеш қонақтары Фариза Оңғарсынованың жиен келіні
Лайық Тайпақова, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының
мүшесі Рахат Қосбармақов, ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Шынар Түйешиева, айтыскер ақын, «Жыр - жебе» жас ақындар клубының
жетекшісі Фархад Мұсаев болды. Қонақтар жылы лебіздерін білдіріп,
мектеп ұжымы мен оқушыларға сәттілік тіледі.
8-11 сынып оқушылары
арасында гір тасын көтеруден Фариза Оңғарсынова атындағы ауыспалы
кубогі ойнатылып, бұл сайыстың үздіктері деп танылған 8-сынып оқушылары
ауыспалы кубокты өз қанжығасына байлады.
Мектептің жас қылқалам
шеберлері Фариза Оңғарсынова өлеңдерінің сюжетін арқау ете отырып,
ақынның алуан түрлі тақырыптағы өлеңдерін қылқаламмен кескіндеді.
"Жетімхана", "Ананы аңсау", "Құм.Нарын", "Теңіз аласапыран", "Келеді түн
еркелеп", "Қыз сыры", "Ақжайық", " Қанат туралы хикая", т.б. өлеңдері
желісімен салынған суреттер ақын өлеңдерінің сыршыл да нәзік, алапат
толқынысын аша түсумен қатар, шәкірттердің шабытын шыңдады. Сонымен
қатар ақын апамыздың шығармашылығындағы Маңғыстау өлкесінің көрініс
табуы да ерекше назарға алынып, оқушылар ақын шығармаларын
зерттеп-зерделеп, эссе жазды. Эссе жазу байқауы қорытындыланып,
тақырыпты ерекше аша білген оқушылар марапатталды.
Өткізілген
онкүндік салтанатты шарамен қорытыланды. Салтанатты шараның арнайы
бағдарламасына сәйкес алғашында ақынға арналған мемориалдық тақтаның
ашылу салтанаты өтті, содан соң қадірменді қонақтар Фариза
Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналып арнайы жасақталған
кабинетімен танысты. Келесі сәтте қонақтар назарына мектеп акт залында
өткен «Жыр - менің жалғыз тарланым» тақырыбындағы әдеби-сазды кеш
ұсынылды. Кеште Фариза Оңғарсынованың өлеңдері оқылды, ақынның сөзіне
жазылған әндер шырқалды, апамыздың замандасы, досы, Маңғыстаудың
марғасқа ұлы Әбіш Кекілбайұлымен сырласу сәті сахналандырылды.
Поэзияда да, прозада да тұяғы мұқалмаған хас дүлділдің поэзиясы - шың,
прозасы - сол шыңды тіреп тұрған шоқылар іспетті. Шәкірттерінің осы
биіктен көрінгенін қалайтын білім ордасы ақын шығармаларын оқу мен
насихаттауды әлі де жалғастыра береді.
Постановлением
правительства Республики Казахстан в канун 80-летия народной
писательницы, поэта и общественного деятеля Казахстана Фаризы
Онгарсыновой общеобразовательной средней школы №29 присвоено имя
поэта. Является большой гордостью и ответственностью для города то, что
имя великого писателя будет носить именно общая средняя школа №29,
который написал такие произведения как «Мое сердце-моя единственная
судьба», «Мое сердце-моя планета», «Поэзия, я люблю тебя». Для школы
имени поэта Фаризы Онгарсыновой подготовлен специальный план действий и в
соответсвии с планом прошло десять дней. Декада посвящённая
Ф.Онгарсыновой началась с репертуара выразительного чтения и
продолжилась различными мероприятиями. В настоящее время в Мангистауской
области проходит эстафета любителей поэзии под руководством директора
школы Изтургановой Жайной Аманжановной. Также в рамках этого плана в
Мангыстауском областном музыкально-драматическом театре была
организована поэтическая драма «Фариза и Мукагали» , которая заняла
второе место на республиканском фестивале в Атырау.
5 декабря на тему «Поэзия, я люблю тебя» был организован литературно-музыкальный вечер.
28 сәуір 2023
Жас сарбаз-ертеңгі ел қорғаны
Бүгін, 28 сәуір күні Жаңаөзен қаласында облыстық "Жас сарбаз-ертеңгі ел қорғаны" жарысы өтті. Жарысқа облысымыздың қала аудандарынан 7 команда қатысты. Жарысқа қатысушы әр оқушы өздерінің патриоттық рұхтарының мықты, жоғары деңгейде екенін көрсете білді. ...28 сәуір 2023
Ақыл ойдың шұғыласы – білім, Білім – рухани байлықтың асыл сөзі
Бүгін, 28 сәуір күні М.Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінде оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарынан тыс «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ақыл ойдың шұғыласы – білім, Білім – рухани байлықтың асыл сөзі» тақырыбында тәжірибе алмасу...21 сәуір 2023
Қалалық «Бояулар құпиясы» байқауы
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 13.04.2023ж №203 нқ бұйрығы негізінде білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру мақсатында өткізілген «Бояулар құпиясы» байқауының қорытындысы: «Менің елім-менің...21 сәуір 2023
«Жас құтқарушылар» топтары арасындағы қалалық жарыс
Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде өскелең ұрпақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын меңгеру мақсатында жалпы білім беретін мектептен құрылған «Жас құтқарушылар» топтары арасында қалалық жарыс өткізілді. Жарыс нәтижесі...21 сәуір 2023
Мектеп пәндері бойынша күрделі тақырыптарды оқыту
20 сәуір күні №3 жалпы білім беретін мектеп базасында "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалы мектеп алаңындағы кәсіби дамудың "Тәлімгерлік мектебі-педагогикалық шеберлік зертханасы" жобасы аясында жоспарға сәйкес,...20 сәуір 2023
ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ, МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
19 cәуір күні №11 лицейде Ақтау қаласының оқу-әдістемелік орталығының оқу жетістіктерін бағалау,мониторинг жұмыстарының қорытындысы бойынша жиналыс өтті. Жиналысқа Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Д.Жұмашева, білім берудің оқу-әдістемелік...20 сәуір 2023
"TopIQ" білім беру web-платформасының электронды оқулықтарының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдері
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің кезекті отырысында Президент Қ.К.Тоқаевтың «Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру және оқушы сөмкесінің салмағын жеңілдету» жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында...20 сәуір 2023
СЕРІКТЕС МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДАҒЫ КЕШЕНДІ ЖОСПАР АЯСЫНДА
Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде 2023 жылға арналған жалпы білім сапасын көтеру мақсатындағы серіктес мектептер арасындағы кешенді жоспар аясында химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары №2 жалпы білім беретін мектеп базасында сабақ өткізді....19 сәуір 2023
"Қазақтың тамырында күй тулаған" домбырашылар байқауы
Екі ішектің бірін қатты, Бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра! Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына орай бүгін, 19 сәуір күні қосымша білім беру педагогтарының арасында өткен облыстық "Қазақтың тамырында күй...17 сәуір 2023
С. Торайғыровтың 130 жылдығына орай «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!» атты облыстық қашықтық байқауының қалалық кезеңі
Ағымдағы жылдың 19 сәуірі күні ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдерін жатқа айту, қысқа ғұмырында қараңғылықтың көгіне күн болып сәуле шашқан кемеңгер тұлғаның ерен істерін дәріптеу, рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-өрлік құндылықтарымызды ұлықтап, жастар...17 сәуір 2023
Ақтау қаласының жас мамандар арасындағы «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» пікірсайысы
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 12.04.2023ж №01-32/673 хаты негізінде Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 12 сәуір-ғылым қызметкерлер күніне орай, 17 сәуір күні...17 сәуір 2023
Қалалық «Балаларға базарлық» байқауы
Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде, балалардың көркем әдебиетімен танысу, педагогтің оқуы, шығармаларды қайталау, талдау арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасау, балалардың кітаптарға, балалар әдебиетіне, театр әлеміне деген тұрақты ...17 сәуір 2023
