0
КОНКУРС
КОНКУРС
Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды: 28-шағынаудандағы «№57 «Ақбота» бөбекжай» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына
Балабақша директоры директоры (А1-3-1)
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде 5 жылдан кем болмауы тиіс, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл. Бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда);
Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.
Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.
Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.
Лауазымдық жалақысы 94 068 теңгеден бастап қызмет істеген жылдарына
қарай.
Конкурсқа қатысуға ықыласы бар үміткерлер конкурс жарияланған күннен
бастап 7 жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар
тізбесін жинақтап тапсырады:
1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
15). 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Конкурс өткізу орны: Ақтау қаласы, 4-ш/а, №8/3, 2-кабинеті, тел: 8 (7292) 33-25-29.
10 сәуір 2018
«Оқушылардың үш тілде қосымша білім алу бағдарламасын және ағылшын тілінде оқытылатын жоғарғы сынып пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстардың орындалу жолдары»
Қалалық мектеп директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларымен іс-тәжірибе алмасу, озық тәжірибелерді насихаттау мақсатында 2018 жылдың 24 сәуір күні КММ «№13 гимназиясы» базасында семинар өткізіледі. ...10 сәуір 2018
«Ерліктерің ұрпақ есінде!» қалалық патриоттық байқауы
Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні «Ерліктерің ұрпақ есінде!» қалалық патриоттық байқауы төмендегі ережеге сәйкес өткізіледі «Ерліктерің ұрпақ есінде!» қалалық патриоттық байқауын өткізу ережелері 1. Жалпы ережелер 1. «Ерліктерің ұрпақ есінде!» қалалық патриоттық...10 сәуір 2018
«География пәнін оқытуда оқушылардың ойлау дағдыларын критериалды бағалау»
Қала мектептерінің география пәні мұғалімдеріне арналған «География пәнін оқытуда оқушылардың ойлау дағдыларын критериалды бағалау» тақырыбында 12 орта мектепте 24 сәуір күні семинар өткізіледі. ...10 сәуір 2018
«Үздік педагог» қалалық байқауы
Ақтау қалалық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығының жұмыс жоспарына сәкес, қалалық білім бөлімінің 06.03.2018 жылғы №254 бұйрығымен мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарындағы педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары...4 сәуір 2018
«Жаңаша білім беру жағдайындағы шеберлік сыныптары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік семинары
10.04.2014 жылы сағат 09.00-де «М.Әуезов атындағы №20 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жаңаша білім беру жағдайындағы шеберлік сыныптары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік семинары өткізіледі. Семинарға...4 сәуір 2018
«Мағжан оқулары» сайысы
Ақтау қаласының «№9 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 17 сәуірі күні сағат 09.30-ға «Мағжан оқулары» сайысы өткізілу жоспарланып отыр. Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін...4 сәуір 2018
«Абай оқулары» сайысы
Ақтау қаласының «И. Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 16 сәуірі күні сағат 09:30-да «Абай оқулары» сайысы өткізілмек. Байқаудың мақсаты: • Қазақ халқының ұлы ақыны, данышпаны – Абай ...4 сәуір 2018
«Жаңартылған білім беру мазмұнын игерудегі тəжірибе алмасу ықпалдастығы»
Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының іс-жоспарына сəйкес, деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдермен іс-тəжірибе алмасу жəне озық іс-тəжірибелерді насихаттау мақсатында 12 сəуір күні «Жаңартылған білім беру мазмұнын игерудегі тəжірибе алмасу...30 наурыз 2018
«Бастауыш сынып оқушыларының пәндік олимпиадасы»
Қалалық білім бөлімі, білім үйлестіру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін орта мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларының қабілетін, білім деңгейін, ой-өрісін, дүниетаным түсініктерін анықтау мақсатында 2017 жылдың 11 сәуір күні сағат 09.00-де «№3 жалпы...30 наурыз 2018
