Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Ақтау қ., 4 шағынаудан, 8/3 ғимарат

Сенім телефоны:
8 (7292) 33 25 29

Хабарландырулар

0

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

2023-2024 оқу жылындағы Маңғыстау облысының меншік түріне қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтарын өңірдің білім беру жүйесін дамытуға қосқан ерекше еңбектері үшін көтермелеу мақсатында конкурс жарияланады.

Конкурс жеңімпаздарына «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі және 500 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы беріледі.

Конкурс келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

«Үздік әдістемені ұсынушы»;

«Ұлттық дәстүрді үздік насихаттаушы»;

«Үздік цифрлық технологияларды қолданушы»;

«Орта білім беру ұйымдарының үздік дарынды балалар жетекшісі»;

«Үздік жетістіктер шебері»;

«Ота білім беру ұйымдарындағы үздік полиглот мұғалім»;

«Үздік сынып жетекшісі»;

«Мектепке дейінгі ұйымдардың үздік педагогы»;

«Үздік қосымша білім беру мұғалімі»;

«Үздік арнайы білім беру ұйымдарының педагогы»;

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының үздік арнайы пән оқытушысы»;

«Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың үздік өндірістік оқыту шебері»

Конкурс ережесімен Білім басқармасының сайтында танысуға болады.

Құжаттарды облыстық білім басқармасында қабылдау уақыты:

2023 жылғы 4 -15 қыркүйек.

-----------------------------------

Құжаттарды жұмыс тобының қарау уақыты:

2023 жылғы 18-26 қыркүйек.

-----------------------------------

Құжаттарды облыс әкімі жанындағы комиссияның қарау уақыты:

2023 жылғы 28-29 қыркүйек

----------------------------------------------------------------------

Маңғыстау облысының әкімдігінің қаулысына 1 қосымша

Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларының сипаттамасы, оларды беру тәртібі, оның ішінде, жергілікті бюджет есебінен берілетін біржолғы сыйақы төлемінің мөлшері

1-тарау. Жалпы ережелер

Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларды тағайындаудың сипаттамасы, оларды беру тәртібі, оның ішінде, жергілікті бюджет есебінен берілетін біржолғы сыйақы төлемінің мөлшері (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 2 тармағының 25 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 9 бабы 4 тармағына сәйкес әзірленді.

Маңғыстау облысының меншік түріне қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтарын білім және ғылым саласындағы еңбектері мен жетістіктері, Маңғыстау облысының білім беру жүйесін дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін көтермелеу мақсатында «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (бұдан әрі – Төсбелгі) беріледі.

Төсбелгі бір рет беріледі.

Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеу туралы құжаттар «Мұғалімдер күні» кәсіби мерекесін мерекелеуге байланысты қарастырылады.

Төлем жергілікті бюджетте қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Төсбелгіні беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына материалдар мен құжаттарды қабылдау жөніндегі жұмыс органы «Маңғыстау облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) болып табылады.

2-тарау. Төсбелгінің сипаттамасы

Төсбелгі осы Қаулының 3 қосымшасында көзделген үлгі бойынша өзара сары түсті шығыршықпен қосылған салпыншақ пен қалып түрінде жасалады.

Планка тік бұрышты нысанда көгілдір түсті лентасы бар сары түсті металдан жасалады.

Салпыншақтың үш түрлі фигурадан тұратын пішіні бар және сары түсті металдан жасалады.

Салпыншақтың (аверс) бет жағының ортасында – «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» деген жазу, жазудың үстіңгі жағында Маңғыстау облысының эмблемасы орналастырылады, жазудың оң жағында қаламның бейнесі, жазудың астыңғы жағында ашылған кітаптың бейнесі, орналастырылады.

Салпыншақтың (реверс) қарама-қарсы бетінде қауырсын мен ашық кітаптың бейнесі орналастырылады.

3-тарау. Төсбелгіні беру тәртібі, оның ішінде, жергілікті бюджет есебінен берілетін біржолғы сыйақы төлемінің мөлшері

Төсбелгімен білім беру ұйымдарында 10 (он) және одан да көп жыл жұмыс өтілі бар мектепке дейінгі, жалпы білім беретін, арнайы, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәжірибелі педагогтары және білім және ғылым саласында ерекше жетістіктерге жеткен жас педагогтар осы Қаулының 2 қосымшасында белгіленген шарттардың бірі болған жағдайда марапатталады.