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің қалалық форумы
Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің 06.04.2023 жылғы №191нқ бұйрығына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің қалалық форумы өтті....16 сәуір 2023
«Қазақ ұлттық ертегісі» мектепке дейінгі жастағы балалар арасындағы сырттай байқауы
12.04.2023 жылы «Қазақ ұлттық ертегісі» мектепке дейінгі жастағы балалар арасындағы сырттай байқауы өтті. Байқауға 29 мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері қатысты. Мектепке дейінгі жастағы баланың қиялына қанат бітіріп, дүниетанымын тереңдете түсетін ертегілерге,...16 сәуір 2023
Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы
Білім берудің оқу - әдістемелік орталығының 06.04.23ж № 02-20/451 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 12 сәуір- ғылым қызметкерлер күніне орай, «Жастар және ғылым; бүгіні мен болашағы» тақырыбында жас мамандар арасында...16 сәуір 2023
"Еуропа-Азия" облыстық туристік фестивалі
2023 жылдың 13-14 сәуір аралығында Түпқараған ауданында Маңғыстау облысының білім басқармасы және облыстық балалар мен жасөспірімдер туризімінің орталығының ұйымдастыруымен жалпы орта, косымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің...16 сәуір 2023
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға психологиялық –педагогикалық қолдау қөрсету
14.04.2023 жылы Білім басқармасы мен Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы жоғары педагогикалық колледжінде мектептердің білім сапасын көтеру мақсатындағы біріккен кешенді жоспар аясында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға психологиялық –педагогикалық қолдау...16 сәуір 2023
«Мен зерттеушімін» республикалық мектепке дейінгі жастағы балалар байқауының қалалық кезеңі
11 сәуір күні «Мен зерттеушімін» республикалық мектепке дейінгі жастағы балалар байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға 34 мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері мен педагогтері қатысты. Мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған ортаны танып білуге...16 сәуір 2023
МҰҒАЛІМДЕРГЕ АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ТЕГІН КЕҢЕС КӨРСЕТІЛЕДІ
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті еліміздің барлық өңірлерінде байланыс орталықтарын ұйымдастырды. Енді аттестаттау бойынша сұрақ туындаса көрсетілген нөмірге қоңырау шалып, жауапты маманға жүгінуге болады. Байланыс орталықтары дүйсенбі, жұма...15 сәуір 2023
БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ БҰЗЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА КІМГЕ ЖҮГІНУ КЕРЕК?
БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ БҰЗЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА КІМГЕ ЖҮГІНУ КЕРЕК? Баланың құқығы мен мүддесі бұзылған жағдайда-ата-аналар, балалар және басқа да тілек білдірушілер өз өңірлеріндегі уәкілдерден көмек сұрай алады. Олар баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны...15 сәуір 2023
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК
13 сәуірде №№2,3 жалпы білім беретін мектептерінде әдістемелік көмек көрсету күні болды. Оқу-әдістемелік орталығынан бекітілген куратор Кдырбаева Зульфия Оразбаевна мектептердегі басты мәселелер: мектепішілік бақылау, білім сапасын арттыруға бағытталған...15 сәуір 2023
ШАХМАТ ОЙНАУ ЧЕЛЛЕНДЖІ
Ағымдағы жылдың 12 сәуір күні күні Ақтау қаласындағы жалпы білім беретін ұйымдар арасында шахмат сабақтары арқылы интеллектуалды және ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ықпал ету мақсатында республикалық шахмат ойнау челленджі өткізілді. Іс-шараға 21 мектеп, 938 оқушы...14 сәуір 2023
«Киім және аксессуарлар дизайны» құзіреттілігі, «Сән технологиясы» құзіреттілігі сайысы
2023 жылдың 13 сәуір күні «Оқушы Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерінің "Abilympics – 2023" (мүмкіндігі шектеулі, ерекше білімді қажет ететін 6 – 17 жас) «Киім және аксессуарлар дизайны» құзіреттілігі 7-10 жас, «Сән...14 сәуір 2023