«Маңғыстау-Серікбол көзімен» атты зияткерлік сайысы
Ағымдағы жылдың сәуір айының 02 күні қалалық білім бөлімі және білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен белгілі өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалым С.Ә.Қондыбайдың мұраларын зерттеу және насихаттау мақсатында «№16 жалпы білім беру орта мектебі»...30 наурыз 2018
«Өзін-өзі тану пәні бойынша» әдістемелік семинар
Қалалық білім бөлі мен білім үйлестіру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың сәуір айының 24 күні «Өзін-өзі тану пәні бойынша» әдістемелік семинар өтеді. Әдістемелік семинар тақырыбы: «Өзін-өзі тану рухани жаңғыру бастауы». Болатын жері КММ «№17 ЖББОМ» ...28 наурыз 2018
«Мен армандаған Ақтау» қолөнер және бейнероликтер байқауы
«Мен армандаған Ақтау» қолөнер және бейнероликтер байқауының ЕРЕЖЕСІ Мақсаты: Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының - елордасы Астана қаласының 20 жылдығын, Ақтау қаласының 55 жылдығын мерекелеу аясында, білім алушылардың...27 наурыз 2018
Қалалық «Үздік әлеуметтік педагог-2018» байқауы туралы
Ақтау қалалық білім бөлімі мен Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, шығармашыл жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын заманауи әлеуметтік педагогтерді анықтау, қолдау және мадақтау, әлеуметтік педагогтердің кәсіптік...26 наурыз 2018
Бастауыш сыныптар бойынша
«Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы» КММ іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім мазмұнын жаңарту бағытында бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында ағымдағы жылдың 28-наурызында «Жаңартылған білім беру мазмұны - білім сапасын арттырудың маңызы»...20 наурыз 2018
«Roboland 2018» ІV халықаралық робототехника фестивалі
2018 жылғы 30-31 наурыз күндері Қарағанды қаласында IV-ші Халықаралық «Roboland 2018» ІV Халықаралық робототехника фестивалі өтеді. Фестивальге қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беру орта мектептерінің оқушылары да қатысады. Дарынды оқушыларымызға жеңіс тілейміз!...20 наурыз 2018
Республикалық «Бастау» математикалык турнирінің қалалық кезеңі
Ақтау қалалық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығының жоспарын негізге ала отырып, бастауыш сынып оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету мақсатында Республикалық «Бастау»...20 наурыз 2018
Жалпы білім беретін пәндер бойынша қала әкімінің пәндік олимпиадасы
Педагог қызметкерлердің қалалық тамыз мәслихатында қабылданған іс-шара жоспарын орындау мақсатында Жалпы білім беретін пәндер бойынша қала әкімінің пәндік олимпиадасы 2018 жылдың 20-21 сәуір күндері №3 орта мектеп базасында өткізіледі. Олимпиадаға қала мектептерінің ...20 наурыз 2018
«Әке көрген оқ жонар» шарасы
Өтетін күні, уақыты: 19-сәуір, 2018жыл, сағат 10:00 Өтетін жері: 12 ш/а, 46 ғимарат, «№13 гимназиясы» КММ, АКТ залы Ұйымдастырушы: «№13 гимназиясы» КММ Шараның мақсаты: Халықтық педагогиканы насихаттау, мектеп пен ата-ананың байланысын нығайту, әкелердің балатәрбиесіндегі...19 наурыз 2018
Қалалық «Жол қауіпсіздігі жас инспекторлары - 2018» байқауын өткізу туралы бұйрық
Ақтау қалалық білім бөлімінің және «Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының жол қауіпсіздігі ережесі туралы білімін көтеру және іс-тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, жол...16 наурыз 2018
"Жас мамандарға үлгілік сабақтар топтамасы" тақырыбында шеберлік сыныптары
Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, оқыту орыс тіліндегі жас мамандарға тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесін үлгі ретінде көрсету үшін ағымдағы жалдың 29-наурызы күні №1 орта мектебінде "Жас мамандарға үлгілік сабақтар топтамасы"...16 наурыз 2018
«Ұстаз – ұлы тұлға» жас педагогтар байқауының ережесі
1. Жалпы ереже Заманауи білімнің басты бағыттарының бірі адам шамасын зияткерлік мәдениеттің барлық салаларында жетілдіруге жағдай жасау болып табылады. Жас мамандар - еліміздің білімінің басты ресурсы болып табылады. Білім болашағы жаңа буын мұғалімдері ...16 наурыз 2018