Қосымша көтермелеу шаралары бойынша құжаттарды қабылдау уақыты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, Маңғыстау облысы әкімдігінің және Маңғыстау облысы Білім басқармасының ресми сайттарында құжат қабылдау басталатын уақыттан 30 (отыз) күн бұрын жарияланады.

Қосымша көтермелеу шараларына үміткер педагогтар тиісті

құжаттарды (өтінім, портфолио) mektep.edu.kz электрондық ақпараттық жүйесінің виртуалды қабылдауына немесе Басқарманың #konkurs_pedagog2023@mail.ru электронды мекен-жайына жібереді.

Педагог портфолиосы оның жеке кәсіби жетістіктерін немесе білім алушылардың жетістіктерін растайтын соңғы 5 (бес) жылдағы материалдарды қамтиды.

Осы Тәртіптің 8 тармағында көзделген құжаттарды педагогтар осы Тәртіптің 3 тармағында белгіленген жағдайға кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жібереді.

Марапатталуға үміткерлердің құжаттары мен материалдары Комиссия отырысында қаралады.

Комиссияның құрамы облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы тиіс.

Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органдардың, Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшылары, Маңғыстау облысының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері енгізіледі. Бақылаушылар ретінде «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері қатысады.

Комиссия отырыстары оның мүшелерінің үштен екісінен астамы болған жағдайда заңды деп есептеледі.

Комиссия осы Тәртіптің 3 тармағында белгіленген жағдайларға 10 (он) күнтізбелік күн бұрын ашық дауыс беру арқылы алқалы түрде шешім қабылдайды.

Шешім, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.

Педагогтарды көтермелеу үшін Комиссия қабылдаған шешім негіз болып табылады.

Комиссия шешімі Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында ол қабылданған күні орналастырылады.

Төсбелгіні табыстау салтанатты түрде жүргізіледі.

Әрбір марапатталушыға Төсбелгіні табыстаумен бір мезгілде осы Қаулының 4 қосымшасына сәйкес нысан бойынша Төсбелгімен марапттау туралы тиісті куәлік беріледі.

Төсбелгімен марапаттау туралы куәлікке облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

Төсбелгімен қайта марапаттауға жол берілмейді.

Төсбелгінің телнұсқалары, сондай-ақ оларға құжаттардың телнұсқалары марапатталғандардың өтініштері бойынша олар жоғалған (жоғалған, ұрланған, бүлінген) жағдайда берілуі мүмкін.

Әрбір төсбелгі иесіне 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақы төленеді.

---------------------------------------------------------------------

Маңғыстау облысының әкімдігінің қаулысына 2 қосымша

Төсбелгімен және жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен марапатталушыларды анықтау шарттары

Төсбелгі және жергілікті бюджет есебінен берілетін бір жолғы сыйақы 12 бағыт бойынша беріледі.

Үздік әдістемені ұсынушы барлық педагогтар осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

1) білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру;

2) республикалық оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және іске асыру;

3) облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейлердегі тәлімгерлік және педагогтарды оқыту бойынша өткізілген семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары (соңғы 5 жылда);

4) ұсынған әдістеме бойынша баспаға шыққан 5-10 мақаласы, әдістемені тарату бойынша атқарылған жұмыстары және нәтижелері жөнінде мониторнигтердің, фотосуреттердің болуы.

Ұлттық дәстүрді үздік насихаттаушы барлық педагогтар осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшем шарттары:

1) ұлттық дәстүр туралы өзіндік қалыптасқан көзқарасын анықтайтын авторлық жұмыстарының болуы (оқулық, кітап, бағдарлама) және ұлттық менталитет, адамның рухани және материалдық құндылықтары туралы көпшілік алдындағы дәріс, баяндамалары (соңғы 5 жылда);

2) ұлттық дәстүрді насихаттау барысындағы мақалаларын облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы (соңғы 5 жылда);

3) ұлттық құндылықтар туралы өткізілетін байқау, конкурстар, жарыстар, көрмелер, ғылыми-практикалық конференцияларға оқушылар мен тәрбиеленушілерді қатыстыру бойынша атқарылған жұмыстар мен нәтижелерінің мониторингтері, фотолары, марапаттары (соңғы 5 жылда).

