Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Құттықтаулар

0

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ -2020

Құрметті, ұстаздар мен ата-аналар!
Қымбатты, оқушылар, мектеп бітіруші түлектер!
Сіздерді ұстаз үшін де, шәкірт үшін де аса қымбат саналатын соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Мектеп – жастардың талантын шыңдап, даналардың түлеп ұшар тұғыры. Ұлттың рухани байлығы – білімінде болса, ұстанар бағыты – тәрбиесінде. Ал, білімнің сарқылмас көзі – мектепте!
Биылғы оқу жылында төтенше жағдайға байланысты қашықтан білім беру форматына көшуіміз - еліміздің білім саласына өзгеріс әкелді.
Қысқа мерзім ішінде ұстаздарымыз бен оқушыларымыз қашықтан өту форматына жылдам бейімделді.
Цифрлық білім беру ресурстары, түрлі жаңаша озық технологиялар пайдаланылып, электронды оқытудың түрлі платформаларын қолдануды үйрендік. Қашықтан оқыту барысында оқушыларымыз білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сай бағдарламаларды меңгерді.
Биыл қаламызда 1762 оқушы мектеп бітіруде. «Алтын белгі» үміткерлері саны 32-ге, үздік аттестатқа үміткерлер саны 71-ге жетті.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге түлектердің 85% қатысуға өтініш білдірді.
Қымбатты, мектеп бітіруші түлектер!
Тәуелсіздік туының тұғырын, Елбасының жоспарын жүзеге асыратын болашақтың жастарысыздар! Сіздердің алдағы ұлттық бірыңғай тестілеуді абыроймен тапсырып, еліміздің дамуына зор үлес қосады деп сенемін!
Құрметті ата – аналар! «Бала – ата-ананың көз қуанышы» дейді, сол қуаныштарыңыз сіздерді үнемі қуантып жүрсін, балаларыңыздың үлкен өмірге аттаған қадамдары құтты болсын!
Баршаңызға АҚ ЖОЛ тілеймін!!!
Тулебаева Светлана Дүмбайқызы, Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы






13 қазан 2018

«Үздік психолог - 2018» облыстық психологтар байқауы

  Шығармашылықпен жұмыс жасайтын, озық тәжірибелі  педагог - психологтарды анықтау, озық тәжірибені насихаттау мақсатында 2018 жылғы 9 қазан күні Ақтау қаласы, «Оқушы» орталығының базасында өткізілген «Үздік психолог-2018» облыстық байқауында Ақтау қалалық №13...

1 маусым 2018

1 маусым - балаларды қорғау күні

Құрметті балалар, достар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі 1-маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын! Мектеп оқушыларын бүгінгі мерекелерімен...

15 мамыр 2018

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта...

9 мамыр 2018

9 мамыр - Жеңіс күні мерекесі

Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 73  жыл өтіпті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Ауылда қалған кемпір-шал, бала-шаға зуылдаған оқ пен лапылдаған от-жалынның...

7 мамыр 2018

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Келешек ұрпағымызға дейін Отан қорғаушылардың қаһарман ерліктерін ұмытылмайды. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті...

1 мамыр 2018

1 мамыр - Қазақстан халықтары достығының бірлігі күні мерекесі

Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір бір шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы – ырысы, байлығы – берекесі болып, татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады. Баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен...

29 сәуір 2018

Құттықтаймыз!

"И.Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беру орта мектебі" КММ-нің директоры Асқар Аққалиұлын туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!  Өмірден мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарды тәрбиелеп, еңбек жолына бағыт беріп, беделді басшы, ақылшы көмекші болып отырсыз. Осы...

20 наурыз 2018

Әз - Наурыз!

Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз - Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын!   ...

7 наурыз 2018

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен білім саласында талмай еңбек етіп жүрген бәрлық нәзік жандарды шын жүректен құттықтаймыз. Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға...

1 ақпан 2018

Құрметті Ақлима Кеманқызы!

Құрметті Ақлима Кеманқызы!   Сізді 60 жасқа толған мерейлі мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отырған сізді, көпшілік білім саласының үздік қызметкері, ғұмырын Қазақстан болашағы - жас ұрпаққа...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері