0
Суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шаралары
Жаз айларында ыстық кезеңдерде күнге және ыстық құмға «пісу» салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және қасың» Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқйғаларды болдырмау ушін, төмендегілерді орындаған жөн:
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз. Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршағанға және қалтырауға дейін жеткізбеңіз. Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
Қоршау белгілерінен, буилардан тыскары жүзбеңіз. Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дезентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.
Тырысу (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз. Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады. Егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз. Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз. Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңызды бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз. Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз.
Су иірімінен шығудың тәсілдері. Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз. Судың астына иірімен алысырақ кетуге тырысыңыз. Иірімен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.
Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет. Суда ұзақ шомылу шаршап – шалдығуға әкеліп соғады. Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз. Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз. Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.
Суық судың қауіптілігі. Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады. Организімнің жалпы салқындауы қатты шаршағанда , ашыққанда , мас күйінде тезірек болады. Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек болады, ерлер 4-5 минуттан сон-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкін. Суық суда клиникалық өлім 30-60 минутқа, жылы суда 5-6 минутқа созылады. Тұщы суға батқан адам 1-3 минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады. Сондықтан суық- суда әрібір секунд қымбат.
13 қазан 2018
2018 ЖЫЛДА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ
...13 қазан 2018
IT СЫНЫПТАР АШУ
Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты №№5, 6, 20, 21, 22 орта мектептер, IT лицей, №13 гимназия, 11 мамандандырылған физика- математика мектебі базасында IT сыныптары ашылды. Жаһандық бәсекелестікке сай технологиялармен жабдықталған кабинет...22 тамыз 2018
Актау каласының жалпы білім беpeтін ұйымдарында 2018-2019 оку жылының басталуы туралы
...14 тамыз 2018
Ашық есік күні
Ақтау қалалық білім бөлімі қала тұрғындарын «Ашық есік күніне» шақырады. Қалалық білім беру бөлімінің қызметкерлері Ақтау қаласының тұрғындарына мектеп, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою, сондай – ақ...3 тамыз 2018
Қалалық білім бөлімі бос тұрған директор лауазымына конкурс жариялайды
...20 маусым 2018
"Жас түлек - 2018"
...1 маусым 2018
1 маусым - балаларды қорғау күні
Құрметті балалар, достар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі 1-маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз,еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын! Елдің ертеңі болар сол жастарымыз,балаларымыз!...16 мамыр 2018
"Ең үздік информатика кабинеті - 2018" байқауы
Қалалық «Ең үздік информатика кабинеті-2018» байқауы Қалалық білім үйлестіру орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, информатика пәні бойынша оқу-тәрбие үрдісінің дамуына информатика кабинеттерінің рөлін көтеру, кабинеттің жұмысын ұйымдастыру тәжірибесін тарату...15 мамыр 2018
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының бірінші мектепішілік кезеңі
Маңғыстау облысы білім басқармасының 14.05.2018ж. №82 н/қ бұйрығын негізге ала отырып 2018 жылдың 21 мамырында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі- Ғылыми конкурс) бірінші мектепішілік кезеңі барлық мектептерде өткізілетін...14 мамыр 2018
Химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған «Интелектуальды сайыс»
Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні №10 орта мектеп базасында, химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған «Интелектуальды сайыс» сабақ өтеді. ...12 мамыр 2018
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
"Білімді ұлт - білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы" атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы ...11 мамыр 2018
"Әкем, шешем және мен" отбасылық-спорттық сайыс
14.05.2018 ж. күні №1 орта мектепте "Әкем, шешем және мен" отбасылық-спорттық сайыс өткізіледі. ...11 мамыр 2018
"Үздік мектеп мұражайы" республикалық байқауының қалалық кезеңі
15.05.2018 ж. күні Ақтау қаласының мұражайлары бар мектептерінің арасында "Үздік мектеп мұражайы" республикалық байқаудың қалалық кезеңі өткізіледі. ...11 мамыр 2018
"Бейбітшілік-ел тілегі" тақырыбында интеллектуалды-спорттық сайыс
12.05.2018 ж. күні қала сыртында орналасқан "Серебряные пески" демалыс орнында "Бейбітшілік-ел тілегі" тақырыбында интеллектуалды-спорттық сайыс өткізіледі. Бұл сайыста әр мектептен 1 команда қатысып және олар өздеріне Қазақстан Халық Ассамблеясының орталықтарының...4 мамыр 2018
«ҰБТ-ге дайындық» атты семинар-тренинг
Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні «ҰБТ-ге дайындық» атты 11-ші сыныптарда жұмыс жасайтын білім беретін орта мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің семинар-тренингі № 23 орта мектепте өткізіледі. ...4 мамыр 2018
"Ерлігі елге аңыз - Исатай" тақырыбында ашық есік күні
Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні "Ерлігі елге аңыз - Исатай" тақырыбында ашық есік күні "Исатай Сүйеубаев атындағы #8 жалпы білім беру орта мектебінде" өткізіледі. ...3 мамыр 2018
«Ел тірегі – жас ұрпақ» патриоттық байқауы
Қазақстан Республикасының – елордасы Астана қаласының 20 жылдығын, Ақтау қаласының 55 жылдығын мерекелеу аясында, білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру, қатысушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын қорғауға деген құштарлығын...21 сәуір 2018
«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар
Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні №11 мамандандырылған физика – математикалық мектеп базасында, химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өтеді. ...20 сәуір 2018
"Бір шаңырақ астында" мерекелік фестиваль
23.04.2018 ж күні, сағат 10.00-де "Ақтау қалалық жастар орталығы" мәдени-демалыс кешенінде "Бір шаңырақ астында" мерекелік фестиваль өткізіледі. Шара "1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі" күні мерекесі аясында ұйымдастырылып, мектеп оқушылары және балабақша бүлдіршіндері...19 сәуір 2018
"Жаратылыстану пəнін ағылшын тілінде оқытудың тиімділігі" пəні мұғалімдеріне арналған əдістемелік семинар мектепте өткізіледі.
Ағымдағы жылдың 25 сəуір күні сағат 9.00-де "Жаратылыстану пəнін ағылшын тілінде оқытудың тиімділігі" тақырыбында үштілділік бағдарламасы бойынша оқыған информатика, физика, химия, биология пəні мұғалімдеріне арналған əдістемелік семинар N21орта мектепте өткізіледі....17 сәуір 2018
«Отан қорғаушы - 2018» қалалық әскери қолданбалы сайысы
Ағымдағы жылдың 26-27 сәуір күндері «Отан қорғаушы - 2018» қалалық әскери қолданбалы сайысы төмендегі ережеге сәйкес өткізіледі «Отан қорғаушы - 2018» қалалық әскери қолданбалы сайысын өткізу ережесі 1. Мақсаттары мен міндеттері «Отан қорғаушы-2018» әскери-қолданбалы...16 сәуір 2018
7 сыныптар арасында "Көңілді старт" байқауы
25 сәуір күні физика және математика пәндерімен байланыстырылған "Көңілді старт" байқауы 7 сыныптар арасында өтеді. ...16 сәуір 2018
Қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін семинар
Ағымдағы жылдың 26 сәуірі күні қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін экономикалық лицейде семинар өткізіледі . ...11 сәуір 2018