4) мұражайларға саяхат, археологиялық ескерткіштермен таныстыруды ұйымдастыру, өлкеге белгілі тұлғаларды өлкетану бағытында насихаттау.

Үздік цифрлық технологияларды қолданушы барлық педагогтар осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

1) республикалық оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі цифрландыру саласындағы авторлық бағдарламаларды, электронды оқулықтарды, дамыту немесе танымдық ойындарды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу, белсенді YouTube каналдарын ашу;

2) облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейлерде озық тәжірибелерін тарату және республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (соңғы 5 жылда өткізілген семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары);

3) зерттелген шығармашылық тақырыбының тиімділігі, әдістеменің таратылуы және оның нәтижелері бойынша мониторнигтері, фотолары (соңғы 5 жылда).

Орта білім беру ұйымдарының үздік дарынды балалар жетекшілері осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

1) оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының, облыстық, республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалардағы, ғылыми жобалар конкурстарындағы жетістіктерінің мониторингі (соңғы 5 жылда);

2) педагогтардың облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлердегі ғылыми-практикалық конференцияларда сөз сөйлеу, республикалық, халықаралық деңгейлердегі кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысуы (соңғы 5 жылда);

3) ғылыми жобалар, пәндік олимпиадалар бойынша облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейлерде тәлімгерлік және педагогтарды, оқушыларды оқыту (соңғы 5 жылдағы семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары);

4) жасалған жұмыстары және нәтижелері бойынша мониторнигтері, фотосуреттері, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы (соңғы 5 жылда).

Педагогтар арасындағы үздік жетістіктер шеберлері осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

1) педагогтардың кәсіби республикалық, халықаралық өнер, туризм, спорт салаларындағы жарыстар мен конкурстардағы жетістіктері (соңғы 5 жылда);

2) педагогтардың біліктіліктерін арттыру, инновациялық білім беру технологияларын пайдалану, кәсіби конкурстарға қатысу, зерттеу жұмыстарының нәтижелері (соңғы 5 жылдағы телеарналарда насихатталуы, әдістемелік құралдар);

3) педагогтардың өнер, туризм, спорт салаларын насихаттау барысындағы мақалаларын педагогикалық басылымдарда, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (соңғы 5 жылда);

4) оқушылар мен тәрбиеленушілердің республикалық, халықаралық өнер, туризм, спорт жарыстары мен конкурстардағы жетістіктерінің мониторингі (соңғы 5 жылда).

Орта білім беру ұйымдарының жаратылыстану пәндері бойынша үздік полиглот педагогтары осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

1) оқушылар мен тәрбиеленушілер жетістіктерінің оң динамикасымен көрсетілген педагогикалық қызметтің нәтижелілігі (соңғы 5 жылдағы пәндік олимпиадалардағы, конкурстардағы, ғылыми-практикалық конференциялардағы, тілдік конкурстардағы жетістіктері);

2) тілдік курстардан, ағылшын тілі бойынша Content and Language Integrated Learning (TKT CLIL) халықаралық емтиханынан, облыстық деңгейдегі «English for success» British Council жобаларынан өткендігі туралы сертификаттардың, Common European Framework of Reference (CEFR) шәкіліне сәйкес, кем дегенде B1-Intermediate деңгейінің болуы, ғылыми-практикалық конференцияларда, курстарда сөйлеген сөздері, өткізген сабақтарының бейнематериалдары (соңғы 5 жылда);

3) оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдануы, оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесіне зерттеулер жүргізуі, білім сапасын айқындау бойынша диагностикалық құралдардың болуы (соңғы 5 жылда);

4) педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, қоғам өкілдерінің пікірлері, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлердегі алғыстар, марапаттаулардың болуы, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы (соңғы 5 жылда).

Үздік сынып жетекшілері осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

тәрбие ісі бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттарының болуы (соңғы 5 жылда);

облыстық, республикалық деңгейлердегі марапаттарының болуы (соңғы 5 жылдағы құрмет грамоталары, алғыс хаттар, пікірлер мен ұсынымдар);

ұлттық құндылықтар бойынша іс-шаралардың, волонтерлік жұмыстардың жүргізілуі, сынып оқушыларының құқық бұзушылықтарының мониторингі (соңғы 5 жылда);

4) сынып жетекшілігі бойынша олимпиадаларға, сайыстар мен конкурстарға қатысуы, тәрбие негізіне сүйенген авторлық бағдарлама, әдістемелік материалдарының болуы, сынып сағаттарын жаңаша форматта ұйымдастыра білуі, семинарларға, конференцияларға, қайырымдылық іс-шараларға қатысуы, сыныптағы жұмыстары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы, әлеуметтік жобаларды іске асыруы, аудандық немесе облыстық деңгейде әріптестері арасында оқыту жұмыстарын жүргізуі (соңғы 5 жылда).

Мектепке дейінгі ұйымдардың үздік педагогтары Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы облыстық, республикалық конкурстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері (соңғы 5 жылда);

2) педагогтардың біліктілікті арттыру сертификаттарының, инновациялық білім беру технологияларын пайдалану және зерттеулерінің нәтижелерінің, жарияланған әдістемелік әдебиеттерінің болуы (соңғы 5 жылда);

3) мемлекеттік білім беру жобаларын педагогикалық тәжірибеге енгізу бойынша жұмыстары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағыты бойынша оқу-әдістемелік кешендер, авторлық бағдарламалар әзірлеу, инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттау (соңғы 5 жылда);

4) педагог туралы білім беру ұйымдарының, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, қоғамдастықтар өкілдерінің пікірлері, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлердегі құрмет грамоталары, алғыс хаттар, дипломдарының болуы (соңғы 5 жылда).

Оқушылар орталықтары, шығармашылық үйлері, аула клубтары, өнер мектептерінің үздік қосымша білім беру мұғалімдері осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

1) педагогтың кәсіби құзыреттілігін, біліктілігін арттыру курстарының сертификаттарының болуы, инновациялық білім беру технологияларын пайдалануы, байқауларға қатысуы, зерттеу жұмыстарының нәтижелері, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялауы, телеарналарға сюжеттер шығаруы, қызметінің бағыты бойынша әдістемелік құралдар дайындауы (соңғы 5 жылда);

2) оқушылар мен тәрбиеленушілердің облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардағы жетістіктері (соңғы 5 жылда);

3) білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру,

авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу және жүзеге асыру (соңғы 5 жылда);

4) облыстық, республикалық деңгейлердегі тәлімгерлік және педагогтарды оқыту (соңғы 5 жылдағы семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары).

Үздік арнайы білім беру ұйымдарының барлық педагогтары осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

1) маманның кәсіби құзыреттілігін, біліктілігін арттыру курстарының сертификаттарының болуы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы, конкурстарға қатысуы, жетістіктері (соңғы 5 жылда);

2) инновациялық педагогикалық идеяларды насихатталу, іс-тәжірибе алмасу жұмыстары, авторлық бағдарламалар, педагогтардың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалары (соңғы 5 жылда);

3) нәтижеге жету үшін мамандар мен ата-аналардың балалармен бірлескен жұмыстары, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін Монтессори педагогикасы бойынша жұмыстары, облыстық, республикалық спорт жарыстарындағы, шығармашылық фестивальдардағы оқушылардың жетістіктері (соңғы 5 жылда);

4) оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, облыстық денгейде оқыту және тәрбиелеу іс-тәжірибесін тарату (соңғы 5 жылда).

Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың үздік арнайы пән оқытушылары осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

1) авторлық бағдарламаларының болуы, инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттау жобалары, ұсыным хаттар, іске асырылған жобалары туралы пікірлер, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары (соңғы 5 жылда);

2) әдістемелік көмекші құралдар (соңғы 5 жылда);

3) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы (соңғы 5 жылда);

4) педагогтың кәсіби жетістіктері (соңғы 5 жылда).

Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың үздік өндірістік оқыту шеберлері осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

1) өндіріс орындарынан тағылымдамадан өтуі;

2) студенттердің чемпионаттардағы, конкурстардағы, ғылыми-практикалық конференциялардағы жетістіктері (соңғы 5 жылда);

3) облыстық немесе республикалық деңгейлерде таратылған іс-тәжірибесінің материалдары (соңғы 5 жылдағы әдістемелік нұсқаулық, бейнеролик);

4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы (соңғы 5 жылда). 





10 сәуір 2018

«Оқушылардың үш тілде қосымша білім алу бағдарламасын және ағылшын тілінде оқытылатын жоғарғы сынып пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстардың орындалу жолдары»

Қалалық мектеп директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларымен іс-тәжірибе алмасу, озық тәжірибелерді насихаттау мақсатында 2018 жылдың 24 сәуір күні КММ «№13 гимназиясы» базасында семинар өткізіледі.    ...

10 сәуір 2018

«Ерліктерің ұрпақ есінде!» қалалық патриоттық байқауы

Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні «Ерліктерің ұрпақ есінде!» қалалық патриоттық байқауы төмендегі ережеге сәйкес өткізіледі  «Ерліктерің ұрпақ есінде!» қалалық патриоттық байқауын өткізу ережелері 1. Жалпы ережелер  1. «Ерліктерің ұрпақ есінде!» қалалық патриоттық...

10 сәуір 2018

«География пәнін оқытуда оқушылардың ойлау дағдыларын критериалды бағалау»

Қала мектептерінің география пәні мұғалімдеріне арналған «География  пәнін оқытуда оқушылардың ойлау дағдыларын  критериалды бағалау» тақырыбында 12 орта мектепте 24 сәуір күні семинар өткізіледі.   ...

10 сәуір 2018

«Үздік педагог» қалалық байқауы

Ақтау қалалық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығының жұмыс жоспарына сәкес, қалалық білім бөлімінің 06.03.2018 жылғы №254 бұйрығымен мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарындағы педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары...

4 сәуір 2018

«Жаңаша білім беру жағдайындағы шеберлік сыныптары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік семинары

10.04.2014 жылы сағат 09.00-де «М.Әуезов атындағы №20 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жаңаша білім беру жағдайындағы шеберлік сыныптары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік  семинары өткізіледі. Семинарға...

4 сәуір 2018

«Мағжан оқулары» сайысы

Ақтау қаласының «№9 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 17 сәуірі күні сағат 09.30-ға «Мағжан оқулары» сайысы  өткізілу  жоспарланып  отыр. Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін...

4 сәуір 2018

«Абай оқулары» сайысы

Ақтау қаласының «И. Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 16 сәуірі күні сағат  09:30-да  «Абай оқулары»  сайысы  өткізілмек. Байқаудың мақсаты: • Қазақ  халқының  ұлы ақыны,  данышпаны – Абай ...

4 сәуір 2018

«Жаңартылған білім беру мазмұнын игерудегі тəжірибе алмасу ықпалдастығы»

Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының іс-жоспарына сəйкес, деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдермен іс-тəжірибе алмасу жəне озық іс-тəжірибелерді насихаттау мақсатында 12 сəуір күні «Жаңартылған білім беру мазмұнын игерудегі тəжірибе алмасу...

30 наурыз 2018

«Бастауыш сынып оқушыларының пәндік олимпиадасы»

Қалалық білім бөлімі, білім үйлестіру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін орта мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларының қабілетін, білім деңгейін, ой-өрісін, дүниетаным түсініктерін анықтау мақсатында 2017 жылдың 11 сәуір күні сағат 09.00-де «№3 жалпы...

30 наурыз 2018

«Маңғыстау-Серікбол көзімен» атты зияткерлік сайысы

Ағымдағы жылдың сәуір айының 02 күні қалалық білім бөлімі және білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен белгілі өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалым С.Ә.Қондыбайдың мұраларын зерттеу және насихаттау мақсатында «№16 жалпы білім беру орта мектебі»...

30 наурыз 2018

«Өзін-өзі тану пәні бойынша» әдістемелік семинар

Қалалық білім бөлі мен білім үйлестіру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың сәуір айының 24  күні «Өзін-өзі тану пәні бойынша» әдістемелік семинар өтеді. Әдістемелік семинар тақырыбы: «Өзін-өзі тану рухани жаңғыру бастауы». Болатын жері КММ «№17 ЖББОМ»   ...

28 наурыз 2018

«Мен армандаған Ақтау» қолөнер және бейнероликтер байқауы

«Мен армандаған Ақтау» қолөнер және бейнероликтер байқауының ЕРЕЖЕСІ Мақсаты: Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының - елордасы  Астана қаласының 20 жылдығын, Ақтау қаласының 55 жылдығын мерекелеу аясында, білім алушылардың...

27 наурыз 2018

Қалалық «Үздік әлеуметтік педагог-2018» байқауы туралы

Ақтау қалалық білім бөлімі мен Ақтау қалалық  білім  үйлестіру орталығының жұмыс  жоспарына  сәйкес, шығармашыл жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын заманауи әлеуметтік педагогтерді анықтау, қолдау және мадақтау, әлеуметтік педагогтердің кәсіптік...

26 наурыз 2018

Бастауыш сыныптар бойынша

«Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы» КММ іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім мазмұнын жаңарту бағытында бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында ағымдағы жылдың 28-наурызында «Жаңартылған білім беру мазмұны - білім сапасын арттырудың маңызы»...

20 наурыз 2018

«Roboland 2018» ІV халықаралық робототехника фестивалі

2018 жылғы 30-31 наурыз күндері Қарағанды қаласында IV-ші Халықаралық «Roboland 2018» ІV Халықаралық робототехника фестивалі өтеді. Фестивальге қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беру орта мектептерінің оқушылары да қатысады. Дарынды оқушыларымызға жеңіс тілейміз!...

20 наурыз 2018

Республикалық «Бастау» математикалык турнирінің қалалық кезеңі

Ақтау қалалық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығының жоспарын негізге  ала отырып, бастауыш сынып оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету мақсатында  Республикалық «Бастау»...

20 наурыз 2018

Жалпы білім беретін пәндер бойынша қала әкімінің пәндік олимпиадасы

Педагог қызметкерлердің қалалық тамыз мәслихатында қабылданған іс-шара жоспарын орындау  мақсатында  Жалпы білім беретін пәндер бойынша қала әкімінің пәндік олимпиадасы 2018 жылдың  20-21 сәуір күндері №3 орта мектеп базасында өткізіледі. Олимпиадаға қала мектептерінің ...

20 наурыз 2018

«Әке көрген оқ жонар» шарасы

Өтетін күні, уақыты: 19-сәуір, 2018жыл, сағат 10:00 Өтетін жері: 12 ш/а, 46 ғимарат, «№13 гимназиясы» КММ, АКТ залы Ұйымдастырушы: «№13 гимназиясы» КММ Шараның мақсаты:   Халықтық педагогиканы насихаттау, мектеп пен ата-ананың байланысын нығайту, әкелердің балатәрбиесіндегі...

19 наурыз 2018

Қалалық «Жол қауіпсіздігі жас инспекторлары - 2018» байқауын өткізу туралы бұйрық

Ақтау қалалық білім бөлімінің және «Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының жол қауіпсіздігі ережесі туралы білімін көтеру және іс-тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, жол...

16 наурыз 2018

"Жас мамандарға үлгілік сабақтар топтамасы" тақырыбында шеберлік сыныптары

Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, оқыту орыс тіліндегі жас мамандарға тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесін үлгі ретінде көрсету үшін ағымдағы жалдың 29-наурызы күні  №1 орта мектебінде "Жас мамандарға үлгілік сабақтар топтамасы"...

16 наурыз 2018

«Ұстаз – ұлы тұлға» жас педагогтар байқауының ережесі

1. Жалпы ереже Заманауи білімнің басты бағыттарының бірі  адам шамасын зияткерлік  мәдениеттің барлық салаларында жетілдіруге жағдай жасау болып табылады. Жас мамандар -  еліміздің  білімінің басты  ресурсы болып табылады.  Білім болашағы  жаңа буын  мұғалімдері ...

16 наурыз 2018

Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңін №16 орта мектеп базасында 9,10-11-сыныптардың оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау...

Соңғы хабарлар

 

Қала мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Қала мектептері

28


Мектептер


Оқушылар саны

41172

Ұлдар: 21297 (51.7%)
Қыздар: 19875 (48.3%)


Мұғалімдер саны

2503

Ерлер: 216 (8.6%)
Әйелдер: 2287 (91.4%)

ҚР мемлекеттік рәміздері